Материалдар / Пед ұйымдастырушы хаттамалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Пед ұйымдастырушы хаттамалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Пед ұйымдастырушы хаттамалары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2024
86
1 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Хаттама №1


«______________ атындағы № орта мектебі» КММ-сі



Күн тәртібінде: « 1 Қыркүйек Білім күніне орай алғашқы қоңырау»

Қатысқаны : 1-11 сынып түгел.Мектеп жалпы оқушы

Мерзімі : 01.09.2022 жыл

Мерекелік шара 1 қыркүйек алғашқы қоңырау салтанатты жиын және бірыңғай ашық сынып сағатын ұйымдастырылды. Мемлекеттік Әнұранмен бастап ,салтанатты шараны мектеп директорды у.м.а Ескаирова А.Н құттықтау сөз сөйлеп ашп берді. Сынып сағаттарда тәрбие сағаттың мақсаты, мазмұны ұсынылды.  Білім күні – бұл ең алғаш қоңырау, көп әсем гүлдер және ақ бантик күні, әрине, дәстүрлі ең алғаш сабақ, әлем сабағы. Мектеп табалдырығын ең алғаш рет аттаған балалар үшін бұл күн өте маңызды, көптен күткен күн.  Юлий Цезарь: «Білім – ол қуат» деген ұстаныммен бастау алар іс-шара биылғы 2022-2023 оқу жылында іс-шаралар толық өткізіліп м ектептің әлеуметтік желісінде жариялап тұру. Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу – асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші  міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу.

Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда     ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.

-Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойыңдағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, құрмет тұтып, еліміздің нағыз патриоттары болатындарыңа сенім мол дей келе оқушылар сендерге сенетінімізді ұмытпаңдар!

Қаулы : 1 Қыркүйек Білім күніне орай алғашқы қоңырау салтанатты жиынын өз дәрежесінде өтті.Өткізілген тәрбиелік сағаттар мектептің әлеуметтік желелеріне түгел жариялансын.




Мектеп педагог-ұйымдастырушысы: _______________________


























Хаттама №2


«______________атындағы №14 орта мектебі» КММ-сі


Күн тәртібінде: 05 қыркүйек тілдер мерекесі. «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі».

Қатысқаны :1-11 сыныптар


Мерзімі 05.09.2022 ж

Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады. Қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Сарытүбек ауылында дүниеге келген болатын . "...Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді" деп Сәкен Сейфуллин баға берген қазақтың асыл ұлы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні Тіл мерекесімен қоса тойланатыны қалың қазақ үшін өте қуанышты жағдай .Осыған орай мектебімізде қыркүйек айының 05-22  күндері аралығында  «Тілді құрметтеу – Отанды   сүю»   "Тілдер мерекесі" күніне орай    «Тілді құрметтеу – Отанды сүю» тақырыбында  айлықтың ашылуы   мектеп әлеуметтік желелерінде жарияланды.Айлықты мектебіміздегі тілдер бірлестігімен педагог-ұйымдастырушысы мен ұйымдастырылды.Жоспар құрылып,бекітілді.
ҚР Президентінің  «Қазақстан Республикасында  тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған   мемлекеттік бағдарламасы туралы» №110 Жарлығын орындау;  Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, сөз құдіретін түсініп, тілдің  адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету, тіл тазалығын сақтау, мемлекеттік тіл мәртебесін  көтеруге ат салысуға шақыру. Жауапты: қазақ тілі,  орыс тілі, ағылшын тілі пәні мұғалімдері.
      Іс-шараның ашылуында мектеп фезбук парақшасында 9-11 сынып оқушылары «Үш тұғырлы тіл саясаты» негізінде  үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) құттықтау сөз сөйлеп, 5-8 сынып оқушылары үш тілде әдеби монтаждарды жатқа айтты.Өткізілген әр күнгі іс-шара жоспарға сай өткізіліп,әлеуметтік желіге жарияланып отырды.
Оқушыларға айлық барысындағы іс-шараларға барлық оқушыларт белсене қатысты.


Қаулы : 05 қыркүйек тілдер мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты айлық өз дәрежесінде өтті.Барлық жұмыстар әлеуметтік желіде жарияланды.




Мектеп педагог-ұйымдастырушысы: ______________________























Хаттама №3


«__________ атындағы № орта мектебі» КММ-сі


Күн тәртібінде : Абайла балақай түсінік жұмысы

А) «Жол белгілері»

Ә) «Біздің сенімді көмекшілеріміз»

Б) «Мен жүргізуші болсам»

В) «Жол ережесін біз үйренеміз және кішіге үйретеміз» Facebook жариялау

Қатысқандар:

Мерзімі : Қыркүйек –қазан

А.Чехов атындағы №14 орта мектебі педагог-ұйымдастырушысының 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сай әр бір сынып тәрбие сағаттарына кіріктіріліп «Жол белгілері», «Біздің сенімді көмекшілерміз», «Мен жүргізуші болсам», «Жол ережесін біз үйренеміз және кішіге үйретеміз» тақырыптар өткізілді. Жол ережесін біз үйренеміз және кішіге үйретеміз тақырыбында 9 сынып оқушысы -бастауыш 1-2 сынып оқушыларына мектептегі ұйымдастырылған әрқашан есіңде сақта бұрышымен таныстырып жолда жүру ережесін түсіндірді.

  Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың

       -  жол бойында қалай болса солай жүріп,

       -  доп қуалайтыны,

       -  ролик тебетіні,

       - жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,

       -  қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады екен.

Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүруережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.

Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды де түсіндірді


Қаулы:Тәрбие сағаттар өз дәрежесінде өтті.


Мектеп педагог-ұйымдастырушысы: ______________________


























Хаттама №4


«_________ атындағы № орта мектебі» КММ-сі



Күн тәртібінде: «Қарттарым аман жүрмісің» кездесу.

Қатысқандар:Мектеп микроучаскасындағы қарттар,өзін-өзі басқару ұйым белсенділері.

Мерзімі :01.10.2022 ж

  Төрінен қарт кетпесін деп тілеген халықпыз. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу- біздің ата дәстүріміз,Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды.Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар.

Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке шешесі және атасы мен әжесі секілді қымбатты «Қонағы» болса, ол үйіне олардың артық Құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын , егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап , қамқорлық жасаса , қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген   ата-ана әр кезде де бақытты

 Қәзіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп , көңіл аударып , жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне , еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.Саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектермен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата-әжелеріміздің еңбегі ерекше.Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттар-біздің асыл қазынамыз.Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.

«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай

міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!
Қариялар – ақылды дариялар. Біз оларды құрметтеуіміз керекҚариялар – ақылды дариялар. Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме? Өзің қарттарды қалай құрметтейсің?Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?

Жолдың арғы жағына бір қария өте алмай тұрады. Қолында ауыр сөмкелері бар. Қасынан өтіп бара жатқан бір баладан көмек сұрайды. Бірақ ол бала артына қайырылып қарамастан кете барды. Сіз не істер едіңіз?

Көшеде қыдырып келе жатыр едің. Алдыңнан бір қария кездесті. Көзінде мұң, қайғы байқалады. Сенімен сөйлескісі келіп, әңгімеге тартты. Баласының қарамай, қарттар үйіне апаратынын сырттай естігендігін айтып, мұңын шақты. Сен қалай жұбатар едің? Баласының пікірі туралы не айтар едің?

Өзіңе жақсы таныс, жиі араласатын құрбыңның әжесі мен атасы бар. Ол ата-әжесімен дөрекі сөйлеседі, сыйламайды. Айтқандарын тыңдамайды. Танысыңа қандай кеңес бере аласың? Келешекте осындай адамдар қарттарды қадірлемейді деген пікірмен қосыласың ба?

Жалғыз тұратын қарт көршің бар. Үнемі сенен көмек сұрайды. Отын-су тасуға, дүкенге баруға, кейде үйін жинауға шақырады. Сенің әрекетің қандай? Ашуланбай көмек бере аласың ба?

Әр оқушының пікірінен кейін өз ойларын айтып, оқушы жауабына сараптама жасады. Атаулы күн мектеп төңірегіндегі құрметті ақсақалдар мен әжелерімізді мектеп педагог-ұйымдастырушысы мен мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы белсенділерімен кездесу,әңгіме өткізілді.

Қаулы: Кездесу мектеп фезбук парақшасына жариялансын.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=832690290895534&id=100024637128383



Мектеп педагог-ұйымдастырушысы: ______________________








Хаттама №5


«______________ атындағы № орта мектебі» КММ-сі


Күн тәртібінде: «Тазалық – саулық негізі»

«Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр!» атты денсаулық фестивалі.

Қатысқандар:1 а,1б,2 б сынып оқушылары мен ата-аналары .

Мерзімі: 29 .10 .2022


Хабарландыру!

Құрметті мектептің 1"А, Б", сынып, 2"Б"сынап ата-аналары мен оқушылары! Сіздерді 27.11-07.12.2022 жұлдызы аралығында "Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық"пәндері бойынша" Спорт- денсаулық кепілі" атты он күндігіне қатысуға шақырамыз. Апталық жоспарына сай 02.12.2022 жұлдызы күні аталған сынып оқушылары мен ата-аналарының арасында мектеп педагог-ұйымдастырушысы ұйымдастыруымен "Спортты қолдайтын отбасы" атты онлайн байқауы өтетінін хабарлаймыз.

Байқау шарттары!

1.1а, б. 2б- сынып оқушыларының отбасысы болуы шарт.


2.Жасалған жаттығулар спорттық формада орындалуы шарт.


3.Жаттығуды орындаушылар 3 адамнан кем болмауы тиіс.


4.Жасалған жаттығулардан видеоролик жасалып, сапалы ұсынылуы қажет.


4.Спорттық бірнеше жаттығулар орындалуы шарт.


Видеороликтер 02.12.2022 жұлдызы күннен бастап қабылданады. WhatsApp 8 747 726 30 79 номіріне жолдаңыздар.

Қабылданған жұмыстар мектеп парақшасына жарияланып, апталықтың жабылу күнінде көп "нравиться" дауысын жинаған отбасыларға жүлделі орындар беріледі. Сәттілік!

Ал оқырмандар сіздер-парақшамызда https://www.facebook.com/profile.php?id=1000242705843 жарияланған видеороликтерді тамашалап қолдау көрсетіп, байқаудың әділ болуына септіктеріңізді тигізсеңіздер!

#жом

#Спортденсаулықкепілі

#денешынықтыруонкүндігі

#біз_біротбасылар деп мектеп фезбук парақшасында жарияланды.



Қаулы: Байқау нәтижесі фезбук парақшасында жариялансын

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=833330034164893&id=100024637128383


Мектеп педагог-ұйымдастырушысы: __________________________

















Хаттама №6


«____________ атындағы № орта мектебі» КММ-сі


Күн тәртібінде: «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік концерт


Қатысқандар: Өзін –өзі басқару ұйым белсенділері.

Мерзімі :06.01.2022 ж

Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.

Ұстаз еңбегін арқашан бағалай білуге үйрету.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту.

 Оқушыларды ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, сыйлай білуге үйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің өзі-өзі басқару ұйымының белсенділерінің ұйымдастыруымен мектебіміздегі барша ұстаздарға видеоқұттықтаулар арналды. Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын! «Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған.
Ұлағатты ұстаздар! Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді. Мерекелеріңізбен! Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған. Сондықтан да осы ұлы мамандық иелеріне арналған мерекелік шараның мақсаты ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтау, ұлы мамандыққа бас ию, құрмет көрсету Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.  Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі-Ұстаз.

Ұстаз деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер «Ана тәрбиесін көрген»деген сөздермен ұштасып жатады. Ұрпақ тәрбиесі- ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз

Ұстаз ақыл-ойы мен күш- қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. .Өйткені, ол оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады. Сондықтан, болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып, қадірлейді. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік  деп мектеп педагог –ұйымдастырушысы мектептің фезбук парақшасына «ұлағатты ұстаз -сіз» атты ұстаздардың өмірбаянымен жеткен жетістіктерін жинақтап әр ұстазға пост жарияланды.

Қаулы: «ұлағатты ұстаз -сіз» атты мақала жалғасын тапсын.


Мектеп педагог-ұйымдастырушысы: ____________________




















Хаттама №7


«__________ атындағы орта мектебі» КММ-сі


Күн тәртібінде: «Арайлы алтын күз» мерекесін өткізу

Қатысқандар:1-11сыныптар

Мерзімі :19-24.10.2022 жыл

Хабарландыру

19-24.10.20202жұлдызы аралығында 1-8 сынып оқушылар арасында «Арайлы алтын күз» атты көкеніс пен жемістер,табиғат бөлшегімен қол өнер шығармаларының онлайн жәрменкесіне жұмыстар қабылданады.

WhatsApp

Жәрменкеге қатысатын жұмыстар жинақталып 26.10.2022 жыл мектеп Instagram https://www.instaram.com/mektep_27/, Facebook https://www.facebook.com/profile.php?id=1000244065843 парақшаларында жарияланып, 31.10.2020 жұлдызы күні ең жоғары дауыс жинаған жұмыстар жеңімпаз аталады.

Сәттілік! Деп мектеп фезбук парақшасында онлайн байқау ұйымдастырылды.

мектебінің 2020-2021 оқу жылының педагог-ұйымдастырушысы айлық жоспарына сай

19-24.10.2022 жұлдызы аралығында 1-8 сынып оқушылар арасында «Арайлы алтын күз» атты көкеніс пен жемістер,табиғат бөлшегімен қол өнер шығармаларының онлайн жәрменкесіне 41 үміткер жұмыстарын ұсынды.


Жәрменкеге қатысатын жұмыстар жинақталып 26.10.2022 жыл мектеп Facebook https://www.facebook.com/profile.php?id=1000242765843 парақшаларында жарияланып, 03.11.2020 жұлдызы күні сағат 00:00ге дейін ең жоғары (нравиться) дауыс жинаған жұмыстарға жүлделі орындар берілді. Қабыл алыңыздар! Бас жүлде -"Күз қояны"4сынып Базарбай Кәусар. Сынып жетекшісі Бейсен Гүлжан 65 дауыс

І орын-"Көкеністі марғау" 3а сынып Батурхан Самат.Сынып жетекшісі Жанибекова Арайлым 25 дауыс

І орын-Базарбай Алинур 2а сынып. Сынып жетекшісі Газиева Надира 25 дауыс

ІІ орын "Гусеничка" Маккамбаева Эльмира 1б сынып.Сынып жетекшісі Маркова Ф.П. 24 дауыс

ІІ орын "Ёжик и гусеница" 1 б Тажиметов Жумирбек сыныпжетекшісі Маркова Ф.П. 22 дауыс

ІІІ орын 5ә сынып Сапарбек Келдібек сынып жетекшісі Буранова Наргиза 20 дауыс

ІІІ орын "Осьминожка" 1 б сынып Нишанкулов Бехруз Сыныпжетекшісі Маркова Ф.П. 19 дауыс

Барша осы іс-шараның әділ болуына ат салысып, дауыс берген барша көпшілікке алғыс білбіріп,жеңімпаздарды шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қаулы: Жеңімпаздар мадақтама қағазбен марапатталсын

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=811462099685020&id=100024637128383






Мектеп педагог-ұйымдастырушысы: ___________________

















8 хаттамасы


«________________ атындағы № орта мектебі» КММ-сі


Күн тәртібінде : 1. «Жомарт жүрек» акциясы

2.Әртүрлі мәселе

Қатысқандар: Қайырымдылық фракция белсенділері , 5-11 сыныптар

Мерзімі: « »

Тыңдалды :

Бірінші мәселе бойынша А.Чехов атындағы №14 орта мектебінің қайырымдылық фракция жоспарына сай «Жомарт жүрек» акциясы ұйымдастырылды. Дана халқымыз «Жылуы жоқ жүрек – құр кеуде», «Мейірім барда – мұңдық жоқ», «Жайылымы болмаса, мал азады, мейірімі болмаса, жан азады», – деп ұрпағын қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеген. Айналадағы адамдарға деген мейірім мен қамқорлық адамгершілік пен имандылықтың өлшемі саналады. Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайды. Шыны керек, кейде қамқорлық жасағандарға алғыс айтудан әрі аса алмай жатамыз.

2017 жылдан бастап жүзеге асырылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты мақсаты – жанашыр жандарды, елге үлгі боларлық азаматтардың тәжірибесін тарату. Осы орайда нарықтың қатал заңына қарамастан, өз кәсібін дөңгелентіп қана қоймай, туған өлкенің дамуына үлес қосып жүрген жанашыр азаматтарды дәріптеу арқылы жастарды елжандылыққа тәрбиелейміз. Ел тарихы тұлғалар арқылы жасалатынын ескерсек, Сыр өңірінде көптің алғысына бөленіп жүрген жандар жетерлік. Бұл – атадан келе жатқан игі дәстүрдің бүгінгі жалғасы, қазақы қасиетіміздің айқын белгісі. Ағайынға болысу, әлсізді демеу, жасы кішіні қолдау – адамзатқа тән мейірімділік пен кеңдіктің көрінісі.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», – дей келіп, нақты міндеттерді жүктеген болатын. Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы алты принципке негізделіп, 6 арнайы жоба, 6 кіші бағдарлама арқылы жүзеге асырылуда. «Жомарт жүрек» жобасы маңызды қоғамдық бастамаларды көтеріп, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық және басқа да салалардағы маңызды жобаларды нәтижелі атқарған жанашыр азаматтар мен ұжымдарды Жалпы білім беретін Қарауыл гимназисында мектеп парламенті белсенділерімен акция өтті.

Екінші мәселе бойынша А.Чехов атындағы №14 орта мектебінің қайырымдылық фракция президенті қаңтар айында атқарылатын келесі «Ағаның ініге қамқорлығы» видеоролик сайыс өзін-өзі басқару мектеп парламент мүшелерін таныстырылды.

Қаулы :Іс-шара өз дәрежесінде өтті.Акция мектеп әлеуметтік парақшасына жариялансын.


Мектеп педагог-ұйымдастырушысы: ________________________


























9 хаттамасы


«_________ атындағы № орта мектебі» КММ-сі



Күн тәртібінде:

1.Дені саудың жаны сау «Жат әрекеттен сақтан!» оқушылар арасында салауатты өмірге насихат жұмыстарын жүргізу.

2.Спорттық сайыстар ұйымдастыру «Көңілді сөре»


Тыңдалды:


Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөз бастады. Қазіргі кезде елімізде темекі шегу, маскүнемдік және оларға қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналды. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің арасында қатты етек алып отыр. Әділін айтсақ, бұлардың қайсысы болса да қайғылы жағдайға соқтыратын құмарлық кесел. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келеді. Ішімдік, нашақорлық, темекі адам организміне өте қауіпті. Бірақ біз бүгінгі шағын уақытымызда бұл мәселелерді бірден қамти алмаймыз.  

Никотиннің темекіде болатын түсі сары сұйық зат. Суға және майға тез ериді, теріге тез сіңеді. Оны ауыл шаруашылығында зиянды жәндіктерді өлтіруге пайдаланады. Никотин нерв жүйесінің жансызданып қалуына әсер етеді. Никотин адамға өте қауіпті. Онымен уланғанда көз қарауытып, тамыр қысымы күшейеді, құсады, бұл кезең темекі тартудың бірінші фазасы. Есеннің тіпті қазір менің бұрынғыдай басым ауырмайды, құсқым келмейді дегені, ол кезең темекі тартудың екінші фазасы. оның организмі никотинге біршама дағдыланды, біртіндеп оған деген құштарлықты арттырады, тартқысы келіп тұратыны содан.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша денешынықтыру пәні мұғалімі Қ.Ибрагимов сөз кезегін алды. Пандемияға байланысты көптеген іс-шараларымызды онлайн форматта өткізіп жатқандығын айтты. Және денсаулықты сақтауға байланысты «Көңілді сөре» сайысын ұйымдастырып жатқанын мәлімдеді.

Көңілді сөре ойынының негізгі ойын талаптары мынадай:

  • Жүгіру

  • Доппен жүгіру.(Баскет)

-  Допты бастан асыра беру

- Допты аяқ астынан беру

- Допты домалатып апару (обруч)

- Доппен жүгіру(пингвин)

- Доппен секіру және т.б

Адамның өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі. Бізді ештеңе мазаламай, еш жеріміз ауырмай тұрғанда, дүниені төңкеруге, маңызды шаруалармен айналысуға дайынбыз. Ал ауру келсе, ештеңеге зауқымыз соқпайды, өмірдің мәні кеткендей болады. Шынында, денсаулықпен проблема болмағанда, бұл туралы ойланбаймыз. Ал қалай ауру келеді, бар шаруа шетке ысырылып, денсаулық ең бірінші орынға шығады. «Қай жерің ауырса – жаның сол жерде». Денсаулыққа көп фактор әсер ететіні белгілі: тұқымқуалаушылық, қоршаған ортаның ластануы, денсаулық сақтау органдарының деңгейі,бірақ ең алдымен белгілі бір адамның өмір сүруі образы көбірек себепші болады. Денсаулықты бала кезден сақтаған жөн. Өйткені «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» әлдеқайда оңай әрі тиімді.

Бүгінгі таңда денсаулықты құртатын тағы бір себеп: артық салмақ не салмақтың жеткіліксіздігі. Артық салмақтылардың көбінде қант диабеті, артрит, жүрек-қантамыр ауруларымен ауыру ықтималдығы жоғары. Яғни деннің сау болуы үшін дұрыс тамақтанудың орны маңызды. Адамның өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі. «Қай жерің ауырса – жаның сол жерде». Денсаулыққа көп фактор әсер ететіні белгілі: тұқымқуалаушылық, қоршаған ортаның ластануы, денсаулық сақтау органдарының деңгейі,бірақ ең алдымен белгілі бір адамның өмір сүруі образы көбірек себепші болады.

Денсаулықты бала кезден сақтаған жөн. Өйткені «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» әлдеқайда оңай әрі тиімді. Бүгінгі таңда денсаулықты құртатын тағы бір себеп: артық салмақ не салмақтың жеткіліксіздігі. Артық салмақтылардың көбінде қант диабеті, артрит, жүрек-қантамыр ауруларымен ауыру ықтималдығы жоғары. Яғни деннің сау болуы үшін дұрыс тамақтанудың орны маңызды.



Қаулы


  1. Оқушыларды  салауатты өмір сүре  білуге тәрбиелеу , міндеттеріне шылым шегудің, ішімдіктің , нашақорлықтың, адам ағзасына  зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру, оқушыларға шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматтық жауапкершілітерін орнықтыру барысында іс-шаралар ұйымдастырылсын.

  2. «Көңілді сөре» спорттық сайысы бойынша іс-шара жоспары түзіліп бекітілсін.





Мектеп педагог-ұйымдастырушысы: ____________________






























22 қыркүйек-Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Қазақстан көп тілді мемлекет» тақырыбындағы іс шараға анықтама


Қыркүйек айының 22 күні тіл мерекесіне орай «Қазақстан көп тілді мемлекет» атты арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Әсем безендірілген акт залында оқушыларымыздың жатқа оқыған өлеңдері мен әуелете салған әндері тамаша үйлесім тапты. Ақын жазушыларымыздың тіл туралы қанатты сөздері оқылды. Іс-шара 3 бөлімнен тұрды.1.Ана тілі білімнің кілті. (сұрақ-жауап) 2.Қызықты ұйқастар.(әр оқушы сөздің ұйқасын тауып айтады). 3.Оқушылардың әдеби монтажы. (жатқа өлең оқу). Оқушылар өз ойларын еркін айтып, білімдерін көрсете білді. Сембай Айым мен Сембай Гүлім «Ана тілім» әнімен кешті аяқтады.



Педагог ұйымдастырушы:

















_____ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесі «_______втындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталықпен» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Қош келдің жаңа 2023 жыл” тақырыбында жаңа-жыл мерекесіне арналған іс-шараға анықтама


Желтоқсанның 27,28, 29 күндері мектебімізде “Қош келдің жаңа-2023 жыл” тақырыбында жаңа-жылдық кеш ұйымдастырылды. Жаңа-жылдық кеш, бастауыш сыныппен жоғары сынып оқушыларына ұйымдастырылды. Кештің басыталуын мектебіміздің директоры _______________ құттықтау сөзімен ашып берді. Бастауыш сыныптардың жаңа-жылдық кешін жоғары сынып оқушылары, өздерінің идеяларымен концерттік бағдарламаларын қызықты етіп ұйымдастырып берді. Жоғары сыныптардың жаңа жылдық кеші балмаскарад түрінде ұйымдастырылды. Жаңа-жылдық балмаскарад жоғары деңгейде қызықты өтті.

Жаңа жылдық кештің аталып өту мақсаты: Балаларды «Жаңа жыл» мерекесімен таныстыру. Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.

-  Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.           

-   Ұқыптылыққа, достыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада өздерін тәртіпті,инабатты ұстауға тәрбиелеу.                                                                              -   Ертегі сахналап, ән айтып, би билеу арқылы балалардың шығармашылығын, тілдерін дамыту. Мерекелік көңіл күй сыйлау.       



Педагог ұйымдастырушы:





_______ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесі «_______ втындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталықпен» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Үлгілі отбасы» тақырыбында сурет байқауына

Анықтама

Желтоқсан айының 12 і күні «Мейірімділік әлемінде» атты сурет ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу. Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу. Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, слайдтар, құрастырма суреттер, суреттер. Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам. Сайыс кезеңдері: «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру. «Кім шапшаң, кім жылдам?» «Айырмашылығын тап» Сөздерден түс аттарын шығару. Сурет салу сайысы (топпен жұмыс) Жұмбақ шешу.

Байқаудың шешімі бойынша: Ең үздік сурет иесі атанған 7 «Г» сынып оқушысы Бексұлтан Ерасыл бас жүлдеге ие болды. Сурет байқауына қатысқан қатысушылар алғас хатпен марапатталыды. Байқаудың сурет, видиолары мектеп инстаграм, фейзбук парақшаларына жарияланды.


Педагог ұйымдастырушы:






_______ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесі «_______ втындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталықпен» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Ауғанның от жалыны» атты Ауған ардагерлерімен кездесу кешіне анықтама


12.02.2023 жылы Б.Қосынов атындағы орта мектебінде «Ауғанның от жалыны» атты Ауған ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс шараны ұйымдастыру мақсатымыз; Ауған соғысы, оған қатысқандар туралы мағұлмат беру; Ауған соғысы ардагерлерімен таныстыра отырып, оқушыларын білімін арттыру.

- Кездесуге  өмірінің өлшеулі бір бөлігін,  жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгерлер, атап айтқанда Бухабаев Сабырден, Гукешов Ерсін,Абдикаримов Нұрюолат, Жанадилов Болат ағаларымыз қатысты. Шара ең алдымен 71 жасында дүниеден өткен, СССР кезінде Ауғанстанда совет күштерінің арнайы мақсаттағы тобын басқарған, «қара майор» лақап атымен әйгілі болған Борис Керімбаевты және ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Кеш шымылдығын жастар мен өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие берудің ерекше үлгісін көрсетіп жүрген, мектебіміздің АӘТД пән мұғалімі Бекмуратов Ғалымжан Ерсултанович ашты. Кешіміздің барысында өзін-өзі басқару ұйымының белсенді оқушылары Ауған ардагерлеріне арнап өздерінің жүрек жарды өлеңдерін оқып, ән орындап би биледі. Ауған ардагерлеріне залда отырған оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып сұқбаттасты.

- Ауған соғысы – жүректе жазылмайтын, тарихта орын алатын ерекше беттер,-дейді Бухабаев Сабырден Камаладинович, - оқ пен оттың ортасынан оралған ардагерлер үшін Ауғанстан жазылмас жан жарасына айналды. Ауған соғысы он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтардың қанымен жазылған тарих деп біледі кейінгі жас буын өкілдері. Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Сондықтан да жас буынға ауған ардагерлерінің өжеттігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге  тәрбиелеу әрқайсымыздың қасиетті борышымыз деді Гукешов Ерсін Болатұлы. Ардагерлеріміз оқушыларға өздерінің ақыл кеңестерін айтып, бастан кешкен оқиғаларымен бөлісті. Ардагерлерге алғысымыз шексіз.

Дайындаған: Педагог ұйымдастырушы

___________________________

_______ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесі «_______ втындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталықпен» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Жігіт сұлтаны 2023» байқауына арналған

Анықтама

Б. Қосынов атындағы орта мектебінде 5-сынып оқушылары арасында “ЖІГІТ СҰЛТАНЫ 2023” атты байқауы өткізілді.
Байқаудың өткізілу мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Байқау бағдарламасы:
1. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер». (таныстыру)
 
2. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерлерін көрсету)
 

3. «...Білімді мыңды жығар» (сұрақтар)

4. «Жұмбақтар әлемі. » 
5. «Үй  тапсырмасы .»(өз қолдарынан жасаған қол өнер бұйымдарын көрсетіп,неден қалай жасағанын айтып береді.

6. Қорытынды:
 Әрбір сайыста жоғары ұпай 5.4.3

Байқау нәтижесінде
?Бас жүлде- 5 “Д” сынып оқушысы Нуршабеков Рауан.
?орын-5 “В” сынып оқушысы Саттықұл Аслан.
?орын-5 “Ә” сынып оқушысы Мұрат Береке.
?орын- 5 “Б” сынып оқушысы Амангелді Тимур иеленді.


Дайындаған: Педагог ұйымдастырушы

___________________________



_______ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесі «_______ втындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталықпен» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Көңілді тапқырлар алаңы» ойынына

Анықтама


Педагог ұйымдастырушының жылдық жоспарына сәйкес 27.02.2023 жылы Б.Қосынов атындағы орта мектебінде оқушыларға мерекелік көңіл –күй сыйлай отырып,тапқырлық, ұшқыр қиял арқылы әзіл әлемінде қалықтауға бейімдеу, бір-бірімен еркін араласуға, достық қарым-қатын астарын жетілдіру арқылы сахна мәдениетін меңгерту мақсатында «Көңілді тапқырлар алаңы» ойыны ұйымдастырылды. Бұл КТА ға 8, 9, 10 сынып оқушылары қатысты.

Байқау 3 кезеңнен тұрды.
1. Сәлемдесу - (5 мин). Еркін тақырыпта;
2. Бес жаңалық- (5 мин). Еркін тақырыпта;
3. Үй тапсырмасы -(7 мин). “Қазақ хандығы” тақырыбында;
НӘТИЖЕСІНДЕ
?Бас Жүлдені жеңіп алған - 9 сыныптардан құралған “Текқана мужиктар” командасы.
?орынды жеңіп алған - 10 сыныптардан құралған “Жас Хандар” командасы.
?орынды жеңіп алған - 8 сыныптарда құралған “Кайфуша” командасы.
?орынды жеңіп алған - 9 сыныптардан құралған “ЖасStar” командасы.






Дайындаған: Педагог ұйымдастырушы

___________________________




_______ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесі «_______ втындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталықпен» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Алғыс айту» күніне арналған мерекелік іс шараға

Анықтама

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні

1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.







Педагог ұйымдастырушының жылдық жоспарына сәйкес 27.02.2023 жылы Б.Қосынов атындағы орта мектебінде «Алғыс айту» күніне арналған мерекелік іс шара ұйымдастырылды.

Алғыс айту  - «Рақмет» деген қарапайым сөз  баршамызға  жылы сезім сыйлайды. Өзіміз өмір сүретін қоғамда бір-бірімізді құрметтеп,  ризашылығымызды білдіріп жүрсек  артық  болмас еді, дүниеге мейірім мен жылылық тарайтын еді.

28 ақпан  күні 6 сынып оқушылары және мектеп парламент ұйымының белсенділері мектебіміздің барлық қызметкерлдеріне арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Концерттік бағдарламада оқушылар ән айтып би билеп, мектебіміздің әр саласындағы қызметкерлеріне арнап өлең жолдарын оқып, алғыстарын білдірді. Шара барысында мектебіміздің еден жуушы ханымдарымызға мектебіміздің тазалығы үшін, асхана қызметкерлеріне дәмді астары үшін, күзетші қызметкерлерге мектептің және оқушылардың қауіпсіздігі үшін және әрине мектеп ұстаздарына сапалы білім мен тәрбие саласынада атқарып жатқан жұмыстары үшін оқушылар мың алғыс айттып бастарын иді.





Дайындаған: Педагог ұйымдастырушы

___________________________









_______ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесі «_______ втындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталықпен» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне» арналған мерекелік іс шараға

Анықтама


Педагог ұйымдастырушының жылдық жоспарына сәйкес 07.03.2023 жылы ________ орта мектебі шағын орталықта 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің сыры әйелде» атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кештің мақсаты: балалардың аналар мерекесіне деген құштарлығын оята отырып, анаға деген мейірімділігін, анаға деген махаббатын көрсету. Көңіл күйлерін көтеріп өнерге деген құлшынысын ашу.

Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ!
Бұл іс-шараға барлық ата-аналар жіне ұстаздар қатысты, барлық оқушыларда қуана қатысты. Әр бала өз өнерлерімен аналарына қуаныш сыйлады. Бірі ән салса екіншісі би билеп тамсандырды. Ертеңгілігімізді анашым әнмен ашып және аналарына арналған тақпақтарын жатқа айтты бүлдіршіндеріміз шөжелер әніне «шөжелер » биін биледі. Мұратхан Нұрайдың орындауларында «Аққұсым»Тилеухан Назерке анасы Тенсел Сандуғаштың орындауында Аяулы анашым атты әндер шырқалды. 9 сынып оқушыларының орындауында қазіргі таңда хит болып жатқан «Құдаша» биіде биленді. Оқушылардың ұйымдастыруымымен мұғалімдер арасында қызықты ойындарда ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектеп өмірінде еңбегі сіңген мұғалімдерді әкімнің марапатыменде марапаттап, алғыс хаттар табысталды.





Дайындаған: Педагог ұйымдастырушы

___________________________



_______ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесі «_______ втындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталықпен» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Көктем аруы 2023» байқауына

Анықтама

________________ орта мектебінің АКТ залында 9-10 сынып оқушылары арасында, өзін-өзі басқару ұйым белсенділерінің ұйымдастыруымен 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай  «Көктем ару 2023» атты байқау өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлікке және парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған сұлулық қасиеттерінің ашылуына көмектесу.

Байқауға дайындық барысында қыздарымыз түрлі мәдени бағдарламаларға қатысып, сән агенттіктерінде өз шеберліктерін арттырған. Сондай-ақ қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі бағытындағы тың деректермен танысып, білімдері мен біліктілігін арттыруға арналған арнайы шараларға атсалысты.

Байқау өзін-өзі таныстыру, дарындар байқауы, танымдық деңгейін артыруға арналған бейне сұрақ, ұлттық киімді киіп, сахнада жүру, сахналық көрініс  сияқты кезеңдер бойынша ұйымдастырылды.

– Сайыста қыздар өздерін таныстырып, өресінің биіктігін танытуға ұмтылды. Артынша шығармашылық шеберліктерін сынатты. Әркімнің қабілеті әртүрлі. Таңдаған салалары да әр алуан. Десе де шама-шарқынша өз өнерлерін паш етті. Жарыста ой ұшқырлығы сыналып, білім деңгейлері тексерілді. Қыздарға қойылған сауалдарға жан-жақты, дәлірек айтқанда сауатты жауап беру талап етілді. Сәнқойлық сынаққа да өріс ашылды. Бұл кезеңде отандық дизайнерлердің қолынан шыққан сәнді көйлек үлгілері көпшілік назарына ұсынылды.



Назарларыңызға сайыс нәтижесінде анықталған жеңімпаздар тізімін ұсынамыз:

Бас  жүлде 

І орын  –

ІІ орын –

ІІІ орын –

Қалған қатысушылар «Өнерлі  ару»,  «Инабатты  ару», «Зерделі  ару», «Сымбатты  ару»,  «Кербез ару», «Көрермен  көзайымы», «Бұрымды ару» номинацияларымен және алғыс  хаттармен  марапатталды.




Дайындаған: Педагог ұйымдастырушы



___________________________
















_______ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесі «_______ втындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталықпен» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Көрісу күніне» арналған

Анықтама

14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Кішкентай балаларға аналары шағын пакет ұстатып қояды. Бала қай үйге көрісуге кірсе, сол үйдің дастарханынан ауыз тиіп, бауырсақ, тәттілерден пакетіне салып алады. Қазақ қашанда дастарханын айрықша қастерлеген. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.

Педагог ұйымдастырушының жоспарына сәйкес 14.03.2023 жылы, Б.Қосынов атындағы орта мектебінде 10 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Көрісу ата баба дәстүрі» тақырыбында, көрісу күнінің құрметіне мерекелік концерт өтті. Мерекелік кештің ақсаты: Оқушыларды қазағымыздың салт дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелегімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу. Іс шара барысында көрісу күніне арналған көріністер қойылды, ұлттық әндер шырқалды, ұлттық билер биленді. Оқушылар көрісу күнінің мақсатын түсініп өздерінің білімдерін арттырды.

Shape1 Shape2 Shape3 Shape4

Дайындаған: Педагог ұйымдастырушы

_______________________




_______ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесі «_______ втындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталықпен» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі


22 наурыз мерекесіне арналған

Анықтама

Педагог ұйымдастырушының жылдық жоспарына сәйкес 20.03.2023 жылы ________ мектебінде 22 наурыз мерекесіне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушыларға көне ата - бабаларымыздан келе жатқан салт- дәстүрлерді санадарына сіңіру.Наурыз мейрамын дәстүрлі түрде тойлауға санадарына сіңіру.Қазақтың ою – өрнектерін құрметтеуге дағдыландыру.


Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.


Наурыз мейрамына барлық сыныптар қатысты. «Шаттық» би тобыда өз өнерлерін ортаға салды. Мейрамға ата – аналар да ат салысты. Ата – аналар пісірген ұллтық тағамдардан үстелдер жайылып наурыз көже қойылды. Мектебіміздің белсенді оқушыларымен өзін өзі басқару оқушылары осы шараға атсалысып, наурызға келген қонақтарға өз өнерлерін көрсетіп, тақырыпқа байланысты көріністер қойып, қлттық әндер мен билер орындалды. Атап айтатын болсақ 9 сынып оқушысы Құрбанбай Қуаныштың орындауында «Салт дәстүр» інін орындады. 9 сынып оқушысы Қапаров Ильяс «Алға» әнін орындады. 10 сынып оқушылары бірлесіп «Қош келдің әз Наурыз» тақырыбында көрініс қойды.


Дайындаған: Педагог ұйымдастырушы

_______________________




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!