Материалдар / "Педагог денсаулығы-оқу үрдісінің табыстылығының кепілі. " тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Педагог денсаулығы-оқу үрдісінің табыстылығының кепілі. " тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдердің өз денсаулығына көп көңіл бөліп, жұмысында табысты болуына септігін тигізетін тренинг.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
501
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тренингтің тақырыбы: Педагог денсаулығы-оқу үрдісінің табыстылығының кепілі.

Мақсаты: Педагогтарды эмоционалды күйінудің алдын алу ,психологиялық кедергілерден шыға білу қасиеттерін дамыту.

Сәлемдесу:

  1. Шапалақ-қолмен амандасу;

  2. Шапалақ- иықпен амандасу;

  3. Шапалақ- арқамен амандасу;

Біз бүгінгі тренинг сабағымызды бастаймыз.Әрбір тренинг сабақтың өзінің ережелері бар.Сол үшін барлығыңыз белсенді қатысыңыз,тек қана өз ойыңызды айтыңыз.

Бүгінгі сабақтың принципі : «Маған айт, мен оны ұмытамын, маған көрсет-мен оны есте сақтаймын,маған көрсетуге мүмкіншілік бер- мен түсінемін.

Біз бүгін проблемаларды табуға және оны жеңе білуге тырысамыз.

«Эмоционалды күйіну»-туралы түсінік.

- Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет «жүрекпен ,жүйке мен» жасауды талап етеді.
Оқушылардың интеллектуалды дәрежесінің күннен – күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді.
Өздеріңізге белгілі, ұстаз мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда стресттік жағдайларға жиі душар болатындығы белгілі. Әсіресе, көктем, күз мезгілінде ұстаздар өте шаршағыш, эмоциялық күй – жағдайлары өте төмен болады.

Бұл терминді 1974 жылы американдық психиатр Х. Дж.Фрейденбергер енгізді. Психиатр Кристина Маслач «Психологиялық күйіну» 3 бөліктен тұрады деп атаған:

  1. Эмоционалды күйіну-үнемі шаршаңқы қалыпта жүру.

  2. Деперсонализация-деген өзіне, жұмысына,балаға немқұрайлы қарау.

  3. Редукция- өзін көпшілік ортада ұстай алмау,шектен шығу.

Мұғалімдердің көпшілігінің басынан осы күйінудің 3 түрі де өтеді. Біз осы қиын жағдайдан қалай болса да шыға білуіміз керек.Біздің басымыздан қазір қандай кезең өтіп жатқанын байқау үшін «Баспалдақ»жаттығуын жасайық.

Жаттығу «Баспалдақ».

Мұғалімдерге баспалдақ салынған парақты таратып беру,олар сол баспалдақтың қай жерінде тұрғанын белгілейді.

-Сізге сол баспалдақтағы орныңыз ұнайма?

-Сіз жоғарыға жылжып жатсызба немесе керісінше?

-Қандай кедергілер бар деп ойлайсыз?

Кесте «Өзіңе өзің көмектес». Уақытты, күш-жігерді дұрыс пайдаланбау , тығырықтан шыға білмеу психолосоматикалық белгілердің пайда болуы ықтимал.

Аурудың психологиялық себептері

Дененің қай мүшесінде ауру пайда болады.

Ішіңізден күніне бірнеше рет қайталаңыз

Узақ шешімін таппаған эмоционалдық проблема

Қан қысымның көтерілуі

Мен шын жүректен бұрынғының бәрін тастаймын, мен сабырлымын.

Өз-өзіңді жазалау, қорқыныш

Бас ауру

Мен өзімді жақсы көремін.

Көптеген ауыр ойлар, уайым.

Асқазан

Мен өзімді жақсы көремін.Бұрынғыдан өзімді қуана арылтамын.

Қуанышты сезімдерден бас тарту, немқұрайлық

Буындар

Мен қуанышты қабылдаймын,және де тек қана жақсы заттарды байқайтын боламын.




Жаттығу.Ақ параққа күндегі өмірде ұнайтын 10 іс-қимылды жазыңыс.Соны өсуі ретімен жазыңыз.Осы 10 ұнайтын іс-әрекет шаршағанда күш беретін «құрал» болады.

Жаттығу «Бақыт телпегі». Андерсен деген жазушыда «Бақыт әкелетін галош» ертегісі бар. Сол галошты киген адам бақытты болады. Галош оның барлық тілек армандарын орындаған.

Бүгінде біз сол ойынды ойнап көреміз.Қазір «Бақыт телпегін» киіп бақытты болыңыз.Және де әр ситуациялардан позитивті-жарқын көзқараспен шығуыңыз керек, көмектесуге де болады.

-Жұмысыңызды дұрыс жасамаған үшін директордан сөз естідіңіз.

-Сізге нашар оқитын сыныпты берді.

-Жұмыста айлықты уақытында бермей қалды.

-Сіз сабаққа келдіңіз, сыныпта тек қана 3 оқушы.

-Сіз жұмыстан кешігіп асығып келе жаттыңыз.Кенет аяқ-киіміздің өкшесі сынып қалды.

Тест «Бақытты болып білесіз ба?»

Өмірде бақытты сәттер болады, кейде ешкімді көргің келмейтін де кез болады. Бақытты болып білесіз ба? Бұл сұрақтың жауабын тест арқылы көрейік.

1.Өткен өміріңізді ойлағанда мынадай қорытындыға келесіз ба?

А) жақсыдан жаман көп болды.

Б)жаманнан жақсы көп болды.

В) барлығы жақсы болды.

2. Әдетте күннің соңында:

а) өзіңізіге коңіліңіз толмайды;

б) Күнім бұдан да жақсы өту керек еді деп ойлайсыз.

В)Ұйықтар алдында атқарған жұмысыңызға коңіліңіз толады.

3. Айнаға қарағанда ойлайсыз

а) «О, уақыт тым қатал

б ) «Несі бар, жаман емес

в) «Барлығы керемет!»

4. Біреудің қомақты ұтысын естігенде ойлайсыз.

А) «Менің ешқашан жолым болмайды»

б) «Неге мен емес, а?»

в) «Бір күндері маған да ұтыс бұйырар».

5.Радиодан немесе газеттерден оқиғаларды естігенде ішіңізден айтасыз

а) Бір күндері осы оқыға менің де басыма келер ау!

Б) «Шүкір, менің басымда кездескен жоқ!»

в) «Осы бір репортердардың ойдан шығармайтыны жоқ!».

6. Таңертең тұрғанда әдетте:

а) ештеңе ойлағыңыз келмейді.

Б) Бүгін алдымда не күтіп тұр.

В) Көңілдісіз, жаңа күннің басталғанына және де көптеген жаңа тосынсыйлар болады деп.

7. Өз достарыңыз туралы ойланасыңыз:

а) олар ойлағанымдай онша қызықты және жанашыр емес.

Б) әрине, олардың кем –кетігі бар , бірақ шыдауға болады.

В) жақсы адамдар!

8. Өзіңізді басқалар мен салыстырғанда:

а) мені бағаламайды;

б) мен басқалардан кем емеспін;

в) көшбасшы бола аламын , мұны барлығы мойындайды.

9. Егер сіздің салмағыңыз 4-5 кг-ға артса:

а) шошисыз ба.

Б) ойлайсыз, алып бара жатқан ештеңе жоқ.

В) тез арада диета сақтап, жаттығулар жасайсыз.

10. Егер сіз жабырқасаңыз:

а) тағдырды кінәләйсізба;

б) біле білсеңіз, жаман көңіл-күй уақытша ғана;

в) еңсемді түсірмеуге тырысамын;

Әр жауап а-0 ұпайға,б-1 ұпайға,в-2 ұпайға бағаланады.

17-20 ұпайға дейін: Сіз өте бақытты адамсыз,өмірге деген құлшыныс күшті,барлығына сіздің оптимистік көз-қарасыңыз ұнайды, бірақ та байсалды болуыңыз керек.

13-16 ұпай: Мүмкін сіз «оптималды» бақытты адамсыз, қуаныш сәттері көп қайғыға қарағанда.Сіз ештеңеден қорықпайсыз, ақылмен шешесіз.

8-12 ұпай: Сіз үшін бақыт пен бақытсыздық 50х50 формуласындай. Достарыңызды қиын жағдайда тастап кетпейсіз.

0-7 ұпай: Барлығына қара көзілдірікпен қарағандай болып қарайсыз.Көңілді жүретін адамдардың арасында көп жүру керек.

Өзіміздің бақытымызды байқап көрдік.

Бақытты болу үшін позитивті ойлануымыз керек!

Позитивті ойлау-бұл бақытты сәтті , қуанышты,денсаулықты, жақсы шешімін табатын іс-әрекеттер.

Аңыз «Ешкімнің көңілінен шыға алмайсыз».

Жаттығу «Достық алақаны» .Сол қолыңыздың сызбасын сызыңыз. Өзіңіздің көңіл- күйіңізге байланысты түспен атыңызды ортасына жазыңыз да қасыңдағы көршіңізге беріңіз.Қолдың әр саусағына позитивті тілектер жазыңыздар. «Қолдарыңызды» иесіне қайтарыңыздар.











«№6 жалпы білім беру орта мектебі» ММ











Тренинг сабақ:

Педагог денсаулығы-оқу үрдісінің табыстылығының кепілі.





Өткізген: Зорбаева Дина







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!