«Педагог келбеті: кешегіден бүгінге дейін» Эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Педагог келбеті: кешегіден бүгінге дейін» Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
«Біз үйретіп жүріп, үйренеміз» Сенека
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Педагог келбеті: кешегіден бүгінге дейін»

«Біз үйретіп жүріп, үйренеміз»

Сенека

Біз жас мұғалімдер білмеген білімдерімізді, жаңашылдықты шәкірттерімізге үйрете жүріп, үйренетініміз хақ. Дегенмен, ұстаздың білімі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіліп қарасаң тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдында, айналсаң артыңда тұрғандай-деп Сократ айтқан. Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін ең маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Қaзaқстaн Республикaсының білім жүйесін 2015 жылғa дейін дaмыту тұжырымдaмaсындa : «Ортa білім берудің мaқсaты – жылдaм өзгеріп отырaтын дүние жaғдaйындa aлынғaн терең білімнің, кәсіби дaғдылaрдың негізінде еркін бaғдaрлaй білуге, өзін-өзі іске aсыруғa өзін-өзі дaмытуғa және өз бетінше дұрыс , aдaмгершілік тұрғысынaн жaуaпты шешімдер қaбылдaуғa қaбілетті жеке тұлғaны қaлыптaстыру» -деп нaқты көрсетілген.

«Егер мұғалім өз іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол - кемел ұстаз.» Д. Ушинский.



ХХІ ғасыр білім ғасыры. Қазақстандағы білім беруді әлемдік стандартпен теңестірумен қатар, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекттік бағдарламасында көрсетілген міндеттер мен талаптарын іске асыруды Кембридж тәсілдеріне негізделген бағдарламаның маңызы зор деп ойлаймын. Қай кезең , қай уақыт, қай кәсіп болмасын бағыт-бағдар беретін ұстаз екенін ешкім жоққа шығармайтыны анық. Жоғарыда айтылғаныдай білім беру барысында шәкіртке деген сүйішпеншілік біріктірілсе, келешегімізге жетік азамат жетілдіруіміз ақиқат. Білім беру ісіне деген талаптың өзгеруіне байланысты педагогикалық қызметкерлердің кәсіби білімін жетілдіру ісі де жаңа әдістерді талап етіп отырғаны айдан анық. Курстың бірінші бетпе-бет кезеңінде тренеріміздің өзін ұстауы, өмірге деген құштарлық оятуы, сабыры, мейірімділігі, біздерді жақсы көре алуы, түрлі ұлт, түрлі санаттағы мұғалімдерге бірдей күн сәулесіндей адамилығын салғаны ең алғашқы сабақ болды. Бағдарламаның мазмұнында «Бұл бағдарламаның негізгі міндеті - Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектеседі» делінген. (Нұсқаулық 126бет). Менің ойымша, бұл бағдарламаға ажыратылған уақыт ішінде кез келген мұғалімнің көзқарасы өзгеруі әбден мүмкін деп ойлаймын. Менің өзім де бірінші бетпе-бет кезеңінің өзінде ғана көзқарасым өзгерді. Менің көзқарасым бір дегеннен өзгермеуі әбден мүмкін еді, көзқарасым өзгеруіне менің тренерімнің әсері деп анық айта аламын. Жаңалықтар үйреніп сабақ өтетін болсам, осы тренерім сияқты менің шәкірттерім де, мені жақсы көретін болса, бұдан артық ұстаз үшін бақыт болмайды. Бұл бағдарлама Қазақстан мұғалімдерінің біліктілігін, іс-тәжірибесін байытып, шыңдап алуына жасалған үлкен қадам деп ойлаймын.

Бағдарламадағы негізгі идеялар жеті модульге негізделген. Мұғалім сабағын төмендегі модульдерді басшылыққа ала отырып құрылымдайды:



  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету .

  3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  7. Оқытуды басқару және көшбасшылық. (Нұсқаулық 12 б)





Сыни тұрғыдaн ойлaу—бaқылaудың, тәжірибенің -, ойлaу мен тaлқылaудың нәтижесінде aлынғaн aқпaрaтты ойлaуғa, бaғaлaуғa, тaлдaуғa және синтездеуге бaғыттaлғaн пәндік шешім. Ол болaшaқтa әрекет жaсaуғa негіз болa aлaды. Сыни тұрғыдaн ойлaу көбінесе қaрсы пікір aйтуғa, біреудің пікіріне күмәнмен қaрaп, өз пікірін сыни тұрғыдaн ойлaнып, дәлелдеуге, бaлaмaлы шешімдерді қaбылдaуғa, ойлaу және іс-ірекетімізге жaңa немесе түрлендірілген тәсілдерді еңгізуге дaйын болуғa, ұйымдaстырылғaн қоғaмдық әрекеттерге және бaсқaлaрды сыни тұрғыдaн ойлaуғa бaулуды үйретеді. (нұсқaулық 46 бет).Тәуелсіз Қазақстанымыз көп ұлтты болғанымызға қарамастан түрлі ұлт өкілдеріне бірдей қамқорлық жасап, осыншама білім алу жеңілдіктерімен бірге қиында қызықты әдіс-тәсілдерді үйренуге кеңінен жол ашып берді. Мемлекетімізде басты міндет, ол білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Егеменді елімізде білім беру саласы бойынша жаңа жүйенің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы, бәсекелестікке қабілетті мол шығармашылықта еңбектеніп, ой өрісімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Оқытуда жаңа технологияны меңгермейінше сауатты, жан-жақты дамыған маман болуы мүмкін емес. Елбасымыз өзінің жолдауында да «тілдердің үш тұғырлығы» жайында сөз қозғаған еді. Әрбір Қазақстандық мемлекеттік тіл саналатын қазақ тіліне қоса, орыс және ағылшын тілін білуі керек. Елбасымыздың көтерген осы «тілдердің үш тұғырлығы» саясаты егемендігіміздің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһантану жағдайындағы қажеттіліктен туған қадам екендігі айдан анық. Білім берудегі Сыңдарлы оқу ( Кембридж ) тәсілінің теориялық негіздеріне сүйене отырып практикаға енгізіліп отырған жеті модульден құралған бағдарламаның менің өмірімде алатын орны ерекше болып отыр. Сол себептен, өз сабақтарыма жеті модульді ықпалдастыра отырып, басқа тілдер мен барынша салыстыра оқушылардың түсініктеріне кіріктірдім. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деген түсінік береді. Мен бұл модульді таңдауымның себебі, бала дүниеге келіп, 2-3 жасқа келгенде ғана өз бетінше әр түрлі қиын есептерді шығара алу қабілеті болады екен, ал оны біз даму орнына тек, ананы істеме, мынаны алма, мүмкін емес, «кака» тиісуге болмайды деп, баланы қағып оның дамып келе жатқан қабілеттерін жауып тастайды екенбіз. Мен осы кембридж бағдарламасына риза болғаным, ешқашан тіке сенің жасағаның қателік болды -деп басып айтпай, түсіндіру жолдарын қарастырғаныда деп ойлаймын. Баланыңда қателіктерін осындай түзетсек, дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамытсақ, біздің балаларымызда,біздің мемлекетімізде алдағы мемлекеттер қатарынан орын алуына күмәнім жоқ. Бұл тәсіл болашақты әрекет жасауға негіз бола алады. Бұл модуль арқылы, менің сабақта қолдануым бойынша түсінгенім маңызды мәселелерді талқылауға және тәжірибені ой елегінен өткізуді, сондай-ақ оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру және білім беру үшін тиімді болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлауға және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқалардың сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлау– бақылаудың, тәжірибенің ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бақылауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Бұл жолдағы ең оңай тәсіл балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.(МАН)

Бұл модульді пайдалану арқылы оқытуда көп өзгерістер көруге болады, мысалы мектеп басшылығы ұзақ мерзімді жоспарында 5-8- сыныптарды эксперимент үшін алып отырғанның өзінде, бірінші бетпе-бетті оқып тәжірибе өткізіп жүргенбіз, ІІІ-базалық деңгей тыңдармандары орта мерзімді жоспарымызда қойған мақсаттарымыздың 70 пайызына жетісіп отырмыз десем қате емес. Себебі, бір қатар оқушылардағы өзгеріс жалынын көргенде мұғалімдерге тағы да оқытуға, жаңашылдыққа ұмтылуға шабыт береді. Мен басында Сенеканың сөздерінен мысал келтіріп айтқанымдай, бұл жерде біз оқушыларға сабақ беріп, үйрету арқылы өзімізде үйреніп отырмыз. Күнделікті көріп отырған сабақтарына жаңашылық енген кезде, оқушылардың шамалы ұйықтаған жадылары серпіліс, қозғалыс алып жаңарады екен. Сонымен, бір қатарда жаңалық үйретемін деген ұстаздардың жадыларында шыңдала түсуі, анық тәжірибе жүзінде көрініп тұр. Өзімнің алған білімдерімді осындай жаңа көрілмеген тәсілдер арқылы балаларға көрсетуге тырысамын.

Осы модульді пайдалануда мен негізі психологиялық деректер- мен әдебиеттерге көбірек жүгіндім, себебі, сын тұрғысынан ойлануда әр баланың психологиясын оның темперамент ерекшеліктерін ескере отырғанда жұмыс біршама тиімді де, жеңіл болады деп ойладым. Осының ішінде деңгейлі тапсырмалар да осыдан пайдаланғанда бала қасиеттері мен темпераменті көмекке келеді. Мысалы мелонхолик темпераментті балаға тез жауап беруге тиіссін деп 3-5 секундті++ талап ететін болсақ, бұл оқушының тума табиғаты осыны қабылдауы өте қиын болғандықтан жауап бере алмадым деп күйзелуі мүмкін. Ал мысалы холерик темпераментіндегі оқушыны алсақ оның тез жауап бергісі келеді , қате –дұрыстығына мән бермейді. Осы кезде балалардың темпераментіне байланысты қолдау және деңгейлетіп сұрақ қою арқылы сын тұрғысынан ойлантыра алсақ мақсатқа да жетуіміз жеңілге соғады.

Сабақта оқушыларды сыни ойлатудың әр-түрлі стратегияларын қарастырдым. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы төрт сабағымда «сын тұрғысынан ойлау» модулін қолдану арқылы оқушыларға білім қалыптастыруға барынша күш жұмсадым.

Бірінші сабағымда «Буын және оның түрлері» тақырыбында 5-сыныбында өткен сабағымда оқушыларды ең алдымен ынтымақтастық қалптастыру мақсатында шеңберге тұрған оқушыларды бір-біріне жылы лебіз білдіру арқылы бастатқыздым. Бұл жердің өзінде оқушы бұрын соңы айтпаған жылы тілекті айту үшін айтам деп кішкене ойланғанның өзінде сын құрдасына деген, сындық ойлауы дамып отырды. Әр оқушының қолына өзін-өзі бағалау парағын бердім. Ол жерде сабақ барысындағы критерийлер жазылған болып, оқушы өз бағасын өзі шығарып беретін болды. Бағалау парағын құрастырған кезде БЛУМ таксаномиясын енгізіп жасауды жөн көрдім. Оқушылар жауап беру немесе сұрақтар қою үшін «Бағдаршам» әдісінен пайдалануды ұсындым. Әр топқа бөлінетін оқушыларға бағдаршамдардың түстеріне сәйкес түрлі түсті кеспе картон қағаздарын үлестірдім. Топтастыруды өтілген дауыссыз дыбыстардың түріне қарай (қатаң, ұяң, үнді) етіп бөліп алдым. Топтық жұмысты нығайту үшін бір оқушы, яғни хатшы дайындап, сол оқушы жазуын, басқалар ортада пікірлерін қосып отыруды ұсындым. Әр топ баяндамашысы мәтінді оқып, түрлі мәндегі түйінділерімен бөлісіп отырды. Тапсырманы орындаған соң «Миға шабуыл» тәсілін жүргіздім. Оқушылар өз топтарында ой қозғап, пікірлесіп, талқылап өз ойларын анық жауап беру арқылы сұрақтар қойдым.

Оқушылар сыни тұрғыдан ойлау арқылы, өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдеуді үйренді. Топтасқаннан кейін оқушылармен келісе отырып, топ ережесін құрастырдық. Жаңа сабақтың мазмұнымен таныстыру мақсатында «Джигсо» әдісінен пайдаландым. Интербелсенді тақтада электронды оқулықтан тақырып ережесімен таныстырдым, оқушылардың осы уақытқа дейін білгендерін дамыта алдым. Оқушылар «Үш қадам» әдісін пайдалана отырып, сыни тұрғысынан ойлауы дамыды. Буын және оның түрлерін ажырата алды. Сабақтың соңында постер жасап қорғау ұсынылды. Постер жасап бітірді, бірақ қорғау үшін үзілістің уақыты да біткендгінен, келесі сабақта жалғастырдық. Олардың ішінен бір топ «Буын және оның түрлерін» анық жазып, сызып, салып көрсетті, бұл топтың басшысы А оқушым болды. Бағалау парағын да үлгерместіктің нәтижесінде 5 деген баға шыққан жоқ. Осы баға менің бағам екенін менде іштей сындарлы ойланып, қателікті қайталамауға ой түйдім. Кешікседе оқушылар өз кері байланыстарын стикерлерге сабақ ұнағандығы туралы ойларын жазып қалдырды. Сабақ барысында үш оқушыны назарға алуды да ұмытқаным жоқ. А оқушым дарынды, көшбасшы қыз бала болды. А оқушым сангвиник темперамент типі басымдау келеді. Ашық, сұраққа тез, дұрыс жауап бере алатын, жан-жақты дамыған оқушым. В оқушым қызығушылығы мол қыз бала холерик темперамент тип иесі болды. Ол тез әрекет жасайтын, тез ренжіп, тез ашылатын оқушы. С оқушым да қыз бала. Мелонхолик темперамент тип иесі болып, қазақ тілін меңгеруде өте көп қиындыққа тап болушы оқушым болды .Үнемі сабақ барысында мен бұл оқушыларды қадағалап, назар аударып отырдым. А оқушым әдеттегіден де белсендірек болды, оның қуанышы көрініп тұрды. В оқушым жоспарлағанымдай үлкен қызығушылық танытып белсене қатысты. Ал С оқушым бірінші сабақ болғандықтан бірінші біраз түсінбей отырды, бірақ сабақ аяқтала бастаған кезде қызығуы біраз жандана түсті. Әр жауап беріп қатысқан оқушыларға бағалау парақтарына ынталандыру жұлдызшалар беріп, қолдау көрсетіп тұрдым. Екінші сабағым «Үндестік заңы.Буын үндестігі » болды. Өткен сабақта қалған постерді қорғау арқылы шолу жасадық, қалған жұмысты бітіріп, бағалар толықтырылған соң жаңа сабаққа көшіп буынның үш түрі (ашық, тұйық, бітеу) бойынша топтасып алдық. Уақытымызды біразын жоғалтсақта, бұл сабақ жанды, қызық болғаны оқушыларға да, өзіме де ұнады. Ынтымақтастық, миға шабуыл, интербелсенді тақтадағы электронды оқулықтан жаңа сабақ көрсетілгеннен кейін сыни тұрғысынан ойланулары үшін «Үш қадам» әдісін пайдалана отырып үш топ жеке 6 сұрақтан басқа топтағы сыныптастарына дайындауды ұсындым. Сұрақ беру сағат стрелкасы бойынша келесі топқа қарап өздері сұрақтарын бере отырды. Бағалау осы кезде топтық болды топ жауаптарына жұлдызша санын көбейтулері керектігін айтып қойдым. Бәсекелесе отырып, оқушылар жұлдызшаларды көбірек жинауға тырысты. Сұрақтар қойылып жауаптар алынған кезде диалогтық қарым-қатынастары дамып отырды. Сергіту сәтіне де уақыт жетіп келді. Сергіту сәтінде топтарды видеороликтен «Қаражорға» биіне билеттім. Сергіту сәтіден кейін әр топ жеке дәптерлеріне сұрақтардың жауаптарын қайта есіне түсіріп жазып қояды. Үйге жақсылап оқып, ауызша жауап беруге дайындалып келулерін айттым. А оқушым өзінің көшбасшылық қасиеттерін дамытып жатқанын байқадым. В оқушым сұрақ жауаптарда белсенді қатысып отырды. С оқушым ұялшақ болғандақтан 2-3 сұраққа жауап берді, өз ойымен аз да болса бөлісе алды. БББ әдісі бойынша рефлексия жасаттым.

Үшінші сабақ «Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар» мен танысуды жалғастыратын болдық. Сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастырып, «Тез жетейік» әдісі арқылы топтастырдым. Мысалы: 3 топқа екі флипчарт қағаздарын беріп, біреуінің үстіне қайық деп шығып алып, екіншісін ауыстырып отырады.Кім бірінші тез жетуге. Өтілген сабаққа зымыран сұрақтар арқылы шолу жасадым. Жауаптарды жұлдызша арқылы ынталандырып отырдым. АКТ арқылы жаңа сабақ таныстырылды. Сабаққа байланысты Бес тармақ әдісі бойынша сыни тұрғысынан ойлануларын дамыту мақсатында тапсырма бердім. Тек төртінші қатардағы төрт сөзден тұратын сөйлем бүгінгі сабағымызға байланысты буын үндестігіне бағынбайтын қосымша келуі керек деп ұсыныс айттым. Мұны жетпіс пайыз оқушы өздері орындай алды .Бұның ішінде С оқушым орындай алмады . Басқа оқушылардан көріп жазуға әрекет жасатқыздым.Осы сабаққа байланысты постер жасауға оқушылар қызығушылық танытқандықтан постер жасауға рұқсат бердім. Үш топтың біреуі ғана буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларға сай постер жасады. Басқа топтар жалпы буын және оның түрлеріне байланысты постерлерін жасап отырды. С оқушым постер жасауда қатысып жатқанын байқадым. Постер қорғауды оқушылар сабақты жақсы игергені, сыни тұрғысынан ойланғанын көрсете алды. Тақтада бағдаршамның түсі ілінген кеспелерге жасылға өз пікірлерінің түсенгенін, сарыға сәл түсінгенін, қызылға түсіне алмағанын, стикерлерге жазып жапыстыруды ұсындым. Оқушылар қызығушылықпен кері байланыс жасап отырды. Қоңырау шалынғаннан кейін рефлексия жасалынды. Төртінші сабағымда көшбасшы тандап алып, сол оқушыға осы үш сабақтардың қайталап өтуін тапсырдым. Мен өзім оның жанында көмектесетінімді айттым. А оқушымды көшбасшылық қасиеттерін көріп, амалда қолдап көру маған қызықты болды. А деңгейдегі оқушыма ынтымақтастық қалыптастыруды мен өзім ойланып тауып келетінім ұсынған болатынмын. «Аралас, топтас, жұптас» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосфера қалыптастырдық. Менің ойымша, бұл ойындар оқушыларды сабаққа деген көзқарастарын өзгертетіндей көрінді. Оқушылар «Отан, Отбасы, Еңбек» тобы болып топтастырылды. Ұйымдастыру кезеңінде А оқушым «Өзін-өзі бағалау» парағын әр оқушыға таратты. «Зымыран» әдісін қарапайымдалған түрі бойынша оқушыларға сұрақ қойып, жауап бергендерге жеке түрде жұлдызшалы жапыстырғыштар үлестіріп отырды. Сабақ соңында жұлдыз саны бойынша баға қойылатындығын айтты. Оқушылар барынша жұлдыз көбірек жинауға тырысты. Негізгі қайталау бөлімінде электронды оқулықтан жаттығу орындаттық. «Зымыран» әдісінен пайдаланғанда В оқушым өзінің белсенділігін танытып сұрақтардың көбіне тез жауап беріп отырды. С оқушым да белсене түсті. Сергіту сәтінде «Рөлдік ойын»ды іс-әрекеттермен төрт көлікті ым арқылы көрсету болды. Оқушылар оны өздері тапты. Қорытындыны «Өрмекші» әдісі арқылы пысықтадық. Оқушылар өтілген сабақтардан не үйренгендігін тоқылатын жіпті ұстау арқылы қайталап отырды. Оқушылар «Өрмекші» әдісін пайдаланғанда сұрақ-жауап өткізгенде, менің С оқушым сұрақтарға жауап беруге әрекет жасады. Стикерлерге енді өздерінің сыныптастары А оқушыма кері байланыстарын жазатын болды.

Енді жоспарда енгізілген қазақ тілін үйренудегі кедергілерді жеңу бойынша, айтсам мен ойлағандай кедергілер болған жоқ. А және В оқушыларым қазақ тілінде еркін сөйлеп еркін жауап беріп отырды . В оқушым бір-екі қатеге жол қойды. С оқушым біраз кедергілерге ұшырады, қазақша сөйлеуге қысылып кейде өзбекше сөздерді араластырып отырды. Барынша қазақ тілінде сөйлеуге баулып отырдым. Қосымша, көбірек қазақ тіліндегі оқулықтар немесе көркем әдебиеттерді дауыстап оқуын ұсындым. Өзімде болған кедергілерге келсем, уақытты бірінші сабағымда дұрыс бөле алмағандығымда болды. Біраз топтың шуы көтерілді, ережені естеріне түсіре отырып ретке келтіріп отырдым , Себебі, өздері бекіткен топ ережесі өздері орындап отырды. Оқушылардың тағы осындай сабақ қашан болады деп сұрақтар қойылған кезде шабытыма шабыт қосылып қуанып, келесі сабаққа дайындалып отырдым. Осы тәжіребем бойы қолданған стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді оқуым біткен соң жалғастырып ҚМЖ түзіп өтуді жоспарладым. Өз тәжірибемде мен ең алдымен жетілдіру қажет болған баланы сүю, баланы жан дүниесін түсіну қасиеттерін, оқушыны сыни тұрғысынан ойлануға дағдыландыру арқылы тәрбиелеу деп білемін.

Егерде шын мәнінде кембридж бағдарламасы жайлы қорыта айтатын болсам, менің пәнім бойынша қаншама өзгерістер болды. Әрине жақсы жаққа. Себебі, оқушылардың қызығушылықтары жоғары болды. Басында болған қиындықтарды біріге отырып, оқушылармен шештік деп ойлаймын. Оқушыларым менің оқуды бітіріп, тезірек келсем тағыда осындай қызықты сабақтар өтуіме тілектес екендерін, әрі күтетіндерін білдірді. Оқушыларды жақсы көріп сыйластық орын алғандықтан, бір-бірлерімізді сағынатын боламыз. Өмір бақи сыйластық қалыптасқан күйі дамып отыра береді. Осындай сыйластықтың нәтижесінде өзіміздің жергілікті мұсұлмандық қасиеттерді жоғалтпайынша, имандылық қасиеттерін сақтаған күйде шәкірттерді тәрбиелеу, әрі білімін тереңдетіп, әрі адами қасиеттерін дамытады. Жанашыр ақылды оқушылар ғана, ұлт беделін жоғары көтере алады деп ойлаймын.Тренеріміз айтқандай керекті нәрселерді пайдаланып керексіз-ау деп ойлаған нәрселерді пайдаланбасқа болады. Міне, біз осы жерде өзін сыйлай алатын тұлға тәрбиелеген кезде ғана, басқа азаматтарды да құрметтейтін, Отанын шын сүйе алатын шәкірт тәрбиелейміз. Сыни тұрғысынан ойлай алған оқушы қалай болса, солай сөйлемейді, ойламай сөйлеген адам қалай болса солай ойлайды. Демек, ойланған оқушыны яғни сыни тұрғысынан ойланған оқушыны сөйлеу мәнерінің өзгергенімен де байқауға болады екен. Осы модульді жиі қолдануымның нәтижесінде қалай болса, солай сөйлеуден өзін сақтай алатын шәкірт тәрбиелей алатыныма сенемін. Ойламай сөйлейтін холерик темпераментіндегі оқушыны да өзгертуге, сабырлы болуға шақыруға болатынын, мен өз тәжірибемде пайдаланып көргендіктен, осындай оқушыларды да ойлап мәнді де, сәнді сөйлеу мәдениетіне дағдыландыруға болатынын ешқашан ұмытпаспын. Тек сыни тұрғысынан ойлау модулін ғана қолданып шектеліп қалмастан басқа да, модульдерді теңінен пайдалана аламын деп ойлаймын. Осындай шәкірттерді жетістіру арқылы келешегіміз айдын, алдағы мемлекеттер қатарынан орын алуымыз жоғарылай береді. Ар-ожданы таза бастықтар осыдан шығарына сенімдімін.

Пайдалынылған әдебитеттер тізімі:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2019
914
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі