400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Педагог мәртебесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог мәртебесін көтеру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагог мәртебесін көтеру – жаңашыл мұғалімді қалыптастырудың бастауы


Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас ,

Үйретуден балаға.

- деп хәкім Абай атамыз айтқандай, мұғалімдіктің де өз қызығы бар.

Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз», – деген екен даналарымыз. Қазіргі заманда ұстаздың бойында бала қызыға қарайтын, бала еліктейтін қасиеттердің болғаны дұрыс деп есептеймін. Себебі баланың ұстазына деген айрықша құрметі оның жақсы білім алуына да, болашақта өмірден өз орнын табуына, қоғамға бір үлесін тигізуіне тиімді әсер етеді.

Дамыған елдер «ұстаз» деген лауазымға тек үздік мектеп тү­лек­терінің ғана құжаттарын қабылдайды, талапкерлер пе­дагогикалық кәсіпке қабілеттіліктерін анық­тайтын арнайы тест тапсырады, оқу орындарында дәріс бірінші курс­тан бастап тәжірибеге негізделіп жүр­гі­зі­леді. Жақсы бітірген бакалавр-мұғалім ма­гистратураға қабылданады. Магистр-мұғалім мектепке жұмысқа келгенде, қоғамдық комиссия алдында күрделі сынақтан өтеді. Жұмысқа қабылданған жас магистр-мұғалімге тәлімгер тағайындалады. Ол жас мұғаліммен алғашқы күннен бастап, өз бетімен жақсы сабақ бере алатын деңгейге жеткенше бірлесіп жұмыс істей береді. Шындығына келгенде, мұғалім тек жас ұрпақ санасына оқу-тәрбие үрдісін қалыптастыруға тиісті тұлға болуы керек. Осындай себеп-салдарлар бүгінгі жас­тардың мұғалімдік мамандыққа қы­рын қарауына әкеліп соқтыруда.

Мемлекет білім беру саласын дамытуға, жас ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім беруге барлық жағдай туғызуда. Осыған орай, өткізіліп жатқан біліктілік курстары, педагогтардың категорияларын анықтайтын ұлттық біліктілік тестісі және білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасының нығайтылуы, олардың заманауи ақпараттық технологиялармен жабдықталуы, мұғалімнің тек пәндік білімімен шектеліп қоймай, педогогикалық, психологиялық құзреттілігін арттыруды шаралары іске асырылып жатыр. Бірақ та техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында категориялық біліктіліктері, диплом дәрежесі де есепке алынбайды.

Мұғалім мәртебесін арттыру тек оның білімділігін, тәжірибелігін арттыру ғана емес, оған өз мамандығын сүйе отырып келешек ұрпаққа білім беру үшін келесі қолайлы жағдайлар жасау:

  • материалдық жағдайын жасау, мұғалімнің жалақы мөлшері сол кезеңдегі экономикалық көрсеткішпен байланысты болуы; сыйықының төленбеуі; материалдық жағдайы төмен мұғалім жоғары да атап көрсетілген біліктілік курстары және семинарларға да қатысуға мүмкіндігі болмайды;

  • әлеуметтік жағдайын жақсарту: денсаулығы сыр беріп жүрген ұстаз дұрыс білім де бере алмауы анық сондықтан олардың жеңілдікпен медициналық қызмет алу мүмкіншілігін арттыру және денсаулығын қалыптастыруға қаржы-қаражат бөлу қарастырғанымыз жөн;

  • сабақ үстінде оқушылар мен білім алушыларға телефон, құлақ қап пайдалануға заң жүзінде тыйым салу: қазіргі заманда оқушылар мен білім алушылар мұғалімнің сабақ үстіндегі іс-әрекеттерін видеожазбаларға түсіріп жариялауға құштар болып бара жатыр. Мұғалімнің дәрежесі осындай жағдайлардан кейін түспесе көтерілмейтіні анық;

  • ұрпаққа білім бере қоймай оның тәрбиесіне де ықпал ететін мұғалімдерге ата-аналар жағынан көмек қолын созу керек. Әр отбасының баласы әр түрлі, тәрбиесі де басқа. Оқу орнына тек жіберіп қана қойып үй немесе жұмыста отырмай, баласының мектептегі жүріс-тұрысына да көңіл бөліп, өз баласының болашақта адал азамат болып қалыптасуна ұстазымен бірге жұмыла жұмыс жасауы керек.

Сондықтан да қазіргі педагог мәртебесін көтере аламай біз жаңашыл мұғалімді қалыптастыра алмаймыз!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.04.2019
661
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі