400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада жоғары білім беру жүйесінде болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар мақалада отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс тапқан болашақ педагог-психолог мамандарының кәсіби құзыреттілік мәселелері туралы пікірлері және оқыту үрдісіндегі құзыреттілік ұғымына, терминіне берілген анықтамалар туралы баяндалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы



ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


АННОТАЦИЯ

Бұл мақалада жоғары білім беру жүйесінде болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар мақалада отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс тапқан болашақ педагог-психолог мамандарының кәсіби құзыреттілік мәселелері  туралы пікірлері және оқыту үрдісіндегі құзыреттілік ұғымына, терминіне  берілген анықтамалар туралы баяндалған.

Тірек сөздер: құзыреттілік, кәсіби құзіреттілік, құзыреттілік тәсілі, шығармашылық тұлға, педагогикалық үрдіс, «Білім туралы» Заң, «Қазақстан-2050» стратегиясы, кәсіби шеберлік, кәсіби-тұлғалық құзыреттілік, ақпараттық құзыреттілік, коммуникативтік құзыреттілік



Рысбекова А.Қ. – к.п.н., Международный казахско-турецкий университет им. Х.А. Ясави, г. Туркестан, E-mai: s.s.4@ilst.ru


Берік Н.Б. –Магистрант, Международный казахско-турецкий университет им. Х.А.

Ясави, г. Туркестан, E-mai: bnb0190@gmail.com


ФОРМИРОВАНИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТОСТИ БУДУЩИХ ПЕДАГОГОВ-ПСИХОЛОГОВ.


АННОТАЦИЯ

В статье рассматривается вопросы формирования профессиональной компетентности будущих педагогов - психологов в системе высшего учебного заведения. Также в статье отражены вгляды отечественных и зарубежных ученых, педагогов, психологов на вопросы профессиональной компетентности будущих учителей и даны определение компетентности в процессе обучения.


Rysbekova A.K. - Associate professor. Khoja Ahmet Yasawi International Kazakh-Turkish University (B. Sattarkhanov Avenue 29, the main campus, 161200 Turkistan city, Kazakhstan.) E-mail: s.s.4@ilst.ru

Berik N.B.- master of degree. Khoja Ahmet Yasawi International Kazakh-Turkish University (B. Sattarkhanov Avenue 29, the main campus, 161200 Turkistan city, Kazakhstan.) E-mail: bnb0190@gmail.com







FORMATION PROFESSIONAL COMPETENCE OF FUTURE PEDAGOGUES AND PSYCHOLOGISTS


ANNOTATION

This article discusses the issues of formation professional competence of future pedagogues and psychologists in the system of higher education. The views of future teachers on the issues of professional competence reflected in the work of domestic and foreign scientists, educators, psychologists, and gives the definition of competence in the learning process.



Кіріспе

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», - деп атап көрсетті. [1]

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілетті, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Білім сапасына деген сұраныстың артуы, нәтижеге бағытталған білім беру жүйесіне көшуге деген талпыныс болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығына да үлкен жауапкершілікпен қарауды қажет етеді. Қазіргі таңда білікті маман даярлаушы білім жүйесінде бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін, алдымен маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру керек деген әр түрлі пікірлер жиі айтылуда.  
Құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ кәсіби маманның - қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ.[2]

Құзіреттілік – қызмет атқарушының жеке мүмкіншілігі, оның квалификациясы (білімі мен тәжірибесі), шешім қабылдай алуы немесе белгілі бір білім мен дағдыларына сәйкес шешім қабылдауы.

Құзіреттілік – жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен көрінеді.

Құзыреттілік теориясы Г.В.Вайлер, Ю.В.Койнов, Я.И.Лефстед, Н.В.Матяш, Дж.Равен, Р.Уайт, В.Чинапах және т.б. еңбектерінде негізделген. Білім беруді ұйымдастыруға құзыреттілік тұрғыдан келуді жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру туралы мәселелер М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Давыдов және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Ресей ғалымдары Н.В.Кузьмина, А.К.Макарова, В.А.Сластенин т.б. педагогикалық зерттеулерінде педагог кадрлардың кәсіби құзыреттлігін қалыптастыру мәселесіне баса назар аударылған.Педагогика ғылымында В.А.Кан-Калик, Н.Д.Хмель, Н.Н.Хан, А.Қ.Рысбаев, С.Т.Мұхамбетжанова және т.б. зерттеулерінде болашақ педагог мамандарды даярлау сапасын арттыру мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жөніндегі тұжырымдардың маңызы зор.[3]

Маманның кәсіби құзіреттілік мәселесі күрделі де көп қырлы. Бұл ғылыми педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кәсіби білім берудің теориясы мен әдістерінде, гуманитарлық ғылымда әр қырынан қарастырылып жүр. Мәселе кешенді түрде зерттелуде.

Кәсіби құзыреттіліктің түрлі бағыттары: педагогикалық бағыттылықты қалыптастыру негізі – А.А.Орлов, И.Я.Фастовец, С.Т.Каргин; маңызды кәсіби сапаларды дамыту – Н.В.Кузьмина, И.Я.Лернер, В.А.Сластенин; педагогикалық шығармашылық мәні –В.И.Загвязинский, М.М.Поташник; педагогтың кәсіби қызметінің психологиялық негіздері–Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконинжәне т.б. еңбектерінде ғылыми негізде тұжырымдалған. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін Ш.Х.Құрманалина, Б.Т.Кенжебеков  Г.Ж.Меңлібекова  Б.Қасқатаева, А.Х.Аренова, Н.Н.Нұрахметов, Ш.Т.Таубаева, М.Ж.Жадрина, М.В.Семёнова  және т.б. зерттеген болатын. [3]

Қазақстанда кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін Ш.Х.Құрманалина (колледж жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау), Б.Т.Кенжебеков (жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігі), Г.Ж.Меңлібекова (болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзыреттілігі), Б.Қасқатаева (болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығы), М.В.Семѐнова (жоғары оқу орындарында болашақ педагогтардың кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру), С.И.Ферхо (мұғалімдердің оқу үдерісінде электронды оқу құралдарын пайдалана білу құзыреттілігі) және т.б. ғалымдар зерттеген.[3]

Жалпы алғанда, «құзыреттілік» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзыреттілік ұғымы -  соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы  «competens»  белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді.[4] Бұл жайлы Б.Тұрғынбаева «…өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы». Ал, Ш.Таубаева: «Құзыреттілік–ол тұлғаның оқыту мен әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген,  оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» -деп қарастырады.

Зерттеу әдістері. Зерттеуде болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында білімнің мазмұнын меңгеруге бағытталған үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығы: маманның кәсіби-тұлғалық құзыреттілігі;ақпараттық құзыреттілік; білімді игерумен бірге жүретін қарым-қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік түрлері жан жақты талданып, игерілді. И.Ф. Харламов бойынша мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі көрінісінің сатылары қарастырылып, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру жолдары ұсынылды. Болашақ педагог психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру барысында құзіреттілік тақырыбы бойынша жазылған ғалымдар мен зерттеуші оқушылардың шығармашыл туындыларымен танысу, эмпирикалық зерттеу әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижелері. Зерттеу кезінде болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруды ғылыми-зерттеу нәтижесінде алған теориялық зерттеудің тұжырымдарын дәлелдеу мақсатында педагогика-психологиялық эмпирикалы зерттеу жүргізілді.Зерттеудің мақсаты болашақ педагого-психолог мамандарды құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіргуге ұмтылған ұстаз етіп тәрбиелеу. Қарастырып отырған жұмыстың мақсаты болашақ педагого-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық диагностикасына қажетті әдістер жүйесін құрастыру болып табылады. Олар төмендегідей зерттеу міндеттерін анықтауға бағытталуы қажет:

  • болашақ педагог мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамытудың теориялық негіздерін айқындау;

  • жоғары білім беру жүйесінде болашақ педагог мамандарының кәсіби дамуының технологияларына талдау жасау;

  • болашақ педагог мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамытудың теориялық моделін құру, оның компоненттері мен өлшемдерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін ашып көрсету;

  • болашақ педагог мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамытудың әдістемесін тәжірибелік тексерістен өткізу және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау.

Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі болашақ педагог-психолог мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамытудың теориялық негіздерін айқындалып, болашақ педагог мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамытудың теориялық моделін құруға, оның компоненттері мен өлшемдерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін ашып көрсетуге ұсыныс жасалынды,жоғары білім беру жүйесінде болашақ педагог-психолог мамандарының кәсіби құзыреттілігі мен құрылымын дамытудың мазмұны анықталып, ғылыми тұрғыда жалпы болашақ педагог мамандарының кәсіби құзыреттілігінің даму технологияларына талдау жасалынып, ғылыми-теориялық материалдар ұсынылды.

Талқылау

      «Құзыреттілік» ұғымы  бүгінгі күні оқыту үрдісінде білімді қолданудың  ақырғы нәтижесі ретінде қарастырылуда. Оқыту үрдісінде «құзыреттілік» ұғымы студенттердің білімі мен тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы болып  табылады.

Құзыреттілік бірінші орынға білімгердің ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін алға қояды. Егер болашақ педагогтың құзыреттілігінң қалыптасуын орта кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды мүмкіншілігі, яғни, бір сөзбен айтқанда педагогикалық қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады.

Кәсіби құзыреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Болашақ маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалым болуы үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және жалпы әлемдік мәдениетті, өз елінің мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, тіл мәдениетін игеріп, интеграциялық үрдістерді меңгеріп, әлемдік білім кеңістігінің өресінен шыға алуға талпынуы керек.

Зерттеуші ғалымдардың құзыреттілік жөнындегі пікірлерін қорытындылай келе құзыреттілік – бұл тәжірибелік әрекеттерді жүзеге асыруда алғырлықпен жүйелі ойлануды талап ететін, соған байланысты нақты қойылған мәселе мен тапсырманы шапшаң шеше алуы деген тұжырым жасауға болады.

«Құзыреттілік» ұғымының маңызды ерекшеліктеріне талдау негізінде келесідей сипаттама беруге болады:

  • меңгерген іс-әрекет тәсілдері немесе тәжірибесі;

  • педагогтың іс-әрекетке қосылу өлшемі;

  • іс-әрекетке қабілеттілігі;

  • алған білімдері негізінде мәселелер мен міндеттерді тиімді шешудегі әрекет ету қабілеттілігі және т.б.

Сонымен, құзыреттілік – тек білім мен біліктің жай ғана жиынтығы емес, керісінше субьектінің өмірде кездесетін түрлі проблемалық жағдаятта қандай әрекет қолдану керектігін анықтай алуы және оны іске асыру жолында меңгерген білімі мен білігін ұштастыра алу қабілеті.

Зерттеу барысында біздің алған қойған мақсатымыз жоғарғы оқу орындарында дайындалатын болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру жолдарын қарастыру. Ол үшін ең бастысы болашақ маманның кәсіби құзыреттілікті меңгерудің қайнар көзі – тұлғаның мәдениет, тілдік қарым-қатынас тәжірибесі, өнерді қабылдау тәжірибесі болып табылады. Бұл аталған тұлғалық сапалар білім беруде құзыреттілік тұғырын тиімді жүзеге асыру арқылы болашақ педагог психологтардың өз кәсібіне деген танымы мен әрекетін өзгертуге ықпал етеді. Ол үшін дамытушы білім ортасын дұрыс құра білуіміз қажет. Дамытушы білімдік орта студенттің бәсекеге қабілетті, белсенді, табысты және түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беруі тиіс.

Қорытынды. Қорыта келе, қандай да болмасын маман даярлау мәселесінің нәтижелілігі теориялық біліммен практикалық іскерліктің қабысуынан келіп туындайтыны белгілі. Жоғары оқу орындарында қазіргі қалыптасқан оқу жағдайында біз дәстүрлі емес әдіс-тәсілдердің маңыздылығын ескере отырып, көп жағдайларда бүгінгі күні әлі де болса мәнін жоймаған оқу үдерісінде пайдаланып жүрген оқытуды ұйымдастырудың теориялық моделі арқылы болашақ педагог мамандарының кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін дамыту жолдарын алға тарттық.

Осы жоғарыда айтылған тұжырымдарға сүйене отырып, біз болашақ педагог мамандарының кәсіби ұйымдастыру-басқарушылық және кәсіби құзіреттілігіне қойылатын талаптарды айқындадық. Ұйымдастыру-басқарушылық құзыреттілік талаптарына сай болашақ педагог мамандар педагогика саласындағы менеджмент және маркетинг негіздерін меңгеруі қажет. Ал, кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарға сәйкес бітіруші педагогика ғылымының тарихы және теориясы саласында ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуға бейім болуы шарт; сонымен бірге, бүгінгі педагогика және психология саласындағы талдау тәсілдерін, педагогика және психология мәселелері төңірегіндегі кәсіби талқылаулар мен пікір-таластарға қатысып өз белсенділігін, кәсіби біліктілігін, іскерлігін, кәсіпкерлік қабілеті мен шығармашылығын көрсете білуі тиіс. Қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, кәсіби жағдайлардың өзгерісіне бейімделе білуі заманауи білім беру талаптарын меңгеруі қажет.


Пайдаланылған әдебиеттер: 

  1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 14 желтоқсан, 2012ж. 

  2. А.Б.Құндақова. Жоғары білім беру жүйесінде болашақ маманның кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мәселелері:мақала //Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті,- Алматы , 2012. -25б.

  3. Жаксыбаева А. Ж. Болашақ педагог-психологтардың кәсіби және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру // Молодой ученый. — 2014. — №1.2. — С. 55-57

  4. Құдайбергенова К.С. Құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамуының теориялық-əдіснамалық негіздері: монография. — Алматы, 2012. — 144 б.

  5. Ш.Х.Құрманалина,Б.Ж.Мұқанова. Педагогика. -Алматы., 2007

  6. Сенкибаева А.Т. Мұғалімнің кәсіби құзырлылығын дамыту.//Білім берудегі
    менеджмент, №4.2009





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
1861
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі