жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Педагог-психологтің эмоциялы интеллекті. Эмоциялы интеллект - тиімді жұмыс құралы.
Педагог-психологтің эмоциялы интеллекті.
Эмоциялы интеллект - тиімді жұмыс құралы.
Аннотация. Мақалада психологиялық медицина-педагогикалық қолдау жүйесіндегі педагог психологтің негізгі кәсіби ресурсы ретінде эмоциялы интеллекттің маңыздылығы жайлы сөз қозғалады.
Жұмыста эмоциялы интеллекттің құрылымдық элементтеріне егжей-тегжейлі талдау жасалған. Эмоциялы интеллекттің құрылымдық элементтерінің диагностика жүргізгенде, кеңес берерде, түзету жұмыстарының тиімділігіне берер әсері бағаланды. ПМПК шеңберіндегі психологтің кәсіби қызметінің ерекшеліктеріне баса назар аударылады: бұл жағдайда эмоциялы тұрақтылықты сақтап, эмпатиялық сезімталдықты көрсете білгені білім беру процесінің барлық қатысушымен — балалармен, ата-аналармен, әріптестермен нәтижелі қарым-қатынас орнатудың маңызды шарты. Мақалада сонымен қатар даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға кеңес беру кезінде эмоциялы интеллект құралдарын қолданудың практикалық тәжірибесі жүйеленген.
Негізгі түйін сөздер: эмоциялы интеллект, педагог психолог, ПМПК, эмпатия, кәсіби құзыреттілік, өз-өзін реттеу, психологиялық педагогикалық сүйемелдеу.
Қазіргі таңда педагог психологтің кәсіби қызметі оның жеке қасиеттеріне қойылатын талаптардың жоғары болғанын көздейді. Инклюзивті оқытудың кеңейіп жатқаны және даму мүмкіндіктері шектеулі балалар санының өсуі аясында стандартты диагностика әдістерін қолданып қана қоймай, әріптестермен және балалармен олардың ата-аналарымен сенімді, өзгенің сезімін түсініп, ескере отырып қарым-қатынас орната алатын психологтер ерекше сұранысқа ие болып тұр[1]. Бұл тұрғыда эмоциялы интеллект маманға кәсіби тұрақтылықты сақтауға, психикалық жай-күйден шаршап қалу қаупін азайтуға және тиімді психологиялық қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды механизмге айналатыны айқын.
Қазіргі психология ғылымында эмоциялы интеллект өзіңнің және айналаңдағылардың эмоциялы жағдайы мен көңіл-күйлерін танып сол ақпаратты кәсіби мәселелерді шешуде тиімді пайдаланатын қабілет ретінде түсіндіріледі [2]. Бұл құбылыстың құрамында әдетте төрт негізгі элемент ажыратылады: өз эмоцияларыңды түсіну, өз эмоциялары мен сезімдерді бақылай білу, басқалардың қуанышы мен қайғысына ортақтаса білу қабілеті және сындарлы қарым-қатынас орнату дағдылары [3]. Педагог-психолог үшін бұл элементтердің әрқайсысы ерекше қолданбалы мағынаға ие екенін, кәсіби қызметтің сапасына тікелей әсер ететінін есте сақтау қажет.
Эмоциялы интеллект педагог психологтің кәсіби құзыреттілігінің маңызды көрсеткішінің бірі. Зерттеулерге сүйенетін болсақ, психология жұмысының тиімділігі бірқатар қабілеттермен анықталады, олардың ішінде:
• әңгімелесіп отырған адамыңның болмысын дәл түсіну қабілеті (байқағыштық және құбылып-өзгеріп тұратын ортаға тез бейімделіп, үйреніп кету қабілетін қамтиды);
• адамның ішкі жан дүниесін түсіне білу, оның жасырын ойлары мен ерекшеліктерін тани білу қабілеті (түйсік пен психологиялық сезімталдыққа негізделген);
• адамның уайым-қайғысына ортақтасу (уайымын бөлісуге асығып тұруда, адамға құрмет көрсетуге, қолдау көрсетуге ұмтылыста көрінеді);
• рефлексия дағдылары (өз әрекеттері мен реакцияларына талдау жасай білу қабілеті);
• өзінің ойын, мінез-құлқын игере білу және қарым-қатынасты басқару дағдылары (өзінің мінез-құлқы мен қарым-қатынас динамикасын реттей білу) [2].
Бұл қабілеттер ПМПК-да тікелей педагог-психологтің жұмысында іске асады. Баланы жан-жақты тексеру барысында маман оның тек когнитивті көрсеткіштерін бағалап қана қоймай, сонымен қатар «эмоциялы-ерік саласының ерекшеліктерін, жеке болмысының ерекшеліктерін, сондай-ақ баланың әлеуметтік өзара әрекет етудегі ерекшеліктерін анықтағаны маңызды. Маманның аяушылық, байқампаздық қасиеттері аз болса, диагностика жасау ресімі жағдайды терең түсінуге мүмкіндік бермейтін тек формальды түрде алгоритмді орындау болып қана қалатынына баса назар аударылады [4].
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына кеңес берерде, эмоциялық интеллекттің атқаратын рөлі ерекше болады. «Эмпирикалық деректер көрсеткендей, мұндай отбасылар мазасыз болады, ал баланың жағдайына байланысты аналардың бойында «мен кінәлімін» деген сезім жиі қалыптасады» [5]. Ата-аналар кеңес алуға келгенде, ұялып, қорқып, өздерін дәрменсіз күйде сезініп, қатты эмоционалды күйзелісте болуы мүмкін. Эмоциялы интеллект қасиеті жоғары психолог қауіпсіздік сезімін тудыра алады, күйзеліс деңгейін төмендетіп, қиындықтарды жеңудің шынайы жолдарын ұсына алады.
Педагог-психологтің медициналық-педагогикалық комиссия құрамындағы қызметі бірқатар ерекшеліктермен сипатталады, мұнда эмоциялы интеллект деңгейінің жоғары болғаны кәсіби қажеттілікке айналады.
Біріншіден, маман аз уақыт ішінде тез арада баламен байланыс орнатып жіберу керек. Баланың жан дүниесінің ішкі талабын бұзбай, шарасыздық пен үнсіздіктерді шыдамдылықпен күте білгені маңызды. Даму ерекшеліктері бар балалардың өзара қатынас орнату қарқыны әдеттегіден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін: өзара әрекеттескені баяу, әркелкі, ауытқымалы, үзік-үзік болады. Ішкі алаңдаушылық немесе шыдамсыздық салдарынан процесті тездетуге тырысқандық байланыстың жоғалуына және тексеру нәтижелерінің бұрмалануына әкелуі мүмкін [6].
Екіншіден, бала қорқыныш, ашу, реніш, ұялу немесе кінәлау сияқты айқын жағымсыз эмоция сезімдерін көрсеткенде, психолог эмоция тұрғыдан мықты болуға тиіс. Бұл ретте маман айтылған кінәларды немесе жағымсыз реакцияны жеке өзіне жасалған шабуыл ретінде қабылдамағаны маңызды: бұл жоғары деңгейдегі кәсіби кемелдікті және болған жағдайды жеке уайымынан ажырата білу қабілетін талап етеді [6].
Үшіншіден, өз эмоцияларын тежей білу өте маңызды. "Ерекше" балалармен және олардың отбасыларымен жүргізілетін жұмыс жиі жүйкеге тиіп отырады. Өз сезімдерін талдай білу, жеке реакциялар мен кәсіби міндеттерді ажырата білу — шаршаудың алдын алуға септігін тигізетін басты құралдарының бірі [6].
Төртіншіден, ата-аналармен және ПМПК-ның басқа мамандарымен нәтижелі өзара әрекеттесуге дайын болу маңызды. Мұндағы кәсіби құзыреттілік әдістемелерді меңгеру аясынан асып түседі, яғни пәнаралық командада серіктестің қарым-қатынас орната білетін, келісілген шешімдерді әзірлеуге қатыса алатын қабілетін қамтиды. Эмоциялы интеллект психологқа әріптестерінің сезімін түсінуге, қобалжыған сәттерін дер кезінде байқауға және оларды шешу жолдарын табуға көмектеседі[7].
Іс-тәжірибе жүзінде ПМПК-ның педагог-психологі балалармен және отбасылармен жұмыс істегенде кәсіби құралы ретінде эмоциялы интеллектті белсенді қолданады. Төменде осы тәсілді көрсететін кәсіби тәжірибеден алынған мысалдар келтірілген.
1-кейс. Аутизм спектрінің бұзылысы бар алты жасар баласымен ана кеңес алуға келеді. Әйел өте қобалжулы болды, оның мінез-құлқынан қатты күйзелістің белгілері байқалып тұрды, яғни дауысы дірілдеп, үзік-үзік сөйлеп, көз жанары беймаза еді. Бірден анамнез жинай бастамай, осы арада эмоциялы байланыс орнату маңызды еді. Баланың анасы ыңғайлы жайғастырылып, өз-өзіне келуіне уақыт берілді, оның уайымы түсінікті екені айтылды және кездесудің мақсаты баға беру емес, қолдау көрсету екені атап өтілді. Уайымына ортақтасып, эмоциялы қолдау көрсеткендік әйелдің мазасыздығын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді, соның арқасында ол ұсыныстарды сындарлы қабылдап, мамандармен белсенді ынтымақтаса алды.
2-кейс. Тексеру барысында психикалық дамуы тежелген (ПДТ) бала тыңдамай, қарсылық білдіріп, тапсырмаларды орындаудан бас тартты. Қысым көрсетіп, талап етудің орнына эмоция тұрғыдан сезіну, түсіну тәсілі қолданылды: психолог баланың уайымдарын атап өтті ("Сен қазір шаршап отырған сияқтысың," "Сен бұл іспен айналысқың келмейтін шығар"). Мұндай тәсілдің көмегімен бала оның жағдайы байқалғанын және қабылданғанын сезіне алады, алаңдаушылық азаяды және одан әрі назарды жұмыстың ойын түрлеріне аударуға мүмкіндік туды.
Көріп тұрғанымыздай, стандартты алгоритмдер тиімсіз болғанда, дамыған эмоциялы интеллект сол кездегі жағдайға сәйкес шешім табуға мүмкіндік беретіні айқын.
ПМПК педагог-психологтің жұмысы жоғары эмоциялы ауырлықпен түйіндесіп отырады. Психолог-маман балалар жағынан да, ата-аналар жағынан да болып тұратын мазасыздық, қорқыныш, ашу, ауырсыну, алаңдаумен байланысты уайымдармен жұмыс істейді. Міне осындайда маманның эмоциялы интеллект деңгейі жеткіліксіз болса, ол өз жұмысында кәсіби сарқылып, жан күйзелісіне тап болып, ауруға шалдығуы мүмкін.
Шаршап қалудың алдын алу үшін кәсіби тәжірибеге келесі тәсілдерді енгізген жөн [8]:
• Тұрақты рефлексия. Жұмыс істеп жүргенде келіп қалатын өзіңіздің ойларыңызға, сезімдеріңізге, сезіну жағына болатын реакцияларыңызға, іс-әрекеттеріңізге жүйелі түрде талдау жасап, стресстің көздерін анықтап отыру әдісі. Кәсіби бақылаулар күнделігін жүргізу тиімді құрал бола алады, оған адам өз ойларын, сезімдерін, не үшін осылай сезінетінін немесе неге осылай әрекет ететінін түсіну үшін, өз тәжірибелерін және қабылдаған шешімдерін жазады.
• Эмоцияларды, ойларды бақылап тежеу қабілеті, яғни өзін-өзі ұстай алу. Психоэмоционалды тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған әдістер шаршауды, мазасыздануды тез жеңуге мүмкіндік береді. Оларға тыныс алу жаттығулары, бұлшықет тырысуын басу әдістері жатады. «ПМПК мамандарының жұмысында жағдайды тұрақтандыруға ықпал ететін текшелі тыныс алу, айқасқан адымдар сияқты қарапайым бірақ тиімді нейрогимнастика элементтері жақсы дәлелденді [8].
• Кәсіби қауымдастықтарға қатысып, әлеуметтік жұмыс саласында тәлімгерлік ету, кеңес беру, қолдау көрсету амалы. Әріптестермен қиын жағдайларды талқылағанда бұл жайтты әр қырынан көруге мүмкіндік туады, эмоционалды қолдау алып, кәсіби ресурстарды толықтыруға мүмкіндік береді.
Жеке психотерапия. Өзіңіздің психологиялық қиындықтарыңызбен жұмыс істегенде, күйзеліске деген төзімділігіңіз арта түседі және басқаның уайымына түсіністікпен қарауға бір қадам жақын боласыз, ал осының бәрі - кәсіби көмек көрсету ісінің сапасына тікелей әсер етеді.
Сонымен, эмоциялы интеллекттің болуы ПМПК жағдайында жұмыс істейтін педагог-психологтің қосымша артықшылығы ғана емес, кәсіби дайындығының міндетті құрамдас бөлігі. Эмоциялы интеллект процеске қатысушылардың сезімдерін, ішкі жан дүниесінің жай-күйін тануға, өнімді қарым-қатынас орнатып, күрделі, сезімге толы жағдайларда сабырлықты сақтауға мүмкіндік береді [9]. Эмоциялы интеллектті қалыптастырып, дамыту ісі педагог-психологтерді кәсіби даярлау және қосымша білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың біріне айналуға тиіс.
Сонымен қатар эмоциялы интеллектті дамыту жұмысы бұл интеллекттің құндылығын ресми түрде жариялаумен ғана шектелмегені маңызды. Теорияны оқытумен қатар тренингтер, супервизиялар, кәсіби топтарда нақты болған оқиғаларды талдау сияқты практикаға бағытталған жұмыс түрлерін де үйлестіретін жүйелі тәсіл қажет [6]. Дәл осындай модель эмоциялы интеллект тұжырымдамасын абстрактілі идеядан балаларға да, ата-аналарға да, мамандардың өздеріне де көмек бола алатын тиімді жұмыс құралына айналдыруға мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиет
1. Эмоциональный интеллект — предиктор профессионализма педагога? // КиберЛенинка. — 2020. — URL: https://cyberleninka.ru
2. Эмоциональный интеллект в структуре компетенций учащихся учреждений профессионального образования психолого-педагогического профиля // КиберЛенинка. — 2020. — URL: https://cyberleninka.ru
3. Ломаева Т.В. Эмоциональный интеллект педагога // Педагогический журнал «Познание». — 2021. — URL: http://zhurnalpoznanie.ru
4. Консультация для психологов «Пять шагов к пониманию, или сотрудничество психолога и родителей в условиях подготовки к муниципальной ПМПК» // Инфоурок. — 2015. — URL: https://infourok.ru
5.Психолого-педагогическое сопровождение семьи дошкольников с ОВЗ // Издательский дом «Среда». — 2026. — URL: https://phsreda.com
6. Эмоциональный интеллект — предиктор профессионализма педагога? // КиберЛенинка. — 2020. — URL: https://cyberleninka.ru
7. Корпоративная компетентность педагога-психолога ПМПК // Педагогический журнал. — 2023. — URL: https://journal.iro38.ru
8. Консультационные материалы педагога-психолога ПМПК. — URL: https://pmpk2.edu.kz
9. Ломаева Т.В. Эмоциональный интеллект педагога // Педагогический журнал «Познание». — 2021. — URL: http://zhurnalpoznanie.ru

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген