400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ ОҚЫТУДЫ ӨНІМДІ ЕТУДЕГІ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала педагог-психологтардың оқытуды өнімді етудегі диагностикалық құзыреттілігінің мәні мен мазмұнын қамтуды көздейді.Мақалада педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетіне анықтама беріледі, лауазымдық міндеттері көрсетіледі.Сонымен қатар «құзырет», «құзыреттілік» тұғырларына, «диагноситка», «диагностикалық құзыреттілік» ұғымдарына анықтама келтіріледі, зерттеуші ғалымдардыңжұмыстарынан сипаттамалар беріледі. Авторлар ұжымы диагностикалық құзыреттілік педагог-психологтың негізгі құзыреттіліктері жүйесіндегі құраушы және байланыстырушынегіз ретінде басты назарға ала отырып болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда диагностикалық құзыреттілікті игерудың маңызын көрсетеді. Оқытуды өнімді етудегі негізгі факторлары және олардың сипаттамалары беріледі. Педагог-психологтың өнімді оқытуды айқындау бойынша диагностикалық құзыреттілігін құраушылар ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ ОҚЫТУДЫ ӨНІМДІ ЕТУДЕГІ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ


Ортаев Б.Т., Берік Н.Б., Абдиева Ж.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті


Мақала педагог-психологтардың оқытуды өнімді етудегі диагностикалық құзыреттілігінің мәні мен мазмұнын қамтуды көздейді. Мақалада педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетіне анықтама беріледі, лауазымдық міндеттері көрсетіледі. Сонымен қатар «құзырет», «құзыреттілік» тұғырларына, «диагноситка», «диагностикалық құзыреттілік» ұғымдарына анықтама келтіріледі, зерттеуші ғалымдардың жұмыстарынан сипаттамалар беріледі.

Авторлар ұжымы диагностикалық құзыреттілік педагог-психологтың негізгі құзыреттіліктері жүйесіндегі құраушы және байланыстырушы негіз ретінде басты назарға ала отырып болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда диагностикалық құзыреттілікті игерудың маңызын көрсетеді. Оқытуды өнімді етудегі негізгі факторлары және олардың сипаттамалары беріледі. Педагог-психологтың өнімді оқытуды айқындау бойынша диагностикалық құзыреттілігін құраушылар ұсынылады.

Түйін сөздер: педагог-психолог, құзырет, кәсіби құзыреттілік, диaгностикaлық құзыреттілік, болaшaқ педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігі, оқытуды өнімді ету, болaшaқ педагог-психологтың диaгностикaлық құзыреттілігі.


Қазіргі кездегі білім беру ісінің жаңғыртылуы - бұл ең алдымен барлық деңгей бойынша тұлғаға деген көзқарастың өзгеруі. Өйткені тұлға-өзіндік ішкі құрылымы бар тіршілік иесі. Сондықтан білімнің көп деңгейлік жаңа модулінде тұлғалардың даралық ерекшеліктері мен ақыл-ой қабілетінің даму деңгейін зерттеу аса маңызды. Жаңа формацияда білім беру саласындағы барлық үдерісте, пән оқушылары мен топ тәлімгерлеріне кәсіби дайындықтарын өзгертіп, толықтыру онда білімдердің жекелік ерекшелігін ескеру, қабілетіне және тұлғалық бағыттылық ықпалына қарай жағдай туғызуды қажет етеді. Бұл жерде басты мақсат: баланың жан-дүниесін айқын білу, саналы оқушы тәрбиелеу, оның дара ерекшеліктеріне сәйкес қалыптастыру. Осы орайда педагог-психологтың диагностикалық қызметінің маңызы ерекше. Ол үшін жоғары оқу орындарында психологиялық-педагогикалық диагностикалық қызметтің оқу тәрбие үдерісінде қаншалықты маңызды екенін жете түсіну, оны іс жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдіс-тәсілдерін пайдалана алатындай диагностикалық құзыреттілігі қалыптасқан болашақ педагог-психолог мамандарды даярлау қажет [1]. Бұл бағытта соңғы жиырма жылдың аясында елімізде терең зерттеулер мен білім беру жүзеге асырылуда.

Қазіргі қоғамда педагог-психолог маманы өте маңызды орынға ие. Жаңа формацияда білім беру саласының барлық үдерісінде қызмет ететін педагог-психологтардың кәсіби біліктілігіне қойылатын талап жоғары. Педагог-психолог қызметі білім берудің түрлі салаларында – мектепке дейінгі мекемелерде, бастауыш және орта мектептерде, арнайы түзету орталықтарында, колледждерде және т.б. жұмыс істейтін маман ретінде танымал. Ол қызмет білім алушылардың психологиялық саулығын сақтау мен тұлғалық дамуына бағытталған. Педагог-психолог өзінің кәсіби қызметінде қатысушылардың тұлғалық дамуы үдерісінде пайда болған қиындықтарды психопрофилактикалық, психодиагностикалық, психокоррекциялық, кеңес беру және түзету жұмыстарының көмегімен анықтайды. Ол қатысушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға тұлғалық, кәсіби және басқа да мәселелерді шешуде көмек көрсетеді. Психологиялық-педагогикалық диагностика негізінде қатысушылардың белгілі бір жас категориясынан басқасына ауысуында оқуға дайындығын анықтайды және тұлғаның психологиялық даму деңгейіне сай оқытудың немесе білім беру бағдарламасының әдістерін, формаларын және құралдарын таңдайды. Ол барлық педагогикалық ұжыммен тығыз жұмыс жасайды, қатысушылардың тұлғалық жеке ерекшеліктерін, жасерекшеліктерін есепке ала отырып, оқу қызметінің диагностикалық, түзетуші, дамытушы бағдарламаларын жоспарлайды және жасайды [2]. Білім беру ісінде өзге әріптес қызметкерлерге өзіндік көмек көрсетеді, бірлескен жұмыстарды атқарады.

Еліміздегі педагог-психолог лауазымы педагогикалық қызметкерлер лауазымына кіріктірілген («Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымы Тізімін бекіту жайлы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жыл 3 қыркүйектегі №1304 Қаулысы) [3]. Қазақстан Республикасында педагог-психологтың жұмысы ҚР білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтегі психологтың құқықтық статусы Ережесімен және мектеп психологы жұмысының тиімділігін бағалау Жүйесімен реттеледі. Педагог-психолог жоғары білімі бар маман, еңбекақысы педагогикалық қызметкердікіне теңестірілген, зейнеткерлік кепілдік санатымен, сонымен қатар, басқа да кәсіби құқықтар мен педагогикалық қызметкерлік кепілдіктерді иеленеді. Ол әкімшілік, педагогтар, қатысушылар мен ата-аналар арасындағы даулы сұрақтарда медиатор болып табылады, кикілжіңді комиссия құрамына кіреді. Бұл қазіргі кезде білім беру, тәрбие жүйесінде ушығып тұрған мәселелерден туындаған жағдайда кеңінен орын алады.

Педагог-психологтың жалпы жұмыс уақытының саны – аптасына 36 сағат. Оның 18 сағаты – оқушылармен, мұғалімдермен және ата-анадармен тікелей жұмыс жасауға арналған, ал қалған 18 сағаты – қатысушылармен жеке және топтық жұмысқа дайындыққа, біліктілігін арттыруға, өзін-өзі жетілдіруге бөлінген. Қосымша жүктемені есепке алғанда, психологтың жалпы жүктемесі, еңбек заңнамасының нормасы бойынша, атасына 40 сағаттан аспауы қажет.

Педагог-психологтың бекітілген қызметтік міндеттерінен көрініп тұрғандай мектептегі тәжірибелік іс-әрекетінің негізгі құраушысы (екінші талапта аталып көрсетілген) диагностикалық жұмыс болып табылады. Бір сөзбен айтқанда олар (педагог-психологтар) диагностикалауды білуі және жүзеге асыра алуы тиіс.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: құзыреттілік және құзырет ұғымдары кеңінен пайдаланылады. Біріншісі, белгілі бір кәсіби қызметке байланысты, «қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделділік», ал екіншісі «қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық шеңбері» (С.Ожегов).

Сонымен қатар, «Құзыреттілік – қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі» ретінде қарастырылады (әдістемелік терминдер сөздігінде). Дұрыс ұйымдастырылған әдістемелік пен оның кәсіби дамуға бағытталған жұмыстары ғана жаңашылдық кепілі болады.

Қазіргі таңда құзыретті маман даярлауды зерттеуге сәйкес «Білім» бағытында мамандар даярлауда Европалық білім беру шеңберінде 30 жалпы құзыреттер мен 15 кәсіби құзырет түрі анықталған және маман даярлау мазмұнын жобалауда осыларды алу ұсынылған. Европалық білім беру шеңберіне сәйкес барлық мамандықтар үшін ұсынылған 30 жалпы құзыреттің көп жағдайда 13-16 түрі ғана, кәсіби және мамандану бағытындағы құзыреттердің 20-23 түрі ғана іріктеліп алынады. Бұл тәжірибе Ресейдің ЖОО орындарында және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде [4], республикасымыздың басқа да ЖОО жүзеге асырылып келеді.

Жоғарыда айтып өткендей педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігінің негізін құрайтын диагностика, яғни диагностикалау болып табылады. Осыған байланысты біздер төменде психологиялық, педагогикалық еңбектерде кеңінен қамтылған бірқатар анықтамаларды беруді жөн көрдік.

Диагностика педагогикалық және психологиялық қызметтің ерекше түрінің бірі ретінде, мақсатты бағыттылығын және қайта жасалуын анықтау мақсатында объектіні тануға және жіктеуге бағытталады.

Педагогикалық диагностика – педагогикалық үдеріс қатысушыларының жеке және топтық ерекшеліктерін, олардың білім алуын, тәрбиесін, дамуын, білімділігін тану және есепке алу бойынша танымдық-өзгертуші қызмет түрі, ол заманауи талаптарға, тұлғаның, қоғамның, мемелкеттің қажеттіліктеріне сәйкес келетін білімділік деңгейіне жетуге бағытталады.

Психологиялық диагностика – диагноз қоюға мүмкіндік беретін, кейбір психологиялық феномендердің мәнін анықтау мақсатында, диагностикалық үдерістерді құру мен қолданудың әдістемелік тәсілдер мен құралдарын, принциптерін зерттейтін психология бөлімі.

Психологиялық-педагогикалық диагностика – білім алушылардың жеке-тұлғалық даму тенденциясын және өзекті жағдайын анықтау мен зерттеу әдістерін жасайтын ғылым саласы.

Педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігінің мәні мен мазмұнын анықтау барысында бірқатар шетел және отандық ғалымдар ұғымға анықтамалар берген. Болашақ әлеуметтік педагогтар жайлы О.В. Вечканова және Л.Н. Титова зерттеулерінде диагностикалық құзыреттілік болашақ әлеуметтік педагогтардың диагностикаға позитивті қатынасы синтезінде көрінетін дайындық ретінде қарастырылады, тәжірибелік педагогикалық қызмет жағдайында қатысушыларды және мектеп ұжымын зерттеу барысында психологиялық-педагогикалық білімі мен білігін қолдануы қамтылады [5, с. 42]. О.И. Дорофеева диагностикалық құзыреттілікті шынайы кәсіби педагогикалық қызметте пайда болатын кәсіби мәселелер мен міндеттерді шешу үшін педагогтың диагностикалық қызметті жүзеге асыруына қажетті теориялық және тәжірибелік дайындығының тұтастығы ретінде қарастырады. Сонымен қоса, зерттеушінің пікірінше, диагностикалық құзыреттіліктің болуы маманға оқушылардың тұлғалық дамуы мәселелерін, біліміндегі олқылықтар мен оның себептерін сауатты, кәсіби анықтауына, оқытудың мазмұны мен әдістерін негізді іріктеуге мүмкіндік береді, яғни жаңа ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайларда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асырады [6, с.25].

Диагностикалық құзыреттілік Ресей ғалымдарының зерттеулеріне сәйкес педагог-психологтардың:

- психологиялық-педагогикалық білімді, психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттерді, әдістерді, техникалар мен технологияларды қолдана алуды;

- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жетістіктерін диагностикалаудың замануи тәсілдерін қолдана білуді;

- білім алушылардың келешектегі мамандық таңдауына дайындықты меңгеруі ретінде қарастырылады.

Сонымен, диагностикалық құзыреттілік мазмұнындағы құзырет құрамын түзетін үш құраушы бар, олар: сала бойынша білім, іскерлік (немесе қабілет) және тұлғалық сапалар [4].

Педагог-психолог маман «білім», «іскерлік» және «сапалық» құзыреттерді бойында қалыптастыра отырып, білім беру үдерісінде ұтымды шешім қабылдай алуы, тұлғаға немесе топ мүшелеріне кәсіби қызмет көрсете алу қабілеті оның қалыптасқан «диагностикалық құзыреті» болып табылады. Сол себепті, ЖОО болашақ педагог-психолог мамандарды даярлау барысында оларды кәсіби құзыреттілігін құраушыларын меңгеруге бағытталған оқу жұмыстары ұйымдастырылады.

Педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігіне оқушылардың оқу үлгермеу себептерін анықтауда қатысты болып табылады. Сонымен қатар, оқытуды өнімді ету бағытындағы бағдарлы жұмыстарды анықтау педагог-психологтың қызметі түріне енеді. Оқытуды өнімді ету бойынша бірқатар ғалымдар өздерінің зерттеулерін жүргізген және өзіндік анықтамаларын берген. Солардың бірі М.И. Башмаков өнімді оқытуды былайша сипаттайды: «Өнімді оқытудың негізі білім берудің ең маңызды мақсаты болып табылатын жеке тұлғаның жеке дамуын қамтамасыз ететін өнімді іс-әрекеттер. Ол жеке өсуді және жеке дамуды, тұлғааралық дағдыларды, қатысушылардың өзін-өзі анықтауын қамтамасыз етуге бағытталған өмірлік дағдыларды қалыптастыру» - дейді [7, с. 6].

Көптеген зерттеулержің нәтижесінде өнімді оқыту үдерісін қалыптастыратын кешеннің төрт құраушысы, негізгі факторлар анықталды. Олар [8, с.345]:

1) Оқу материалдары;

2) Ұйымдастыру-педагогикалық ықпалдар;

3) Оқушының оқуы;

4) Уақыт.

Басты фактор ретінде уақыт алынады. Сол себепті де бұл факторды анықтау үшін пән мазмұнын анықтауді педагог-психолог мектептің пән мұғалімімен біргелікте оқыту мазмұны, оқу материалдары мен элементтерінің оқушыға ұғынықты жағын қамтуы тиіс. Оқу материалының ұғымдық және психологиялық тұрғыдан ұғынықтылығы басты мәнге ие.

Екінші басты фактор ретінде алынған ұйымдастыру-педагогикалық ықпалдар отбасы мен әсіресе білім беру мекемелеріндегі педагогтардың (мұғалімдердің) ұйымдастыру, оқыту және тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыруға байланысты болады. Бұл бағытта да бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуы тиіс. Олардың қатарында мұғалімнің өзінің жеке басының педагогикалық қызметке сәйкестілігі, оқытушы тараптан педагогтардың (мұғалімдердің) жеке тұлғалық/қарым-қатынасы, білім, оқыту әдістерімен педагогикалық үдерісті ұйымдастыруы. Психологиялық әсерлер мен жағымды қатынастарды орнату да аталған факторға қатысты болып табылады.

Үшінші фактор ретінде оқушының оқуы, яғни мұнда оқушының оқуға қабілеттілігі немесе жарамдылығы қарастырылады. Мақсатты түрде оқушының топтық және жеке дара оқуы қамтылады. Мұнда оқушының оқуын тағы да сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекетін бөліп көрсетуге болады. Оқушының психикалық үдерістері де осы фактор аясында қарастырылады.

Өнімді оқытудың соңғы басты факторы ретінде уақыт үлкен мәнге ие. Уақыттың өзін сабақтағы жұмсалған және өзіндік дайындыққа (өзіндік оқу) жұмсалған уақыт деп бөлуге болады.

Сонымен педагог-психологардың оқытуды өнімді етуді айқындауы бойынша диагностикалық құзыреттілігі төмендегідей құраушыларды қамтиды деп білеміз:

1) өнімді оқытудың басты факторлары: оқу материалдары, ұйымдастыру-педагогикалық ықпалдарды, оқушының оқу қабілеттілігі (жарамдылығы) және оқуға жұмсайтын уақыты бойынша психологиялық-педагогикалық білімді, олардың өзара байланысы, жүзеге асырудың әдістері мен технологиялары қолдана алуы;

2) оқытуды өнімді етудегі негізгі төрт факторды педагогикалық үдеріс құраушылары мен қатысушылары тарапынан диагностикалауды жүзеге асыруы, алған нәтижелерінің негізгі себеп-салдарларын айқындауда замануи тәсілдерді қолдануы;

3) оқушылардың оқу үлгермеушілігін және өнімді оқыту үдерісіне ықпал ететін факторларды анықтауға деген мотивациясының болуы, алдына мақсат қою мен оған жетуге деген ұмтылысының жоғары болуы, алған нәтижелерді рефлексиялауы.

Педагог-психологтың өнімді оқытуды ұйымдастырудағы диагностикалық құзыреттілігі жоғарыдағы аталған төрт фактор бойынша диагностикалық тест үлгілерін бар болса білуі, жоқ болса өзі әзірлей алатын болуы тиіс.

Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде:

- оқытуды өнімді етудегі негізгі фактор – ұйымдастыру-педагогикалық ықпал бойынша мұғалімнің жеке басы мен оның педагогикалық білімін, іскерлігін және қабілеттерін анықтау бойынша диагностикалық тесттік тапсырмалар жеткілікті;

- оқушының оқуға қабілетін анықтау, оның тәртібін жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін айқындау бойынша да диагностикалық тестерді (тапсырмаларды) табуға болады;

- оқытудың өнімді факторы - оқу материалдары және оның кешені бойынша да диагностикалық тесттер педагогикалық, психологиялық еңбектерде кездеседі.

Оқытуды өнімді етудегі уақыт факторы бойынша диагностикалық тестерді интернет ресурстардан кездестіруге болады және басқа салаларда бұл аталған фактор бойынша материалдар жеткілікті.

Педагог-психолог жұмысының табыстылығы оның жоғары оқу орнында теориялық және практикалық қызметтерден тұратын, кәсіби дайындығымен тікелей байланысты. Жоғары оқу орындарындағы білім беру жағдайында болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі өзекті болып табылады және оның шешімі психологиялық-педагогикалық білімді кеңінен қолдануды талап етеді. Ол үшін қазіргі уақытта еліміздің жоғары оқу орындарында болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруға қажетті барлық алғышарттар қамтылған. Педагог-психологты даярлауда қалыптасқан қиындықтарды оңтайлы шешу әдістерін табуға мүмкіндік бере отырып, Қазақстан Республикасының заманауи білім беру ұйымдарындағы оның статусы мен рөлін арттырады.


Пайдаланылған әдебиеттер


1. Ишанов П.З., Бейсенбекова Г.Б. Психологиялық-педагогикалық диагностика негіздері. Оқу құралы. – Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012. -206 б.

2. Абдуллаева Г.О. О профессиональной подготовки педагогов- психологов в вузах республики Казахстан // Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Психология». - №1(54). - 2018. – С.32.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1304 қаулысымен бекітілген Педагогикалық кадрлар және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының тізбесін бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 ақпандағы № 252 қаулысымен, 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 60 қаулысымен). ҚР Үкіметінің Қаулысымен 17.02.01 ж. №252; 25.01.05 ж. ,№60; 09.06.2011 № 241 өзгерістер енгізілген // http : // www. edu.gov.kz

4. Ортаев Б.Т. Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды қолөнерге баулуда политехникалық бағыттылықты жүзеге асыруға даярлау: Монография. - Шымкент: Әлем, 2016. -192 б.

5. Вечканова О.В., Титова Л.Н. Роль и место диагностической компетентности в профессиональной подготовке будущих социальных педагогов // Вестник НГУ, серия Педагогика, том 13, выпуск 2 - 2012. - С. 73 - 77.

6. Дорофеева О.И. Формирование диагностической компетентности педагогов в процессе дополнительного профессионального образования: монография. - Вологда: Издат. центр ВИРО, 2013. – 164 с.

7. Башмаков М.И. Что такое продуктивное обучение / Теория и практика продуктивного обучения. - М.: Народное образование. 2000. С. 6-14.

8. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студ. пед. вузов: В 2 кн. – М.: Гуманит. изд. Центр ВЛАДОС, 1999. – Кн. 1: Общие основы. Процесс обучения. – 576 с.
















ЗНАЧЕНИЕ И СОДЕРЖАНИЕ ДИАГНОСТИЧЕСКОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ ПЕДАГОГА-ПСИХОЛОГА

Ортаев Б.Т.,Берік Н.Б.


В этой статье представлен обзор значения и содержания диагноитической компетентности педагога-психолога. В статье показаны профессиональная деятельность педагога-психолога и приведены его должностные обязанности. А также даны определения терминов "компетенция", "компетентность", "диагностика" и "диагностическая компетентность".

Автор подчеркивает важность развития диагностической компетентности в формировании профессиональной компетентности будущего специалиста с учетом диагностической компетентности как составляющей и связывающей основы в системе основных компетенций педагога-психолога.

Ключевые слова: компетентность в образовании, профессиональная компетентность, диагональная компетентность, профессиональная компетентность будущего педагога-психолога, диагностическая компетентность будущего педагога-психолога.



SUBJECT AND CONTENT OF DIAGNOSTIC COMPETENCE OF THE TEACHER-PSYCHOLOGIST

Ortaev B.T., Berik N.B.

This article describes the subject and content of diagnostic competence of pedagogy-psychologists. The article provides psychologist’s definition of professional activity and identifies the job responsibilities. Also, in this article are shown the concepts of "competence", "competency", «diagnostics", "diagnostic competence" and gives the records of the pedagogy-psychologists researcher.

The author emphasized the importance of developing diagnostic competence in the formation of professional competence of the future specialist, taking into account the diagnostic competence as a constituent and linking basis in the system of main competences of teacher-psychologist.

Keywords: competence in education, professional competence, diagonal competence, professional competence of future pedagogue-psychologist, diagnostic competence of future pedagogue-psychologist.

Anahtar elimeler: eğitimde yeterlilik, mesleki yeterlilik, diyagonal yetkinlik, gelecekteki pedagog-psikoloğun mesleki yeterliliği, gelecekteki pedagog-psikoloğun tanısal yeterliliği.




REFERNCES

  1. Ishanova P.Z. Beisenbekova G.B.Psychologialic-pedagogykalic diagnosticalik negizdery.oku kuraly.- Karagandy.ZHK"AKNur baspasy".2012-206b

  2. Abdullaeva G.O. O proffesionalnoi podgotovky pedagogov psyhologov v vuzah respublicy Kazakhstan//Vestnik KazNPU imeny Abaia.seria “Psyhologia”- №1(54)- 2018. – С.32

  3. Kazakhstan Respublicasy Ukimetinin 1999 zhilgy 3 kirkuiektegy N 1304 kaulisimen bekitilgen Pedagogykalic kadrlar jane olarga tenestirilgen tulgalardin lauazimdarinin tizbesin bekitu turaly // http : // www. edu.gov.kz

  4. Ortaev B.T. Bolashak technologia pani mugalimderin okushilardy kolonerge bauluda politechnicalik bagittilicty zhuzege asyruga daiarlau: Momografia,-Shymkent “Alem”, 2016.-192б.

  5. Vechkanova O.B., Titova L.N. Rol e mesto diagnosticheskoy competentnosty pedagogov. Vestnik NGU, seria Pedagogyka, tom13, vipusk 2 - 2012. - С. 73 - 77.

  6. Dorofieva O.I. Formirovanie diagnosticheskoy competentnosty pedagogov v processe dopolnitelnego professionalnego obrazovania: momografia –Vologda:Izdat centreVIRO, 2013. – 164 с.


Ортаев Б.Т.- п.ғ.д., доцент, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. e-mail: ortaevbaktiyar@mail.ru

Берік Н.Б. - магистрант, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,e-mail: bnb0190@gmail.com


Ортаев Б.Т. – д.п.н., Международный казахско-турецкий университет им. Х.А. Ясави, г. Туркестан, E-mail: ortaevbaktiyar@mail.ru

Берік Н.Б. –магистрант, Международный казахско-турецкий университет им. Х.А.Ясави, г. Туркестан, E-mail: bnb0190@gmail.com


Ortaev B.T.. - Doctor of pedagogical sciences, associate professor. Khoja Ahmet Yasawi International Kazakh-Turkish University (B. Sattarkhanov Avenue 29, the main campus, 161200 Turkistan city, Kazakhstan.) E-mail: ortaevbaktiyar@mail.ru

Berik N.B.- master of degree. Khoja Ahmet Yasawi International Kazakh-Turkish University (B. Sattarkhanov Avenue 29, the main campus, 161200 Turkistan city, Kazakhstan.) E-mail: bnb0190@gmail.com


Ortaev B.T .. - Pedagojik bilimler doktoru, doçent. Khoja Ahmet Yasawi Uluslararası Kazak-Türk Üniversitesi (B. Sattarkhanov Caddesi 29, ana kampüs, 161200 Türkistan şehri, Kazakistan.) E-posta:ortaevbaktiyar@mail.ru


Berik N.B. Khoja Ahmet Yasawi Uluslararası Kazak-Türk Üniversitesi (B. Sattarkhanov Caddesi 29, ana kampüs, 161200 Türkistan şehri, Kazakistan.)

E-posta: bnb0190@gmail.com


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
685
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі