400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педагог қызметкерлердің психикалық көңіл - күйлерін көтеру.

Материал туралы қысқаша түсінік
педогог қызметкерлердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру. Өздеріне құрметпен қарау.Ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату арқылы адамгершілікке, достыққа, өзара түсінушілікке, көңілді, мейірімді ұйымшыл болуға баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы : Педагог қызметкерлердің психикалық көңіл - күйлерін көтеру.

Мақсаты:  педогог қызметкерлердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру. Өздеріне құрметпен қарау.Ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату арқылы адамгершілікке, достыққа, өзара түсінушілікке, көңілді, мейірімді ұйымшыл болуға баулу.

Барысы:     Қадірлі әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңді көтеруге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырымын.

Қазіргі заманда ұстаз, тәрбиешіден құрметті маман жоқ. Бұл қиында қызықты мамандық. Ал, қазіргі заман талабына лайықты,білімді, ғылыми жаңашылдықты, өнер мен саясатты білетін ұстаз, бұл- «шебер ұстаз» делінеді.

1. «Танысу жаттығуы»

Ойынға қатысушы амандасу ретінде бір-бірінің көңіл-күйлерін сұрайды.

Жаттығуға қатысушылар өз есімдерімен таныстады.

Есімдерінің қойылу тарихын әнгімелеп береді.

2. Жаттығуға қатысушыларға тест жүргізіледі. «Сіз мейірімді адамсыз ба»?

Мақсаты: Әркім-ақ өзін «кеңпейілді», «мейірімді адаммын»-деп, есептейді немесе сондай жандардың қатарында болғысы келеді.

Кімнің болсын өзі туралы жақсы ойлауға қақысы бар емеспе? Бірақ шын өмірде қандайсыз, міне мәселе осында.Қазір сіздің қаншалықты мейрімді екеніңізді байқап көрелік. Берілген сұрақтарға ия немесе жоқ деп жауап беріңіз.

4. 1)Ойлануға арналған жаттығулар.

Мақсаты:

Бір-бірімізді жақын тану үшін бір-бірімізді көзіміз арқылы сипаттау. Барысы: Ойынға қатысушылар екі жұптан бөлінеді.

Екі жұп бір-бірінің көз жанарына үңіліп қарау арқылы

бір-бірін сипаттайды.

Мысалы:Айгүл сенің көзің күлімдеп тұр.

Айнұр сенің көзің ойлы көз,-дегенмағнада,

2)  Ойлануға арналған жаттығудың екінші бөлімінде

ойынға қатысушы екі жұп бір-біріне қарап отырып,

бірінші жұп қарсы жұптың бес  жасындағы кезін

сипаттайды.

Екінші жұп болса қарсы жұптың он жасында қандай

болғанын сипаттайды. 

Әр адам ойлау арқылы қарсы жұп туралы жүйеле

сипаттапайтады.

Дұрыс айтылса,ия«дұрыс» деп,қате айтылса«дұрыс емес», мен мынадай болдым деп өзі айтып шығуы қажет.

5.Сергіту жаттығуы. «Орындарымен ауыстыру»

Ойынға қатысушылар шеңберге тұрады.

Содан соң туған айларына қарай орындарын

ауыстырады.Әрі қарай дасолай жалғастырады ойын жәй ғана саз әуенімен орындалады.Екі-үшретойналады.

6. Психолог сөзі. «Жүректен шыққан жылы сөз,жүрекке жол табады»демекші,жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға,көңілін көтеруге,ашуын қайтаруға себебін тигізеді.Әрбір айтылған жылы сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан да қолдан келгенше бір-біріне жылы сөздер айтқан дұрыс. Олай болсабір-бірімізге тілек тілейік. Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне сағаттың тілінің бағыты бойынша жүрекшені ұсына отырып, кезекпен достық тілектерін білдіреді.Ойын тренингіне қатысқаныңыз үшін рахмет








1. «Бәріміз бірге».

Мақсаты: балалардың бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды(әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс). Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолдарынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау.

  

2. «Керісіншелер елі».

Мақсаты: Ойша әрекет ету қабілетін жаттықтыру.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.

 

3. «Ормандағы ағаштар» ойыны.



Мақсаты: Балаларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру. Музыка ойналады.

Мәтін: Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?

Бір-біріңнің артына тұрыңдар. Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды. Саусақ-жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жәй ғана тербеледі. Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді.

Алдыңғы тұрған ттұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жауып жауып тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет.

 

Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады... Талдар бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғапр, сипалай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалады.



 

4. "Ондай болуы мүмкін емес"

Қазақ халқының салт-дәстүрінде өтірікшілер сайысы кең тараған шығармашылықтың түрі болған. Сол өнердің элементтерін бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамытуға кеңінен пайдалануға болады.

Топтағы оқушылардың біреуі ешқандай болуы мүмкін емес өтірік нәрсені айтады: ақиқатта болмайтын заттар, олармен болған оқиғаларды,болуы мүмкін емес табиғат құбылыстары мен ол жағдайдағы өзінің әрекеттері,табиғатта кездеспейтін жануарлар және олардың хикаялары туралы оқиғаларды айтып береді. Бес өтірік сюжетті қатарынан қисынын келтіріп айтып берген кезде ешкім "ондай болуы мүмкін емес" деп айтпаса, сол ұтады. Олардың барлығы мараппатталады.

 

5. "Егер осылай болса..."



Балалардың біреуі фантастикалық жағдайды ойлап табады, ал басқалары оның шешімін табуы керек. Мысалы:

- егер әр адам труғаннан бастап барлық басқа адамдардың ойлаған ойларын оқуға қабілеті болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер жер бетіндегі адамдардың әрқайсысы өзіне ғана түсінікті тілде ғанасөйлейтін болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер жануарлар тілін адамдар түсіне алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер адамдар құс сияқты ұша алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер оймен барлық өсімдіктер өмірін басқаруға болатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер адамдар жер астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер адамдар су астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? т.с.с.

Фантазиялық әңгімелерге үлесін қосқандардың барлығы марапатталынады.

 

6. "Сиқырлы қалам"



Жаттығуды жүргізу үшін қалам мен қағаз керек. Жүргізуші барлық қатысушыларға жаттығуды орындау шартын түсіндіреді. Ойынға қатысушы қаламды қолына алмастан, оны төрт түрлі бұйрық беріп ("Жоғары!", "Төмен!", "Оңға!", "Солға!" деген бұйрықтар беріледі.) қашықтықтан басқарып отырады. Бұйрық бойынша қалам қағаз бетімен жоғары, төмен, оңға, солға жылжып, сынық сызықтар ретінде із қалдырады. Қаламның барлық қадымдары бірдей болуы керек.

Жаттығуды орындаудың бастапқы кезеңінде ойынға қатысушылар кезекпен бұйрық береді, ал жүргізуші қаламға ол бұйрықтарды орындауға "көмектеседі". барлық қатысушылар ойын ережесін меңгергеніне жүргізушінің көзі жеткеннен соң балаларға тапсырманы қиялымен орындау тапсырылады. Өздерінің ойындағы қаламдарымен көз алдына елестеткен қағазға жорамалдағы сызықтарды түсіру үшін қатысушылар бірінен кейін бірі қаламға бұйрық беріп отырады. Ең бірінші қарапайым фигуралар (квадрат,үшбұрыш т.с.с.) салынады. Кімнің бұйрық беретіні отырған ретімен шеңбер бойынша анықталады.

Ешкім ешкіммен қандай фигура салатыны туралы алдын ала келіспейтіні туралы жүргізуші ойынға қатысып отырған балаларға түсіндіріп береді. Сондықтан қатысушылардың барлығы өзінен бұрынғылардың бұйрықтарын зейін салып тыңдап отыруы керек. Біртіндеп салған фигуралары күрделі бола бастайды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
377
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі