Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Педагог ұйымдастырушы жұмысының БАҒДАРЛАМАСЫ
Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдарламада тәрбиенің, тәрбие жұмысының және педагог ұйымдастырушының мақсат-міндеттері көрсетілген. Педагог ұйымдастырушының 2017 - 2018 оқу жылына арналған
жылдық жоспары берілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
16 Қаңтар 2018
6089
29 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітемін«№1 Бақанас орта мектебі» МКМ директоры:_________________Л.А. Байшикова30.08.2017ж.
Педагог ұйымдастырушы жұмысының БАҒДАРЛАМАСЫ2017 - 2018 оқу жылыМектептегі тәрбиенің мақсаты – оқушылардың ҚР азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.Тәрбиенің міндеттері:
Педагог ұйымдастырушы ретінде мақсатым: Оқушылармен жыл бойы тәрбиелік бағытта жұмыс жүргізе отырып, оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, қоғамдық жұмыстарға қызығушылығын арттыру. Отан сүйгіштікке баулу. Міндеттерім:
Педагог-ұйымдастырушының 2017 - 2018 оқу жылына арналғанжылдық жоспары
Педагог ұйымдастырушы жұмысының БАҒДАРЛАМАСЫ2017 - 2018 оқу жылыМектептегі тәрбиенің мақсаты – оқушылардың ҚР азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.Тәрбиенің міндеттері:
- Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.
- Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.
- Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру.
- Жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде балалардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру.
- Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе. Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
- Рухани-адамгершілік тәрбие өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды.
- Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
- Ұлттық тәрбие. Мақсаты:Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.
- Отбасы тәрбиесі. Мақсаты:Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
- Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие. Еңбек және экономикалық тәрбие балалардың, жас өспірімдердің өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, жұмыс істей білу икемдігін қалыптастырады көздейді. Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-әркеттерін дамыту. Балаларды қоршаған орта, елімізде экологиялық жағдай туралы ақпаратпен қамтамту. Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
- Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі. Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.
- Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие. рухани-адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыруды көздейді. Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.
- Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру балалардың бойына психикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту. Оны іске асыруға алдын алушылық білімін дамыту. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-ақ, тәрбиеленушілерді саналуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық жұмыс барысында жүзеге асыру. Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Педагог ұйымдастырушы ретінде мақсатым: Оқушылармен жыл бойы тәрбиелік бағытта жұмыс жүргізе отырып, оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, қоғамдық жұмыстарға қызығушылығын арттыру. Отан сүйгіштікке баулу. Міндеттерім:
- балалармен жұмыс жасауда іс-әрекетімде бағыттардың әр түрлілігін және сан алуан факторларды ескеру;
- тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру мәселесі бойынша педагогикалық және психологиялық ғылым мен тәжірибе жетістіктерімен танысу, инновациялық іс-әрекетпен, тәрбиенің заманауи технологияларын қолдану;
- Оқушыларды біздің аймақтың ерекшеліктерімен, біздің жерлестеріміздің шығармашылық мұрасымен терең таныстыру, туған ауылының өміріне, табиғатына, мәдениеті мен тарихына деген қызығушылығын және сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, сонымен қатар ата-аналар мен педагогтарға «кіші» Отанның адал патриоттарын тәрбиелеуде көмек болу.
Педагог-ұйымдастырушының 2017 - 2018 оқу жылына арналғанжылдық жоспары
Апта | Атқарылатын іс-шаралар | ҚатысушыларЖауаптылар |
Қыркүйек | ||
І | 1 Білім күні. 1- Қыркүйек – білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау» тақырыбында салтанатты жиын 2. Әлеутеттік жағдайы төмен оқушыларды мектепке тарту мақсатында «Мектепке барар жол» акциясы ұйымдастыру. 3. Мектептен тыс үйірме, секцияларға, қатысатын оқушыларды анықтау | ДТЖО,Педагог ұйымдастырушы,Ата-ана комитеті , «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары |
ІІ | 1.Салауатты өмір салты денсаулық фестивальін өткізу 2. 9-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс ұйымдастыру. | Сынып жетекшілері, Педагог ұйымдастырушы, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары |
ІІІ | 22 қыркүйек –Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Қазақстан – достық мекені» тақырыбында фестиваль ұйымдастыру | Гуманит. пәндер бірлестігі, Сынып жетекшілер, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары, Ұйымдастырушы педагог |
IV | 27-ші қыркүйекте аумақтық инспектормен кездесу. 9-11 сыныптар | Педагог ұйымдастырушы, Сынып жетекшілері |
Қазан | ||
І | 1.Мектепішілік тазалық ұйымдастыру2. 1 қазан Қарттар күніне орай «Қарттарым - асыл қазынам» тақырыбында кездесу кешін ұйымдастыру | ДТЖО,Ұйымдастырушы- педагог, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары |
ІІ | 1. «Ұстазы жақсының –ұстамы жақсы» тақырыбымен ұстаздардың кәсіптік мерекесін атап өту және мерекелік бағдарлама ұйымдастыру 2. Ұстаздар мерекесіне орай қабырға газетін шығаруын ұйымдастыру | Ұйымдастырушы педагог.«Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары |
ІІІ | 1.Сынып кезекшіліктерін жұмыстарын ұйымдастыру 2. «Алтын күз-2017» атты байқауын ұйымдастыру /1-7/3. «Күз ханшайымы» байқауын уйымдастыру /8-11 сынып/ | ДТЖО Сынып жетекшілер, Педагог ұйымдастырушы , «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары |
IV | 2. 9-11 сыныптар аралығында «Арақ, шылым, насыбайдыңзияны» тақырыбында презентациялар дайындап, қорғау. | Ұйымдастырушы педагог, Әлеуметтік педагог |
Қараша | ||
І | 1.Оқушылардың күзгі демалысын ұйымдастыру /1-5 қараша/ | ДТЖО, ұйымдастырушы- педагог, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары |
ІІ | ДТЖО,ұйымдастырушы педагог, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдарыкітапханашы. | |
ІІІ | 1.19-қараша –«Халықаралық темекіге қарсы күрес» күніне орай іс-шара ұйымдастыру«Темекі – сенің жауың» атты бұрыштар ұйымдастыру. | Медбикелер, ұйымдастырушы педагог, , «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары |
IV | «Ата-баба мұрасын сақтаймыз және дамытамыз». Қолөнер көрмесі | Педагог ұйымдастырушы, технология пәні мұғалімі |
Желтоқсан | ||
І | 1.1-желтоқсан «Тұңғыш Президент» күні мерексіне .«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбына іс-шара ұйымдастыру2 «Менің Президентім» атты кітаптар көрмесін ұйымдастыру3.1 желтоқсан – СПИД-пен күрес күніне орай жоғары сыныптарға «СПИД – ғалам қасіреті» семинарын ұйымдастыру. «СПИД – қауіпті дерт» атты сурет көрмесі ұйымдастыру. | ДТЖО, Ұйымдастырушы- педагог, сынып жетекшілері кітапханашы, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары |
ІІ | 1. « ҚР Тәуелсіздік күніне» орай «Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым» мерекелік іс-шара ұйымдастыру 2.ҚР Тәуелсіздік күніне орай тәрбие сағатын өтукізу /4-6 сынып/ | ДТЖО, ұйымдастырушы педагог, сынып жетекшілер, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары, кітапханашы |
ІІІ | Аяз-Атаның шеберханасы. 1.Жаңа жылдық газеттер байқауы 2.Жаңа жылдық үздік безендірілген кабинет 3.Жаңа жыл шыршасына дайындық жұмыстары /кестесін жасау | Сынып жетекшілері, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары |
IV | 1.«Кел жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілік, іс-шара ұйымдастыру /1-7сынып/2.«Жаңа Жыл қарсаңындағы ғажайыптар» Жаңа - жылдық кеш / 8-9,10-11 сыныптар/ | ДТЖО, сынып жетекшілері, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары, ұйымдастырушы педагог. |
Қаңтар | ||
І | 1.Оқушылардың қысқы демалысын ұйымдастыру2. Спорттық жарыстар /волейбол, баскетбол, кіші футбол/ | Ұйымдастырушы педагог, д/шынықтыру пән мұғалімдері |
ІІ | 12 қаңтарда – Д.А.Қонаевың туылған күніне орай іс-шара ұйымдастыру. Рухани – адамгершілік тәрбие бағыты «Достық қымбат өмірде» дөңгелек үстел/10 сыныптар/ | ДТЖО, ұйымдастырушы,тәлімгер,сынып жетекшілер, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары |
ІІІ | «Сен өз құқығыңды білесің бе?» -пікір талас өткізу. 9-11 сыныптар | ДТЖО,ұйымдастырушы педагог,тәлімгер. |
IV | «Ата-ана беделінің бала тәрбиесінде алатын орны» атты конференция (5-7; 8-10 сыныптар арасында). | Педагог ұйымдастырушы «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары |
Ақпан | ||
І | 1. «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты спорт түрлерінен сайыс ұйымдастыру | ТІЖО, педагог ұйымдастырушы, дене шынықтыру пән мұғалімдері |
ІІ | М.Мақатаевтың 9-ақпан туылған күніне орай «Мәңгі өлмейтін артына із қалдырған» поэзиялық кеш ұйымдастыру. «Ауғанның от жалыны» Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу. /8-10 сынып/ | Ұйымдастырушы педагог, ДТЖО, АӘД жетекшісі, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары |
ІІІ | «Жігіт сұлтаны - 2016» байқауы/5 – 10 сыныптар/ | ДТЖО, ұйымдастырушы педагог,«Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары |
IV | «Мамандықтың бәрі жақсы» сыныптан тыс іс –шара | Ұйымдастырушы,сынып жетекшілері, |
Наурыз | ||
І | Халықаралық Әйелдер Күніне аналар «Ананың аялы алақаны»- мерекесін өткізу. 1. Мерекелік концерт2.«Мектеп аруы - 2016» байқауы /2 - 10 сыныптар/3. «Сырласайық жеңеше» атты жеңеше мен қайынсіңлі арасында байқау ұйымдастыру | Ұйымдастырушы педагог,сынып жетекшілер,«Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары |
ІІ | 1. 22-Наурыз мерекесіне байланысты қабырға газеттерін, бұрыштар ұйымдастыру«Наурыз-думан» атты мерекелік іс-шара өткізу. | Ұйымдастырушы педагог,сынып жетекшілер |
ІІІ | 1.«22 – Наурыз» мерекелік кеш ұйымдастыру 2. мерекеге байланысты бұрыштар ұйымдастыру3.«Наурыз» аудандық мерекеге қатысу | ДТЖО, ұйымдастырушы педагог, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары |
IV | 1.Оқушылардың көктемгі демалысын ұйымдастыру2. Спорттық ойындар, жарыстар | Ұйымдастырушы педагог, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары д/шынықтыру пән мұғалімдері |
Сәуір | ||
І | 1.«1 - СӘУІР» күлкі күні. Іс – шара ұйымдастыру.2.Көгалдандыру көгеріштендіру жұмыстары | ДТЖО, ұйымдастырушы,тәлімгер |
ІІ | 1.«Қыздарға қырық үйден тыйым» атты қыздар жиналысы 2. 7.04.16г. Дүниежүзілік денсаулықкүні. Көңілді жарыстар 1-5-сыныптар | Ұйымдастырушы педагог, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары |
ІІІ | «Одиноки ли мы во Вселенной?» космонавтар Күніне арналған конференция. 8-11-сыныптар | Ұйымдастырушы педагог |
IV | 1.Мектеп оқушыларын «Жасыл желек» көгалдандыру жұмыстарына тарту1. Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын, тазалығын, кітап тазалығын тексеру | ДТЖО, ұйымдастырушы,тәлімгер,«Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары, сынып жетекшілер |
Мамыр | ||
І | 1. «1-Мамыр бейбітшілік мерекесі» Ұлтар достығы мерекелік концерт ұйымдастыру 2.1-Мамыр аудандық мерекеге қатысу | ДТЖО, ұйымдастырушы, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары т, д/шынықтыру мұғалімдері |
ІІ | 1..Жеңіс күніне орай «Сапта жүріп ән айту» байқауы/8 – 10 сыныптар | Ұйымдастырушы педагог, АӘД жетекшісі |
ІІІ | 1.Мерекеге байланысты қабырға газеттерін, бұрыштар ұйымдастыру2.ҰОСА «Мәңгілік алауына» гүл шоқтарын қою.3. 9 - Мамыр аудандық мерекеге қатысу4. Аудандық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат | ТІЖО, ұйымдастырушы педагог, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымдары 770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Осы аптаның ең үздік материалдары Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |