Негізгі
бөлім
1.Жаңа
тақырыпты түсіндіру.
Бағалау
дегенімізді қалай түсінесіңдер ?
2)Бақылаумен
бағалаудың қандай айырмашылықтары
бар деп ойлайсыңдар?
Білім
мен дағдыны бақылау мен бағалаудың
маңызы мен міндеттері. Оқушылардың
оқу материалын меңгергенін тексеру
және бағалау – оқыту нәтижелерін
бақылау, оқу процесінің әр түрлі
кезеңіндегі оқушылардың танымдық
іс-әрекетін басқару.
Білімді
тексеру және бағалаудың мемлекеттік
маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер
ұжымының жұмысын білімді басқару
органдары оқушылардың үлгеріміне
қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі,
қалалық, аудандық, облыстық білім беру
ісін басқару органдары, Білім және
ғылым министрлігі оқушылардың
білімдерінің сапасын, мектеп және
мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін
және кемшіліктерін білу үшін бақылау
және тексеру жұмыстарын береді.
Ой
шақыру әдісі
Студенттерге
Ф.П. Решетниковтың «Тағы да екілік»
суреті ұсынылады. Мына суретке мұқият
қараңыздаршы, ондағы отбасы мүшелерінің
әрқайсының көңіл-күйі қандай? Мектептен
үйіне тағы да «екілік» бағасын арқалап
қайтқан оқушының түр-әлпетінен нені
аңғаруға болады? Ол өзін қалай сезініп
тұр? Сурет неліктен «ТАҒЫ ДА екілік»
деп аталады?
Тағы
да екілік! Кеше де, бүгін де, ертең
де... Студенттер, қалай ойлайсыздар,
бұл баланың өз бағасын жақсартуға
деген ынтасы бар ма? Жоқ болса, неге?
Оған кім кінәлі, мұғалім бе, оқушы ма?
Топтық
жұмыс. Шығармашылық тапсырма.
Үш
топқа да көбелектің суретін салуды
ұсынамын. Салынған суреттер бойынша
топтар бірін-бірі бағалайды. Неге дәл
осы бағаны қойғанын түсіндіреді.
(Топтардың арасында өз тобына қойылған
бағамен келіспеушілік тууы мүмкін –
менің көздеген мақсатым да осы: баға
мәселесіне байланысты топтар арасында
қақтығыс тудыру). Айтыңыздаршы, мен
осы жерде қандай қателік жібердім?
(Бағалау критерийін ұсынбадым, сондықтан
бағаға келіспеушілік туындады). Енді
қатысушыларға көбелек суретіне
байланысты бағалау критерийін ұсынамын.
Бір-біріңіздің суреттеріңізді мына
критерийлер бойынша тағы да бағалап
көріңіздер:
1.Көбелек
4 түрлі түспен боялған
2.Көбелектің
фигуралы 4 қанаты бар
3.Көбелектің
денесі, мұртшалары бар
4.Көбелектің
көздері, аяқтары бар
5.Көбелек
гүлге қонып отыр
Енді
критерийлерді бергенге дейінгі және
бергеннен кейінгі бағалауды
салыстырыңыздар. Айырмашылық бар ма?
(Біреулер көбелектің көздерін немесе
мұртшаларын салуды ұмытуы мүмкін).
Критерий бойынша қойылған бағамен
келісесіз бе? Суретті салу барысындағы
өз қателіктеріңізді көрдіңіз бе?
Жоғарыдағыдай баға мәселесіне
байланысты топтар арасында қақтығыс
туды ма? Неліктен деп олайсыз?
Бұл
бір суретке пайдаланылған екі түрлі
бағалаудан қандай қорытынды шығардыңыз?
Нені түсіндіңіз? Егер мен мұғалім
ретінде тапсырманы орындатпас бұрын
сіздерге бағалау критерийін ұсынсам,
жоғарыдағыдай қақтығыс туар ма еді?
Осыны ҰМЫТПАҢЫЗ!Оқушыларға тапсырманы
берердің алдында олараға бағалау
критерийін ұсыныңыз, сонда оқушы
алдын-ала өзінің не үшін бағаланатынын
біледі де, тапсырманы дұрыс орындайды.
Оқушыларға бірін-бірі бағалауға,
өздерін өздері бағалауға мүмкіндік
беріңіз. Сонда сіздің жоғарыдағы
суреттегідей мектептен күнде екілік
алып келетін оқушыларыңыз жойылады.
Бейнеролик
:Критериалды бағалаудың маңыздылы
Топтық
жұмыс. Кластер жасау. Әр топқа тапсырма
беріледі:
1-топ:Критериалды
бағалауды пайдалану оқушыларға не
береді?
2-топ:
Критериалды бағалаудан мұғалім не
ұтады?
3-Топ:
Критериалды бағалаудың ата-аналарға
пайдасы бар ма?
Топтар
өз кластерлерін қорғайды. Топтар бірін
бірі толықтырады, ой бөліседі.
Кинометавра
әдісі
«Жердегі
жұлдыз»-атты киноның үзіндісін
көрсету.
Салыстыру
,жинақтау
әдісі арқылы студенттер дәстүрлі
бағалаумен жаңартылған білім беру
бағдарламасының критериалды бағалауын
салыстырады.
1.Сабақ
мақсатына жету үшін критериалды
бағалаудың маңыздылығы?
2.Жаңа
форматтағы мұғалім қандай болу керек
?
3.Ата-ана
баласының білім сапасы үшін ролі
қандай болу керек ?
|