жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Педагогикадағы әдістеме
Авторы: Баймахан Жазира, Оңдасынова Жұлдызай, Танирбергенова Гүлмира.
Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, филология факультеті
Педагогикадағы методика
Нұр құйған шәкірттің санасына,
Әр үйдің үміт артар баласына
Көрінер шуақты күн, мейірімді жүз,
Білімді ұстаздық данасында
– дегендей біз жас ұрпақтың білімді, жан-жақты жетілген тұлға болып қалыптасуына еңбектенуіміз қажет.
«Білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, еліміздің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдістемелік құжат болып табылады» деп көрсетілген.
Адам тәрбиесінің жаңа методологиясы екі сатыдан тұрады.
Біріншісі, биологиялық индивид делініп, одан жүрек тәрбиесі жүйе қалыптасады. Екіншісі «сананы жетілдіру», одан ақыл тәрбиесі қалыптасады.
Адам тәрбиесінің осы екі жүйесінен оның жеті түрлі негізгі тек физиологиялық кезеңдерге сүйеніп жасалады. Осы ілім ұсынған жаңа технология арқылы Абай ғұлама армандаған «толық адам нұрлы, ақылды» келешек ұрпаққа енші болады.
Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеумен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді.
Педагогика – «пейдагогис» грек сөзі «пейда» — бала, гогос жетелеймін, «бала жетелеуші» — деген ұғымды білдіреді, тәрбие туралы ғылым.
Көп жылдар бойы ұйымдастырылған тәрбие мен тек балалар қамтылғандықтан, педагогиканы бала тәрбиесі туралы ғылым деп атады.
тәрбиені, білім беруді, оқытуды зерттейтін теориялық және қолданбалы ғылымның жиынтығы.
жас ұрпақтар тәрбиесі туралы ғылым.
адам тәрбиесі туралы ғылым.
адам дамуының әрбір жас кезеңіне сәйкес оған білім беру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, өмірге даярлау туралы ғылым.
Педагогика ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы қоғамдық өндірісті сақтап, дамыту, өскелең ұрпақты өмірлік іс тәжірибемен қаруландыру, болашақ өмірге нәтижелі даярлау негізіндегі қоғамның әлеуметтік қажеттілігінен туады. Ол қоғамдық қызмет атқарады.
Педагогика пәні – ғылым танымдық сала ретінде педагогика пәнінің зерттеу саласы – қоғамның ерекше қызметі – тәрбие.
оқу – тәрбие мәдени ағарту мекемелерінде ұйымдастырылатын тәрбие, оқыту мен білім беру.
адамның жеке басының даму, қалыптасы мәнін зерттеу негізінде арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс.
тұлғаның жеке басының дамуы мен тәрбиесі арасындағы заңды байланыстарды зерттеу, оның негізінде тәрбиелеу қызметінің теориялық және әдістемелік негзін құру.
адамның адамды тәрбиелеуі.
тәрбиелік іс — әрекет.
арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала.
Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар.
Қазақ халқында балалардың тілін сындыру, сауат ашу, шешен сөйлеуге баулу әдістемелерінің ұлттық дәстүрлері ежелден болған. Алайда ғалымдар ғылымы әдістеме тарихын Ыбырай Алтынсарин еңбектерінен бастап жүр. Оның “Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы” деп аталатын еңбегі қазақ топырағында туған тұңғыш әдістемелік еңбек болып табылады. 20 ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы осы дәстүрді тереңдетіп, “Баяншы”, “Тіл жұмсартар” деп аталатын әдістемелік кітаптар жазды.
Осы кезеңнен бастап, қазақ әдістеме ғылымы жан-жақты дамып, сан салалы зерттеулерге ұласты. Жеке пәндерді оқытудың әрбір кезеңдегі (бастауыш кластар, орта мектеп, жоғары оқу орындары т.б.) әдістемелері жасалып, олардың жеке бөлімдері бойынша берілетін білім мен дағдыларды меңгертудің тиімді жолдары зерттеле бастады.
Әдістеме ғылымы тек тәрбие туралы ілім — дидактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология, педагогика, физиология т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылым талдаудан өткізіп отырады.
Қорыта келе педагогикадағы әдістеме рөліне тоқтала өтсек, әдіс-тәсілдер оқыту секілді жалпы білім беруде өте маңызды. Адамзатты тәрбиелеумен қоса, оған лайықты білім қорымен толықтыру-жауапты іс. Білім беру үдерісі толыққанды, әрі тиімді өту үшін әдіс-тәсілдер міндетті компонент болып табылады. Оқытудың өзі әдістерді қолдану сөзінің баламасы деп ойлаймыз. Білім алу-күнделікті ақпаратты сіңіру, ол үнемі жаңарып тұруға тиіс. Сол секілді педагогикадағы әдістер де заман талабына, жаһандануға сай өзгерістерге ұшырап, тіпті жаңа түрлері де пайда болады.
Мұғалім оқушыларға, студенттерге, балаларға сабақ өту барысында жаңа тақырыптағы берілген ақпараттар білім алушылар жадында сақталуы үшін неше түрлі әдістер бар. Әлемдік әдіскерлер ми қыртысының әр бөлігі мен нейрондар жұмысының ерекшеленуіне қарай әр бағыттағы әдіс типтерімен практикалық жұмыстар жүргізген. Оқу процесіндегі оқушыға белгілі бір жаңа ақпарат түрін нақты ассоциациялармен қабылдауы өте ұтымды. Бұл ретте визуалды көрнекіліктерді пайдалана отырып жүргізілетін әдістер көп қолданыста, олар қарапайым күнделікті сабақта да қолданылады. Мысал ретінде әдістердің аудиолингуалды түрлері көбінесе шет тілін үйренуде кәдеге жарамды.
Педагогтардың профессионалдық қабілеттерін үнемі шыңдап отыру үшін, әдістемелік курстар көмек бере алады.
Педагогика ғылымы қоғамдық құрылысқа жаңа жағдайға сай адамның даму заңдылығын зерттейдi.
Сонымен, педагогика ғылымы жан-жақты тәрбие, бiлiм беру, оқыту процестерiнің заңдылықтарын зерттейтiн ғылым.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдiстер арқылы тәрбие процесiнің мақсаты, ерекшелiктерi негiзi сатылары, басқа құбылыстармен өзара байланысы қарастырылады, олардың заңдылықтары анықталады.
Педагогиканың методологиялық негiзi диалектикалық және тарихи материализм болғандықтан, диалектикалық әдiс педагогикалық құбылыстарды орын мен уақыттың нақты жағдайларында, қоғамдық өмiрдің басқа құбылыстармен байланыста және өзара әрекетестiкте алып қарастыруды талап етедi.
Педагогика үнемi дамып отыратын ғылым түрі.Ғылыми педагогикалық зерттеу әдiстерiн бiлу әрбiр шығармашылықпен жұмыс iстейтiн мұғалiмге қажет. Педагогикалык жаңалықтарды, озат тәжiрибенi, ғылыми теориялық концепцияларды зерттеу, эксперименттiк жұмыстар арқылы байқаудан өткiзiп, тексерiп, оның нәтижелерiн шығару тиiмдiлiгiн керсету, педагогикалық ынтымақтастық идеясын жүзеге асыру-қазiргi мектептің, педагогика ғылымының, әрiбiр мұғалiмнің борышы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Андреева Г.М. Психология социального познания. Учебное пособие. – М.,
2000. – 288 с.
2. Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: В 2-х т. – М.,
Педагогика, 1983. – 391 с.
3. Клюева Н.В. Социально-психологическое обеспечение деятельности

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген