Материалдар / Педагогикалық эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогикалық эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагигикалық эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2023
360
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогикалық эссе

Тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпалы

оқулықтармен де жақсы әдет –ғұрыптарменде,

құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау мен мадақтау

жүйесімен де, ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие»

К.Д Ушинский.

Менің педагогикалық қызметімнің мәні неде?

Бұл сұрақтың жауабын бала кезінен іздеу керек. Бала кезімнен еңбек, шыдамдылық, жауапкершілік деген не екенін түсінуге үйрендім. Бала кезімде есімде, мен мұғалімдерге қатты қызығатын едім, өскенде педагог болып балаларға сабақ беру арманым болды.Мен бала кезімнен достармен ойнағанда мұғалім болып оларға үйретіп, түсіндіріп жүргенді ұнататынмын.

Мен өзімнің бірінші мұғалімімді жақсы еске аламын. Ол бізге қанша рухани күш пен мейірімділік жұмсады. Біз оның туған балаларындай болдық. Мектеп қабырғасында жүрген кезде де мұғалім жанында жүріп шығармашылық істерге, байқауларға дайындыққа белсенді қатысып жүретінмін, бұл жұмыс өзіме қатты ұнайтын. Мұғалім біздің жетістіктерімізге қатты қуанып ризашылығын білдіретін.

Керемет мұғаліміздің ашықтығы, кеңпейілділігі, бізбен сырласып өз ойымен бөліскені маған әсер етті - сол сәттен мен педагог болуға қызығып өстім.

Менің арманым орындалды: Мен алдымен училищеге балабақша тәрбиешісі болып оқуға түстім, отбасылық жағдайғаларға байланысты мен жоғарғы оқуға бара алмадым, дегенмен де өзімнің қызығушылығым ынтамның арқасында бірінші орта мектепте пионер вожатый болып жұмыс бастадым, содан кейін 1993 жылы бастауыш сыныбына кружог сабақтар өтіп жұмыс тәжірибемді толықтыра бастадым. Балабақша тәрбиеші мамандығы бойынша

2001 жылдан бастап жұмыс жасап келемін. Казіргі таңда педагог мамандығы бойынша 23 жыл болды ал тәрбиеші болып 16 ж жұмыс істеп келемін.

Маған жақсы педагог бәрінен қымбат, өйткені ол мектептің жүрегі деп ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин айтқан нақыл сөзі әр – бір педагогке күш жігер береді.

Сондықтан менде өз мамандығымды сүйіп жұмыс атқарамын. Ең алғашында кәсіби жолының басында қиын болды, сонымен бірге өте қызықты болды. Маған балалардың өмірі мен олардың дамуы үшін үлкен жауапкершілік жүктелген, сондықтанда өзімді тік ұстап алға ұмтылу, жан – жақты іздену жұмыстарымен айналыстым. Менің барлық педагогикалық қызметімнің негізі үнемі өзін-өзі жетілдіру қажеттілігі болды. Бұл жұмысты жақсы білімді, ынталы педагог балаларды қызықтыра алады.

Балабақшада жұмыс істеу үшін ең маңызды қасиеттердің бірі-балаларға деген сүйіспеншілік. Мектепке дейінгі мекемеде жұмыс істейтін педагог ретінде балалармен ортақ тіл таба білу, баланың қажеттіліктерін, мүдделері мен мәселелерін түсіне білу әлдеқайда маңызды деп айта аламын.

Балабақша - сөзінің астарында көп мағына бар.

Балабақша - бұл біздің балалар мен тәрбиешілердің екінші үйі, Әрбір күн біз үшін таңғажайып қиялмен, тосын жағдайлармен өтетіні ғажап емес.

Балалар – бұл өмірдің гүлі, еліміздің болашағы.Балалар көзіне қарап оларға әлемдегі бар мейірімділік пен жылулықты, өзімнің сүйіспеншілігімді сыйлаймын. Балалар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олардың жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады. Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған.

Тәрбиеші деген кім?

Тәрбиеші – үлкен жолдас, яғни ол адам әрдайым жақсы ақыл – кеңес береді, сеніммен әңгімелейді;

Тәрбиеші – жақсы мен жаманды айырып білетін, өнегелі, тәрбиелі адам;

Тәрбиеші – қорғаушы сені ешкімге ренжітпейді, әрдайым қорғайды;

Тәрбиеші – балаға қуаныш сезімді, қызық ұмытылмас сәттерді сыйлайтын адам;

Өзіңізге осы сұрақты қоя отырып, балалардың бейнелері, олардың көзқарастары еріксіз пайда болады, олар сізден балаға өзінің жалғыз және ерекше әлемін ашуға көмектесетін барлық сұрақтарға жауап күтеді. Балаларға таңғажайып әлемді, қоршаған орта туралы түсінік беру мүмкіндігі туады. Өз мамандығымның жауапкершілігін сезіне отырып, мен К.Д. Ушинскийдің «бәрі тәрбиешінің жеке басына негізделуі керек» деген дұрыстығына әрдайым көз жеткіземін. Тәрбиеші - балабақшадағы балаға арналған - басты бейне, басты адам - білім мен дағдылардың қоймасы. Балалар тәрбиешіге бейімделіп өседі, кейбір балалар тәрбиешінің сөйлеу мәнеріне, қозғалысына бейімделеді. Мен күн сайын балабақшаның есігін ашып, топқа кіремін. Мен балаларымның көздерін тағы да көремін. Олардың жарқын, айқын, қызықты, мейірімді, таза көздері, менің әрбір көзқарасымды, іс-әрекетімді, қадамымды бағалайды. Балалар біздерден көп нәрсені күтеді. Өйткені тәрбиеші балаға бағыт – бағдар беретін отбасынан кейінгі екінші анасы!

Тәрбиеші болу деген нені білдіреді?

Баланы жан-тәніңмен сүймей баламен жұмыс жасау – ескексіз  қайықпен су  бетінде әрлі-берлі толқынмен бірге бағытсыз ырғу» деген сөз бар. Сондықтанда әр – бір педагог балаға саналы тәрбие мен сапалы білім бере білуі қажет Бұл баланы сүю, түсіну және сезіну, оны сол қалпында қабылдау, жеке тұлғаны, тәуелсіздікті, белсенділікті, бір сөзбен айтқанда, баланың өзіне деген құқығын құрметтеу дегенді білдіреді.

Балалық шақ-тамаша және жауапты кезең.

Бала таза қағаз парағы секілді, Егер біз оған қате жазатын болсақ, болашақта оны түзету өте қиын болады. Бұл қателіктер мүмкіндігінше аз болуы үшін педагог мейірімділік, даналық, адалдық, жауапкершілік, білім сияқты жеке және кәсіби қасиеттердің үлкен арсеналына ие болуы керек бұл жауапты уақыт, өйткені мектепке дейінгі ұйымда балаларға балабақшада берілетін тәрбие мен білім -барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан-жақты тәбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік-білім беру мекемесі.

Педагог мамандығы - бұл мамандық қана емес - бұл кәсіп. Әлемде көптеген мамандықтар бар, бірақ олар бұл мамандықты таңдамайды, ол сізді таңдайды! Бұл мақтаныш атағын киетін адамдарды бір нәрсе біріктіреді -олар жүректерін балаларға беруге қуанышты және онсыз өмірін ойламайды!

Қазіргі тәрбиешінің міндеті-шығармашылық, коммуникативті тұлғаны тәрбиелеу, әр баланың жеке қабілеттерін дамыту. Ол үшін педагог білімді, шығармашыл, ерекше адам болуы керек.

Сондай-ақ, педагог педагогикалық әдептілікке ие болуы керек, балалармен ғана емес, ата-аналармен де сөйлесе білуі керек. . Ата-аналардың көптеген талаптары бар. Тәрбиеші ата-аналармен сөйлесу, олардың пікірін тыңдауға, жанжалдарды шеше білетін өнегелі болуы керек. Тәрбиеші - күрделі және жауапты мамандық. Балалармен жұмыс істеу оңай іс емес, өйткені балалардың мінез – құлқы әр қилы.Бір бала ерке болса, бірі тұйық ортаға тез бейімделмейді, бірі агрессивті ашушаң, ал кейбірі психологиялық ауытқулары бар балаларда келіп жатады. Сондықтанда мен өз жұмысымда әр – бір баланың жас айырмашылығын, оның физикалық, психологиялық және отбасылық әлеуметтік жағдайларын біліп отырамын және отбасымен тығыз қарым – қатыста боламын. Қазіргі таңда жас ата- аналармен тілдесіп, әр – бір ата – ананың көңілінен шығу оңай емес. Балалармен бірге кей жағдайларда ата – аналарғада тәрбиелік іс- шараларын жүргізіп отыратын кездер де болады.. Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады.

Педагогтің мәртебесі жоғары балалар мен ата –аналар мен ұжымда көптеген әріптестеріңмен қарым – қатынаста болып, мейірімді, сыпайы боласың.

Мен балалық шағымды еске ала отырып мына өлең жолдарын айтамын.

Есімде күліп – ойнап жүргенім,

Асыр салып қуанып жүгіргенім.

Шалынып қалып, сүрініп құлағаным

Қайта тұрып күлімдеп өткен кезім.


Өлең жолдарын оқып отырып осы тәрбиеленушілерімді қызығушылықпен қарап, олардың әр – бір сәттерін қызықты өткенін қалаймын. Ұйымдастырылған оқу қызметінде, сабақтан тыс режімдік уақыттарда алуан түрлі әдіс – тәсілдерді қолданып сабақтар, ойындар ойнатамын. Мен ұйымдастырылған оқу қызметін ойын түрінде жоспарлаймын және бос уақыттарда әр – түрлі ойындар ойнатамын, ойынға кең жол ашамын, балаларға өз идеяларымды жүктемеймін, олардың идеяларын ұялмай еркін айтуға жағдай жасаймын. Балалардың дағдылары мен білімдерін игерудің негізгі жолы тек түсіндіру арқылы емес, жұмбақтар, кеңестер, суреттер, ойындар арқылы жасалады. Ойын барлық білім беру міндеттерін, соның ішінде оқытуды шешетін ең маңызды қызмет ретінде әрекет етеді. Мен үшін балалар достар, кіші әріптестер. Оларға құрметпен қарап, проблемаларын байыпты қабылдап олардың көңілдерін табуға, сенім мен құрметке ие болуға тырысамын. Адам болатын бала алысқа қарайды демекші көптеген балалардың бойында зеректікті байқаған кезде балаға әрі жұмысқа қызығып істеп, ізденіп отырамын. Мен балаларды сөйлесуге, дос болуға, жақын адамдарын құрметтеуге және сүюге, бір-біріне көмектесуге үйретуге тырысамын. Көбіне бізге, тәрбиешілерге байланысты болашақта балалар қоршаған әлемге және адамдарға қарап өседі. Балаларды мектепке шығарған сайын олардың ата-аналарынан өз еңбегі үшін алғыс сөздерін есту қаншалықты қуанышты. «Қарлығаш» балабқшасында жұмыс істегеніме 12 жыл болды, осы жылдар арасында төрт топ түлектерін тәрбиелеп, білім беріп мектепке шығарып салдым. Менің түлектерім әлі күнге дейін балабақшаға келіп, өз табыстары туралы әңгімелейді, өз проблемаларымен бөліседі, кеңес сұрайды. Бұл педагог үшін ең үлкен марапат, сізді есте сақтап мерекелерде құттықтап, кеңес алып илтипат білдірулері, жүрегіңде жылулық қуаныш пайда болады. Педагог болу өте қиын, жауапты, бірақ өте қуанышты және қызықты.

«Мен неге балабақшада жұмыс істеймін ?» мен жай ғана жауап беремін" өйткені мен балаларды жақсы көремін, менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!