Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педагогикалық іс әрекетте педагогтың шығармашылық мәдениеті. Педагогикалық шеберліктің маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге қосымша материал ретінде қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті

Пәні: (Педагогикалық шеберлік

Мұғалімі: Сайдахметова Ляззат

Мамандығы:Педагогика және психология

Курс:3 топ (3 жылдық)

Орындаған: Бектенова М.К.



Педагогикалық іс әрекетте педагогтың шығармашылық мәдениеті. Педагогикалық шеберліктің маңызы.

Сабақтың мақсаты: Педагогикалық шеберлік пәні бойынша өзара мәлімет алмасу мен қатар педагогикалық шеберлік пәнің мақсаты және оның міндеттері туралы түсініктерін кеңейту.


Сабақтың міндеті:

1. жаңа білімді меңгерту.

2. ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру.

Сабақтың жоспары:

1. Педагогикалық іс әрекетте педагогтың шығармашылық мәдениеті.

2. Педагогикалық шеберліктің маңызы

3. Ұстаздың сыртқы көрнісі мен ішкі дүниесінің біртұтастығы

Негізгі ұғымдар: Ұстаз, педагогикалық қарым-қатынас.

Сабақты ұйымдастыру технологиясы: дамыта оқыту технологиясы Көрнекіліктер: слайд, оқулық, кесте.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Педагогикалық шеберлік және мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің компоненті

2. Мұғалімнің жеке тұлғасы – оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі

3. Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері

4. Педагогтың сыртқы көрнісі және авторитет Сән (Мода) және мұғалім

5. Сөздік әрекеттің психологиялық құрылымы

6. Педагогтың лекциялық сөз мәдениеті

Әдебиеттер

1. Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. Алматы, 1987.

2. Асылов Ұ.Ж., Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері. Алматы,1998. 3. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. Алматы,1995.

4. Грехнев В.С.Культура педагогического общения. Москва,1990.

5. Желдербаева С.Мәнерлеп оқу Алматы, 1992.

6. Зязюнь И.А. Основы педагогического мастерства.М.,1989.

7. Синица И.Е.Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік.Алматы, 1987.

8. Шыныбекова Э.И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика. Алматы, 1987.


Негізгі ұғымдар: шеберлік, педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениет, актерлік шеберлік.

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер - қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, «ең сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал, педагогикалық шеберліктің негізі неде? Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің рөлін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз. 14 Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жүргізілетін реформалардың мақсаты – оның нарықтық экономика жағдайында ғаламдық ауқымға ие болуын ескере отырып, саналы өзгерістерін қамтамасыз ету деп көрсетілген. Білім беруді реформалау осы саладағы жинақталған оң әлеуетті жақтардың негізінде осы процесті тереңдету мен дамыту үшін жаңа құқықтық, әдістемелік, қаржы материалдық жағдайларын жасауды және тиісінше кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр,”- деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген педагог болуы керек. Қазақстан заңдары білім беруді қоғамның және мемлекеттің рухани, әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуының негізі деп жариялайды. Елімізде 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңда білім беру жүйесінің басым міндеттері көрсетілген: 1 - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау; 2 - жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектілік байыту; 3 - азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конститутцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу; 4 - әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республикасының басқа да халықтарының тарихын, дәстүрлерін, тілдерін меңгерту; 5 - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу; 15 6 - еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру. Осы міндеттерді орындап, жүзеге асыруда мұғалімдердің рөлі өте зор. Бүгін мұғалімдердің еңбегінің нәтижесі қандай болса, ертең біздің қоғам сондай болады. Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды. «Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушыларда, әртістерде, өнер адамдарында кездеседі. Ал, «мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» - деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талантты болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады. Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К. Д. Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейтіндігін», - айтады. Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік «педагогикалық шеберлік» болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде «шеберлік белгілі саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз ісінде өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман» делінген (С. И. Ожегов, 1990). Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген 16 ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып , оның кәсіби қызметтік және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру керек. Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгерумен шеберлікке қол жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби қызметінен көре аламыз ба? Жоқ, себебі педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әдемілік пен тәрбиелікті жеткізе білу керек. Бұл жағдайда ең объективті заңдар туралы сөз болып отырған, яғни нақты бір адамның-педагогтың өмірге көз қарасы, қарым-қатынасы туралы екенін түсіну маңызды болмақ. Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз. Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халық комиссары А. В. Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарда жарияланған сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан: «Егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алатын болса, онда оны қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе, онда іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар – өмірге келетін адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе күнәсіздіктің үлкен күнәсі. Бұл материалмен алдын ала не істейтініңді анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек» дейді. Н. К. Крупская (1960) 1932 жарыққа шыққан «Мұғалім туралы» деген мақаласында «үлгілі мұғалімнің мерилі» ретінде төмендегі критерийлерді анықтады: мұғалім өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек, оқушының қабілетін оята білуі, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу мен тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі, беделді бола білуі қажет. Педагогикалық шеберлік туралы А. С. Макаренконың (1988) пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік – бұл «тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы». Бұл жөнінде ол: «Мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім» дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті ережелер қатары кездеседі, «дауысты келтіру – өнер , көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, күлу бәрі – 17 өнер болып табылады». «Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек «мұнда кел» деген сөзді 15-20 түрлі етіп айта алатын, даусымды, бет- әлпетімді 20 түрлі етіп құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана» дейді. Кеңес педагогикасы педагогикалық шеберлік корифейінің мәнін мінез-құлық білігінің кең ауқымында қарастырады. В. А. Сухомлинсий (1981) бұл түсінікке нақты анықтама бермейді, дегенмен, ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол : «Идеалдар мен қағидалардың, көзқарастары мен талғамының, симпатия мен антипатияның, моральдық-әдептілік қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы – міне, осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады» дейді. Сондай –ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды, әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой-санасын онсыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады. А. И. Щербаков (1968) педагогикалық шеберлік – мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп санайды. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің негізгі атрибуты – өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді. Ю. П. Азаров (1971), тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады: «педагогикалық шеберліктің негізі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады» дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын дамыта түседі: «сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтың жеке тұлғаға немесе ұжымға жаппай эмоционалды образды ықпал жасауына әкелетінін айтады». Міне , шеберліктің құдіреті – осындай тұтасқан үйлесімде. Ю.П.Азаров (1989) қалың оқырман қауымына арнаған публицистикалық басылымында : «мен шеберліктің формуласын қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні: технология, қарымқатынас, тұлға сияқты үштікте» дейді. Шеберлік ... істейтін ісіміздің материалдық жағында болуы тиіс, мен технология деп 18 атап отырған. Бұл технологияны кешіктірмей іске асырсақ, соның арқасында қарым- қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мені және мен қатысатын балаларды қалыптастырады деген екен. Н. В. Кузьмина (1972, 1980) шеберлікті маманның өз жұмыс жағдайын зерттеп, зерделей білуі, кәсіптік міндеттерін оңтайлы шешу үшін кәсіби біліктілікті меңгеруі деп анықтайды. Н. В. Кузьминаның пікірінше (1980), педагогтың кәсіби шеберлігі тәжірибе мен оқу міндеттерін шеше білуді жоғары деңгейде меңгеру. Бұл жалпы еңбек пен жалпы интелектуалдық білік қалыптасқанда ғана жеткілікті биік дәрежеге ие болады (талдау, синтездеу, жалпылау, ауыстыру, нақтылау саласында). Ю. К. Бабанский (1989) «мұғалім – кәсіби технологияны еркін меңгерумен, шығармашылығымен бала оқытуда және бала тәрбиелеуде ерекше шебер» деп көрсетті. Сондай –ақ автор педагог еңбегінің қарапайым қырларын дұрыс талдау және педагогтық оптималды шешім жасау мен оқушының жеке басы сияқты қасиеттерге тоқталады. Н. В. Кухарев (1990) мұғалімнің белгілі дәрежедегі педагогтық шеберлігін қарастырудың дұрыстығын айта кетіп, оның шеберлігі психологиялық- педагогтық дайындығының жоғары деңгейіне негізделуі шарт дейді. Павлютенкованың ойынша (1990), мұғалімнің кәсіби шеберлігін төмендегі компоненттер құрайды: а) тұлғаның мотивациялық саласы; ә) операциялық-техникалық саласы (интегралдық бірігу, жалпы арнайы білім мәнділігімен сипатталады); б) тұлғаның өзінөзі тануы. В. А. Сластениннің (1998) педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы Ю. П. Азаровтың (1989) пікіріне жақын, ол педагогтық шеберлікті педагогикалық технологиямен өзара байланыстырады, дегенмен, ол тек операциялық компоненттерімен шектелмеуі керек, адамның жеке іскерлігі мен оның бойында педагогтік прцестің жоғары тиімділігін анықтайтын қасиеттерінің сабақтасып жатуы керек деген пікір айтады. И. П. Андриади (1999) педагогикалық шеберлікті жеке тұлғаның рухани- әдеп және интелектуалдық дайындығы, қоғамның әлеуметтік- мәдени құндылықтарын шығармашылықпен ұғындыратын қасиеті деп қарастырады. Және де теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруда кәсіби білік, дағдының болуы маңызды деп атап көрсетеді. 19 В. А. Мижоренко және М. И. Ермоленко (1999 ) педагогикалық шеберлік педагогтік қызметтің дамуының биік сатысын жасай отырып, педагогтың педагогикалық технологияны игеруін, кәсіби және азаматтық бағытын, тәжірибесін, бүтіндей тұлғасын көрсете алатынын айтады. Педагогтік шеберліктің мәні жоғары нәтижеге қол жеткізетін білімді, білік пен дағдыға ұштастыру арқылы жүзеге асқан қызметтің деңгейімен анықталады. В. П. Куравлеваның (1999) анықтамасында педагогтік шеберлік «...теориялық негіздемелер және мұғалім мен оқушының арасын жоғары ақпараттық дәрежеде байланыстыратын педагогикалық іс- тәжірибелер мен операциялардың тұрақты жүйесі» делінген. Осы анықтаманы өрбіте отырып, автор теориялық білім мен жоғары дамыған практикалық біліктің үйлесіп, біртұтас болуы шығармашылықпен бекітіледі деп ой қосады. Шеберліктің нақты көрсеткіштері оқытушының ісінде, оқу-тәрбие жұмыстарында, еңбек сапасында, міндеттерін жауапкершілікпен орындау кезінде көрінеді. А. А. Сидоров, М. В. Прохорова, Б. Д. Синюхин (2000) педагогтік шеберлік педагогикалық мәдениеттің тірек компоненті деп есептейді және шеберлік сан алуан оқу-тәрбие ісіне байланысты міндеттерді табысты шешуде педагогтың жеке басының қасиеттерімен қоса оның психологиялық-педагогикалық ойлауы, кәсіби білігі, дағдысы мен эмоциясы өзара сабақтастық табатын ерекшеліктері деп анықтайды. Л. А. Байкова, Л. К. Гребенкиннің (2000) дәлелдеуінше педагогикалық шеберлік – бұл мұғалімнің шығармашылығымен, оқыту өнерін үздіксіз жетілдірумен пайда болатын педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейі біріншіден, педагогтың жеке тұлғасына, жеке басының қасиеттеріне байланысты, оның бұл қасиеттері кәсіптік қызметін өз бетінше ұйымдастырудың жоғары сатысына қол жеткізуіне жол ашады дейді. Яғни шебер-педагог бойындағы жеке қасиеттер жиынтығы, оның оған оқу –тәрбие жұмысын жақсы жүргізуіне септігін молынан тигізбек. Олардың ішіндегі ең маңыздылары азаматтық және патриотизм, гуманизм және зиялылық, жоғары рухтағы мәдениеттілік пен жауапкершілік. Өте маңызды деп адамсүйгіштік пен адамдармен тіл табысу атап айтылған. Одан әрі авторлар педагогикалық шеберлік анықтамасына тоқталады және технологиялық негізгі компоненттері жалпы биік 20 мәдениет пен ізгілендіру бағыты болатын көзқарастары жүйесі – кәсіби білім , қабілеттілік, шығармашылық технологиялық құзырет болып табылады деп тұжырым жасайды. А. М. Новиков (2000), педагог тұлғасының әлеуметтік рөлі өлшеусіз артып келеді, ол педагогтың жалпы және кәсіби мәдениетінде, қарым-қатынасында, әдебінде, оның жан дүниесі байлығында. Автор бүгін педагогты кітаппен, дербес компьютермен немесе қашықтан оқытатын басқа құралдармен ауыстыруға болмайтындығына көз жеткіздіреді. Осылайша нені үйретесің, қалай үйретесің, немен үйретесің, кім үйренеді деген шынайылық тұрады. Осыған байланысты А. М. Новиков (2000) педагогикалық шеберліктің мазмұнын жаңа әлеуметтік –экономикалық жағдайды ашып береді, оқушыға өз мақсатына – мұратына тез жетсем, өз орнымды тапсам деген ой салу педагогтың дарынына байланысты екеніне назар аударады. Орыс ғалымы В. Г. Белинский былай дейді: «Тәрбиешілік мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастерлі десеңізші: оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр». Сондықтан шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші - білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам. Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек. Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жанжақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 21 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар, жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады. Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді: - педагогикалық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылығы; - педагогикалық кәсіби білгірлігі; - педагогикалық іс-әрекетке бейімділігі; - педагогикалық техникасы. Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады. Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми-зерттеу пайымдаулар мыналар: - педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық; - тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі; - әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік; - іс-әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы. Сонымен қатар әлеуметтік-қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс. Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттер: 1. Педагогикалық білім бірлігі. 2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі. 3. Ситуацияларды меңгеру. 4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру. Мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері. 22 Қазіргі заман мұғалімінің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры – шәкіртпен қарым-қатынастың, шәкірттің ісәрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек. Педагогикалық шеберлік – мұғалімге оқу-әрбие процесін ұйымдастыруда қажетті кәсіби білім, білік және дағдылардың жиынтығы. Педагогикалық шеберліктің негізі жоғары оқу орнында қалыптасады. Оның мазмұнына: 1. Кәсіби педагогикалық білім; 2. Педагогикалық тәжірибе; 3. Шығармашылық тәжірибе; 4. Тұлғалық қасиеттері; 5. Кәсіби педагогикалық бағыты енеді. Мысалы, педагогикалық тәжірибе – біріншіден, мұғалімнің нақты жағдайларды, балалардың, балалар ұжымының ерекшеліктерін және өзінің жеке ерекшелігін есепке ала отырып, педагогиканың практикадағы заңдарын және принциптерін шығармашылықпен, белсенді меңгеру мен іске асыруы. Ал, педагогикалық шеберлікті меңгеру екі деңгейде жүргізіледі: 1. Кәсіби педагогикалық қызметке дайындық кезінде алынған білім, білік, дағды. 2. Кәсіби педагогикалық қызмет барысында алынған білім, білік, дағды. Педагогикалық шеберліктің нәтижесі ретінде мұғалімнің шығармашылығы, жеке тәжірибесі және оның жариялылығы болып табылады. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби қабілеттілігінің өзара байланысын А. С. Макаренко: 23 Педагогикалық мәдениет Педагогтің кәсіби білігі Педагогикалық этика Педагогикалық қарым-қатынас өіің Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті Психо-педагогикалық білім Педагогикалық шеберлік-бұл оқытумен тәрбиелеу әрекетін кәсіби меңгеру,тұлғаны жанжақты дамыту, көзқарасы мен қабілетін қалыптастыру мүмкіндігі. Педагогикалық білім мен кабілет педагогикалық шеберліктің туа біткен ерекшеліктері, қасиеттері арқылы белгіленетінін жоққа шығара отырып, ол оның кәсіби қабілеттілік деңгейіне байланысты екендігін көрсетті. Оның айтуынша, іскерлікке, педагогикалық квалификацияға негізделетін педагогикалық шеберлік - бұл тәрбие процесін білу, оны құру, қозғалысқа түсіру. Педагогикалық шеберлікті меңгеруге әрбір педагогтың жеке практикалық тәжірибесі мен еңбектенуі нәтижесінде қол жеткізуіне болады. Шебер педагог - бұл жоғары мәдениетті, өз ісінің шебері, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін білетін, психологиялық білімі бар, сонымен қатар әртүрлі ғылым саласынан хабардар маман. Педагогикалық шеберлік – балаларды сүйетін, жүрек қалауымен жұмыс істейтін, әрбір педагогтың қолы жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріліп отырылатын өнер. Педагогикалық үрдістің ерекшелігі, оның кұрылымы және мазмұны дамыту, оқыту, тәрбиелеу функцияларын тәжірибе барысында тарататын шеберліктің ашылу себептері болып табылады. Педагогикалык шеберлік педагогикалық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, мынадай төрт жүйені қамтитын күрделі кұрылымды қамтиды: 1. Педагогикалық технология (сөйлеу мәнерінің техникасы, ойлау логикасы мен нақтылығы, бейнелі көрсетілімдері, қажетті құралдарды таңдай білу дағдысы, формалары мен тәсілдері); 3. Педагогикалық шығармашылық (шығармашылық талдау, стандартты емес ойлау, жаңа ақпараттар іздестірудегі қажеттілік, экспериментке ұмтылыс); 24 3. Пәндік білім (кәсіптік құзырлылық, арнайы кәсіби даярлығы, оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибесі, ғылыми біліктілігі); 4. Педагогикалық стиль (педагогикалық нақтылық, өзінің және өзгенің әрекетін қабылдай және бағалай білу дағдысы, педагогикалық бағыттағы тіл табысу мен әрекетшілдік, педагогикалық тактика мен этика, тыңдай және тыңдата білу дағдысы, адамдардың ішкі дүниесін тануға қызығушылық). Оқыту пәнін толық меңгеру, оның тарихын, теориясын, тәсілдерін, казіргі заманға сай тәжірибесін білу педагогикалық шеберліктің негізін құрайды. Педагогикалық (білім беру) технология. 1) кәсіби педагогтің басқаруымен жүргізілетін оқушылардың (студенттердің) өзіндік және өзара білім алу процесі, оқу жоспары мен оқу бағдарламасында анықталған білім мазмұны мен әрекет түрлерін меңгеруіне байланысты олардың жұмысының әрбір сатысында болатын өзгерістер мен түрленулер; 2) студенттерді педагогикалық мамандықтарға кәсіби дайындауға анрналып бағытталған оқу (ғылыми) пәні; 3) дәстүрлі педагогикада: а) іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру және оны жарақтандыру; ә) өте аз шығынмен нәтиже алуға мүмкіндік беретін бірізді амалдар; б) педагогикалық проблемаларды әдіснамалық деңгейде талқылауға мүмкіндік беретін педагогикалық категория; в) педагогика, оқу процесін толық басқаруға мүмкіндік беретін жүйелі ойлау тәсілін енгізу; г) орындалуы кепілдікпен педагогикалық мақсаттарға алып келетін әрекеттің тәртіптелген жүйесі; д) дидактикалық инфрақұрылым, яғни оқытудың техникалық құралдарын немесе компьютерлерді пайдалану, сонымен бірге пайдаланылған әдістердің көмегімен білім берудің тиімділігін арттыратын ықпалдарды талдау жолымен білім беру процесін оңтайландыру тәсілдерін жасақтау және принциптерін анықтау: е) педагогикалық шеберлік; ж) оқыту мен тәрбиелеудің бірегей әдістемелері; з) дәл берілген мақсаттары мен оған жету жолдарын нақты анықтауға және сипаттауға болатын оқу процесін басқару бағытындағы дидактикалық проблемаларды шешу. Педагогикалык шығармашылық - педагогикалық шеберліктің 25 маңызды және белгілі құрамдас бөлігі. Оның маңыздылығы оқыту мен тәрбиенің жоғары дәрежелі нәтижесінде және «мұғалімоқушы» жүйесінің оңтайлы карым-қатынасы нәтижесінде ғана ашылады. Педагогикалык шығармашылықта әр түрлі проблемалы жағдайлардың пайда болуы және оларды педагогтың өз көзқарасы мен стандартты емес тәсілдермен шешуге ұмтылуы шартты. Нақты шығармашылық ақпараттың толықтығы және педагогтың оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық өзара әрекеттесудің әр түрлі құралдары, формалары мен тәсілдерін тиімді жэне жаңаша колдану негізінде каланады. Педагогикалық стиль - педагогты (бір мектептің) өзге педагогтардан ерекшелеп тұратын өзіндік ойлары мен әрекеттерінің ерекшелігімен сипатталады. Әр педагогтың оқу-тәрбие процесін үйымдастыру сипаты өзгеше болып келеді. Оны оқушылар байқайды. Оңтайлы сипат әлемдік позициядағы көрегенділікпен, үнемі өз-өзін жетілдірумен, жұмысқа, өзіне, тәрбиеленушілерге деген дұрыс қатынасының әр алуан бағыттылығымен сипатталады. Психологиялық-педагогикалық өзара қатынасқа түсе отырып, педагог-гуманистің өзіндік танымы мен рефлексиялық қабілеті ашылады. Аттракция (латын тілінен attractic – тартылыс) - педагогтың тартымдылық күшіне ие болу, өзге жанды баурап алу, ашық, сүйкімді болу кабілеттілігі. Эмпатия- педагогтың өзге адамды, оның уайым-қайғысын, әрекет ету мотивін және сыртқы ортаға деген әсерін іштей түсіне білу дағдысы; бұл - рухани-эмоционалды күйді түсіну, осы күйді онымен бірге қайғыру. Рефлексия - педагогтың өзін, өзінің психикалық жағдайын сезіну, өзін сырттай елестете және сезіне білу, өзге адамдардың өзін қалай бағалайтындығын байқай білу дағдысы. Жоғарыда аталып өткен қасиеттерді өз бойынан таба білетін педагогтың мәдениеттілігі, оның педагогикалық тыңдай және тыңдата білу әдісі бойынша ерекшеленеді. Күнделікті кызметте өзіндік сыншылдық негізінде ол өзінің және өзгенің әрекетін бағалай білетін жағдайда болып педагогтың оқу-тәрбие міндеттерін сәтті шешуіне мүмкіндік береді. Білім сапасын дамытудың негізгі көрсеткіші мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты өрнектеледі. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі 26 келесі педагогикалық шарттарды жүзеге асыруы барысында дамытылады: Мақсаттылық – мұнда мұғалім іс әрекетіндегі саналы мақсат, әдістер, әрекеттердің тиімді түрлері таңдаланып анықталады да, күтілген нәтижелерге іс әрекет пен оқыту нәтижесінің қорытындыларын салыстыру әрі басқару құралы қызмет атқарады. Тұлғалық - әрекеттік. Мұнда жобалауда қойылған міндеттерді шешуде мұғалімнің оқушылармен, әріптестерімен педагогикалық ұтымды қарым-қатынастарды тағайындаумен байланысты іс-әрекеттер қамтылады. Ең бастысы, тыңдаушылардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуын қамтамасыз ететін өзіндік жұмыстарға ерекше назар бөлінеді. Процессуалдық. Мұнда білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың аймақтық жүйесінде білім беру іс әрекетінің арнайы ұйымдастырылған үрдісі ретінде қарастырылады және оқытудың топтық форма мен бірлескен іс әрекетке бағдарлануын талап етеді. Басқарушылық. Бұл жерде білім арттыру курстарындағы оқыту үрдісін рефлексивтік түрде басқаруды мұғалім-мазмұндаму деп қарастыруға мүмкіндік береді. Мұғалімнің бір ғана сыры – оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан-тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса, мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы. Төртінші қыры – байқағыштық сезімі және көрегендігі. Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы. Алтыншы қыры – жан-жақты дарындылығы. Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы. Сегізінші қыры – үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп-этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі 27 жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі. Мұғалім – Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан-қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: біріншіден, балаға үлгілі болуы және үлгі көрсетуші болуы керек. Білім беру саласында қоғам қойған міндеттерді шешу үшін ұстаздар педагогикалық шеберлікке ие болуға тиісті. И. А. Зязюннің пікірінше, педагогикалық шеберлік – бұл кәсіптік педагогикалық іс-әрекетті өзі ұйымдастырудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін тұлғаның қасиеттерінің кешені. Ал, В. А. Сластениннің пайымдауынша, педагогикалық шеберлік – бұл педагогикалық процестің жоғары пәрменділігін қамтамасыз ететін жеке адамның жекелік іскерлік белгілері мен қасиеттерінің синтезі. Ал, оның компоненттеріне гуманистік бағыты, кәсіби білімі, педагогикалық қабілеті және педагогикалық техника жатады. Сондай-ақ, педагогикалық шеберліктің маңызды бөлігі ретінде педагогикалық техника қарастырылады. Бұл жеке оқушыға немесе ықпал жасауға арналған әдістемелік құралдардың тиімді және дұрыс қолдану шеберлігі. Оған мұғалімнің сөйлеу техникасы, өзінөзі ұстауы, жүріс-тұрысы, киім киісі, эмоционалдық тұрақтылығы, дауыс ырғағы және тағы да басқа қасиеттері жатады. Педагогикалық техника – мұғалімнің өздерінің жеке психофизиологиялық жай-күйін, көңіл күйін, эмоциясын, денесін, сөзін және педагогикалық мақсатты қарым-қатынасын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жалпы педагогикалық және психологиялық білім кешені. Педагогикалық қабілеттілік – мұғалімнің педагогикалық ісәрекетте жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін жекедара психологиялық ерекшеліктері мен кәсіби маңызды сапасының қорытынды жиынтығы.

Педагогикалық қарым-қатынастағы маңызды рөл паномимика және пластика. Пантомимика - дененің, қолдың, аяқтың қимыл- 89 әрекеті ол образды бейнелеуге, негізді бөліп алуға көмектеседі. Егер біз сабақ түсіндіріп тұрған мұғалімді бақыласақ, оның барлық денесі, қолдары, бет әлпеті, аяғы үнемі қозғалыста болады. Мұғалімнің әуелгі жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері оның ішкі жан дүниесін бейнелейді. Жинақылық пен емін еркін қимылы педагогтың өз біліміне, күшіне деген сенімін білдіреді. Сонымен қатар салбыраңқы бас, жиі қобалжу мұғалімнің әлсіздігін, өз-өзіне деген сенімсіздігін білдіреді. Сабақ беру барысында мұғалім оқушылардың алдында тұру тәртібін ескеру керек (екі аяқтың ара қашықтығы 12-15 см, бір аяқ екінші аяқтан сәл алға шығуы керек). Барлық қимыл әрекетімен оқушылардың назарын өзінің қарапайымдылығына аудартуы керек. Сонымен қатар эстетикалық зиянды әрекеттерден арылуы керек: алға-артқа теңселу, екі аяғына кезек-кезек сүйену, орындықтың арқасын бір қолмен сүйеп тұру, қолында өзге бір заттарды қозғап немесе айналдырып тұру, басын (шашын) қасу, мұрынын жиі сүрту, құлақтарын ұстау және т.б. Педагог іс-әрекеті, қимылы өз дәрежесінде шектеулі және ұстамды болуы керек. Мұғалімнің әрбір іс-әрекеті, қимылқозғалысы, бет әлпетінің қозғалысы оның сөзіне сай болуы керек. Мысалы: сабақ түсіндіру барысында мұғалім тұрған жерінен алға қадам басса, ол тақырыпты ары қарай толығырақ түсіндіріп тұрғанын, артқа шегінсе оқушыларға демалуға мүмкіндік бергені. Ал о

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2021
518
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12