400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Педагогикалық жағдаяттар

Материал туралы қысқаша түсінік
Сұрақ. Тәрбиешінің еңбек және демалыс тәртібі, бос уақыты туралы Сіздің пікіріңіз? Әдіскер бөлмесіндегі пікір әңгімеге талдау жасаңыз. №2 жағдаят
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогикалық жағдаяттар



1 жағдаят. Әдіскер бөлмесіндегі әңгіме.

Күн тәртібіне сүйеніп жұмыс істеу нәтижелі, әрі ауыртпалық түсірмейді Өмірді ырғақты ұйымдастыру әрине орынды, алайда үнемі сағат санап отыру мазасыздандырады. Бос уақыты көп, жұмысқа атүсті қарайтын адамға тәртіптің қажеті жоқ. Тәртіпті жасау, оны орындау біздің балабақша жағдайында мүлде мүмкін емес.

Сұрақ. Тәрбиешінің еңбек және демалыс тәртібі, бос уақыты туралы Сіздің пікіріңіз? Әдіскер бөлмесіндегі пікір әңгімеге талдау жасаңыз.


2 жағдаят

Сіз бүгін бейнелеу өнері сабағына дайындалмай келдіңіз. Сабақ тақырыбы:

Натюрморт. Сабағыңызға қатысуға меңгеруші келіп отыр.

Сұрақ. Сабақты қалай өткізесіз?


3 жағдаят. Ересектер тобында өшіргіш, қарындаш сияқты заттар жоғала беретін болды, бір жолы қыз баланың ақ бантигі жоғалды. Тәрбиеші жоғалған заттар туралы әңгімеледі. Ал, балалар болса жоғалған заттардың қайтарылғандығы жайлы үлкендерден естіген деректерін айтты.

Сұрақ:1. Тәрбиеші қолданған тәрбие әдісін айтыңыз?

2. Балаларға әсерлі болуының себебі не?


4 жағдаят.

Жексенбі күні Айдар әкесімен бірге орманға саңырауқұлақ теруге барды. Күні бойы орман кезіп шаршаған, асыққан олар автобустың ішінде бір-біріне қарама-қарсы отырған еді. Кезекті аялдамадан автобус қозғалған кезде Айдар отырған орындықтың тұсына бір әйел келіп тұрды. Үстіне әдемі мерекелік көйлек киіпті.

Айдар орын беру керектігін түсінді, тіпті орынынан тұрғысы келгендігін қимылмен байқатты да, бірақ әйелдің өзіне көңіл бөлмегенін көріп, терезеге бұрылып отыра берді. Әкесі орнынан тұрды.

- Отырыңыз, деген әкесінің дауысын естіді Айдар. Айдар құлағының ұшына дейін қызарып, орынынан ұшып тұрып:

- Отыр! Мен түрегеп тұрам,- деді.

Әкесі Айдардың ісін солай болу керектігін ұғып, орынына отыра бере сыбырлай сөйлеп:

  • Байқампаз болу керек, балам,-деді.

Сұрақтар: 1.Айдар нені сезінді, ол оның мінез- құлқына қалай әсер етті?

2. Айдардың әкесі қандай педагогикалық әдісті қолданды?


5 жағдаят.

Төмендегі қасиеттердің жағымды және жағымсыз түрлеріне талдау жасаңыз, нақтылы өмір мысалдарымен дәлелдеңіз:

1.Адамға үйір және көпшіл болу қасиеті

2.Тәртіптілік

3.Принципшілдік

5.Ұяңдық

4.Қайырымдылық

6.Жасқаншақтық

7.Шыдамсыздық

8.Кішіпейілдік

9.Табандылық

10.Өзімшілдік

11.Кешірімшілдік

12.Ынталылық

13.Сенімсіздік

14.Оптимистік

Осы аталған қасиеттерді күнделікті өмірде, балабақша тәжірибесінде, көркем әдебиет кейіпкерлерінің қайсысын өз бойына қалыптастыруың керек деп ойлайсың?


6 жағдаят.

Балабақшаның педагогикалық кеңесі мәжілісінде оқу –тәрбие процесінің қорытындысы талқыланды. Мәжіліс барысында «Педагогикалық жұмыстың нәтижесі деп нені есептейсіздер?»- деген сұрақ қойылды. Мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі: «Мен өзімнің жұмысыма, балаларыма ризамын. Тобымның жалпы оқу- тәрбие жұмысы басқа топтармен салыстырғанда жоғары деңгейде. Әртүрлі шараларда алдыңғы қатарда жүрмін, бұл менің педагогикалық еңбегімнің нәтижесі»,-деп өзіне баға берді. Ал, ересектер тобы тәрбиешісі: «Бір қарағанда балаларымның бәрі де тәрбиелі, ынталы бірақ та ертеңгі мектеп табалдырығын аттағанда, олардың қандай адам болатынына мазасызданамын»,-деп қобалжуын білдірді.

Сұрақ: Сіз осы мәжіліске қатынасқан болсаңыз, қандай пікір айтар едіңіз?



7 жағдаят.

Балабақшаның ауласына серуенге шыққан балалар ойнап жүр еді. Бір бала үйінен добын ала келіпті. Ойынға барлық балада қосылды. Біреуі допты қатты теуіп қалып, доп барып терезеге тиді. Әйнек сынды. Балалар жан-жаққа қашты. Доп әкелген баланы тәрбиеші ұстап алып: -Доп, сенікі, ойнаған сен, ендеше саған жауап беруге тура келеді. Ата-анаңды шақыртып, кімнің кінәлі екенін анықтаймыз? Бала өзінше ақталуға тырысса да тәрбиеші оған құлақ аспады.

Сұрақ: Сіздің пікіріңіз?


8 жағдаят.

Тәрбиеші балаларға: Егер ертең жұма күні ауа райы жақсы болса, орманға барамыз, деп уәде берді. Жұма күні де болды, күн шығып тұр, бірақ балалар орманға бармады. Олар алдағы қуанышқа жігерлене көңілдері көтеріліп, үйлеріне қуанышты хабарды айтқан болатын. Ал, тәрбиеші балалардың рухтана әзірленгеніне құлақ аспады, өз тірлігін алға қойды.

Сұрақ: Тәрбиешінің іс-әрекетін талқылаңыз.

Іс- тәжірибе негізінде жоғары көрсетілген жағдаяттан қандай шешім алып қолданар едіңіз?


9 жағдаят

Еңбек сабағы. 4-ші сабақ . Сабақ тақырыбы: Бөлме өсімдіктерін күту. Балалардың 3 сабақтан кейін әбден шаршағандары көрініп-ақ тұр. Жұмыс жасауға еш бір зауқылары жоқ. Сізде шаршап тұрсыз.

Сұрақ.Сабақты қалай өткізесіз?


10 жағдаят

Сіздің еңбек өтіліңіз 20 жыл, тәжірибелі мамансыз. Жас мамандардың байқауында жұмысқа жаңадан келген 1 тәрбиеші тіл дамытудан жаңа идеяларға толы, дәстүрлі емес үлгілі ашық сабақ өткізді. Қатысқан мамандардың барлығы да бұл сабақтан үлкен әсер алды. Жас маманның болашағы зор екені сабақ беру барысында әрбір іс- қимылынан көрініп-ақ тұрды. Ал сіз өз іс-тәжірибеңізде тіл дамытудан осындай үлгілі сабақ өткізбеген екенсіз,

Сұрақ.Сіз қандай көңіл-күйде болдыңыз?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
22 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
30676
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі