Қауымдастық
Жаңа
ЖИ көмекші
Жаңа
Хабарламалар
Менің курстарым
Менің олимпиадаларым
Дайын ҚМЖ
Менің материалдарым
Менің іс-шараларым
Менің байқауларым
Менің турнирлерлерім
Журнал
Курс Олимпиада Дайын ҚМЖ ЖИ көмекші Материалдар
Көрнекіліктер Іс-шаралар Турнир Орталық туралы Ойындар
Аттестация Байқау Материалдар Журнал Орталық туралы
ЖИ көмекші
Қауымдастық
0 / 1
Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу
690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б.
  • 10 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 30 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу
  • Күніне 2 көрнекілік жүктеу
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 5 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    1 - айлық
    Стандарт
    2990 ₸ / айына
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 30 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу
  • 30 көрнекілік жүктеу
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 150 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 10 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • 1 - айлық
    Шебер
    7990 ₸ / айына
    Таңдау
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 150 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу
  • 90 көрнекілік жүктеу
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 300 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 50 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • Назар аударыңыз!
    Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
    Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
    Ок
    Материалдың қысқаша нұсқасы

    PBL –технологиясы арқылы қазақ тілі мен әдебиеті сабағында балаларды ғылыми жоба жазуға баулу

    Педагогикалық жоба

    Түсінік хат

    ХХІ ғасырда білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оның сапасы да жаңаша сипатталып, білімнің – құндылық, жүйе, үрдіс, нәтиже ретінде төрт жақты сипаты біртұтас қарастырылады. Біздің елімізде білім беру жүйесі бәсекеге қабілетті жаңа сапалық сипатқа ие болуда. Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесі – білім, білік, дағдыны меңгеруге бағытталудан біліктілік алуға көшуді міндеттейді. Сондықтан да әлемдік білім беру кеңістігінде таралған, өркениетті елдерге тән білім беру ісі нәтижеге бағытталған білім үлгісін заманауи технология көмегімен, оқушы үшін қызықты етіп жеткізу үрдісі өзекті болып табылады. Қазіргі таңның оқушылары үшін білім алу процессі іш пыстырарлық және мағынасыз болып көрінеді. Технологияны жетік меңгерген бүгінгі оқушыны интерактивті әдіс сабағы да қызықтыра қоймайды. Жарқ-жұрқ еткен әлем мен лездік видеороликтер олардың санасын тез жаулап алды, сондықтан да оқу педагогикалық идеясына оқушыны қызықтыру заманауи тұрғыдан келуді міндеттейді. Сондықтан Project Based Learning (PBL) жобасын жүйелі қолдануды жөн деп санаймыз.

    PBL – білім беруді дамыту және бағалау негізіндегі жоба. PBL жобалау арқылы білім беруді іске асырады. Яғни жоба жасау арқылы білім бере отырып, оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуіне жол ашады. Бұл оқыту тәсілі бұрыннан оқу үрдісіне «практика негізінде оқыту» (ағыл. learning by-doing) деген атпен енген болатын, ал қазіргі жаңашыл педагогтар «PBL- жоба арқылы білім беру» деп атап жүр. PBL оқушыларды әр деңгейдегі зерттеулерге қатыстыра отырып, оқыту процесін жеңілдетеді. Жаңа өмір талабына сүйенсек, біздің міндетіміз – ересек өмірге дайын, келешекке сенімді түрде енетін оқушы тәрбиелеу. Мектепте алған білімді барлығы бірдей өмірде пайдалана білмейді. «Алып жатқан білімім бүгін болмаса, ертең қажетіме жарайды» деп оқыған бала ғана ертеңінен үміт күтеді, сенім пайда болады, қазірден бастап өмірін жоспарлауға мүмкіндік алады. Сондықтан да PBL-ді оқу үрдісіне дәстүрлі тәсіл ретінде енгізсе құп болар еді деп ойлаймыз.

    Ал PBL-Project Based Learning жоба негізінде өтілген пәндерде оқушылар белсенді және алған білімін қазіргі өмірмен ұштастыра алады. XXI ғасырда жұмыста жетістікке жету үшін негізгі білімге ие болу жеткіліксіз. Ал PBL баланы тереңдетілген біліммен қоса жауапкершілікке, досына сенім артуға, топпен жұмыс істеуге үйретеді және шығармашылық қабілетін арттырады.

    Бұл педагогикалық идеямен жұмыс жасау арқылы мұғалім оқушының өз пәніне қызығушылығын арттырып, оқушының пәнді жаңа қырынан тануына жол ашады. Мұғалім өз пәнінің құндылығын арттыра алады. Бұл педагогикалық идеяның түпкі мақсаты - бүгінгі таңда оқушы үшін зиян деп жүрген дүниелерді пайдалы тұсынан қолдандыра отырып, оқушыны сабақ оқуға бейімдеу. Ал жұмыс барысындағы оқушының ізденіске түсетіні, ой қорытатыны, ақпаратты қолдануды үйренетіндігі, қорғау кезіндегі көпшілік алдында сөйлеуі, сұрыпталған ақпаратты жеткізе білуі, айтылым, жазылым, оқылым дағдыларының жетілуіне әкеледі. Функционалдық сауаттылыққа баулуда аталған жобаның алатын орны ерекше.

    Педагогикалық идеяның негізгі бөлімінде шынайы өмірдің құбылыстарын біліммен байланыстыра, ұштастыра оқытудың білім алушының пәнге деген ынта-ықыласын арттырып, білім алуға деген құлшынысын, сүйіспеншілігін оятады, күш-жігер беретіндігіне педагогикалық тәжірибелік дәлелдер арқау болады.

    Біздің ойымызша, жоба үдерісінде баланың интеллектуалды қабілеті проблемалық сауал мен өмірдің шынайы көрінісінің төңірегінде пайда болатын танымдық қақтығыс пен әр түрлі пікірді дәлелдеуден қалыптасатыны әбден мүмкін. Бұл қақтығыс – білім алу жолындағы күрес, проблемалық сұраққа жауап алу жолындағы күрес. Сол күресте бала білімі толығып, толықсиды.

    Жауап іздеуде проблемалық жағдаят барысында түсінік қалыптасады, басқалармен бірігіп, командалық жұмыс жасауды үйренеді, өз жұмысын сараптауды үйренеді, сұрақ қоя білуге дағдыланады, сауалнама алады, зерттеу жүргізеді, проблеманың шешіміне жұмыс жасайды, креативті пікір айтады, гипотеза туындатады. PBL үдерісінде білім алушыда қызығушылық туындайтыны педагогикалық тәжірбиеде анықталды.

    Тәжірибеге негізделіп жазылған авторлық педагогикалық идея жан-жақты талданып, әріптестер мен арнайы мамандардың пікіріне сүйеніп, барлық дереккөздер ескеріліп жасақталды.

    Мектеп және колледж мұғалімдеріне, жоғары сынып оқушыларына, колледж студенттеріне, болашақ мұғалімдерге қолдануға ұсынылады.

    Педагогика саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған К.Д.Ушинский: «Нашар мұғалім балаға өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» деген екен. Тақырыпты терең меңгеруге, оны барлық жағынан қарауға жетелейтін PBL жобасы да оқушыны ізденіске үйретеді. Бұл тәсілдің негізгі шарты — ғылыми жобаны кәдімгі өмірмен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан ойлауды және көптеген ақпаратты коммуникациялық технологияларымен жұмыс істеуді үйретеді.

    Жоба негізінде оқыту (PBL) жетекшінің қадағалауымен, қағазға басылған ақпаратты қолдану және оқыту-жаттату тәсілдері арқылы білім беру түрлеріне баламалы болып табылады. Аталған әдістің жақтаушылары оның білім беруде тақырыпты терең түсінуге, пәнді кең ауқымды қабылдауға, жеке оқушылармен және топпен байланыс құруда коммуникациялық қабілет, лидерлік, шығармашылық және сауаттылық қабілеттің артуына үлкен септігін тигізеді деп есептейді. Осындай ұтымды жақтары бұл жобалық тәсілдің тиімділігінің дәлелі болып табылады.

    Педагогикалық идеяның ерекшелігі. Авторлық педагогикалық идея барлық пән мұғаліміне қосымша құрал бола алады. Әр сабақ - мұғалімнің шығармашылық өнері екені даусыз. Өз сабағын қызықты әрі белсенді болғанын қалайтын мұғалім үшін PBL жобасы үлкен мүмкіндік. Ал еліміздің ертеңгі тұтқасына ие болар келешек ұрпаққа заманауи технологиялар көмегімен сапалы білім беру зор жауапкершілік жүктейді. Жобада пән білімі киберпедагогикамен ұштастырылып беріледі. Бұл өз кезегінде оқушыны қызықтырып, ізденіске, өз бетінше жұмыс жасауға баулиды. Бұл әдіс негізінде оқушыға оқу жылының тақырыптарын қамтитын, қазіргі уақытпен байланысқан және оқушының деңгейіне сай жоба беріледі. Оқушыға жеңілдік ретінде мұғалімнің қалауына қарай жобаны сынып жұмысы, үй жұмысы, бақылау жұмысы немесе емтихан ретінде бағалауға болады. Маңызды ерекшелігі ЕББҚ оқушыны ортаға тарту, оның жасырынды қабілеттерін анықтауға, командалық жұмысқа баулуға, өз қабілетін көрсете білуге, ортада өзін еркін ұстауына ерекше ықпал етеді.

    Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.

    Педагогикалық идеяның өзектілігі. Жоба (PBL)негізінде білім берудің адамзат өмірінде маңызды екені, білім алушының зерттеу арқылы басқалармен коммуникативті қарым-қатынасқа түсуі білім беру әдісіне негіз бола алатынының дәлелі болғаны қарастырылады. Зерттеудің заманауи білім беру жүйесіне жоба негізінде оқыту қажеттілігі білім алушының қызығушылығын туындататын бірден-бір өзекті әдіс.

    Негізгі идеясы. Бәсекеге қабілетті заманауи біліммен қаруланған қазақстандық патриот тұлға тәрбиелеу.

    Концепциясы. Ел игілігі үшін қызмет ететін білімді тұлға қалыптастыру. Жобаға бағытталған оқыту әдісін қолдану арқылы мұғалімдер келер ұрпақты қоғамда адал, тиянақты жауапкершілікпен жұмыс істеуге тәрбиелейді және бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырады.

    Оқытудың логикалық негізі. Әр сабақтың оқушы үшін қызықты әрі пайдалы болып өтуі үшін әр пән мұғаліміне қосымша құрал бола алады. Мектеп, колледж, университет көлемінде білім алушының жас ерекшелігін ескеріп қолдануға болады.

    Жұмыстың ғылыми жаңалығы:

    Қазақ тілі және әдебиеті пәнін оқытудағы өзекті мәселе жөнінде оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мен жан-жақты дағдыны қалыптастыруда белсенділік деңгейінің көтерілетінін анықтадық, педагогикалық идея бойынша берілген бөлімдік білімнің шынайы өмірмен байланысын әр сабақ сайын жақындата түстік. Демек біз өз пәнімізде жеткен мақсатқа кез келген пән мұғалімі жете алады.

    Гипотеза: білім алушылар жоба негізінде оқи отырып, бір-бірімен тәжірибе алмасады, тіл табысады, достық, ынтымақ орнайды, қабілеті ашылып, шығармашылығы дами түседі. Ортақ идея туындап, сол бағытта ізденеді, талқылайды, бірін-бірі қайта бағалайды, әрқайсысы өз позициясын дәлелдеуге тырысады, нәтижесінде сараптай келе бір ортақ шешім қабылдап, соңғы өнімді ұсынады.

    Мақсаты: қоғамдағы өзгерістерді оңтайлы қабылдай алатын, білім алушыға құндылықтар негізінде сапалы білім бере отырып, идеялық адамгершілікті, мәдени және этикалық қағидаларды ұстанатын, әлеуметтік жауапкершілікті қызметке және тез өзгергіш әлемдегі үздіксіз білім алуға дайын болуды қамтамасыз ететін, жан-жақты білімді, әлеуметтік белсенді шығармашылық тұрғыда дамитын, тұлғаның қалыптасуына қолдау көрсететін кәсіби шеберлігі шыңдалған ұстаздардың біліктілігін жетілдіру.

    Шығармашылық топ мүшелері өзара тәжірибе алмасу, өздігінен білім көтеру, кәсіби құзыреттілігін көтеру арқылы әдістердің тиімділігін сараптайды, жүйелейді. Жоба негізінде білім беру үдерісінде сынып контингентінің пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Қабілет, дағды, біліктілік қалыптасады әрі дамиды. Сыни көзқарасын еркін жеткізе алады және көпфункционалды жеке тұлға қалыптасады.

    Педагогикалық идеяның міндеттері:

    • Мамандардың педагогикалық іс-тәжірибесіне жоба негізінде білім беруді белсенді түрде қолдануды кіріктіру, зерделеу, зерттеу, тарату жұмыстарын ұйымдастыру.

    • Әр педагог оқушыларды жобалау, шешімдер қабылдау және шығармашылық жұмыстарды орындауға баулу.

    • Баспа әрекетін жоспарлау және жариялау.

    • Семинар-конференцияларды бастамашылдық әрекетімен өткізу.

    • Кәсіби сайыстарға қатысу.

    • Шебер-сынып ұйымдастыру.

    • Жоба үдерісі бойынша зертханалар мен қажетті саяхат орындарын алдын ала жоспарлау.

    • Жоба таныстырылымын, жоба шеруін, жоба фестивалін өткізу.

    Күтілетін нәтиже.

    PBL үдерісі кезінде білім алушы білім алудың нақ қайнаған майданында жүреді: бала өрісі кеңейеді, күресуді, өз позициясын қорғай білуге дағдыланады, қарым- қатынас мәдениетіне бейімделетіні қамтылады.

    • 1. Білім базасы / білімнің қалыптасуы /

    • 2. Жұмысты /орындаушы/ бақылау / өз бетінше білім алу /

    • 3. Ынталандыру және іскерлікке баулу

    • 4. Тың жаңалықтарды дамыту

    • 5.Білім алудағы әлеуметтік және контекстік факторлардың маңыздылығы.

    Мұғалім білім алушыны педагогикалық идея тақырыбына сай жоба жасату арқылы өмірлік дағдыға баулу, оны қолдана алу, өзектілін таныту тәжірибелері жоба жасауда маңызды деп танылды.

    Зерттеу кезеңдері:

    I кезең. Зерттеу мәселесіне байланысты ақпараттар жинау, оларды оқып танысу, талдау , жоба жоспарын жасау.

    II кезең. Зерттеудің негізгі бағыттары арқылы ( зерттеу, тәжірибе жасау, сауалнама, иньтервью, видеоролик т.б.) соңғы өнімді жасау, жариялауға дайындау.

    III кезең. Жобаны талдау жұмыстарын жүргізу, таныстырылым, кері байланыс, ұсыныс және оның білім алушы үшін маңыздылығы.

    Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:

    1. Жоспарланған жобаның проблемалық сауалын анықтау.

    2. Проблемалық сұраққа жауапты іздену-зерттеу, тәжірибе жасау барысында қамтылатын білім мен дағдының жүйелілігін анықтау.

    3. Жобаның әр кезеңіне талдау жасау, соңғы өнімнің өміршеңдігін дәлелдеу.

    Зерттеудің тәсілдері:

    Зерттеуде бірнеше тәсілдер қолданылады: іздену тәсілі, сыни ойлау және пікіралмасу тәсілі, салыстыру тәсілі, талдау, жасау тәсілі.

    Жоба негізінде үйренудің (PBL) 8 элементі

    (5-сынып, «Киім. Сән. Талғам» бөлімі бойынша жасалған жоба негізінде үлгі)

    Негізгі элементтер

    Cипаттама

    Жобаның оқу-танымдық мақсаты

    • Жаңаша ойлауға дағдыландыру;

    • Теорияны практикамен ұштастыруда идеядан идея туындату;

    • Проблеманың сұраққа нақты жауап іздеп табу;

    • Объектінің ерекешелігін аша түсу.

    ХХІ ғасыр құзыреттіліктері

    • Топтастыру-ынтымақтастық;

    • Ой қозғау – СТО қабілетін дамыту;

    • Коммуникативтік: интервью, өзара қарым-қатынас, мұғаліммен, экспертпен сөйлесу;

    • Шығармашылық – соңғы өнім нәтижесін көрсету.

    Проблемалық сұрақ

    Жыл мезгілдеріне қарай ұлттық талғамда үйлестірілген ұлттық киім элементтері бар жаңа үлгідегі киімдерді қалай жасай аламыз?

    Түпкілікті зерттеу

    • Уақыт кезеңі мен жыл мезгілдеріне қарай киім туралы жан-жақты мәліметтер жинау;

    • Киімді талғаммен ұлттық дизайнде киюдің біздің өміріміздегі мәні;

    • Киім үлгісі дизайнері табыс көзінің кепілі бола ала ма?

    • Жыл мезгілдеріне қарай ұлттық нақыш элементін қолдана отырып киінуде оқушылардың жаңа көзқарасын қалыптастыру.

    Сын және рефлексия

    • Жасаған жобаға өзара галерея ұйымдастыру;

    • Әр этап сайын бір-біріне сын айта білу;

    • Жобаны қайта өңдеу кезеңіндегі толықтыру ұсыныстары.

    Шынайылық

    • Атақты отандық дизайнер ательесіне саяхат;

    • Талғаммен киінудің эконономикалық- әлеуметтік, тарихи маңыздылығына көз жеткізу мақсатында видеожоба түсіру;

    • Өмірмен байланысты маңыздылығы.

    Оқушының таңдау құқығы

    • Интервью, саяхат, тәжірибе жасау, видеоролик

    Көпшілік алдында қорғау

    • Соңғы өнім: слайд – соцвидеоролик, бизнесжоспар, әлеуметтік желіде парақша

    ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР МАЗМҰНЫ

    Рет саны

    Сабақтың тақырыбы

    Сағат саны

    Негізгі ұғымдар

    1

    Кіріспе. Мұғалімдердің PBL туралы білім базасы қалыптасуына ықпал ету.

    2

    Жоба туралы түсінік, мақсат-міндеттері, өзектілігі мен негізгі концепциясы

    2

    Жобалық оқыту – жаңаша үрдіс, күтілетін нәтиже - орасан

    2

    Жобалық оқытудағы күтілетін нәтижелер туралы толық баяндау. Оқушыға берілетін дағдыларды сараптау

    3

    Жобалық оқыту мектеп пәндерінде

    2

    Жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық пәндер мысалында жобаны қолдану

    4

    «PBL жаңалықтары» тақырыбында семинар-дәріс.

    2

    Ақпарат көздерімен жұмыс жасауға үйрету жолдары

    5

    Сынып оқушыларын топқа бөлу

    1

    Психолог-педагог көмегіне жүгінудің пайдасы, сынып оқушыларының ерекшелігін ескеру

    6

    Келісімшарт. Маңыздылығы

    1

    Келісімшарт талаптары, атқаратын рөлі туралы толық баяндау. Жауапкершілік дағдысы

    7

    Оқушыларды командалық жұмысқа баулу ерекшеліктері

    2

    Кезең-кезеңімен таныстыру, талдау, бөлісу

    8

    Жоба жасаудың жүйесі

    2

    Ерекшеліктері мен әдістерін талқылау. Ұжымдасу, то

    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    ЖИ арқылы жасау
    bolisu
    Бөлісу
    1 - айлық
    Материал тарифі
    -96% жеңілдік
    00
    05
    00
    ҚМЖ
    Ашық сабақ
    Тәрбие сағаты
    Презентация
    БЖБ, ТЖБ тесттер
    Көрнекіліктер
    Балабақшаға арнарлған құжаттар
    Мақала, Эссе
    Дидактикалық ойындар
    және тағы басқа 400 000 материал
    Барлық 400 000 материалдарды шексіз
    жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
    1 990 ₸ 49 000₸
    1 айға қосылу
    Материалға шағымдану

    Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

    Жариялаған:
    Досова Амина Калмырзаевна
    11 Желтоқсан 2023
    1017
    Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз

    Педагогикалық жоба

    Тақырып бойынша 31 материал табылды

    Педагогикалық жоба

    Материал туралы қысқаша түсінік
    PBL –технологиясы арқылы қазақ тілі мен әдебиеті сабағында балаларды ғылыми жоба жазуға баулу Педагогикалық жоба

    Файл форматы:
    docx
    Қазақ тілі Басқа Барлық сыныптар
    11.12.2023
    1017
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Жариялаған:
    Досова Амина Калмырзаевна
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курстар тізімі

    Химия пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Тарих пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Биология пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Ағылшын тілі пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    География пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Информатика пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Мектепке дейінгі білім беру

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    «Қазақ тілі» жəне «Қазақ əдебиеті»

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Дене шынықтыру

    пәні бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Білім алушылардың білім сапасын арттыру

    мақсатында сабақта цифрлық технологияларды қолдану
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Инклюзивті білім беру

    жүйесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша педагогтердің кәсіби және пәндік құзыреттіліктерін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ
    Ғылыми-әдістемелік орталығы
    Редакциямен байланыс
    +7 (771) 234-55-99
    Жұмыс кестесі: Дүйсенбі –
    жұма, 9:00 – 18:00
    Мекенжай:
    Қазақстан, Алматы, Гоголья 86,
    4 этаж, 406-кабинет
    Электронды пошта
    ustaztilegi@gmail.com
    Сведения об организации
    Сайт Peaksoft веб-студиясында жасалған - Peaksoft.kz
    Политика конфиденциальности
    Сведения об организации