400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педагогикалық жүйедегі көшбасшы рөлінің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп басшыларының бойында көшбасшылық қасиеттердің болуы 2. Мектепті дамытудағы көшбасшының рөлі және оның жүзеге асырылуы 3. Мектепті табысты мектепке айналдыру үшін мектеп басшысының жаңашылдықты енгізуі.Бұл материал мектеп директорлары мен көшбасшыларына көмегі болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы







Педагогикалық жүйедегі көшбасшы рөлінің тиімділігі

(семинар-практикум)







А.Уалибаева, №18 орта мектеп директоры





















Педагогикалық жүйедегі көшбасшы рөлінің тиімділігі

(семинар-практикум)


Семинар-практикумның мақсаты: Педагогикалық жүйедегі көшбасшы рөлінің тиімділігін арттыру.


Міндеті:

1. Мектеп басшыларының бойында көшбасшылық қасиеттердің болуы

2. Мектепті дамытудағы көшбасшының рөлі және оның жүзеге асырылуы

3. Мектепті табысты мектепке айналдыру үшін мектеп басшысының жаңашылдықты енгізуі.


Өткізілу түрі: Семинар-практикум


Оқу жылының басталуымен көшбасшылар!

Қазіргі кезде мектептегі әр ұстазды «Жылдар бойы бір жүйемен оқыған білім саласына жаңашылдық не үшін керек?» деген сұрақ ойландырып жүргені белгілі. Ия, бұл сұрақтың жауабы өте маңызды, өйткені уақыт та, заман да басқа. Қоғамдағы өзгерістердің бәрі білім саласына өз әсерін тигізері сөзсіз. Заман жылдам өзгеруде, ендеше мектептер озық технологияның дамуына ілесе алатындай жаңашылдықпен жұмыс істесе ғана көштен қалмайтыны белгілі.

Өмір – бұл ағын су секілді, бір орында тұрмайды, яғни жылдар жылжып, уақыт өтеді. Уақыт өткен сайын қай салада болмасын дүниенің бір жаңалығы орын алып жатады.

Сондықтан, бүгінгі таңда мектеп директорының статусы да білім жүйесіне енген жаңалықтармен бірге жаңарып көшбасшы деген атаумен беріліп жүргенін білесіздер. Ендеше бүгінгі семинар практикумның тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?

Көшбасшы-лидер-кез келген қоғам ортасындағы ең бірінші адам.Көшбасшы болу үшін бірнеше көшбасшылық қасиеттерге ие болу қажет.Мысалы көшбасшылар

  • Табанды көшбасшы

  • рухтандырушы көшбасшы

  • Стратегиялық көшбасшы

  • Толыққанды

  • ынталандырушыкөшбасшы болып бөлінеді.

Қазір сіздер алдарыңыздағы қағазда көрсетілген жеке қасиеттердің өздеріңізге тән дегендерін белгілеп көріңіздер. Нәтижесінде өзіңіздің қандай көшбасшы екендігіңізге көз жеткізесіздер.

(өшбасшы түрлерін әр бағанаға белгілейді . 3-4 қасиетті белгілеген мектеп басшысының бойында сол көшбасшы түріне жататыны анықталады. Ал қай кқшбасшылық түрін дамытуды әр басшы өзі анықтайды. Көшбасшы түрлерін оқып беру)



Нақты, толыққанды көшбасшы

1.

○ Жаңалыққа үйір ,алғыр ойлы.

○ Олар әркез жылдам қимылдайды, реттеледі, тәуекел етеді.

○ Өте тез әрекет етеді.

○ Олар - өрмінезді жандар.

○ Нарықта өз бәсекелестерін табады.

○ Олар үнемі бағыттан ауытқымайды.

○ Олар дау-дамайдан қашпайды.

Стратегиялық көшбасшы

2.

○ Олар жалпы көріністі көз алдына елестете алады.

○ Әрекет етпес бұрын оны болжайды.

○ Олар жылдам өзгеріске бейімделе алады.

○ Олар стратегиясын нақты сипаттап айтады.

○ Олар құндылық, идеал,стандартты үнемі назарда ұстайды.

○ Олар қатты қысым көрсетпейді.

Рухтандырушы көшбасшы

3.

○ Рух беріп ынталандырады.

○ Олар еліктіріп , күш-жігер береді.

○ Олар өз ісіне берілген.

○ Жақсы жұмыс істеуге мүмкіндік беріп үнемі қолдайды.

○ Соңынан ерушілерге және өз ұйымдарына адалдық танытады.

○ Олар өздерінің осал және мықты жақтарын біледі.

○ Олар өздерін басқалармен еркін ұстайды.







Өз ісіне берілген табанды көшбасшы

4.

○ Олар ешқашан сәтсіздікті мойындамайды.

○ Үнемі сапаға ұмтылады.

○ Қасындағыларды табандылыққа итермелейді.

○ Өткеннен гөрі болашаққа мүмкіндік береді.

○ Сенеді және тұрақтылық көшбасшының негізі екеніне сенеді.

○ Идеяны ашық айтады.

○ Берген уәдесін орындайды.

○ Әділдікті қолдайды.

Уәждеуші, ынталандырушы көшбасшылар

5.

○ Олар жұмысты мәнді әрі маңызды етеді.

○ Істеп жатқан жұмысын не үшін істеп жатқанына көңіл бөледі.

○ Ұжымындағы зор әлеуетті көріп содан қанаттанады.

○ Жоғары мақсат қоюға өзін ынталандырып , уәждеп отырады.

○ Басқанын қолдауы мен қошеметін көріп, өзін өзі уәждейді.

○ Басқаларға сезімталдықпен қарайды.

○ Олар көреген жандар.

○ Үнемі сақтықпен әрекет етеді.

○ Адамдарға әділдікпен қарайды.


Сонымен көшбасшылық дегеніміз- топтың, қауымның, қоғамның бір мүшесі нақты жалпы мақсатқа қол жеткізу үшін басқаларды ұйымдастырып, бағыттайтын әлеуметтік-психологиялық үдеріс болып табылады.

Мектеп директорларына, яғни көшбасшыларына тән кәсіби тәжірибенің басты 4 бағыты бар:

  • -оқыту мен оқуға жетекшілік ету

  • -өзінің дамуы мен басқаларды дамыту

  • -жетілдіру, инновациялар

мен өзгерістерді енгізуге жетекшілік ету

  • -жергілікті қауымды бірлескен жұмысқа тарту

Бұрынғы дәстүрлі басқару ісіменқазіргі көшбасшының іс-әрекетін қалай салыстыруға болар еді?

Қазір мына әрекеттерді қарап отырып бұрынғы менеджердің іс-әрекеті мен қазіргі көшбасшылық әрекетін салыстырып, сәйкестендіріп көріңіздер.

(интерактивті тақтада сәйкестендіру жүзеге асырылады)


Менеджер

Көшбасшы

басқарады

жаңалық енгізеді.

көшірме

тұпнұсқа.

қолдайды

дамытады

жүйе мен құрылымғабасты назар аударады

адамға басты назар аударады

бақылауға жүгінеді

сенім ұялатады.

көру көкжиегі шектеулі

ұзақ мерзімді болашаққа бағыт түзейді

қалай және қашандеп сұрайды

не және неліктен деп сұрайды

маңызды аспектілерге қарайды

Алға (болашаққа) көз тігеді.

ұқсатып жасайды

құрастырады.

қалыптастасқан жағдайды сақтап қалуға тырасады

оны өзгертеді.

жақсы мағынадағы мықты орындаушы

жеке тұлға

затты дұрыс жасайды

көшбасшы дұрыс заттар жасайды.


Көшбасшылық үдеріс болғандықтан оны жүзеге асыру үшін белгілі бір критерийлерге сүйену қажет.Қазір сол ең қажетті деп табылған критерийлерді «9 ромб» жүйесіне салып көрейік.Сіздерге 3 мин уақыт беріледі. Сіздердің ойларыңыз бойынша ең негізгі деген критерийлерді жүйелеп ретімен орналастырыңыздар.

1) Бұндай көшбасшылар бәсекелестік қашан келеді деп тосып отырмай , нарықта өз бәсекелестерін ( жауларын) табады.

2) Бұндай көшбасшылар жаңалыққа үйір ,көріпкел әрі алғыр ойлы келеді .

3)Әрекет етпес бұрын , олар оны шешудің болжамды жолдарын алдын ала есептеп алады.

4) Олар құндылық , идеал , стандартты үнемі назарда ұстайды.

5) Олар еліктіріп , күш – жігер береді.

6) Олар өздерін , өзінің мықты және осал жақтарын біледі.

7) Өздері сенетін идеяны олар ашық айтады.

8) Олар соңынан ерушілерге де, басқаларға да берген уәдесін орындайды.

9) Өзі мен өзінің ұйымындағы зор әлеуетті көріп , содан қанаттанады.



Осы көшбасшы бойындағы қасиеттердің бәрі маңызды екендігін айтқым келеді. Олай болса қазіргі көшбасшы негізгі 4 бағытты басшылыққа алуы тиіс екен. Олай болса алғашқы екі бағыты Оқу мен оқытуға басшылық ету, өзінің дамуы және басқаларды дамыту болып табылады. Енді мен өзімнің көшбасшы ретінде осы бағыттар бойынша өз іс-тәжірибемді бөлісейін деп отырмын.

Мектебімде оқыту мен оқуға жетекшілік ету заман талабына сай білім беру жүйесіндегі жаңартылған бағдарлама аясында жүзеге асырылып келеді.

Казіргі таңда білім саласында ауқымды өзгерістер орын алуда. Деңгейлік бағдарлама негізіндегі курстары солардың бірі болып табылады.Курс бағдарламасы аясында білім беру жүйесінде мұғалімдердің ұстанымы мен көзқарасын өзгерте отырып,оқушыға дайын білімді емес, өздерінің есте сақтап , алған білімдерін түсініп, әр түрлі деңгейде мүмкіндік береді. Сол мүмкіндіктерді іске асыратын мектеп мұғалімдерін және осы іс әрекеттің қозғаушысы, көшбасшылық ететін мектеп басшылары екені анық. Мектептің нәтижесіне, оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тиімді көшбасшылық ықпал ететіндігі дәлелденген. Сондықтан деңгейлік курс идеясымен қаруланған көшбасшы ретінде жұмысымда жаңа форматта сабақтар, ата-аналарға арналған коучингтер, сабақты зерттеу жұмыстары. Ментальды карта қолға алынды. Қоғамдастық жұмысы «7 аллея» арқылы іске асырылуда. Оқушылар, ата-аналар, жұртшылықпен қоғамдастық құрылды. Оның нәтижесін мына істелінген жұмыстар арқылы байқауға болады. Мектебімізде сыртқы қоғамдастықты дамыту мақсатында №37.№18.№31 мектептермен бірлескен республикалық семинар өткізілді. Бұл семинар жаңа форматта өтті. Оқу, тәрбие, спорт ұштастырылып өткен семинарда көшбасшының рөлінің зор екені байқалды. Себебі, мектептегі жұмыстың алға басуына, жаңашылдықты енгізілуі бәрден бір мектеп басшысының көшбасшы болуында және ұжымды соған тарта білуінде екені белгілі. Бірлескен, ынтымақтасқан жұмыс өз нәтижесін берді. Осы семинар кезінде 25 кітап жобасының тұсауы кесілді. Мектебімізде айына бір рет журнал шығарылатын болды. Енді осы жұмыстарымыз биылғы оқу жылында да жалғасын таппақ.


Соңғы екі бағыттың алғашқысы жетілдіру, инновациялар

мен өзгерістерді енгізуге жетекшілік ету.Осы бағыт бойынша мектебімде инновациялар мен өзгерістерді енгізу үшін СМАРТ мақсатты қоя отырып білім берудің жаңа парагдимасын құрдым. Өйткені тиімді стратегиялық жоспарлау мектептің қай бағытта дамитын ғана анықтап бермейді, табысты мектеп болудың жолын көрсетеді. Сондықтан мектебімдегі жаңашыл көшбасшы ретінде кәсіби тәжірибе моделін жүзеге асырудамын. Ол үнемі айналымда жүреді. Курсты аяқтаған басшылар біледі, мектепті дамыту жоспарында мектеп директорының стандартын басшылыққа алып мектепті дамыту ол мектеп көшбасшысының басты мақсаты.

Модельдің бірінші бағыты ол жоспар мен әрекет. Стратегия әзірлеу,ресурстарды бөлу, жоспарды іске асыру. Екіншісі сыни шолу: ол ақпарат жинау деректерді талдау шешім шығару. Үшіншісі өзгерістерге реакция: ол жұмыс тәсілдерін анықтау, жұмыс істеп жүрген жұмыстарды өзгерту, шешім қабылдау, тәсілдерімізді өзгерту.

Осы жоба барысында мектеп мамандары кәсіби біліктіліктерін жетілдіру үшін әртүрлі деңгейлік курстар мен пәндік бағыттағыбіліктілік курстарынан өтіп,сертификатталды. Алынған білім мен біліктілік жүйесін тәжірибе барысында жүзеге асырып, білім берудің жаңаша формасын енгізуде. Сертификатталған мұғалімдер сабақтарында топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлерін қолдана отырып, қысқа мерзімде құрылған сабақ жоспарымен нәтижеге бағытталған мақсатты, сапалы оқытуды жүзеге асырып келеді. Мектебімізде бірлскен, ынтымақтасқан орта қалыптасқан және ол жалғауда.

Осындай оқыту нәтижесінде бәсекеге қабілетті, жаңаша білім нәрімен сусындаған құзыреттілігі қалыптасқан жарқын болашақтың ұрпағын тәрбиелеп отырмыз деп айта аламын.

Елбасының биылғы жылғы халыққа жолдауында «Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деген сөзі өткен істің өлшеуі мен ендігі жұмыс жоспарыма негіз болатынына сенемін. Себебі енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңғырулар осы бастамаларға сәйкес өзімізден де өзгеруді талап ететіні белгілі. Ендеше көшбасшының негізгі қасиеттерінің бірі-сыни ойлау қабілетін дамыту және үздіксіз білім ала отырып, өзі ғана дамып қоймай мектеп мамандарын да өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға дұрыс бағыт-бағдар бере алу деп сенімді түрде айта аламын.

Келесі бағытта жергілікті қауымды бірлескен жұмысқа тарту деп көрсетілген. Сол себепті қазір бірлескен, топтық ойындар ойнаймыз. Ойынның мақсаты: Көшбасшыны анықтау, оның себебі мен салдарын қатысушылар талқылауы қажет. (сыни ойлау, проблемалық сұрақ қойылады)

Ойынға 5-5 адамнан тұратын 2 топ қажет. 1-топқа газет беріледі. 1 минут ойланып сол газетке қалайда сыйып тұру жолдарын тауып көрсетіңіздер.

2-топтың адамдарының көздері байланады.Оларды 3 рет айналдырып көздері жұмылған күйі 1 жерге жиналуын сұрайды. Нәтижесінің себебі мен салдарын қатысушылар талқылау қажет.

Қалай ойлайсыздар неге бірінші топ ойын тапсырмасын жылдам, әрі тез орындады? Себебі, мақсат айқын, бағыт нақты және көшбасшылар бірлескен, ұйымдасқан түрде тапсырманы орындады. Егер бүл жерде бір көшбасшы шықпай әркңм жан-жаққа тартса газетке сыймай тапсырма орындалмайтын еді. Бұдан шығар түйін; Қандай жұмыс болмасын көшбасшы рөлінің тиімділігінің жоғары екендігі.

Ал екінші топта қандай ой түюге болады?

Мұнда көз байлаулы, ортаға арқаларын беріп дөңгеленіп тұруы тиіс.

Қалай ойлайсыздар қандай қиындық туды? Көз байлаулы болғандықтан тапсырма орындалмады. Себебі Әркім өзінің қайда жүргенін қай жерге барып тұрарын көрмеді. Бұдан түйетін ой: Біздің жұмысымызда да кездесетін кедергілер осылар. Бірлескен жұмыстың жоқтығы. Егер мақсат айқын болмаса, көшбасшы нақты бағыт-бағдар бермесе онда жұмысымыздың алдыға баспайтындығына осындай мысалдар дәлел бола алады.

Сонымен, егер жетістікке жеткің келсе, алғашқы қиындыққа тұрып қалма, алға қарай бас, талай сүрінесің тіпті құлайсың. Тұрда қайта алға бас, алдыңа мақсат қой , бір аллаға сен, сонда жетістікке жетесің.

Сөзімізді қорыта келгенде, Ең бастысы – олар "Қолымнан келгенде, жасар едім" деп емес, "Қолымнан келеді және жасаймын!" дегенді көп айтады. 
Сондықтан сіздердің жұмыстарыңызға тек сәттілік тілеймін.

Семинар соңында кері байланыс есебінде сіз үшін құнды болғаны...... Сіздің ұсыныңыз.....алынады.


































Қолымнан келеді!

Кез келген қоғам көшбасшыға зәру. Әсіресе, бүгінгі алақұйын заманда ондай адамсыз алға жылжу мүмкін еместей көрінеді... Олай болса, көшбасшы деген кім? Олар қалай ойлайды? Артықшылықтары неде? 

1. Көшбасшылар тек қана тиімді амалдарды қолданады, себебі, ақылдың амалдарды қабылдайтындығын біледі. Және өздерін керекті жерде ұстай біледі. Мазасыз кезде оңды нәтижеге жету мүмкін емес.

2. Көшбасшылар мәселенің мәні мен мазмұнын зерделейді және сол мәселені қарапайым етіп көрсетуді мақсат тұтады. Егер жолбарысты мысықтың деңгейіне дейін кішірейтетін болса, қорқынышты қалпын жоғалтады. Адамдар түймедей мәселені түйедей ету арқылы қиындықты қолдарынан жасап алады емес пе?

3. Көшбасшылар күліп жүреді. Күліп тұрып, басқа жағымсыз жағдайды ойлап көріңізші. Қолыңыздан келмейді ғой, иә? Күлкі жоғалады немесе ой өзгереді. Бірақ мұны әдетке айналдыратын болсаңыз, қаншалықты оңайға түсетінін таңырқайтын боласыз.

4. Көшбасшылар салмақты болып көрінгісі келсе де, жүректерінің түбінде олай емес. Салмақты болмай-ақ қойыңыз. Салмақтылық маңыздылықты да, мәселенің мөлшерін де арттырып жібереді. Ал көңілділік керісінше, ахуалды төмендетеді, маңыздылықты азайтады, соңында бәрі оңай шешіледі. Маңғаздық ойлау жүйесін құлыптап тастайды. Тапсырма маңызды болған сайын, уайым да арта түспекші. Ал абыржулы кезде мәселені дұрыс әрі тез шешу мүмкін емес. Көшбасшылар мұны жақсы біледі және қоластындағыларға да жағдайдың салмақтылығын азайтып көрсетеді.

5. Көшбасшылар үлкен амал-тәсілдерді қолданады. Олар үлкен болжамдар жасайды және үлкен жоспарлар құрады. Ұсақ-түйек дегенді білмейді. Ал үлкен істер кез келген адамды қамшылайды, алға жетелейді.

6. Көшбасшылар келешекте жүретін жолды емес, жүріп өткен жолды байыптайды. Бұл мақсат үшін жарамды.  Егер, сіз жасау керек жұмыстың қанша қалғандығына үңіле беретін болсаңыз, көздеген мақсатқа жетпейсіз. Әлі жоқ нәрсені ойлағанда өзіңіздің энергияңызды тауысып, негативті күйге ене бересіз. Ал артқы жолға қарағанда, энергия қосыла түседі, бар нәрсе үшін қуанасыз, шабыттанасыз. Әрине, ол үшін бұрылғанда ұялмайтындай жақсы, сапалы жұмыстар жасалу керек.

7. Көшбасшылар бір жұмысты бастағанда қазіргісіне емес, болашақта қандай болу керектігіне назар аударады. Егер, ол істің гүлденгенін, биікке жеткенін көріп тұрса, барлық қиындықты жеңеді, жету үшін барын салады.

8. Көшбасшылар болып жатқан оқиғаларға оң қабақ танытады. Жағдай мәз емес болса да, оның жағымды тұстарын, пайдасын көріп тұрады. Әрбір оқиға келешектегі жемістің дәнін себеді. Біздің өмір – бұл таңдаулар жүйесі.  Біз орын алатын жағдайларды, олардың қалай құрылатынын таңдай алмаймыз, есесіне оларды қалай қабылдауға болатындығын таңдай аламыз. Негативті түрде қабылдасаңыз, өзіңізге жағымсыз әсерлер қосып аласыз. Ал позитив арқылы алға қарай жылжуға керекті күшті жеңіп аласыз.

Ең бастысы – олар "Қолымнан келгенде, жасар едім" деп емес, "Қолымнан келеді және жасаймын!" дегенді көп айтады. 





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 сәуір
1599
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі