Педагогикалық кеңес «Балалық шақ құқығын қорғау»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педагогикалық кеңес «Балалық шақ құқығын қорғау»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың моральді-құқықтық негізгі сапасын қалыптастыру және бала құқығын қорғаудағы педагогтардың білімін жетілдіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогикалық кеңес тақырыбы

«Балалық шақ құқығын қорғау»


Педагогикалық кеңестің мақсаты: Балалардың моральді-құқықтық негізгі сапасын қалыптастыру және бала құқығын қорғаудағы педагогтардың білімін жетілдіру

Күн тәртібінде:

1. Ақпараттық сессия: Нормативті құжаттар: ҚР Заңы «Баланың құқықтары туралы»; Бала құқықтары туралы Конвенция.

2. Мектепке дейінгі мекемеде бала құқығын қорғау. Іскерлік ойын

3. «Біз баланың құқығын білеміз».

4. «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» тренинг


1.Пед.кеңес барысы:

1. Ақпараттық сессия: Нормативті құжаттар: ҚР Заңы «Баланың құқықтары туралы»; Бала құқықтары туралы Конвенция.

«Қол соғыңыздар, егерде …» ойыны
— сіздер бүгін жақсы көңіл-күймен және
бала құқығын қорғаудағы білімдеріңізді жетілдіруге келсеңіздер;
— сіздерді адам құқығы, оның ішінде баланың құқықтары ойландырса;
— сіздер адам құқықтарын және бала құқықтарын сақтап және құрметтей отырып жұмыс істеуге дайын болсаңыздар.

Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
— Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.

Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілген.
Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Гимні және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.
Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олай болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады.
«Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады.
Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 
1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген.
Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі кел
ісім шарт.
Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады
. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп Қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамызда № 345 Заңы
«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан» Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.

«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»
— Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
— Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
— Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
— Бала кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
— Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
— Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.

1-маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20-қараша Балалардың дүниежүзілік күні
10-желтоқсан Адам құқығы күні
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959 жылы Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды.
1979 жылы Балалардың халықаралық жылы өтті
20-қараша 1989 жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
28-қазан 1993 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды
8-маусым 1995 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті.

2. Мектепке дейінгі мекемеде бала құқығын қорғау. Іскерлік ойын

Көрініс: « Ералы мен Дінмұхамедтің       орындыққа таласуы»

Ералы: Дінмұхамед,сен бұл орындықтан тұр,бұл жерге мен отырамын.

ДінмұхамедНеге?

Ералы:Сол,тұр дедім ғой,тұрсаңшы.

Дінмұхамед: Жоқ тұрмаймын,бұл орындыққа мен бірінші отырдым.

Ералы: Отырсаң қайтемін,сенің атың жазылып қойған жоқ қой бұл орындыққа?!

Дінмұхамед: Сенің де атың жазылып қойған жоқ.Бұл менің орным,саған бермеймін.

Автор:Орындыққа  таласқан Дінмұхамед айқай салды.

 

Дінмұхамед :  Тұр дедім ғой,бұл орындыққа менің құқығым бар.

Ералы: Менің де құқығым бар,саған ғана беріліп қойды дейсің бе?

Автор:Орындыққа таласқан Дінмұхамед пен Ералы төбелесе кетті.Топ балалары аң-таң.Төбелесті тоқтату үшін топ белсендісі

Мерей араласты.

Мерей: Ералы,Дінмұхамед  төбелесті тоқтатыңдар,қазір  апай екеуіңнің дауларыңды шешіп береді.

Автор:Осы мезетте  топ бөлмесіне тәрбиеші апай  келді.

Тәрбиеші :Бұл не шу?

Мерей : Апай,Ералы  мен Дінмұхамед мына орындыққа таласып, «Менің құқығым бар отыруға» деп дауласып жатыр,қойыңдар десек те қоймайды.

Тәрбиеші :Ералы, Дінмұхамед , сендердің бұл құқықтарың дұрыс емес.Өздеріңнің жеке бастарыңның қажетін ойлап,бір-бірлеріңе тіл тигізу адамгершілікке жатпайды.Әркім өз құқығын дұрыс түсінуі қажет.Әрине сендердің әрқайсыларың оқуға,білім алуға,ойнауға,демалуға құқықтарың бар,бірақ барлық мәселені ақылмен шешу керек.

Видеоролик  көру:  «Бала құқығы туралы»

3. «Біз баланың құқығын білеміз».

Сиқырлы сандық

Адамның құқықтарын бейнелейтін суреттер шығарылады.

Туу туралы куәлік - қандай құжат? Ол қандай құқықты еске салады? (Адамға есім беру құқығы туралы).

Жүрек - жүрек қандай құқықты білдіре алады? (Қамқорлық пен сүйіспеншілік құқығы туралы).

Үй - Мұнда неге үй бар? Ол қандай құқықты еске салады? (Меншік құқығы).

Конверт - конверт не туралы еске салады? (Ешкімнің басқалардың хаттарын оқуға және қарауға құқығы жоқ).

Кітап - кітап сізге қандай құқықты еске түсірді? (Білім алу құқығы туралы).

Ойыншық қоян және қоян - Бұл ойыншықтар нені еске салады? (Баланың анасымен болу құқығы туралы).



Ситуациялық сұрақтар:

1-жағдай:

Түскі ас кезінде үстелде отырған 4 жастағы бала сөйлеп отыр. Ол ата-анасы сатып әперген жаңа ойыншықтары туралы айтып, балаларды алаңдата бастайды. Басқа үстелде балалар тамақтанып үлгерді және ұйықтауға дайындала бастады. Тәрбиеші үнемі балаларға сөйлемей тамақтану керек екенін айтып ескерту жасайды.

Сұрақ:

1.Тәрбиеші баланың құқығын бұзды ма?

2.Осы жағдайда сіз не істер едіңіз?


2-жағдай:

Таңертең топқа келген бала тәрбиешіге: «Анам бүгін менің құқығымды бұзды, ол мені ұрды» дейді.

Тапсырма: Осы жағдайда баланың құқығын қорғау тәртібін сипаттаңыз.






3-жағдай

Тәрбиеші серуеннен кейін шешініп жатқан кезде белбеуімен ойнап тұрған баланың қолынан алып, шкафқа салып қойды. Кешке баланың әкесі екінші ауысым тәрбиешісінен түсініктеме талап етті, өйткені оның пікірінше баланың құқығы бұзылған.

Сұрақ:

1.Тәрбиеші баланың құқығын бұзды ма?


Халық мақал-мәтелдер, тыйым сөздер арқылы баланы жастайынан ұрлық қылмауға, өтірік сөйлемеуге, «біреудің ала жібін аттамауға»тәрбиелеген. Ала жіпті қазақ тыйым белгісі ретінде қолданған, пір тұтқан.Ендеше келесі кезекте  «Ой жалғау». Ол үшін мақалдың басқы бөлігінің  жалғасын табу керек.

 

Заңның құрығы… бәрінен ұзын


Ақырын жүріп… анық бас


Асыл тастан… өнер жастан


Ұрлық түбі… қорлық


Жазасын тарпайтын… жамандық болмайды


Әдепті бала… арлы бала


Өш алғаннан гөрі… кешірген  жөн


Әділ істің… арты игі





4. «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» тренинг



Қорытынды

Қ-азақ
Ұ-лты
Қ-айырымдылықты
Ы-ымырашылдықты
Қ-олдайды

Ұлылардан қалған асыл сөз

Жер бетіндегі адамдар арасында тәртіп орнату үшін заңды қолдану шөлге жауған жаңбырдай қайырымды.(385-хадис Мұхаммед Пайғамбар)

Қазақ халқы ең-бейбіт халықтардың бірі (Ш. Уәлиханов)

Заң мемлекеттердің тоғыз қабат тор көзді сауыты(Шерхан Мыртаза)

Ата заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа жетеміз.(Нұрсұлтан Назарбаев)

Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа (халық даналығы)

Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма,

бестен кейін он үшке дейін құлыңдай қина,

он үштен ары сырласыңдай сыйла.


Балам бол басқа бол бәріңе заң біреу-ақ. (Жүсіп Баласағұн)

Бала құқығы туралы конвенцияда адам құқығын құрметтеуге, баланы ата – анасынан, олардың мәдениетіне, тіліне, өзі тұратын елдің ұлттық байлығына, қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу жөнінде айтылған.
Әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек. Бүгін бала құқығы туралы мәселелерді қарастырдық. «Заң білу – заман талабы». «Бала құқығы». «Заңға бағыну – адамзат міндеті».

 Б.Момышұлы айтқандай, «Азамат жолы-ар жолы» ешкімнің ала жібін аттамай,өз құқығымызды да, өзгенің құқығында бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қыздарын тәрбиелеудегі еңбектеріңіз еселене берсін!

«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып тәрбиелемей, заманына лайық етіп тәрбиелеуі керек» дегім келеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2021
918
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі