Материалдар / Педагогикалық кеңеске арналған тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогикалық кеңеске арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалық кеңеске арналған тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2024
308
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



















«Қуаныш шеңбері»

Педагогикалық кеңеске арналған тренинг















Психолог:





















Тақырыбы: «Қуаныш шеңбері»

Мақсаты: Тәрбиешілердің арасында қарым-қатынасты нығайтып, жағымсыз көңіл-күйден арылуға және өздерін еркін сезінуге көмектесу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Музыка аппараты, баяу әуенді диск, қағаз, қалам.



1. “Танысу” жаттығуы

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады.

Жұмысымызды таныстықтан бастаймыз. Әркім өз есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын өзінің үш қасиетін және өз есімін кезекпен айтады.



2. “Не үшін біз жақсы көреміз” тренингі

Нұсқау: Біз айналамыздағы қоршаған ортамен байланысқа түскенде бізге не ұнайтынын көреміз. Адамдардың ішкі қасиеттері мен қабілеттеріне қарай бағалаймыз. Кәнекей, адамдардың қандай қасиеттерін бағалайтынымызды және қабылдайтынымызды анықтап көрейік. Таза парақ алыңыздар. Топтан бір педагогты алып, сізге ұнайтын бес қасиетін көрсетіп, мінездеме беріңіз. Бастадық! Уақыт бітті! Өздеріңіз жазған мінездемені оқыңыздар. Ал, кімге арналып айтылғанын, кімге байланысты екенін анықтап көрейік. Педагогтың аты аталмайды, жазылмайды.

3. “Әннің әуеніне қарай топталайық”жаттығуы

Нұсқау: Әндердің тақырыбы берілген. Сол әндерді ыңылдап жүріп, өз топтарың бірігіңіздер.

1. “Ұстазым” әні

2. “Арыс жағасында” әні

3. “Қайдасыңдар, достарым” әні

4. “Жылы сөз, жанға шипа” жаттығуы

Нұсқау: біз балаларымызбен күнделікті қарапайым мейірімге толы қарым-қатына арқылы жақсы нәтижеге қол жеткіземіз. Балалардың жан-дүниесін жылытатын сөзді қолданамыз ба? Орыс халқының қолдануында 59 жылы сөз бар екені анықталған. Ал қазақ халқында одан да көп, бірақ соны жиі қолданамызба? (қозым, құлыным, ботам, жұлдызым, жарығым.....)

5. “Өз жұлдызыңды тап” жаттығуы ( босаңсу, релакция)

Жаттығу барысында әуенмен көзді жұмып, тунгі аспан әлемін көз алдыңызға елестетіңіз. Аспанда сансыз көп жұлдыздар жарқырап, сәуле шашып тұр. Осы жұлдыздар ішінен өз жұлдызымды тауып, оған қарап ішімдегі бар тілегімді, алға қойған мақсаттарымды, орындалмаған армандарымды, сырымды айттым. Себебі, ол менің жұлдызым 1,2,3 – көзімізді ашамыз. Қағазға жұлдыздың суретін салып, өз армандарыңызды жазыңыздар

6. «Ашулы шарлар» жаттығуы

Қатысушылар екі топқа бөлінеді, шарды үрлейді.

І топ – үрленген шарды қатты жарады

ІІ топ – шардың желін жайлап шығарады

Сезімдермен бөлісу

7. “Сенімді, сенімсіз жауаптар” жаттығуы

(Рольге ену керек, ашулы адамның, сенімді, сенімсіз адамның роліне ену керек)

1. Досыңыз алған қарызын беруді ұмытып кетті Сіз оған.....

2. Кинотеатырда артта отырған адамдар қатты сөйлеп отыр. Сіз оған....

3. Түнгі мезгіл. Үйіңізге шақырылмаған қонақ келді. Әңгімесі таусылмайды. Сіздің демалғыңыз келіп тұр, таңертең жұмыс. Сіз былай дейсіз.....

4. Көршіңіздің ешкісі бақшаңызға түсті, көршіңізге былай дейсіз.....

5. Досыңыз топ арасында сіз туралы әңгіме айтып, сізді ұялтты. Сіз оған былай дейсіз.....

8. Логикалық сұрақтар.

1.Сандықтың ішінде заттардың бәрі бар, не жоқ?

Жауабы: бос орын жоқ.

2. Судың ішінде барлық тас бар, қандай тас жоқ?

Жауабы; Құрғақ тас жоқ

3. Автобустан бір қыз түсіп шалқасынан түседі, сонда қалай?

Жауабы: бір шал қасынан түседі.

4. Пілдің бір құлағы неге ұқсайды?

Жауабы: екінші құлағына ұқсайды.

5.Жылдың неше айында 28 күн бар?

Жауабы: барлық айында.

6.Елеуішпен суды қалай әкелуге болады?

Жауабы: Мұзбен әкелуге болады.

7. Электр поезды шығыстан батысқа қарай жүйткіп келеді, қарсы бағытын жел тұрса жел поезд түтінің қай жаққа қарай айдап әкетеді?

Жауабы: Электр пойызында түтін болмайды.

8. Дайындауға болады, жеуге болмайды. Ол не?

Жауабы: Сабақ

9. Бөлмеде жеті шам бар, барлығы жанып тур. Төртеуі өшіп қалды. Бөлмеде неше шам бар?

Жауабы: жеті шам бар.

10. Екі қарға отыр, бірі оңтүстікте, екіншісі солтүстікке қарап отыр. Бір қарға екіншісіне “Әй досым. Мен сені көріп отырмын,-дейді” Бұл қалай?

Жауабы: екі қарға бір-біріне қарама-қарсы қарап отыр.

«Сілкіну» жаттығуы

9. “Тренингтен алған әсеріңіз” тренингі

Алдарыңызда жасыл және қызыл жүрекшелер бар. Осы тренингтің өтуі барысына қанағаттанатын болсаңыздар жасыл жүрекшені, ал егер алған әсерлеріңіз төмен болса қызыл жүрекшені таңдап, тілегімізді жазып, үлкен жүрекшеге орналастырыңыздар.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!