жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Мектеп педагогикалық жүйе жəне басқару нысаны. Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты
Орындаған: А.Д. Талғатова
Тексерген: С.К.Мамилина
Талдықорған
2020 жыл
Жоспар:
І Кіріспе
1.1 Мектеп педагогикалық жүйе жəне басқару нысаны
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Осы заман мектебіндегі ғылыми басқарым мəні
2.2. Басқару қызметтері, əдістері жəне формалары
2.3. Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты
ІІІ Қорытынды
Күрделі педагогикалық жүйе ретінде танылған осы заман мектебін басқару əрбір басшыдан біртұтас басқару жүйесін түзіп, оны даму жолына бағыттауда жоғары ғылыми дайындықты талап етеді. Бұл үшін түрлі деңгейдегі мектеп жетекшілері төмендегілерді білуі міндетті:
- мектеп түрі мен мақсаты;
- ақпараттық жабдықталуы( оқушылар қызығулары мен мүмкіндіктері , ата-аналар тапсырыстары);
- мамандар, материалдық-техникалық, психологиялық жағдайлар (анықталған қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін);
- оқу жоспарының мектептік баламасы;
- оқу жүйесі жеке-дара, сынып-сабақтық, дəрісбаян-тəжірибелік, мектептің əрқилы сатылары мен оқушы топтарына арналған циклды-ағымдық жəне т.б.);
- оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тəртібі (бес-алты күндік, апта, түске дейінгі не күннің екінші жартысында);
- мектептің белгілеген мақсаттарға жетудегі басты шарттары (мамандар, материалды-техникалық, қаржылық, ғылыми-əдістемелік, əлеуметтік-психологиялық).
Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында, бір жағынан, оның тұтастығын сақтауға, екінші жағынан- ондағы жүйе бірліктерінің əрекеттеріне ықпал жасаумен оларды өзгертіп, реттеуге мүмкіндік беруі қажет. Педагогикалық жүйенің өзіндік қызметтері қоғам қажетінен туындаған мақсаттардың дəл мезетінде орындалып баруына бағытталуы қажет. Мақсаттар мектептің педагогикалық жүйесінің мазмұнын айқындайды, ал сол мазмұнның іске асырылуы, өз кезегінде көптеген , əрқилы əдістер мен формаларды ойластыруды керек етеді.
Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін анықтайтын жағдаяттар – педагогикалық ұжым жəне оның басшыларының қызметтік іс-əрекеттері (В.А.Сластенин). Мектептердің көбі төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда:
Бірінші деңгей- мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.
Екінші деңгей- мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологы; əлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, əкімшілік-шаруашылық бойынша директор көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты органдар мен бірлестіктер басшылары.
Үшінші деңгей-оқу барысында және оқудан тыс білім – тәрбие жұмыстарына байланысты оқушыларға басшылық қызметтерді атқарушы мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері.Бұл деңгейге қоғамдық басқару органдары мен өзіндік басқару, қосымша білім беру мекемелерімен байланыс жүргізуші педагогтарды да енгізуге болады.
Төртінші деңгей-сыныптық және жалпы мектептік өзіндік басқару қызметтері тапсырылған оқушылар. Бұд деңгейдің назарға алынуы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынастың «субъект – субъекті» сипатын баса танытады. Мұндай қатынаста оқушы өзара ықпал нысана болумен бірге өз дамуының қозғаушы күші- рөлін де атқарады. Сатысына қарай әрбір басқару субъекті бір уақытта жоғары деңгейлі басқарудың объекті нысана болып есептеледі. Басқарымды жүйеде оқушылар ұжымы маңызды орынға ие. Бұл ұжымда басқару екі деңгейде жүргізіледі: біріншісі- жалпы мектептік және сынып ұжымы; екіншісі- оқушылардың қоғамдық ұйымдары, спорттық бөлімдер, шығармашыл бірлестіктер, үйірмелер, оқу-үйрену топтары және т.б. Педагогикалық және оқушылар ұжымдарының өзара бірлестік іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының «білім туралы» Заңы мен жалпы білім беруші мекемелер Жарғысы негізінде реттеліп барады.
Басқару іс-әрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады:
Мақсаттар айқындау
Жоспарлау
Ұйымдастыру
Реттеу
Ынталандыру
Қадағалау
Педагогикалық талдау.
Жоғарыда аталған қызметтер жөнін талдау арқылы басқару мазмұны екі жікке келтіруге болады:
1)ұйымдастыру-басқару жұмыстары
2)басқарушылар іс-әрекеттері.
Педагогикалық басқару әдістері көзделген мақсаттарға жету және басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару әдістерінің негізгі топтары төмендегідей:
Педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру
Әкімшілік-ұйымдастыру әдістері
Психологиялық-педагогикалық ықпал жасау және әсерлендіру
Қоғамдық ықпалдарды пайдалану
Қоғамдық әсер әдістері.
Соңғы жылдары мектепте психологиялық қызметтің қалыптасуымен жаңа басқару әдістері пайда бола бастады. Оқу – тәрбие ақпараттарымен жұмыс жүргізуші қызметкер оларды жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану тәсілдерін жақсы білгені жөн. Мектеп басшысы менеджер өз қызметінде бақылау, анкетті сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау және әдістемелік материалдармен жұмыс жасау әдістерін белсенді қолдана білу шарт. Мектеп әкімшілігінің күш – қуаты басқарудың мектепішілік ақпараттық технологиясын нақтылау, тәжірибеге енгізуге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да, әр мұғалімге де таныс болуы міндетті.
Басқаруды ұйымдастыру формалары әр қилы құрылым және бағыттарда болуы мүмкін: нұсқау-әдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының отырыстары, педагогикалық оқушылар, ата-аналарды педагогикалық жаппай сауаттандыру. Әлеуметтік-психологиялық әдістерді іске асыру формалары мектептің ішкі тәртіп ережелерінде көрсетіледі немесе мектеп Жарғысына енгізіледі. Сонымен, мектеп басқарымын ұйымдастырудағы маңызды жағдай - педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп, әрекет шеңдік жағдайында болуы және оны іске асыру жолдарын әрбір басқарушының жіті білуі. Мақсат жалпы ғылыми мінез-құлық элементтерінің бірі, санада, ойлауда іс – әрекеттің нәтижесі, оған жетудің жолдары, әдістерін алдын сүйсіндіретін сипатталатын саналы іс-әрекеттің тікелей мотиві. Осылайша, компоненттер өзара байланысы мақсаттың анықтамасына қатысты және де бұл жағдай кері байланыстың сенімді құбылыстың пайда болуына әкеледі, оның бар болуы педагог іс – әрекетінің басқарушы құрамдас бөлігі жайлы сөз қозғауға мүмкіндік береді. Шынымен де, мақсатға жетуге бағытталған педагог іс – әрекеті мақсатпен сәйкес келетін бір нәтижеге әкелуі керек. Тәжірибеде бұл бірден ешқашан бола қоймаған, яғни күтілетін мен пайда болғанның арасында әрқашан бір саңылау болады, және де оның өлшемі оқытушының кейінгі қимыл іс – әрекетінің стратегиясын анықтау. Мақсатқа жету үрдісі циклдық сипатта болып, мақсат пен нәтиже арасындағы айырмашылық едәуір өлшемге ие болғанша жалғаса береді.
Педагогикалық іс – әрекеттің мақсаты үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу мақсатын жүзеге асырумен байланысты пайда болады. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әртүрлі бағыттарда оқыту мен тәрбиелеу нақты есептерін шешу үрдісі кезінде орындалады.
Педагогикалық іс – әрекеттің мақсаты адамның рухани және табиғи мүмкіндіктерін, сондай- ақ қоғамдық дамудың негізгі бағыттарын ескере отырып, әрбір адамға әлеуметтік талаптардың жиынтығы ретінде құрылады. Мақсатқа оралған түрде, бір жағынан, жеке тұлғаның қажеттіліктері мен тырысулар, басқа жағынан әртүрлі әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылықтары мен күтулері бар. Тәрбилеу мақсаттары мәселелерін зерттеуге үлкен күш жұмсаған әйгілі педагог А.С.Макаренко «үйлесімді тұлға», «адам - коммунист», және т.с.с. тәрбие мақсатарының аморфты анықтамаларына қарсы шыққан педагогикалық іс – әркетінің мақсатын ол тұлға даму программасын құру мен жеке түзетулерде көрді.
Мақсат құрушылыққа мұқият ғылыми ыңғайы үшін В.П.Беспалько тұрды. Ол ПЖ – де жүйе құрушы болатын мақсатқұрушылық пен тәрбиелілік элементі оны анықтау әдісіне байланысты барлық ПЖ- ның бүтінділік немесе борпылдақтық дәрежесіне әсер етеді деп санады. ПЖ дұрыс жұмыс істеу мақсаттарын құруға және жетерлік талап – олардың диагностикалығы, яғни білім бері мен тәрбиелеу мақсаттарына жету дәрежелерін анықтау үшін объективті қамтамасыздандырылуы.
Педагогтың кәсіби іс – әрекеттің мақсаттары қазіргі кезде «адамға лайық өмір құра алатын тұлға» мақсат жолындағы саты, мақсатты бағытталған іс әрекеттің аралық нәтижесі ретінде келтіретін тәрбие мақсаты болып табылады. Мақсаттың жалпы сипаттамасы педагогқа оны жағдайлардың әркелкі келулерінде жүзеге асырып, одан аса жоғары кәсіпқойлық пен асқан педагогикалық шеберлікті талап етеді. Мақсатқа жету біз бен мақсаттың бір бөлігі ретінде түсінетін пайда болған есептерді шешуге бағытталған іс – әрекетті жүзеге асырады.
Педагогикалық іс – әрекеттің жүзеге асырылуы тәрбие беру ортасын құру, тәрбиеленушілер іс-әрекетін ұйымдастыру,тәрбиелеу ұжымын құру,жеке тұлға дауымы секілді әлеуметтік мәселелерді шешумен байланысты.
Педагогикалық іс-әреттің мақсаты – тек тарихи емес,сондай-ақ динамикалық. Қоғам дамуының объективті тенденцияларының шағылуы ретынде пайда болып педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны , формалары мен әдістерін қоғам қажеттіліктеріне келтіре отырып ,ол жоғары мақсат – тұлғаның өзімен және қоршаған ортамен үйлесімді дамуына сатылы жылжу программасына келтіріледі.
Педагогикалық менеджменттің негізгі мақсаттары:
-БІлім мекесіндегі барлық қызметкерлер мен оқушылардың күш -қуатын,уақытын және барлық құралдарды нәтижелі де жоспарлы пайдалану;
-Білім менеджерлер қызметінің нақты максаттарға және қоғамның рухани,әлеуметтік экономикалық даму жоспарына сәйкестігін анықтау;
-Оқу -тарибе процесінің барлық жеке мақсаттарын түпкілікті мақсатқа - еркіндік пен жауапкершілікті қатар сезінетін, шығармашылық бағытта ойлай және әрекет ете білетін тұлға қалыптастыруға бағыттау.
Жүйе құраушы маңызды факторлардың бірі, педагогикалық жүйенің қызметінің бастау көзі - оқушы тұлғасының үйлесімді дамуы , оның өзін-өзі айқындауына бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен әрекетінің мақсаты болып табылады.
Мектептің мақсаты - тұлға қасиетінің ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек, экологиялық құқықтық және басқа да базаның мәдиниетін қалыптастыру жалпы мақсаттар оқу -тарбие процесінің жекелеген бағыттары бойынша нақтыланады. Басқрудың тиімділігін арттырудың ең басты белгісі мектеп басшылығының, мұғалімдердің, оқушылардың , өзін -төзі басқару органдарының жекелеген мақсаттарды белгілей алуы және белгілі бір уакыт кезеңінде оны жалпы мақсатпен үйлестіріп , реттеп отыру. Екінші жүйеқұраушы фактор педагог пен білім алушының қарым-қатынас стилін қамтып коммуникативтік деп аталады. Бұл фактор оқытушы тұлғасына менеджмент субъектісі ретінде мінездеме бергенде қарастылады. Педагогикалық менеджменттың субъектілері - оқу -таным процесінің менеджері -оқушылардың оқу-танымдық қызметін басқару жуйесінің субъектісі ретіндегі мұғалім-оқу - тәрбие процесінің менеджері - педагогикалық оқу - тәрбие жұмысын басқарушы субъект ретіндегі директор. Оқу - таным процесі менеджерінің және онымен тығыз байланыстағы оқу-тәрбие процесі менеджерінің еңбек нәтижесі менеджмент объектісінің білім деңгейі, тәрбиелілік деңгейі және даму денгейі. Үшінші жүйеқұраушы фактор мазмұндық – ұйымдық ретінде анықталып, белгілі бір принциптер мен әдістер негізінде жүзеге асады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Н.Н.Никитина, О.М.Железнякова, М.А. Петухов,
Основы профессионально -педагогической деятельности.М.Мастерство,2002
2.Симонов В.П. Педагогический менеджмент М,2004
3.Б.Қ.Жакенова,Қ.Б.Тәмпішева,Л.М.Мақсатова менеджмент негіздері, 2007.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген