жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУ ОРЫН СТУДЕНТТЕРІНІҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
МРНТИ 14.35.07
Қ.М. ТАЙБОЛАТОВ 1
Гуманитарлық факультет,
Қазақ гуманитарлық инновациялық-заң университетінің
2 курс магистранты,
Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, 071400
e-mail: Kuandik__94@inbox.ru
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУ ОРЫН СТУДЕНТТЕРІНІҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Мақалада «табыстылық», «оқу іс-әрекеті», «танымдық іс-әрекет», «іс-әрекет табыстылығы», «оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығы» ұғымдары жан-жақты қарастырылып, теориялық талдау жасалынды. . Отандық және шетелдік ғалымдардың табыстылық тұлғаның мотивациялық деңгейіне, іс-әрекет мақсатының сипатына және жұмыс істеу ниетіне байланысты бейімділігі, табысқа жету факторлары, табысты іс-әрекетке қызығушылығы, адам іс-әрекетінің табыстылық факторлары, өзін-өзі бағалауы, ұмтылу деңгейін, табыстылық адамның табысқа жетудің нәтижесінде немесе үміттенуінде пайда болатын күйі, іс-әрекеттің объективті нәтижесіне қатынасын, оқушылардың оқу әрекетіндегі табыстылық, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру және әлеуметтік табыстылықты дамытуын, ЖОО жүйесіндегі басқарушылық әрекеттің табыстылық факторы, оқу әрекетінің табыстылығын бағалау, студенттердің табысты оқуының психологиялық факторлары, студенттердің академиялық табыстылығы және табыстылықты педагогиканың категориялары ретінде, табысты кәсіби зерттеушілік іс-әрекет тұрғысынан да қарастырған еңбектері қарастырылды. Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығын дамытудың мазмұндық-құрылымдық моделі ұсынылды. «Тұлғаның табысқа жетудегі түрткісін диагностикалау» әдістемесі негізінде эксперименттік және бақылау топтарының нәтижелері көрсетілді. «Педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығын дамытудың негіздері» атты курс бағдарламасы ұсынылды.
Түйінді сөздер: табыстылық, даму, оқу-танымдық іс-әрекет, студент, түрткі.
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуы тиіс»[1], - деп атап көрсетеді. Ал қоғам идеалына айналатын тұлға тәрбиелеуде жоғары оқу орны, оның ішінде педагогикалық оқу орнында сапалы маман даярлауда алар орны айрықша. Өйткені идеал тұлға – ол жан-жақты табысты тұлға.
Болашақ педагогтарды кәсіби құзіреттілігін қалыптастырып, жан-жақты дамыған, заманауи қарқынмен бірге жүре алатындай етіп тәрбиелеуде студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығын дамытудың маңызы зор. Өйткені, біз осы студент бойында оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамыту арқылы оған табысты өмір сүруіне жол ашамыз. Ал, оқу-танымдық іс-әрекеті дамыған студент –ол белсенді, ұшқыр ойлы, ізденімпаз, бәсекеге қабілетті болып келеді.
Осы орайда ғылыми әдебиеттерге жүргізілген талдау зерттелініп отырған мәселенің көп жақтылығын, алыс және жақын шет елдік, отандық педагог, психолог, әлеументтану, философтардың табыс, табыстылық мәселелерін әртүрлі аспектіде бірнеше бағыттарда қарастырғанын көрсетеді:
-
табыстылық тұлғаның мотивациялық деңгейіне, іс-әрекет мақсатының сипатына және жұмыс істеу ниетіне байланысты бейімділігі, табысқа жету факторлары, табысты іс-әрекетке қызығушылығы (Дж.Аткинсон[2], Д.Мак-Клеланд[3], К.Роджерс[4], Э.Фром[5] және т.б.)
-
адам іс-әрекетінің табыстылық факторлары, өзін-өзі бағалауы, ұмтылу деңгейі (Э.Эриксон[6], К.Левин[7], В.С. Мерлин[8], Е.П. Ильин[9], А.А. Реан[10], А.Бандура[11], М.Л. Кубышкина[12])
-
табыстылық адамның табысқа жетудің нәтижесінде немесе үміттенуінде пайда болатын күйі, іс-әрекеттің объективті нәтижесіне қатынасы (Б.Г.Ананьев[13], Н.А.Батурин[14], А.Н. Леонтьев[15], С.Л. Рубинштейн[16] және т.б.)
-
оқушылардың оқу әрекетіндегі табыстылық, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру және әлеуметтік табыстылықты дамыту (Ш.А. Амонашвили[17], А.С.Белкин[18], О.А.Яшнова[19], Е.Рысбаев[20], А.М. Усенова[21] және т.б.)
-
ЖОО жүйесіндегі басқарушылық әрекеттің табыстылық факторы, оқу әрекетінің табыстылығын бағалау, студенттердің табысты оқуының психологиялық факторлары, студенттердің академиялық табыстылығы және табыстылықты педагогиканың категориялары ретінде, табысты кәсіби зерттеушілік іс-әрекет тұрғысынан да қарастырады (Н.А. Курдюкова[22], С.Д. Смирнов[23], М.Р. Шабалина[24], Н.В. Калинина[25], Ш. Таубаева[26], А.Қ. Рысбаева[27], Н.А. Кулмышева[28], Д.А. Жансерикова[29] және т.б.)
Дегенмен ғалымдар еңбектеріне жасалған талдау педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әреткет табыстылығын дамыту мәселесінің арнайы зерттеу нысаны болмағандығын көрсетеді.
Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі заманғы рухани жаңғыру жағдайында педагогикалық оқу орын студентттерінің оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамытуда:
-
педагогикалық оқу орындарында жоғары сапалы маман даярлау жүйесінде оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығының ғылыми-теориялық және практикалық негіздерінің жеткілікті деңгейде қарастырылмауы арасындағы;
-
тұлғаның әрекет түрлерінде жетістіктерге жетуді қажетсінуі мен педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекеті табысты етуге даярлау әдістемесінің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықтар туындап отыр.
Осы бөліп қарастырылған қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру, біздің мәселемізді айқындауға және зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамыту жолдары» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты. Педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамытудың теориялық негіздерін айқындай отырып, әдістемелік жүйесін жасап, оны тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізіп, дамытудың жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеттері.
-
«Оқу-танымдық іс-әрекетіндегі табыстылық» ұғымын контент-талдау
-
Педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
-
Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығын дамытудың әдістемесін даярлап, оны тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеу нысаны: педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамыту үрдісі.
Зерттеудің пәні: педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамыту әдістемесі.
Зерттеудің болжамы, егер студенттердің оқу-танымдық іс-әрекет табыстылық деңгейін дұрыс анықтап, табыстылығын дамыту үшін арнайы бағдарлама құрып, жұмыс жасаса, онда студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетте табысқа жетеді, өйткені олардың оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығы даму арқылы сапалы маман болып шығуларына жағдай жасалынады.
Зерттеу әдістері: зерттеуге қойылған мақсаттарды шешу мен болжамдарды тексеруге бір-бірін толықтырушы және бірін-бірі тексеруші әдістер қолданылды:
-
теориялық (ғылыми, әдістемелік әдебиеттерді талдау, модельдеу, жіктеу, жүйелеу, жалпылау, т.б.);
-
диагностикалық (сауалнама, жеке және топтық әңгіме, сұхбат, бақылау, тестілеу, т.б.);
-
статистикалық (зерттеу нәтижелерін математикалық-статистикалық өңдеу).
Сонымен қатар, студенттердің оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын анықтау мақсатында келесі әдістемелер қолданылды:
-
«Тұлғаның табысқа жетудегі түрткісін диагностикалау» әдістемесі (Т. Элерс).
Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
-
«табыстылық», «оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығы» ұғымдары жан-жақты қарастырылып, теориялық талдау жасалынды;
-
педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі құрылды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
-
«педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығын дамытудың негіздері» атты элективті курс бағдарламасы әзірленді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Отандық ғалым Н.Кулмышева өз зерттеулерінде: «Оқу-танымдық іс-әрекет – шәкірттің ақыл-ой белсенділігі және оның өздігімен ізденіп оқуға мүмкіндік беретін әрекеті», - деп қарастырған[28].
М.Қ. Бапаева өзінің «Студенттердің психологиялық білім мен дағдыларды игеруі және танымдық іс-әрекет» атты мақаласында, «Оқу іс-әрекетінің табыстылығы – студенттердің білімі мен дағдылары, негізінен танымдық іс-әрекеттері арқылы қалыптасады. Оқыту әрекетінде студенттердің қызығушылығы, қабілеттері, мотивтері (ниеттері), темпераменті мен мінезі тағы басқа да психикалық қырларынан көрінеді. Сондықтан оқытушылар негізгі мақсатқа жету – қандай психикалық процестер, жағдайлар мен қасиеттерге байланысты екенін ажырата білуі керек. Оқу материалдарын қалай ұтымды пайдалану, теориялық және практикалық даярлығы бар болашақ мамандарды жан-жақты дамытуға қажетті оқыту жағдайларын да білуі қажет», - деп атап көрсетеді[30].
Таным теориясы оқу әрекетіне тікелей қатысты екені бәрімізге мәлім. Білім игеру әрқашан таныммен байланысты келеді. Сондықтан оқу және таным әрекеттері бір-бірімен тығыз байланысты, сол үшін оларды бірге қарастырып, келесідей контент-талдау жүргізгенді жөн көрдік (Кесте 1).
Кесте 1. «Оқу-танымдық іс-әрекетіндегі табыстылық» ұғымына контент-талдау
|
№ |
Анықтамалар |
Авторлар |
|
1 |
Танымдық іс-әрекет – оқу үрдісінің құрамына кіретін, арнаулы оқу орындарында қалыптасатын күрделі психологиялық білім. |
Г. Асқарова [31] |
|
2 |
Оқу-танымдық іс-әрекет – бұл арнайы оқушының өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатында сырттай тану. |
Е.Ж. Рысбаев [20] |
|
3 |
Оқу-танымдық әрекет – студенттердің негізгі әрекеті болып есептелетін күрделі мәселе. Ол оқу міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік іс-әрекеттермен және т.б. сипатталады. |
Г.К. Ордабаева, Г.М. Мадиярова [32] |
|
4 |
Іс-әрекет табыстылығы – тиімді оқыту мен тәрбиенің маңызды ішкі өлшемі. |
А.Қ. Рысбаева [27] |
|
5 |
Іс-әрекет табыстылығы – студенттің белсенділігінің дамуына ынталандырушы әсер ететін педагогиканың категориясы |
А.К. Ершина, А.Д. Кожабекова [33] |
Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығын дамытудың мазмұндық-құрылымдық моделіне: мотивациялық компонент, процессуалдық іс-әрекет компоненті (Білік), рефлекциялық-бағалау компоненті (Дағды) деп үшке бөліп көрсетуге болады (Кесте 2).
Кесте 2. Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығын дамытудың мазмұндық-құрылымдық моделі.
|
Компененттер |
Өлшемі, дамыту құралы |
Көрсеткіштері |
|
Мотивация |
Мамандықтың маңызы түсіндіру; пәнге деген қызығушылығын арттыру; студенттердің жеке басын құрметтеу; оқу іс-әрекетіндегі табыстылыққа жетудің жолын ұсыну. |
Мамандықтың маңызын түсіндіре отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, табыстылықтың маңызын түсінеді. |
|
Процессуалдық іс-әрекет компоненті (Білік) |
«Оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамытудың жолдары» элективті курсын өткізу. |
Оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамыту туралы теориялық білім ала отырып, оны практикада қолдану жолын меңгереді. |
|
Рефлекциялық-бағалау компоненті (Дағды) |
Оқу-танымдық іс-әрекетіндегі жетістіктер, сайыстарға, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға қатысуы және т.б. |
Сайыстарға қатыса отырып, өзінің теориялық алған білімдерін зерттеу арқылы өмірде қолдана алады. |
Кестеде көрсетілгендей, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстаына қызығушылығын дамытатын компоненттерін қарастырдық. Жалпы дамытудың 3 компоненттін және оларды сипаттаудың негізгі белгілерін қамтиды. Ұсынылып отырған компоненттер өзара тығыз байланысты. Нақты жағдайда студенттер оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамытуды белгілі бір ретпен жүзеге асырады.
Кез-келген педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігі оның диагностикалаудың негізінде анықталады. Зерттеуде қолданылатын педагогикалық диагностика тұтас алғанда оқыту үрдісінің нәтижесін ғана емес эксперименттік жұмыстың көрсеткіштерін айқындауға бағытталған. Зерттеу бойынша эксперименттік-тәжірибе жұмыстарына 98 студент қатысты: эксперименттік топта «Педагогика және психология», «Психология» мамандықтары бойынша 48 студент (Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті), ал бақылау тобында «Педагогика және психология», «Психология» мамандықтарының 50 студенті (Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ) қатысты.
Ең бірінші анықтау эксперименті жүргізілді. Анықтау экспериментінің мақсаты – педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығының алғашқы мәліметтеріне сүйене отырып, дамытудың жолдарын анықтау.
«Тұлғаның табысқа жетудегі түрткісін диагностикалау» әдістемесі жүргізіліп, келесідей көрсеткіштерге ие болды: бақылау тобында табысқа жетуге деген мотивацияның төменгі деңгейі 38 % болса, ал эксперимент тобында 48 %-ды құрады. мотивацияның орташа деңгейі бақылау деңгейінде 50 % көрсетсе, ал эксперимент тобында 46 %-ды көрсетті, мотивацияның жоғары деңгейі бақылау тобында 8 % көрсетсе, ал эксперимент тобында 4 % көрсетті, табысқа жету мотивациясы өте жоғары бақылау тобында 4 % көрсетсе, ал эксперимент тобында 2 % көрсетті (Кесте1).
Гистограмма 1. «Тұлғаның табысқа жетудегі түрткісін диагностикалау» әдістемесінің көрсеткіштері

«Тұлғаның табысқа жетудегі түрткісін диагностикалау» әдістемесі жүргізіліп, келесідей көрсеткіштерге ие болды: бақылау тобында табысқа жетуге деген мотивацияның төменгі деңгейі 38 % болса, ал эксперимент тобында 48 %-ды құрады. мотивацияның орташа деңгейі бақылау деңгейінде 50 % көрсетсе, ал эксперимент тобында 46 %-ды көрсетті, мотивацияның жоғары деңгейі бақылау тобында 8 % көрсетсе, ал эксперимент тобында 4 % көрсетті, табысқа жету мотивациясы өте жоғары бақылау тобында 4 % көрсетсе, ал эксперимент тобында 2 % көрсетті (Гистограмма 1).
Қалыптастырушы эксперимент негізінде «Педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығын дамытудың негіздері» тақырыбы бойынша элективті курс жүргізілді. Курстың мақсаты, студенттерге оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығы туралы теориялық білім бере отырып, табыстылықты арттырудың жолдарын көрсету. Жалпы курс 15 дәріс сағатынан және 30 сағат тәжірибелік сабақтарға арналған. Курс бағдарламасының мазмұнында «табыстылық туралы түсінік», «оқу-танымдық іс әрекет» түсінігі, «оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығы» ұғымының мазмұндық сипаты, оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамытудың өзектілігі, оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын зерттеген ғалымдар тәжірибесі, оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамытудың маңызы, оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын СӨЖ тапсырмалары арқылы дамыту, интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамыту, ғылыми-зерттеу жұмысының студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығын дамытудағы орны, табысты студент – сапалы маман, - тақырыптары қарастырылған.
ҚОРЫТЫНДЫ
«Педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығын дамыту жолдары» тақырыбына жазылған жұмысты былайша қорытынылауға болады:
-
Студенттердің, әсіресе педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамыту және анықтау бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Өйткені табысты студент – ол табысты маман. Табысты маман – еліміздің жарқын болашағы.
-
Әр ғылым салаларында «оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығы» ұғымына берілген анықтамаларды саралай келе, оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығы дегеніміз – студенттердің білімі мен дағдылары, негізінен танымдық іс-әрекеттері арқылы қалыптасады, яғни оқу әрекетін табысты қылу ол тікелей таным әрекетіне байланысты.
-
«Тұлғаның табысқа жетудегі түрткісін диагностикалау» әдістемесінің қорытындысы бойынша бақылау және эксперимент топтарында да мотивацияның орташа деңгейі басымдылық көрсетті, демек мотивациясын арттыру керектігі көзделеді.
-
Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығын дамытудың мазмұндық-құрылымдық моделін толығымен жүзеге асырылып, оң нәтижесін берді.
-
«Педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығын дамытудың негіздері» тақырыбы бойынша элективті курс бағдарламасы әзірлені.
-
Дегенмен де бұл жұмыстар жүргізілгенімен де бұл қарастырылып отырған мәселені толыққанды шешеді деуге болмайды, сол себептіде, студенттердің оқу-танымдық қызығушылықтары мен кәсіби дағдыларын дамытуға байланысты жұмыстар жүргізуді қажет етеді.
Педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамыту арқылы сапалы маман даярлайтынымыз анық.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ:
-
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», 2018 жылғы 10 қаңтар
-
Аткинсон Дж. Теория о развитии мотивации. – М.: Педагогика, 1996. – 235 с.
-
Мак-Клеланд Д. Мотивация человека. Изд-во: Питер, СПб, 2007, 667 с.
-
Роджерс К. Свобода учиться Текст./ К. Роджерс, Д. Фрейберг. -М.:ЭКСМО-Пресс, 2002. 512 с.
-
Фромм Э. Бегство от свободы. Человек для самого себя. – М.: Изида, 2004. – 400 с.
-
Эриксон Э. Идентичность: юность и кризис. – М., 2006.- 312 с.
-
Левин К. Динамическая психология: избранные труды. – М: «Смысл», 2001. – 572 с.
-
Мерлин В.С. Очерк интегрального исследования индивидуальности. – М.: Педагогика, 1986, 254 с.
-
Ильин Е.Н. Мотивация и мотивы. – СПб: Питер, 2006. – 320 с.
-
Реан А.А. Социализация личности. – СПб: Питер, 2006. – 151 с.
-
Бандура А. Теория социального научения. СПб: «Евразия», 2000. – 322 с.
-
Кубышкина М.Л. Психологические особенности мотивации социального успеха: дисс. к.псх.н. – СПб, 1997. – 207 с.
-
Ананьев Б.Г. Психология педагогической оценки. М., 1980, 268 с.
-
Батурин Н.А. Успех, неудача и результативность деятельности // Психологический журнал. 1987. - №3. – 87-94 с.
-
Леонтьев А.Н. Психология смысла. – М., 2003. – 216 с.
-
Рубинштейн С.Л. Принцип творческой самодеятельности // Вопросы психологии. – 1986. №4. – 34-37 с.
-
Амонашвили Ш. А. Размышления о гуманной педагогике.- М., 1996
-
Белькин А.С. Ситуация успеха. Как ее создать? М.: Просвещение, 1991. – 176 с.
-
Яшнова О.А. Социально-педагогические факторы успешности обучения и воспитания младших школьников: Монография. – М., 2002.
-
Рысбаев Е.Ж. Қазіргі ауыл мектептерінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру. Педагогика ғыл.канд. ғыл.дәр.алу үшін дай. Дисс. Авторефераты. Қазақстан Республикасы, Түркістан, 2008. – 25 б.
-
Усенова А.М. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік табыстылығын дамыту. Философия докторы (PhD) дәр,алу үшін дай.дисс. Алматы, 2016. – 197 б.
-
Курдюкова Н.А. Оценивание успешности учебной деятельности как психолого-педагогическая проблема: дисс. к.псх.н., СПб, 1997.
-
Смирнов С.Д. Психологические факторы успешной учебы студентов вуза// Вестник Московского университета Серия 20: Педагогические образование. – 2004. - №1. – 10-35 с.
-
Шабалина М. Р. Педагогические условия повышения академической успешности студентов : диссертация ... кандидата педагогических наук : Москва, 2010.- 215 с.
-
Калинина Н.В. Психологическая помощь учащимся в достижении социальной успешности// Педагогическая наука: история, теория, практика, тенденция развития. – 2010. №3. – 15-21 с.
-
Таубаева Ш.Т. Научно-педагогическое исследование: методология и методика. Учебное пособие. – Алматы, 2010. - 238 с.
-
Рысбаева А.К. Методология развития успешности деятельности как категории педагогики: автореф. … д.п.н.: 13.00.01 – Алматы: Каз.Гос.ЖенПИ, 2004. - 53 с.
-
Кулмышева Н.А. Жоғары оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары // педагогика ғыл.канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дай.дисс.авторефераты. – Алматы, 2010
-
Жансерикова Д.А. Студенттердің танымдық іс-әрекеті мотивациясына жалпы мағыналық қор құру мен жаңсақ нанымдардың әсер етуін зерттеу. Психология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертация авторефераты. Алматы, 2010. -25 б.
-
Бапаева М.Қ. Студенттердің психологиялық білім мен дағдыларды игеруі және танымдық іс-әрекет//ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериасы. – 2010. - №3. – 29-36 бб.
-
Г.Асқарова. Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру//Қазақстан мектебі. – 2007. - №2. – 23-25 б.
-
Ордабаева Г.К., Мадиярова Г.М. Студенттерде танымдық іс әрекетті қалыптастырудың психологиялық педагогикалық негіздері // http://izdenister.kaznau.kz/files/parts/2014_3/2014_3_58.pdf
-
Рысбаева А.К., Ершина А.К., Кожабекова А.Д. Интерактивное обучение в вузе: аспект успешности учебной деятельности студентов// Международный журнал экспериментального образования. – 2011. – № 11. – С. 55-56
К.М. Тайболатов 1
Гуманитарный факультет,
Казахский гуманитарно-юридический инновационный университет
город Семей, ВКО, Республика Казахстан, 071400
e-mail: Kuandik__94@inbox.ru
Пути развития успешности учебно-познавательной деятельности студентов педагогических вузов
К.М. Таibolatov 1
Humanitarian faculty,
Kazakh Humanitarian Law Innovative University
Semey, East Kazakhstan region, Republic of Kazakhstan
e-mail: Kuandik__94@inbox.ru
Ways of development of educational – cognitive activity of students are in pedagogical institutions of higher learing
Аннотация. В статье исследуется теоретический анализ терминов «успех», «учебная деятельность», «познавательная деятельность», «успешность деятельности», «успешность учебно-познавательной деятельности». Рентабельность отечественных и зарубежных ученых зависит от уровня мотивации личности, характера цели и намерения работать, факторов успеха, интереса к успешной деятельности, факторов успеха человеческой деятельности, самооценки, уровня аспирации, как результат или ожидание, отношение к объективному результату деятельности, успех студентов в учебной деятельности, активизация образовательной и познавательной деятельности студентов и социальный класс и развитие, фактор успеха действий управления университета в успешных студентах оценить успешность учебной деятельности, образования и психологических факторов студентов академические успехи и рентабельность педагогики, как успешные профессиональные категории рассматривалось с точкой зрения научно-исследовательскими работ действия. Представлена модель развития успешности учебно-позновательной деятельности студентов. Результаты экспериментальной и контрольной групп были показаны на основе методологии «Диагностика в достижении успеха человека». Представлена учебная программа «Основы развития успешной познавательной деятельности студентов педагогических учебных заведений».
Ключевые слова: успешность, развития, учебно-познавательная деятельность, студент, мотивация.
Annotation. The article analyzes the theoretical analysis of the terms "success", "educational activity", "cognitive activity", "success of activity", "success of educational and cognitive activity". The profitability of domestic and foreign scientists depends on the level of motivation of the individual, the nature of the goal and the intention to work, the success factors, the interest in successful activity, the success factors of human activity, self-esteem, aspiration level, as a result or expectation, attitude to the objective result of the activity, the success of students in the academic activities, the activation of educational and cognitive activities of students and social class stılıqtı development, the success factor of the management action of the university in a successful student x evaluate the success of educational activities, education and psychological factors of students academic success and profitability of pedagogy as successful professional categories was considered with the viewpoint of scientific research activities. The model of educational and cognitive development of students is presented. The results of the experimental and control groups were shown on the basis of the methodology "Diagnosis in achieving human success." The program "Foundations of development of successful cognitive activity of students of pedagogical educational institutions" is presented.
Keywords: success, development, educational and cognitive activity, student, motivation.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген