400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Педагогикалық процесте топ жетекшінің орны мен қызметі".

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудаға ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу, сынып пен мұғалім, мұғалім мен бала, педагог пен ата-ана арасындағы қарым –қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау, отбасы ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Педагогикалық процесте топ жетекшінің орны мен қызметі".

Педагогикалық ситуациялар.


Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудаға  ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу, сынып пен мұғалім, мұғалім мен бала, педагог пен ата-ана арасындағы  қарым –қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін  бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау, отбасы ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешу.


Міндеті: Ұлы білімге ата-аналарды, оқушыларды, педагогикалық ұжымды тарту, оқушылардың жеке писихикалық дамуында болатын кейбір қолайсыздықтың алдын алу; ата-аналарға, оқушыларға кейбір мәселелерді шешуде көмек көрсету


Жүргізуші: Армысыздар, құрметті жиынға қатысушы әріптестер!

    Ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан- жақты қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата- ананы да әрқашан толғандырып келеді. Өздеріңіз білетіндей біздің  өмір сүріп отырған қоғамымыз -нарықтық экономика. Еліміз үнемі даму үстінде. Өркениеті елдігімізді шығаратын білім мен ғылым, сондықтан мемлекет бізден елдігімізге сай білім беруді талап ететін болса, біз оқушылардан мемлекеттік бағдарламаға сай білім алуды талап етеміз. Қандай да бір жетістікке қол жетізу үшін біздер мұғалім- ата-ана-оқушы болып бірлесе жұмыс істеуіміз қажет.Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата- аналар арасындағы ынтымақтастық қарым- қатынаста. Өйткені адамзат бесігін  тербеткен баланың бас ұстазы ата- ана: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған- туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады» - деп Елбасы айтқандай, бала әкеден – ақыл, анадан – мейір алып өседі. Қай ата- ана болмасын баласының тәрбиелі, білімді, мәдениетті болуын қалайды. Ал адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі баланың ата- анасына ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауында.

       Жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісінде мектеп пен отбасы арасындағы байланысқа үнемі көңіл бөлінуі тиіс.

       Әрбір жиналысты өткізер алдында әрбір баланың ата-анасымен кездескен дұрыс. Ата- аналармен жұмыс жүргізудің негізі – алдын ала жоспарлау, алға мақсат қою, оны қалайда орындау.

1.     Оқушының ата- анасымен, жанұя жағдайымен толық танысу үшін арнайы үйлеріне бару.

2.     Ата- аналарды  хат арқылы мектепке шақыру.

3.     Сынып оқушыларымен бірігіп жиналыс ашу; ата- аналар комитетінің есебін тыңдау, бағыт беру.

4.     Ата- аналарға педагогикалық тақырыптардағы әңгіме, баяндамалар оқып, түрлі басылымдардан, әдебиеттерден қажетті ұсыныстар мен пікірлер оқуды тапсыру.

5.     Белсенді ата- аналарды бсашылыққа алу, үлгі- өнеге ету.

Осындай түрлі жұмыстар жүргізу – менің әр күнгі төл ісім болып саналады. Үйіне барып байланыс жасаған кезде сол оқушының мінез- құлқын, бейімділігін, сынып ішіндегі оқушылармен қарым-қатынасын, қоғамдық жүктемені орындауын айта келіп, сол жанұяға тән қажетті нәрселерді ескеріп отырамын. Мұндай байланыс сынып жетекшісінің жұмысына жеңілдік келтіреді, тезірек орындалуына себебін тигізеді.

       Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы жас ұрпақтың жан- жақты дамуын, дүние жүзілік алдыңғы қатардағы ақыл –ой мен тәжірибені өскелең өмір талабына жеткізуін, халқымыздың көп жылдар бойы тұншығып келген тілін, мәдениетін, тәлім- тәрбиесін жанартуды талап етеді. Бүгінгі таңда білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес республика мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жанарту қажеттілігі туындауда.Оның басты себебі республика өзінің тәуелсіздігіне ие болған жағдайда экономикалық, экологиялық, этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, жастарды оқыту мен тәрбиелеу ісін қайта құрудың аса қажеттілігі пайда болды.

Педагогикалық ситуациялар:

1. Сіз сабақ жүргізудесіз, сынып еңбектенуде. Сабақтың дәл ортасына таман бір оқушы кенеттен орнынан тұрып, есікті тарс жауып, сыныптан шығып кетті. Сіз не істейсіз? Сіздің реакцияңыз? 

1. Мән бермеймін. 

2. Оқушыны қайтарамын да, сынып ережесін есіне саламын. 

3. Дәл қазір мән бермеймін, бірақ кейін шақырып алып, сөйлесемін. 

4. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз. 


2. Жас маман Сізге өз тобыңыздың сабағына қатысуға өтініш білдірді. Оқушылар сізді көргенде: «О, өзі игере алмағандықтан біздің апайымызды шақырыпты» деп реплика тастады. Сіздің әрекетіңіз?

1. Сыныппен әңгіме өткізіп, тыңдамаушылықтың себебін анықтаймын.

2. Этикалық тақырып бойынша сынып сағатын өткіземін.

3. Тәртіп бұзғандарды жазалаймын.

4. Тәртіп бұзушылардан ата-аналарын шақыруды талап етемін.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.


3. Сынып жетекшісі театрда өтетін мектептің жаңажылдық шыршасына небәрі 18-ақ билет алғанын ескертті, ал сыныпта 30 оқушы бар. «Мен сендердің барлықтарыңды жақсы көремін. Кім барады, кім бармайды өздерің шешіңдер», - деді. Сіз осындай кезде не істер едіңіз? 

1. Ешкімнің көңілі қалмас үшін жеребе тастауды өтінемін. 

2. Кім баруға лайықты екенін анықтауға дауыс берулерін сұраймын. 

3. Билетті жақсы оқитын, қоғамдық жұмыспен айналысатын оқушыларға үлестіруді ұсынамын. 

4. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз. 


4. Эльмира мұқият және ұзақ уақыт тарих пәніне дайындалды. Мұғалім берген тапсырманың бәрін жаттап алды, ертең қалай жауап беретінін де жоспарлап қойды. Бірақ келесі күні мұғалім сабақ сұрағанда, ол кенеттен сасқалақтап қалды да, ойдағыдай жауап бере алмады. Мұғалім басын шайқап, «үш» деген баға қойды. Сабақ аяқталды. Барлығы сыныптан шықты. Ал Эльмира басын төмен түсіріп отырып қалды, көзіне жас үйірілді. Оның жанына құрбысы келіп былай деді:

1. «Неменеге ренжисің. Өзің кінәлісің. Жинақы түрде байыппен жауап беру керек еді. Сенің орныңда мен сабаққа жақсы дайындалғанымды айтып, тағы да сұрауын өтінер едім».

2. «Неменеге жылап отырсың. Онда тұрған не бар. Мән бермей-ақ қой»

3. «Сен сондай ұқыпты, мұқият дайындалған сияқтысың. Солай ма?

4. Мен білемін, сен барлығын жаттаған болатынсың. Бәлкім сасқалақтап, ұмытып қалған шығарсың.

5. «Жанына отырып, оны құшақтап, Эльмираның барлық айтқандарын тыңдар едім».


5. Оқушы өзінің бір сыныптасын жақтырмайтынын білдіріп: «Мен мұнымен бірге оқығым келмейді», - деді. Мұғалім әрекеті қандай болуы тиіс? 

1. Не болып қалыпты сонша? 

2.«Ешқайда да бармайсың, бірге оқуға тура келеді». 

3.«Бұл ақымақтыққа жатады». 

4.«Ол да сенімен бірге оқығысы келмеуі мүмкін». 

5.«Неге?» 

6.«Менің ойымша сенікі дұрыс емес». 

7.Өз нұсқаңызды ұсыныңыз. 


6. Сіз сынып жетекшісі болып жұмыс жасайсыз. Сыныптағы бір оқушы тарих пәні сабағына қатысқысы келмейтінін, пән оқытушысымен қарым-қатынасының бұзылғанын, мұғалімнің мұның бағасын үнемі төмендетіп қоятынын мәлімдейді. Сіздің әрекетіңіз:

1. Оқушыға оның қателесетіндігін айтасыз. Жақсылап сабаққа дайындалып келуіне, пән мұғаліміне тіл тигізбеуіне және тәуір баға алатынына көзін жеткізесіз.

2. Пән мұғалімімен әңгімелесесіз. Себебін анықтайсыз.

3. Пән мұғаліміне тіл тигізгені үшін оқушыға дауыс көтеріп ұрсасыз.

4. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


7. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатқанда бір оқушының ұялы телефоны шырылдады. Ол мұғалімнен рұқсат сұрап класстан шығып кетті. Біраздан соң қайта кіріп орнына отырды. Мұғалім барлық балаға ұялы телефондарын сөндіріп қоюларын талап етті. Телефоны шырылдаған балаға сабақтың қанша уақытын алатынына, балалардың ойын бөліп жіберетініне тоқталып ренішін білдірді. Жаңа тақырыпты енді түсіндіріп жатқан кезде мұғалімнің өзінің ұялы телефоны шырылдап тоқтамады. Оқушылар мұғалімнің сөзі мен ісінің сәйкестігін күтуде.

1. Осындай мұғалімнің орнында болсаңыз Сіз не істер едіңіз? 

2. Ұялы телефон арқылы Сізге байланысқа шығып тұрған өте көптен күткен адамыңыз болса не істейсіз? 

3.Оқушылардың ұялы телефондарды қолданулары бойынша қандай ұсыныстарыңыз бар? 


8. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер едіңіз?


9. Ата-аналар кеңесуге мұғалімге келді. Олардың 13 жасар қызы өте көп оқиды, үлгерімі жақсы, соңғы кезде қыз бен ата-ана арасында кейбір мәселелер туындап жүр. Ескертулерге қыз: - сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін, - дейді. Ата-ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Ол жиі қайталанып жүр. Ата - анаға кеңес.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
747
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі