Педагогикалық психология

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Педагогикалық психология

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалық психология - психологияның тәрбиелеу және оқыту жағдайындағы баланың психикалық іс-әрекетін зерделейтін сала.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Колледж басшысының оқу

ісі жөніндегі орынбасары

___________Аюпова.Н

«____»______________2026ж



«Бейнеу гуманитарлық колледжі» МКҚК


Сабақ жоспары


Сабақ тақырыбы: Педагогикалық психология

Модуль/пән атауы: Психология

Дайындаған: А.Өтесінова

Күні: «30» қаңтар 2026ж

1.Жалпы мәліметтер:

Курс,топ: ҚтБ-23

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы

2.Мақсаты,міндеттері: Педагогикалық психология

ұғымы, зерттеу объектісі мен негізгі түсініктері туралы жүйелі білім беру.

2.1.Күтілетін нәтиже: Педагогикалық психология ұғымын түсіндіре алады;

3.Қажетті ресурстар:

4.Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, ой қозғау, топтық жұмыс, талдау, түсіндіру, рефлексия

5.Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (3-5мин) Сабақтың мақсат-міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсыралар мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

Бағалау критерйилері: Сұрақ-жауап

Жалпы бағалау шкаласы

18–20

Өте жақсы

14–17

Жақсы

10–13

Қанағаттанарлық

0–9

Қосымша жұмыс қажет


Жаңа тақырыпты меңгеру

Педагогикалық психология

Педагогикалық психология психологияның тәрбиелеу және оқыту жағдайындағы баланың психикалық іс-әрекетін зерделейтін сала.

Педагогикалық психология - білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейді және жастың даму (жас ерекшелігі) психологиясымен тығыз байланысты, өйткенібілім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және даралық ерекшеліктерін ескермейінше дамыту мүмкін емес. Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлқын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық психология педагогтар мен оқушылардың арасындағы өзара қатынас мәселелерін, педагогтың жеке басына қойылатын талаптарды зерттейді, педагогикалық қабілеттер мазмұны мен қалыптасу үрдісін ашады. Сонымен қатар оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму зандылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс-тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де шұғылданады.



Тәлім-тәрбие психологиясының келесі тармақтары бар:

  • 1) Оқыту психологиясы — дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-ойын дамыту сияқты өзге де мәселелерімен айналысады.

  • 2) Тәрбие психологиясы — гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді.

Бұлардан басқа мұғалімдер психологиясы, ерекші білім беруде қажет ететін балаларды (ересектерді де) оқытып тәрбиелеу мәселелерін қамтиды.

Педагогикалық психология — балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері туралы білімдерді қарастыратын, сондай-ақ мұғалімдердің, тәрбиешілердің, ата-аналардың, педагогикалық топтар мен ұжымдардың іс-әрекетінің психологиялық негіздерін зерттейтін психология ғылымының саласы. Педагогикалық психология терминін орыс педагогі П.Ф. Каптерев (1849-1922) енгізді. Педагогикалық психология қалыптасуына XIX ғ. ортасындағы сараптау психологиясы тікелей ықпал етті. Педагогикалық психология педагогика мен балалар психологиясымен дифференциалдық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психология құрылымы үш бөлімнен тұрады: тәрбие психологиясыоқыту психологиясымұғалім психологиясы. Психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелері білім беру әдістерімен мазмұнын құрастыру кезінде, оқу құралдарын жасауда, диагностика құралдары мен психикалық даму түзетімін тексеруде қолданылады. Педагогтың жұмыс істеу стилі — педагогикалық үрдісте жетекшілердің оқушылармен қатынас жасау әдістерінің жиынтығы, педагогикалық жұмысқа теориялық және тәжірибелік дайындалудың бірлігі де педагогикалық психология қарастыратын мәселелерінің бірі

Тәрбие көбіне адамдардың өзара іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады да дүниеге көзқарасты, мотивацияның және жеке тұлғаның мінезін дамытуды, сондай – ақ оның қасиет – сапалары мен адами қылықтарын қалыптастыруды көздейді. Оқыту пәндік теориялық және практикалық іс-әрекеттің әр түрлері арқылы жүзеге асырыла отырылып, баланың интеллектуалдық және когнитивті дамуына бағытталған.

Педагогикалық психологияның зерттейтін мәселелері:

Оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланысы мәселесі;
Дамудағы сензитивтік кезең мәселелері;
Балалар дарындылығы мәселесі;
Бала дамуының жүйелік сипаты және педагогикалық ықпал етудің кешенділігі мәселесі;
Баланы педагогикалық қараусыз қалдыру мәселесі;
Балаларды мектептегі оқуға даярлау мәселесі;
Оқытуды жекелендіру (индивидуалдандыру) мәселесі;
Психологиялық – педагогикалық диагностика мәселесі;
Мұғалім мен тәрбиешіні психологиялық – педагогикалық даярлау мәселесі;
Әлеуметтік адаптация және әлеуметтік реабилитация мәселелері және т.б.

1-тапсырма. «Түсін де жүйеле»

Тапсырма:
«Педагогикалық психология» ұғымына кластер немесе интеллект-карта жасаңыз.
Картада міндетті түрде қамтылсын:

  • Пәні мен мақсаты

  • Негізгі бағыттары

  • Зерттейтін мәселелері

  • Басқа ғылымдармен байланысы

Мақсаты:
Педагогикалық психологияның құрылымы мен мазмұнын жүйелі түсіну.



Бағалау критерийлері:

  • Ұғымдардың дұрыстығы

  • Құрылымның логикалылығы

  • Теорияны толық қамтуы

Дескрипторлар:

  • Педагогикалық психологияның мәнін ашады – 3 балл

  • Негізгі бағыттарын көрсетеді – 3 балл

  • Зерттеу мәселелерін дұрыс орналастырады – 2 балл

  • Жұмыс көрнекі, жүйелі – 2 балл

? Жалпы: 10 балл



2-тапсырма. «Сәйкестендір»

Тапсырма:
Төмендегі бағыттарды сипаттамаларымен сәйкестендіріңіз.

Бағыт

Сипаттама

1. Оқыту психологиясы


2. Тәрбие психологиясы


3. Мұғалім психологиясы


















Қосымша сұрақ:
Бұл бағыттардың қайсысы болашақ педагог үшін маңызды? Неліктен?

Бағалау критерийлері:

  • Бағыттарды дұрыс ажыратады

  • Теориялық білімді қолданады

  • Өз ойын дәлелдейді

Дескрипторлар:

  • Сәйкестендіру дұрыс – 5 балл

  • Қосымша сұраққа нақты жауап – 3 балл

  • Дәлелді, сауатты жазылған – 2 балл

? Жалпы: 10 балл





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі