400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педагогикалық шеберлік пәніне байланысты топта,ұжымда педагогикалық-психологиялық тренингтар құру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тренинг топта бір-бірін жақсы қарым-қатынаста болуды,ұжымдыққа баулыйды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг

1. Жаттығу: «Мен қіммін, қандаймын?»

Мақсаты: өзіндік анықтауға, ішкі сезімін сыртқа шығару.

10 аса сөз жазуға болады. 3 минут беріледі

Мысалы: Мен Әселмін. Мен әдемі, сұлу қызбын. Мен қазақпын …

Мен … т.с.с.



2. «Жүз доп» ойыны.

Мақсаты: балалардың зейіндерін істеген істеріне бөлу және айналадағы құрдастарымен дұрыс қарым-қатынаста болуына үйрету.

Мазмұны: Балаларды шеңберге қойып, алдын ала бір-бірімен келісіп допты лақтырады. Сол бала басқа балаға лақтырады. Сонымен ойын жалғасады. Бір-бірімен сөйлеспей допты бір-біріне лақтыру жерге түсірмей. Жалғасуында бір доптың орнына бірнеше допты кіргізуге болады.



3. «Менің жан-жақты ерекшеліктерім» жаттығуы

Мақсаты: Іштегі негативті шығару.

Жағымды-жағымсыз жақтарын жазу. 5-минут беріледі.

10-нан аса сөз жазуға болады. Дәптердің қақ ортасынан сызып ерекшеліктер:

— Мен кішіпейілді қасиетіме ризамын т.б. …

Жағымсыз ерекшеліктер:

— Менің жылай салатын жаман қасиетім бар т.с.с.



4. Менің эмоциям және сезімім жаттығуы



Мақсаты: Адамның ішкі сезімі мен көңіл-күйінің көрініс табуы.



Көңіл-күй түрлерін жазасыз. Сол көңіл-күйді мимикамен көрсетесіз.

2-минут беріледі. Мысалы, күлу, ойлау, қиялдау, аңсау, жылау, уайымдау т.с.с. Осындай әдістемелер немесе тренинг, профилактика, кеңес, мақал-мәтел немесе аңыз айта отырып, баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі бақылауға үйрету.

Жағымды ерекшеліктер: — Мен кішіпейілді қасиетіме ризамын т.б. …

Жағымсыз ерекшеліктер: — Менің жылай салатын жаман қасиетім бар т.с.с.

5. «Бәріміз бірге»

Мақсаты: балалардың бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды (әр бала допты екі қолымен ұстауы керек). Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау.



6. «Итке көмектесейік». Сіздің аяушылық қабілетіңіз.

Мақсаты: Сіздің жақыныңызға көмектесуге қаншалықты қабілетті екеніңізді анықтау.

Нұсқау: Мына суретте ит бейнеленген. Оның бақыты үшін анық бір нәрсе жетіспейді, бірақ атап айтқанда не? Иттің қасында барлық суретті салыңыздар, сіздің ойыңыз бойынша оның көңіл-күйін қалай көтересіз.

Бұл итке тура келмейді-ау, бұл оған керек емес деген ойлар сізге кедергі келтірмесін. Не қаласаңыздар, соны салыңыздар.



7. «Саңырау телефон»

Барлық балалар шеңбер бойында отырады. Бірінші отырған оқушыға құлағына сыбырлап әр түрлі сөздер айтамын. Ол оқушы әрі қарай келесі оқушыға естігенін айтады, ең соңғы қалған оқушы естігенін дауыстап айтады. Мысалы, Мен өмірге келгеніме қуанамын, мен болашақта мықты маман боламын, ата-анамның борышын ақтаймын т.б және өз пікірлері.



8. Релаксация. «Мен бақытты баламын».

Баяу сазды әуен үнімен үшке дейін санап, гүл бағына саяхатқа баруды ұсынамын:

— «Қараңдаршы, гүл бағында гүлдер қандай көп!!! Әсем әдемі гүлдер жайқалып тұр»

Гүлдерге қарап күн күлімдеп тұр. Гүлдер күлтектерін ашып, күнге күлімдейді.

— «Қараңдаршы! Бақтағы сайран құстың дауысы, сылдырап аққан судың дауысы естіледі. Бетімізге самал жел лебі еседі. Аңқиған гүлдердің хош иісі келіп тұр. Осы гүлдердің арасынан ұнағанын теріп алып, ең жақын досына сыйла»

Балалар өздеріне ұнаған гүлді айтады және өздерінің көңіл күйлерін жөнінде әңгімелейді, ерін ортаға салады.

9. .«Өрмекші торы» оқушылармен еркін қарым - қатынас жасау мақсатында жүргізіледі.

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады.. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.

Жаттығу шарты: Топта бір - біріне әр кім 1 - ші өзінің айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2 - ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының, адам бойына керек емес қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жиып шығады.

10. «Ақ парақ» жаттығуы

Мақсаты: ұжымда ауызбірлікпен жұмыс істеуге бағыттау.

Оқушыларды екі топқа бөліп, тапсырма беру. 1 – ші топқа қағазды жырту, ал 2 - ші топқа қағазды бірнеше жерінен тесу беріледі.

Нұсқау: берілген ақ парақтар бойынша, қандай жағдаяттарды немесе аңыздарды айтуға болады. Айтылатын ойды дәлелдеп беру керек.

11. «Жартастан өту» жаттығуы

Мақсаты: Оқушылардың өзара қарым - қатынасын бақылау.

Нұсқау: Оқушылардың барлығы бір қатарға тұрады. Олар жартастар болады. Ал, бір оқушы жүргінші болады. Ол осы жартастан ұстап, құламай өтуі қажет. Жартастарға көмектесуге болмайды, деген нұсқау беріледі.

12. “Төрт құбылыс” тренингі

Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым –қатынасты орнату, есте сақтау қабілетін дамыту.

Уақыты:10-15 минут

Жүргізілуі:Балалар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші “су” деген дегенде балалар қолдарын алдарына созады, “ауа” дегенде қолдарын жоғары көтереді, “от” дегенде екі қолын айналдырады, “жер” дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатысса сол ойыннан шыға береді.

13. «қызықты санамақ» - жүргізіші белгілі бір санды айтады, осы санға сай топ ішінен қатысушылар тұруы тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы: топ бірлігін дамыту, сөзсіз түсінуді дамыту.

14. театр: бәрі қатысатын пьеса» - қатысушыларды 4 топқа бөліп, бірінші топ – сценаристер, екінші топ – режиссерлер, үшінші топ – актерлер, төртінше топ – критиктер. Бүкіл топ мүшелерінің міндеті – пьеса жазып оны ойнату. Жаттығудың психологиялық мағынасы :топтық шешім кезінде конфликтісіз шешім қабылдауды дамыту.

15.«миссис Мамбл» қатысушылар өз көршілеріне тісін көрсетпей « кешіріңіз, сіз миссис Мамблды көрдіңіз бе?» деген сұрақ қояды. Оған көршісі « жоқ , көрмедім. Бірақ көршімнен сұрайын» деген жауап береді. Жаттығудың психологиялық мағынасы: жағымды эмоцианалды фонды құру және қатысушыларды ашу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі