400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ КЕМБРИДЖ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ШЫҢДАЙ ТҮС

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогикалық ШЕБЕРЛІКТІ кембридж бағдарламасымен ШЫҢДАЙ ТҮС

Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек

В. Маяковский.

Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық қасиет- табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де – осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу – абыройлы іс. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім болып істеп келе жатқаныма 8 жылдан асып барады. Қазіргі білім беру мен тәрбиелеудің мазмұны да, сипаты да күрделене түсті. Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше қабілет – қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Осыған орай ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болуда. Демек, ұстаздың білім мен өнердің жеке қиын саласына үйретуге өте мұқият бағыт ұстауы, білім – біліктің тармақтылығын жете үйретуді талап етуде. Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім, біздер, өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық – психологиялық өрісін өсіріп отыруға міндетті деп білемін. Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсам, біріншіден, мұғалім – үздіксіз ізденуші. Кез – келген тосын сұраққа жауап беріп, кез – келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс мен үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман атану. Соның бір дәлелі – мен биылғы жылы өз білімімді көтеріп, ІІІ деңгей курстан өтіп, Кембридж бағдарламасын меңгеріп, жеті модуль бойынша сабақ өткізу әдіс – тәсілін үйреніп келдім. Кембридж бағдарламасын игертуге бізбен тынымсыз еңбек еткен Абдукаримова Карамат Абдусаттаровна тренерімізге айтар алғысымыз шексіз. Кембридж тәсіліне негізделген бағдарламадан көптеген деректер алдым. Бағдарламаның негізгі түйіні- білім беру мен оқытудағы мұғалімнің жеті модульге негізделген әдіс-тәсілдерді меңгеруі.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру оқыту. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Осы курста біз аталған жеті модульдің сабақта қарастырылған идеялары мен байланысын қарастырдық.  Қысқасы, оқытудағы  Кембридж университетінің теориялық негіздерінен мағлұмат ала отырып,  ІІІ деңгей бағдарламасының түйінді идеяларын ұғындық. Сонымен қатар қазіргі таңда білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты мұғалім дайын білімді беруші емес, бағыттаушы екенін түсіндім.

12 жылдық оқу бағдарламасы бойынша оқытылуы дарынды балалардың көптігімен ерекшеленеді. Бұл реформалар қаншалықты өзекті және жалпы алғанда Қазақстанда қолданыла ала ма?- Қазақстан мектептері алдында қандай білім талаптары мен міндеттері тұр және шетел мектептері үшін тиімді болған әдістер бұл талап-міндеттерді шешуге көмектеседі ме, жағымды нәтиже береді ме? Осы екі елдегі оқу – процестеріндегі айырмашылықтар мен ұқсастықтарды салыстыра отырып, Қазақстанда да қазір білім сапасы бірінші кезекте тұрғанын айта кету керек.
Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстанда да білім жүйесінде елеулі өзгерістер еңгізіліп жатыр. Еліміз жылдан – жылға дамып келеді. Қандай да болмасын жұмыстың басы сапалы білім мен саналы тәрбиенің арқасында шешіледі. Білім қаншалықты өзекті мәселе екенін қазір бізде білеміз. Қазақстанда мектептер алдына мықты талаптар мен міндеттер қойып отыр. Шетелдің мектептері үшін тиімді болған әдіс – тәсілдерден біз өзімізге оң өзгерістерді кіргізіп жатырмыз. Н.Ә Назарбаев: білім сапасының артуы жолында жастардың шет елдерге барып білім алуына да жағдай жасады. Болашақ бағдарламасы бойынша да жастарды оқу – білімге тартылуына жол ашты. Жыл санап өзгерістер еңгізіліп келеді. Басқа елдермен тереземіз теңесіп, біздер де Қазақстанда білімді жастардың жыл санап өсіп келе жатқанына көзіміз анық жеткендей. Бала тәрбиелейтін – ұстаз. Ұстаздардың өзі жыл санап білімдерін шындаудан жалыққан емес. Заман ағымы алға жетелейді. Заман талабына сай мұғалімдер де өзгеруде. Оқыту мен оқудағы өзгерістерді не үшін өзгертуіміз керек? Осының негізінде Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының ашылуы болашаққа жол ашқандай.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Деңгейлі оқуды бітірген оқу тәжірибесіне өзгеріс еңгізудің негізгі тетіктері. Деңгейлі оқу бырысында Ұзақ мерзімді, Орта мерзімді, Қысқа мерзімді жоспарлау арқылы оқыту тәжірибесіне жаңа тәсілдерді еңгізу қазіргі таңда өте қажет және тиімді.

Мектептің бұрынғы жағдайымен салыстыра отырсам, бірнеше деңгейлі курстан өткен мұғалімдердің арқасында мектеп жұмысы алға басқандай. Алдағы оқу жылында мектебімнің жұмысы біршама көтеріліп, мектепте дарынды оқушылардың саны артып, өздігінен білім алып, еркін сөйлей алатын, өзінің ойымен бөлісе алатын оқушылардың саны артатынына сенім білдіремін. Сенім алға жетелейді. Оқыған теориямның тәжірибе барысында көп көмегі тиді. Мен осы күндердің барына, алған білімімнің тәжірибе барысында көп нәтижелі жұмыстар жүргізуіме себеп болғанына қуанамын. Сабақ барысында АҚТ – ны пайдалана отырып, іс – әрекет зерттеу жұмыстарының өтуі оқушыларды жаңа технологиямен жұмыс жасауының кепілі. Оқушылар бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланды. Оқу нәтижесі оң бағыт әкеледі. Сындарлы оқытудың нәтижесінде мектепте дарынды оқушылар саны артатынына кәміл сенемін.

Олай болса, Кембридж университетінің ұсынып отырған бағдарламасының мазмұны ұстаздарға осы тығырықтан шығып, мектептегі оқыту үрдісіне тың серпіліс жасауға айтарлықтай өз үлесін қосары сөзсіз. «Оқушының жеңісі-мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі-жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануында» дегендей, осы үйренген жаңа тәсілдерді  еңбек жолымда пайдалану дұрыс болмақ.

Әрқашан өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
430
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі