Материалдар / Педагогикалық-семинар Тақырыбы: «Индиго» балалар бізге берілген сый ма, әлде қасірет пе?

Педагогикалық-семинар Тақырыбы: «Индиго» балалар бізге берілген сый ма, әлде қасірет пе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Индиго түсті аурасы бар адамдар іштей қарама-қарсы тұлғалар. Оларда адамдарға деген махаббат пен қатыгездік, аңқаулық пен айлакерлік қатар жүреді. Олар ереже, арнайы қағида бойынша жүруді қаламайды. Көбінде индиго балалар айналадағы адамдарға теріс әсер етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2024
165
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай облысы

Жетписова Гульнар Токеновна

«Детский сад «Өрлеу» ЖШС әдіскер, тәрбиеші

Педагогикалық-семинар

Тақырыбы: «Индиго» балалар бізге берілген сый ма, әлде қасірет пе?

Мақсаты:

  • Қатысушыларға «Индиго» ұғымы туралы мағлұмат беру, тақырыптың маңыздылығын ашу;

  • «Индиго» балалар жайлы қатысушыларға кеңес беру;

  • Қатысуыларға сұрақ-жауап қоя отырып, кері байланыс орнату;

  • Қатысушыларға қарым-қатынас үстінде жақсы көңіл-күй орнату.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

  • Кеңес беру;

  • Сауалнама әдісі;

  • Сұрақ-жауап арқылы пікір алмасу.

Құрал-жабдықтар: слайд шоу, ақ парақ, қалам, қарындаш, алма, банан, апельсин, бөтелке, үнтаспа.

Өтілу ұзақтығы 1 сағат

Жоспары:

  1. Қуаныш шеңбері «Біз біргеміз – сөгілмесін іргеміз»

  2. Топтық жұмыс «Сиқырлы жемістер әлемі».

  3. Баяндама «Индиго балалар».

  4. Ойын «Мұқият бол!».

  5. Тыныштық сәті «Сұрақ-жауап».

  6. Ойын «Атомдар мен молекулалар».

  7. Рефлексия. «Кемпірқосақ»

1. Қуаныш шеңбері «Біз біргеміз –сөгілмесін іргеміз».

Барлық топ мүшелері (тәрбиешілер) мен студенттер үлкен шеңбер бойына тұрады да, бір-бірлерімен құшақтасып қауышады.

2. «Сиқырлы жемістер әлемі» топтық жұмыс.

Әр топқа арнайы дайындалған жемістер (алма, банан, апельсин) әкеліп қоямыз. Топ мүшелері сол жемістерге осы тақырыпта не білгері келетінін, не күтетіндерін жазып, шимен қадайды.

3. Индиго балалар. Олар кімдер?(баяндама)

«Индиго балалар» ұғымын америкалық эктрасенс Нэнси Энн Тэпп 1982 жылы өз еңбегінде ең алғаш рет қолданған. Ерекше балалардың аурасын зерттеу барысында, оларда қара көк түсті аура индиго түсті анықтаған. Аура (лат. «самал жел») – адам жаны мен рухының көрінуі, адам денесін айнала қоршаған жанып тұратын қабықша.

Индиго алғаш рет қашан пайда болды?

Индиго балалар ХХ ғасырдың 70-жылдарында пайда бола бастады. Алғаш кезде олар өте сирек болатын. 80-жылдары олар 15%-ды құрай бастады. Кейбір деректер бойынша біздің ғаламшарымызда шамамен 60 миллион индиго бар. Психолог Ирина Грязнованың деректеріне сүйенсек, бүгінгі таңда 50 жастағылар арасында индиго 1%, 30 жастағылар арасында 10%-ды, 12 жастағылар арасында 25%-ды құрайды.

Индиго балалардың ойлау, қабылдауы басқа балалардан өте қатты ерекшеленеді. Олар тәуелсіз, жалғыздық пен түсініспеушіліктен өте қатты уайымға түседі. Олар аса дарындылығымен, талантымен ерекшеленеді, ешкімге бағынбайды және біреудің қол астында болуды қаламайды. Индиго балалар таңқалу, қорқыныш және қызығушылық танытады. Олар – табиғат жұмбағы.

Индиго балалардың жүріс-тұрысынан өмірге деген көзқарасын байқауға болады. Егер қарапайым балалар өмірінің бастапқы айларында заттар мен құбылыстарға өзінің зейінін шоғырландыра алмаса, индиго балалар тек заттарға қарап қана қоймай, өмір жайлы өздерінің қайталанбас қабілеттері жайлы басқаларға жеткізе біледі. Оған мысал: 5 жастағы баланың әлемдегі скрипкадан барлық шығарманы үлкен оркестрмен орындауы жатады.

Олардың басқа балалардан аырмашылығы мінез-құлқының ерекшелігі, қоршаған әлем жайлы көп мағлұматты білуінде. Соңғы кездегі зерттеулердің қорытындысы бойынша индиго балаларда ДНҚ құрылымының өзі басқа балаларға қарағанда өзгеше. Олар Жерге бүкіл тіршілікте адамзат қоғамын құтқаруға келген деген пікір бар.

Индиго шынымен, феноменальді қабілеттерге ие. Индиго балалардың басты ерекшелігі қоғамдық ортаны тану барысында олар өзінің ішкі ойын (интуициясын) пайдалана отырып, ақпаратты қабылдайды. Индиго қасиеті бар балалар телепатиялық қабілетке ие. Олар бір-бірімен қашықтықта сөйлесе алады. Индиго балалар рентген тәріздес адамның ішкі құрылысын, ішкі мүшелерін көре алады, олар тіпті кітапты алақанымен де оқуға қабілетті. Индиго балалар өзінің өткен өмірін есіне түсіріп, Ғарыштан ақпарат ала алады.

Американдық психолог Ме Кэрролл өзінің «Дети индиго» атты кітабында индиго балалардың өмірін 3 типке бөледі.

Гуманистер – бұл болашақ дәрігерлер, заң қызметкерлері, мұғалімдер, бизнесмендер мен саясаткерлер. Олар қазіргі заман және келешек туралы ойларын кіммен болсын бөлісе алады. Ішкі сенімдері мықты. Бір ғана ойыншықпен ойнауға қанағаттанбайды, беріліп ойнайды. Олардың ойлары шашыраңқы, бір ескертуді бірнеше рет айтқызады.

Концептуалистер – болашақ инженерлер, дизайнерлер, архитекторлар, ұшқыштар мен әскери қызметкерлер. Олар отбасында басқарғанды жақсы көреді. Ұлдар анасын, қыздар әкесін басқару нысанына айналдыра бастайды. Егер балалар ата-анасынан безе бастаса, мұның арты ұиындыққа соғуы мүмкін. Ата-анасынан сырт айналған балалар теріс ортаға тез бейімделеді. Сондықтан, ата-аналар олардың іс-әрекетіне байыпты қарағаны жөн.

Суретшілер – болашақ мұғалімдер, әртістер, суретшілер, сондай-ақ дәрігерлер. Олар басқалармен салыстырғанда, сезімталығымен ерекшеленеді. Барлық іске шығармашылық тұрғысынан қарайды, өнерге жақын. 4-10 жастың аралығында өнердің барлық түрімен бірінен соң бірімен немесе қатар айналысып көріп, өзінің неге аса құмар екенін біле бастайды.

Индиго зиян келтіруі мүмкін бе?

Индиго балалар қауіпті емес, олар бұзушылық мақсатты көздемейді. Алайда, индигоға әлем қарсы келіп, оны итеріп , жазаласа, онда индиго агрессивті түрде жауап береді.

Индигоны алдау, оған жалған айту да агрессия тудырады. Оның сенімін алу өте қиын, тіпті кейде мүмкін де емес.

Индиго байқағыш және ақылды, олар ата-анасының және айналасындағы адамдардың әлсіз тұстарын жақсы біледі, және сол арқылы оларды басқара алады.

Индиго балалардың ерекше белгілері деп мінез-құлық және физиологиялық ерекшеліктерге байланысты төмендегі қасиеттерін атайды:

  1. Олар көбіне солақай келеді;

  2. Мінез-құлықтың құбылмалылығы;

  3. Шығармашылықпен ерте айналысуы;

  4. Жаңа замандық технологияларға жоғары бейімділік;

  5. Бойындағы қуаттың молдығы;

  6. Аса сезімталдық және интуитивті түйсіктің дамуы;

  7. Индивидуализм, авториттер мен стереотиптерді мойындамау;

  8. Мистикаға бейімділік;

  9. Оқшауланушылық.

Индигоның қарапайым адамнан қандай айырмашылығы бар?

Индиго түсті аурасы бар адамдар іштей қарама-қарсы тұлғалар. Оларда адамдарға деген махаббат пен қатыгездік, аңқаулық пен айлакерлік қатар жүреді. Олар ереже, арнайы қағида бойынша жүруді қаламайды. Көбінде индиго балалар айналадағы адамдарға теріс әсер етеді.

Индигоның назарын аулаған кез келген нәрсе айрықша қызығушылық тудырады, олар тез ұғып, жарты сөзден түсінеді. Сондай-ақ олар сандық технологияларды жақсы меңгереді.

Индигоның шынайы өмірге деген көзқарасы ерекше. Олар басқа адамдар байқамайтын шещімдерді қабылдай алады.

Егер ата-ана жоғарыда аталған қасиеттердің бар екенін байқаса, баласының қандай екенін білу үшін өзге күшті қолданып, баланың бұл өмірге не мақсатта келгені жайлы көп сұрамағаны жөн. Бала әуел баста өз қабілетінің жоғары деңгейде дамуын байқамауы мүмкін.

Ең бастысы, баладан асқан байлық жоқ. Оның тағдырына немқұрайлы қарау педагогикалық қауымға сын. Қоғамдағы өзерістер мен құбылыстарды есепке ала отырып, қажетілікке лайық әрекет ету – біздің парызымыз.

4. «Мұқият бол!» ойыны.

Психолог: Бұл ойын қатысушылардың зейінін бағалауға арналған жаттығу. Тақтада тұрмыстық заттар мен адамның дене мүшелерінің суреттері көрсетіледі. Ойынның шарты тұрмыстық заттардың бейнесі көрсетілгенде – қол шапалақтау керек, ал дене мүшелері көрсетілгенде – барлық қатысушылар орындарынан тұрады. Ең бастысы, шатаспау керек. Іске сәт!

5. Тыныштық сәті (әуен). «Сұрақ-жауап»

  • «Жалпы, әр тәрбиеші «индиго» баламен қарым-қатынаста қандай ережелерді білуі керек?».

Жауабы: «Индиго» баламен бұйрық райда сөйлесуге болмайды және оған қарсыласпаңыз. Оған берген уәдеңізді орындаңыз және оны ешқашан кемсіте сөйлемеңіз, оған әрдайым оны жақсы көретініңізді білдіре отырыңыз. Оны мазақтап, намысына тимеңіз, оны ұрып соғуға болмайды. Оған көп ашуланбаңызғ оның орнына көмек сұраңыз. Мысалы, шкафқа киім ілейік т.б. Олармен жұмыс істер алдында оған жоспарыңызды алдын-ала айтыңыз, оның істеген жұмыстарына байланысты оны мадақтап отырыңыз.

  • «Индиго» балалардың іс-әрекеттері мен мінез-құлқының сипаттамалары қандай?

Жауабы: Олар: өзінің басқалардан ерекше екеніне күмәнданбайды; көзге қораш көрінуі де мүмкін, бір көргенде таңқалдырарлық, ештеңе байқай алмайсыз; таңдауын айтуға ұялмайды және өз әрекеттерін түсіндіріп жатпайды; әдеттегі көпке ортақ талартарды орындағысы келмейді немесе шыдамдылығы жетпейді (мысалығ кезекте тұру,т.б.); оны басқалар түсінбейді, «дәстүрлі өмір сүруді» қаламай тұрғандай көрінеді. Өзінің басқаша мүмкіндіктері бар екендігін біледі, соған сенеді; бұл балаларға көбінесе, көңіл бөлудің тапшылығы, гипербелсенді деп диагноз қойылған, ішінара вундеркинд деп аталуы мүмкін.

  • «Индигоның қарапайым адамнан қандай айырмашылығы бар?»

Жауабы: Индиго түсті аурасы бар адамдар іштей қарама-қарсы тұлғалар. Оларда адамдарға деген махаббат пен қатыгездік, аңқаулық пен айлакерлік қатар жүреді. Олар ереже, арнайы қағида бойынша жүруді қаламайды. Көбінде индиго балалар айналадағы адамдарға теріс әсер етеді.

Индигоның назарын аулаған кез келген нәрсе айрықша қызығушылық тудырады, олар тез ұғып, жарты сөзден түсінеді. Сондай-ақ олар сандық технологияларды жақсы меңгереді.

Индигоның шынайы өмірге деген көзқарасы ерекше. Олар басқа адамдар байқамайтын шешімдерді қабылдай алады.

6. «Атомдар мен молекулалар» ойыны.

«Барлық ойыншылар кең, бос бөлменің ішінде ары-бері қалай болса солай жүреді, бұл уақытта олар атомдар болып есептеледі. Біздің білетініміздей атомдар молекулаларға айнала алады. Молекулада 3, 4, 5, атомдар бола алады. Ойыншыларға команда бойынша молекулаларға айналу керек. Егер жүргізуші үш десе ойыншылар үштен бірігуі қажет. Реакция бітті деген белгі бойынша қатысушылар қайтадан атомға айналады. Осылайша ойынды бірнеше қайталауға болады».

Мақсаты: Бұл ойынды өткізудегі мақсат, сіздердің ұжымдарыныздың бірлігін, ынтымақтастығын анықтау. Ал ойынның атом мен молекула деп аталуы тақырыпқа сай индиго балалардың ДҢҚ құрылымының өзі басқа балалардан өзгеше. Яғни ағзасында хромосомалар құрылымы өзгерген.

7.Рефлексия «Кемпірқосақ»





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ