400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педагогикалық ұстаным: Кәсіби құзыреттілік және іс- әрекеттілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім бірлескен кәсіби дамудың оң нәтиже беретіндігін ұғынады және мектеп аясында оқыту мен оқуға өзгеріс енгізуге талпынады, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыруды меңгереді
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Педагогикалық ұстаным: кәсіби құзыреттілік және жүректілік»

(коучинг жоспары)

Бастауыш сынып мұғалімі

Қойбақова Гүлбағым Нұрқабылқызы


Шеберлік сыныбының тақырыбы

«Педагогикалық ұстаным: кәсіби құзыреттілік және жүректілік»

Жалпы мақсат

*Бағдарлама аясында әр мұғалімнің өз мектебінде көшбасшы-мұғалім бола алатындығын сезіндіру;

*Кәсіби құзыреттіліктің мәртебесін көтеру және маңыздылығы туралы пікір алмасу;

* Сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру арқылы мұғалімдердің ұсыныс, талап-тілектерін талқылай отырып, ортақ пікірге келіп, бағалай білуге дағдыландыру;

*сауатты сөйлеу шеберлігін қалыптастыру.

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық, слайдтар, интернеттен алынған бейнероликтер, «Тренингтік ойындар мен жаттығулар», сабақ барысында жинақталған дереккөздер.


Оқу нәтижесі:

Мұғалімдер бірлескен кәсіби дамудың оң нәтиже беретіндігін ұғынады және мектеп аясында оқыту мен оқуға өзгеріс енгізуге талпынады, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыруды меңгереді.


Түйінді идеялар:

Оқытуды тәжірибесіз жүргізу нәтижесіз болуы ғажап емес, ал тәжірибені оқусыз жүргізу - бұл қауіпті. (Конфуций)

Жақсы адам табиғаттан емес, жаттығулардан жасалады.

Демокрит

Сабақта қолданылатын материалдар:

Мультимедиялық құралдар, бейнероликтер, маркерлер, А3 форматты қағаз, алма жемістері , сөздер жазылған қағаздар, флипчарттар, жасанды ағаш,


Оқыту әдістері:

Сергіту жаттығулары, тренигтер, постер қорғау,


Дереккөздер:

Слайдтар, интернеттен алынған бейнесюжеттер, сабақ барысында жинақталған дереккөздер.


Тапсырмалар:

Топтық тапсырма, постер қорғау,өзара пікірлесу,салыстырмалы көзқарас, кері байланыс.




Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс - әрекеті

1.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу (1 минут)

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Барша тыңдармандарға тілек айта отырып, ортаға қатысушы мұғалімдерді шақыру.


Мұғалімдер ортаға шығып, коуч – мұғалімнің тапсырмаларына бірлесіп атқауға жұмыстанады.

Ұйымдастыру

( 3 минут)

Түрлі түстердегі алма жемістерінің суреттеріне жапсырылған сандарды таңдату арқылы топқа бөледі.

Мұғалімдер өз жүректеріне жақын сандар жазылған түрлі түстердегі алма жемістерін таңдау арқылы үш топқа бөлінеді.

Жүйрік ой

(5 минут)

Адам денесінің сызбасы салынған суретті мұғалімдерге ұсынады, сол суреттер бойынша әр мұғалім өзі туралы мәліметтер айтып, өздерін таныстырады.

Адам денесінің сызбасы салынған суретті сызбаға өздері туралы мәлімет бере отырып, өздерін таныстырады.

Қызығушылықты ояту

(4 минут)


Назарбаев мектебі дайындаған бейнебаянды мұғалімдер назарына ұсынады.

Ұсынылған бейнебаянды тамашалайды.

Ой қозғау

(5 минут)

«Ұстаным», «құзыреттілік» сөздеріне түсінік бере отырып, педагогикалық ұстаным туралы слайд бойынша мәлімет береді.


Слайд бойынша терең тыңдалым.

Сергіту сәті

(4 минут)

Сіздің таңдауыңыз

Мұғалімдер өз таңдауларын жасай алады.

Түрткі болар материал ұсыну

(3 минут)

Мұғалімдер назарына бейнебаяннан үзінді ұсына отырып, ой тастайды, сол бойынша тапсырма береді.


Бейнебаянды тамашалайды, пікірлермен алмасады.

Топтық жұмыс

( 15 минут)

Берілген ақ қағаздарды пайдалана отырып, маркерлерді қолдану арқылы топ ішінде постер қорғатады.

Бірлесіп жұмыс жасайды, топ ішінде талқылай отырып, «мінсіз мұғалім», «мінсіз ата-ана» және «мінсіз оқушы» сызбасын жасақтайды, постер қорғайды.

Рефлексия

(3 минут)

Мұғалімдерге стикерлер таратып, өз тілектерін «Блоб» ағашына жапсыруды ұйымдастырады.


Стикерлерге коучинг туралы пікір жазып, «Блоб» ағашына жапсырады.

Қорытындылау

(2 минут)

«Екі жұлдыз, бір тілек» тренингісін жүргізеді.

Өтілген шара туралы жақсы тілектер мен ұсыныс айтады.

















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 мамыр
1038
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі