400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ПЕДАГОГТАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ОРТАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ - ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ¬

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада педагогтың кәсіби деңгейінің шыңдалуы басты, әрі қуатты факторлардың біріне айналып отырғаны туралы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ПЕДАГОГТАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ОРТАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ - ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ­

Мұхамбетжанова Сәуле Талапеденқызы,

п.ғ.д., доцент, Халықаралық ақпараттандыру

академиясының академигі,

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Республикалық институттың

«Менеджмент және ақпараттық технологиялар»

кафедрасының меңгерушісі



Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басым бағыттарының бірі ретінде адами капитал сапасын арттыру қарастырылған. Адами капиталдың сапасын арттырудың негізі – педагог. Олай болса, педагогтың кәсіби деңгейінің шыңдалуы басты, әрі қуатты факторлардың біріне айналып отыр. Бүгінгі педагогтың мәртебесі оның интеллектуалдық, кәсіби деңгейімен, жеке тұлғалық қасиеттерімен белгіленеді.

Бұл мәселе еліміздің «Білім туралы» Заңының 51-бабы 2-тармақшасында педагог қызметкер ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтық практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге құқығы барлығы атап көрсетілген. Бұл қазіргі жағдайда педагогтардың барынша бәсекеге қабілетті болуына қажетті негіз қалап отыр. Әйтсе де аталған мәселелерді жетілдіру үшін біліктілікті арттыру жүйесінің қызметі осы бағытқа негізделуі тиіс. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесінің мазмұнын жетілдіру қажет етіледі. Ондағы бағыттардың бірі – қашықтықтан оқытуды енгізу. Қашықтықтан оқыту арқылы кез келген педагог өзіне қажетті инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруге, оны тәжірибесіне енгізуге және білім сапасын арттыруға мүмкіндік алады. Жаһандану заманында ақпараттық қоғам мен білім беруді ақпараттандыру және электрондық оқыту (e-learning) жүйесін білім беру ұйымдарына енгізу жағдайында педагогтардың қашықтықтан біліктілігін арттыру ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Мұндай өзекті мәселені шешу үшін республикалық институттың «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасы ЮНЕСКО халықаралық ұйымымен бірлесе отырып, педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бойынша модульдік оқу бағдарламаларын жасады және оны MOODLE ортасында ұйымдастыру ұсынылды.

Дейтұрғанмен, бұл ретте еліміз педагогтарының бүгінгі ақпараттық-коммуникациялық икемі қай деңгейде, деген сауал туындайды. Олай болса педагогтардың жас ерекшелігіне сәйкес келесі факторларды атап кеткім келеді. Жүргізілген сауалдама 50 жастан асқан педагогтардың компьютерге бейіндігі төмендігін, ал 30-45 жастағылар ақпараттық-коммуникациялық ортаға тез сіңісіп кеткендігін көрсетіп отыр. Осы факторлар негізінде республикалық институт еуропалық стандартқа сәйкес педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бойынша көпвекторлық модульдік бағдарлама жасады.

Бағдарламаның негізгі ерекшелігі педагогтардың жасына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық құзырлылықты қалыптастыруды көздейді. Оны жүзеге асыру үшін педагогтардың қашықтықтан біліктілігін арттыру қарастырылса, шетелдік тәжірибелер де жан жақты сараптамадан өтті. Дамыған елдердің тәжірибесін талдай келе Оңтүстік Кореяның қашықтықтан біліктілікті арттыру тәжірибесін негізге алып отырмыз.

Жалпы, педагогтардың ІТ-саласын жан-жақты меңгеруі үшін кез келген педагог кең жолақты Интернет желісіне қосылған ноутбукпен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана ол іздене бастайды. Олардың кәсіби деңгейіне қойылатын талаптардың бірі ретінде ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзырлылығын қалыптастыру нормативтерін қарастыру көзделген. Аталған процестер тәжірибеге енгізілген жағдайда педагогтың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыруға толық мүмкіндігі болатындығы дәлелденген. Бұл фактілер педагогтардың ІТ саласын меңгеруі бойынша үздіксіз біліктілігін арттырумен қамтамасыз етілгендігін көрсетеді. Сондықтан келтірілген тәжірибелерді негізге ала отырып, біз бүгінгі таңда педагогтардың ІТ саласын меңгеруі бойынша біліктілігін кезеңдерге бөліп арттыруды жоспарлаудамыз. Кезеңдерге бөлудің 1-сатысы ретінде педагогтардың қашықтықтан біліктілігін арттыру қарастырылған. Алайда ІТ саласының динамикалық өзгерісіне сәйкес республикадағы 300000-нан астам педагогтың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бір жылда жүзеге асыру мүмкін емес.

Бұл қажеттілікті шешу барысында Корей Республикасының білім саласы бойынша үйренген тәжірибемізді ортаға салсам деп отырмын. Оңтүстік Корея елінде 7 телеарна білім саласы бойынша жұмыс жасайды екен. Атап айтар болсақ, Оңтүстік Кореяда білім беру жүйесінің ақпараттық кеңістігін кеңейтетін оқыту және ғылыми-көпшілік бағдарламалары ірі Educational Broadcasting System (EBS) телерадиокомпаниясы арқылы білім беру мәселелері қарастырылады. Сонымен бірге бұл елде білім беру жүйесінің келесі ақпараттық платформалары: EduNet (оқыту мен оқу үшін), EMIS және NEIS (басқару үшін), Cyber Home Learning System (CHLS) (үйден оқыту үшін) құрылған. Аталған платформалар e-learning оқыту жүйесін іске асыруға бағытталған.

Корей Республикасында Білім, ғылым және Технология Министрлігінің қолдауымен жасақталған Ұлттық ақпараттық білім беру жүйесінің (NEIS) есебінен білім беруді басқарудың тиімділігі қамтамасыз етілген.

CHLS жобасы ерекше қызмет көрсету моделі – оқушылар үшін сабақтан тыс уақытта білім беру ортасына топтайды. CHLS - оқушылар өзіндік оқу стилі, жетістіктер деңгейі негізінде жеке тұлғаға бағытталған өзіндік білім алу ортасын, сыныбын, сандық контенттерін таңдайды. Жоба он-лайн режимінде қосымша оқу материалдар арқылы репетиторлармен жеке жұмыс істеуді қамтамасыз етеді және қосымша білім беру құнын және бастауыш және орта мектеп деңгейіндегі "алшақтықты" төмендетеді.

Cyber High School – оқушылардың қашықтықтан және өзіндік білім алуының белсенді құралы ретінде жоғарғы мектептің оқу үдерісіне кеңінен қолданылады.

KAIST–center Интернет қоры ғылым мен технологияда дарынды балаларды қосымша біліммен қамтамасыз етеді.

Кореяда біліктілікті арттыруда «теңбе-тең» оқу ұстанымын кеңінен қолданады, яғни біліктілігін арттырған әрбір ұстаз өз мектебі мен өзге мектептегі әріптестеріне жаңа тәжірибесін үйретеді, кәсіби мәселелерін шешу үшін Кореяда педагогтардың желілік қауымдастығының қорлары белсенді пайдаланылады, ал біліктілікті арттыруда кредиттік жүйе қолданылады, яғни әрбір мұғалім жыл сайын 8 кредитті (120 сағаттық) жинау қажет.

Педагогтардың АКТ-дайындығын қамтамасыз ету үшін арнайы контент жасақталған. Тағы бір назар аударатын жайт, ол педагогтардың каникул уақытында біліктілігін арттыру жүзеге асырылады, ал сабақ уақытында олардың біліктілігі үшін қашықтықтан оқыту технологиясы қолданылады екен. Сондықтан Корей елінің тәжірибесін зерттей келе, республикалық институтта осы бағытта педагогтардың біліктілігін арттыру тәжірибесі осы жылдан бастап тәжірибеге біртіндеп енгізу жолға қойылды.

Аталған тәжірибені негізге ала отырып, Қазақстанда да телерадиокорпорациялар да білім саласына байланысты мәселелерді кеңінен таратса нұр үстіне нұр болары хақ.

Елбасының Жолдауында көрсетілген басым бағыттардың бірі ретінде адами капитал сапасын арттыру – жоғарыда айтылған ойлардың негізгі түйіні болып табылады.

Өскелең ұрпақтың бойында бәсекеге қабілеттілік дарының ояту үшін алдымен педагогтардың санасын түбірімен өзгерту қажет. Бұл қажеттілікті шешудің негізі педагогтардың қашықтықтан біліктілігін арттыру болып табылатындығы айқындалды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
387
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі