«Педагогтардың кәсіби құзіреттілігі - білім сапасының көтерудің негізі.»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Педагогтардың кәсіби құзіреттілігі - білім сапасының көтерудің негізі.»

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге қажет болуы мұмкін,тәжірибе алмасу мақсатта
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг жоспары Медеубаева Н.К

Тақырыбы:

Педагогтардың кәсіби құзіреттілігі - білім сапасының көтерудің негізі.

Мақсаты:

Қазіргі заманғы мұғалімнің шеберлігін арттыру жолдарымен таныса отырып жұмыс жасау, заман талабына сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу, жұмысындағы нәтижесінің сапасын арттырудың негізгі бағыты - барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыруда талмай іздену мен жаңалықтан қалмау қажеттігін сезінуге жетелеу 

Күтілетін нәтижелер:

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану мұғалімге оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны есепке ала отырып дамытуға, толық жағдай жасауға мүмкіндік беретінін түсінеді.
 

Кімге жүргізіледі:

мұғалімдер

Құрал-жабдықтар:

Таныстырылым, АКТ , бейнеролик,  маркер, стикер, қағаз, плакат.



 Коучинг кезеңдері

Коучтың іс-әрекеті

І. Мұғалімдерге жағымды ахуал қалыптастыру

Мақсаты: жағымды атмосфера қалыптастыру, тыңдаушылардың жұмысқа деген қызығушылығын ояту, көтеріңкі көңілмен кірісуін қамтамасыз ету.

Тренинг

«Менің бойымдағы сіздер білмейтін қасиет . . . . . .» атты ойын.

(Әр топтан мұғалімдер ортаға шығып өздерінің таң қалдыратын қасиеттерін ортаға салдады. Осылайша жаңадан келген жас мамандардың қабілеттерімен,өнерлерін тануға болады).

Топқа бөлу

Темір жол вокзалынан «Алматы - Астана» бағытында жолаушылар пойызының аттанатыны және жолаушыларды вагондарға отырғызу басталғандығын хабарлайды.



Билеттер сатып алу арқылы топқа бөлінеді. 1-2-3 номермен

Коучинг мақсатымен мұғалімдерді таныстырады.

Коучингтің тақырыбын ашу.

Слайттар көрсету

«Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру жолдары»

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Ал ондай мұғалім болу үшін көп іздену, оқу, курстарға барып білім алу жіне оны пайдалана білу, шығармашылықпен жұмыс жасау қажет. Қорыта айтқанда шеберлігін арттыру қажет.

«Миға шабуыл»

Жеке тапсырма беріледі:

«Мұғалім мамандығын неге таңдадыңыз?» сұраққа жауап беру.

Стикерлерге жазып, тақтаға орналастыру.

Топтық жұмыс


Қатысушы мұғалімдерге суреттер, мәліметтер таратылады. Топта талқылап, постер қорғау .

Постер тақырыбы:«Маманның кәсіби шеберлігін арттыру жолдары»

Суреттерді, сөздерді топтарға тарату, постерге қорғау. Тақтада сұрақтар жазылады:

  1. Кім?

  2. Қандай?

  3. Қайда және қашан?

  4. Неге?



Бағалау критерийлері:

  1. Сурет тақырыпқа сәйкес табылған.

  2. Сұрақтарға нақты жауап берілген.

  3. Көркемдеуі.


Презентациямен таныстыру

Презентация «Мұғалім екеніңіздің 13 белгісі»

Бүгінгі айтылған құнды пікірлерден ой түйіп, негізгі ұғымдар мен түсініктерді саралау мақсатында тақтаға назар аударуларыңызды сұраймыз.

Психологиялық тренинг

«Мен жақсы мұғаліммін!»

Фигура таратып беру:

Квадрат – бұл фигураны таңдаған мұғалім төзімді, шыдамды. Мақсатқа біртіндеп жетеді, жеткенше тоқтамайды. Олар сапалы білім берушілер.

Үшбұрыш – бұл фигураны таңдаған мұғалім атаққұмар, екі көзқарасты жандар. Олар өте күшті тұлға, қауіпті басекелес.

Дөңгелек – өте мейірімді, елгезек, өздерін бақытты сезінеді, егерде өзінде де, басқада да бәрі жақсы болса. Олар ешкіммен сөз таластырмайды, келісіммен шешуге тырысады.

Рефлексия. Кері байланыс

 


Темір жол вокзалына «Алматы - Астана» бағытында жолаушылар пойызының келіп тоқтағанын хабарлайды.

Жазбаша кері байланыс жасау үшін стикерлер таратылады және сол орналасқан орнына стикерлерді жапсыру.

Коучингке қатысушыларға рахмет айтып, жұмыстарына шығармашылық  табыстар  тілейді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.05.2021
422
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі