“М.Дауленов
мектеп-интернаты”КММ
«Педагогтардың кәсіби
құзіреттілігін арттыру»
(тренинг)
Орындаған мектеп
психологы:
Толегенова Аяулым
Толегенкызы
Мақсаты:
Педагогтардың өзіндік
бағалауларын арттыруға, «Мен педагог» позитивті концепциясын,
кәсіби, коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға, басқа адамдарды
түсінуге, өзінің және өзгелердің мінез-құлық мотивтерін тануға,
өзгені жақсы тыңдауға психологиялық қолдау көрсетіп,
дамыту.
Қажетті
материалдар:
А4 қағаз,жіп,магнитафон,
конверт, қалам, бояулар.
Тренинг
барысы:
Кіріспе:
-
Бір күні Насредин атты адам
үйіне кеш келе жатыпты. Келе жатып үлкен қамалдың жанынан өтіп бара
жатып атты адамдардың дауысын естиді де, қарақшылар деп қаша
жөнеледі. Қашып бара жатып шалынып құлап, жаңа қазылған орға түсіп
кетіпті. Ал шын мәнінде атты адамдар қарақшылар емес, кәдімгі
диханшылар еді. Олар қашқан адамды көріп:
-
Мына адамға көмек керек болар,
барайық, - деп Насрединнің жанына барады. Барып «Не істеп
жатырсыз»,-деп сұрайды.
-
Сол кезде Насредин өзінің
қателігін түсініп, «Бұл күрделі философиялық сұрақ. Ең бастысы
сіздер мен үшін осындасыздар, ал мен сіздер үшін осындамын»,-деген
екен. Олай болса, сіздер мен үшін, мен сіздер үшін осында жиналып
отырмыз. Сол үшін жақсы көңіл-күйде, жақсы қарым-қатынаста
тренингімізді бастайық.
Сәлемдесу: Қатысушылар өзіне ұнаған ұлт
өкіліне сай амалдасады. Бірақ бір-бірін қайталамау
қажет.
Талдау: Неліктен осы сәлемдесуді
таңдадыңыз?, Қандай әсер алдыңыз?, Кімнің сәлемдесуі
ұнады?
Танысу: «Менің есімім». Қатысушылар
шеңбер болып отырады. Сағат тілімен оң жақта отырған қатысушы өзін
осы тренинг барысында ұнаған есіммен, не ұнататын атақты адамдардың
атымен таныстырып, басқы әрпіне сәйкес бір жақсы кәсіби қасиеттерін
айта кетеді. Сонымен қоса, қолындағы жіпті келесі адамға береді.
Танысқанымызға қуаныштымыз. Рахмет. Жаттығу
аяқталды.
Талдау: Не сезіндіңіз?, Өзіңізді
басқа атпен атаған қиын болды ма?, Өзіңіздің жақсы қасиетіңізді
атаған қиын болды ма?
Қыздыру
жаттығуы:
1Себет
Қатысушылар өздерінің ішінен
бір жемісті ойлайды (алма, алмұрт, жүзім). Бастаушы жемістің атын
атағанда, таңдаған жемістеріне сәйкес орын ауыстырады. Мысалы: алма
десе алма деп ойлағандар бір-бірімен орын
айырбастайды.
2Жер
қозғалысы.
Қатысушылар үш адамнан топқа
бөлінеді. Екеуі бір-бірімен қол ұстасып үй болады да,біреуі ортада
тұрып, үй иесі болады. Бастаушы үй дегенде үйлер, адам дегенде
адамдар ауысады.
3Массаж.
Қатысушылар тізбек бойымен
тұрады. Бастаушы ауа-райы құбылыстарын айтқанда, ұқсас әрекеттермен
алдындағы тұрған адамның арқасына массаж
жасайды.
Талдау: Ауысу барысында не
сезіндіңіз?, Орын ауыстыру қиын болды ма?, Бұл жаттығудың мағынасы
не деп ойлайсыздар?
Жаттығу: «Мен өсіп
келемін».
Қатысушылар шеңбер бойымен
отырады. Бүгіліп отырып, қолымен басын бүркеді. Бастаушы 7-ге дейін
санау барысында, қатысушы кішкентай кезінен осы күнге дейін өсу
деңгейіне жету қажет.
Талдау: Қандай күйде болдыңыз?, Өсу
барысында не сезіндіңіз?, Кәсіптік кезеңге қандай көзқарас
туындады?
Жаттығу: «Менің кәсіби
таңбам мен ұраным».
Қатысушылар қағаз беріледі.
Қағазға төмендегідей жолдарға сәйкес символдар
орналастырады.
-
Мен педагог
ретінде
-
Менің
оқушыларым
-
Оқушыларымның
кзқарасымен
-
Менің кәсіптік
арманым
-
Менің ұстанатын
ұраным
Талдау: Кімнің таңбасы мен ұраны
ұнады?, Кәсіптік құзіреттілікте не маңызды болды?, Мақсатқа жету
үшін не қажет?
Жаттығу: «Менің кәсіби
ағашым».
Қатысушылар шеңбермен отырады.
Бастаушы: Қазір бәріміз өзіндік «Мен» ағашымызға саяхат жасайық.
Ағаштың бір бұтағына ішкі «Мен» күйіңізді, тағы бір бұтағына «Мен
жұмыста, кәсібімді» т.б қасиеттер бойынша жазып, суретін салып,
орналастырасыз. Келесі кезекте ағаштың тамырын саласыз.
Тамыр-сіздің педагогтік өміріңіздегі кәсіби-тұлғалық сипаттарыңыз.
Мұнда сіздің кәсіби өсуіңіздегі көмектесетін сәттіліктерін
алмастырады да, басқалардың ағашын
талдайды.
Талдау: Өзіңіздің ағашыңызды салуда не
сезіндіңіз?, Сізге не ұнады?, Сіз кәсіби өсуіңізге не қажет екенін
білдіңіз бе?, Сізге не күрделі болды?
4.Менің
ойым.
Әр қатысушы тренингтен алған
әсерін ортаға салады.
Қоштасу: Бір-бірімен құшақтасып, жақсы
тілектер айтады.