400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педагогтардың құзіреттілігін қалыптастыру бағытында жаңа білім мазмұнына сәйкес ғылыми жұмыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістер-«білім берудегі инновация» ұғымының қазіргі заманғы түсіндірілуі көбінесе тәрбие және білім берудің жаңа құралдарын, әдістері мен технологияларын әзірлеумен және енгізумен байланыстырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтардың құзіреттілігін қалыптастыру бағытында жаңа білім мазмұнына сәйкес ғылыми жұмыстар

Садырова Шынар

Файзуллақызы

Атырау қаласы

№1 Мектепке дейінгі

авторлық гимназия әдіскері

Білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістер-«білім берудегі инновация» ұғымының қазіргі заманғы түсіндірілуі көбінесе тәрбие және білім берудің жаңа құралдарын, әдістері мен технологияларын әзірлеумен және енгізумен байланыстырады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда эксперименттік-инновациялық жұмысты ұйымдастыру үшін, оған себептер болуы тиіс.Біздің пікірімізше, олардың негізгілеріне:

-өзекті проблемаларды шешу жолдарын белсенді түрде іздестіру қажеттілігі;

-педагогикалық ұжымның халыққа ұсынылатын білім беру қызметінің сапасын арттыруға , оларды неғұрлым түрлендіруге деген ниеті;

-педагогтардың, енгізілген жаңалықтар арқылы біздің ұжым жұмысын жақсартуына ұмтылуы;

-жекелеген педагогтардың қол жеткізген нәтижелерімен шектеліп қалмауы, үнемі ізденісте болуы;

-жас мамандардың ұмтылысы;

-ата-аналардың жекелеген топтарының өз балаларының білімділік деңгейіне деген талаптарының артуы;

-Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары арасындағы бәсекелестікке дайын болуы.

Осыған орай педагогтардың кәсіби біліктілігін дамыту маңызды орында және мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсіби біліктілігін арттыру жолдарының бірі-ғылыми-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Ғылыми-эксперименттік жұмыс-тәжірибеде жаңа білім мен дағдыларды дереу қолдана алу мүмкіндігін және жұмыс нәтижесін уақытында бақылау және түзетуді көздейді

Біздің гимназияда педагогтардың кәсіби біліктілігін көтеру жұмысының өз жүйесі қалыптасқан, бұл педагогтардың жаңа технологияларды игеруге ықпал етеді және жұмыстың жеке шығармашылық стилін қалыптастырады. Мектепке дейінгі ұйымдағы жұмыстың жүргізілуі өзіне –өзінің баға беруіне, өзін-өзі бақылауына, өз білімін және біліктілігін көтеруге ынталандырады,биік мәдениетті ынтымақтастыруға жағдай жасайды.

Эксперименттік тәртіп жұмысы педагогтардың білімін көтеру жүйелілігін болжайды. Эксперименттің мақсаты мен міндеттерін өздігінен зерттей отырып, өз ойын қосып дамытады.Мектепке дейінгі ұйымдағы өзекті мәселені шешу үшін эксперименттік іс-әрекет даму мен интеллектуалдық, материалдық ресурстары құралдарының шешімі болып табылады.

Жүргізілген эксперимент жұмысының жағымды нәтижесі:

-педагогтың  кәсіби шеберлілігінің және кәсіби педагогиканың  құзіреттілігінің өсуі;

-педагогтардың бірінші және жоғарғы біліктілік санатымен санының артуы;

- қалалық деңгейдің кәсіби сайыстарына педагогтың қатысу белсенділігінің көтерілуі

-оқу жоспарының варитативтік бөліміне бағдарламаның енгізілуі

Кәсіби біліктілікті көтеру мақсатында эксперименттік жұмыстың жобамен жинақтау кезінде әрбір педагогтың мынадай зерттеу құзіреттілігі дамиды:

  • Зерттеу іс-әрекетіндегі өзекті мәселені шеше білуі;

  • Зерттелу мақсатының дұрыс және нақты қойылуы;

  • Тұжырымдау, жорамалдау шеберлігінің артуы;

  • Зерттелу нысаны және зерттелу затының анықталуы;

  • Зерттелу пәнінің өлшемдерін суреттеу, параметрлерінің айқындалуы ;

  • Зерттеудің лайықты әдістерін тиімді таңдауы;

  • Зерттеуді жетілдіру шеберлігі;

  • Зерттеудің алынған нәтижесінен қорытынды шығара білуі;

  • Зерттеу бағдарламасын дәлдеуі;

  • Зерттеудің аралық кезеңі және қорытынды нәтижелерін бағалау білуі.

Біздің қызметіміздің негізгі бағыты-педагогикалық шығармашылықтың еркіндігін, білім беру кеңістігіндегі инновацияны қолдауды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау.

Педагогикалық ұжымның әлеуеті инновациялық үдерістерді табысты түрде енгізудің қажетті жағдайлары болып табылады. Сондықтан біз бұл жұмысты педагогтардың кәсіптік және шығармашылық мүмкіндіктерін терең және жан-жақты талдаудан бастадық.

Педагог кадрлардың инновациялық әлеуетін диагностау жаңашылдыққа деген қажеттілікке қарамастан, педагогтардың тек 42 % -ның ғана шығармашылыққа деген ұмтылысы бар екенін көрсетті.

Инновациялық міндеттер мен мүмкіндіктерді анықтағаннан кейін біз келесі кезеңге –жобалық идеяларды әзірлеуге көштік.Біздің әдістемелік қызмет педагог шығармашылығына көбірек қозғау салатын жұмыстардың инновациялық,тиімді және нәтижелі нысандарын тұрақты түрде іздестіріп отырады. Гимназияда көптеген педагогтар эксперименттік іс-әрекет бойынша әр түрлі бағытта жұмыстануда. Ең табыстысы-патриоттық-адамгершілік тәрбиесі.

Бұл жұмыс нысандары педагогтарды мүдделері бойынша бірітіруге, әріптестерімен топтан тыс жерлерде қарым-қатынас орнатуға, шығармашылық идеяларымен және атқарылған жұмыстарымен бөлісуге, жас маман мен жаңашыл-педагогтың әлеуетін көруге мүмкіндік береді

Біздің ұжым соңғы жылдар бойына эксперименттік қызметпен айналысады және «Өрлеу» БАҰО АҚФ ПҚ БАИ-дың базалық алаңы болып табылады. «Өрлеу» институтының ғылыми кеңесімен және қалалық білім бөлімінің 2012 жылдың 31 мамырдағы №430 бұйрығына сәйкес біздің гимназияда балаларды адамгершілік –отансүйгіштік қасиетке туған өлкесін терең таныстыру арқылы тәрбиелеу мақсаты бойынша эксперимент алаңы ашылды. Эксперимент жұмысын бастар алдында Х.Досмухамедов атындағы Атырау педагогикалық университеті келісім шартқа отырып, ғылыми жетекшісіміз профессор Шамғонов Амангелдіні тағайындадық.

Эксперимент міндеттері: туған өлкесі туралы білім беру: тарихы,символикасы, көркем жерлері, өндіріс орындары, олардың пайдасы, және туған өлкесінің атағын шығарған адамдардың аттарымен таныстыру. Эксперимент өзектілігі: мектепке дейінгі ересек балаларды адамгершілікке тәрбиелеу материалдары алғашқы рет жүйеленіп педагогикалық процеске енгізілген.

Эксперимент 2 кезеңнен тұрды: І кезең дайындық кезеңінде төмендегідей жұмыстар жүргізілді: бағдарлама жобасы дайындалды-методикалық материалдар,балалар көркем әдебиеттер жинақталды,ата-аналар арасында сауалнама жүргізілді,бағдарлама бойынша ата-аналар мен педагогтар арасында кеңес өткізілді, “Өлкетану ”шағын мұражай жинақталды. ІІ кезеңде оқу жоспарынының вариативтік бөліміне “Шаңырақ” бағдарламасы енгізілді. Туған өлкеге арналған көптеген материалдар жинақталды.

Бұл дегеніміз авторлық бағдарламалар аясындағы жүргізілген эксперименттік жұмыстар барысында 2012-2015 жылдар аралығында Х.Досмухамедов атындағы Атырау педагогикалық университетімен келісім шартқа отырып: «Үш тілділік», «Шаңырақ» бағдарламалары жасақталды. Авторлық бағдарламаларды зерттеу  және жүзеге асыруда Университет профессорларымен тығыз байланыста болып, ғылыми жетекшілеріміз ретінде ғылыми бағыт-бағдар алып отырдық. Мектепке дейінгі ұйымның айрықша ерекшелігі-инновациялық қызметті үздіксіз жүргізуде. Бұл адамдардың қатысуымен аталған тақырыпта біздер қала, облыс және республика көлемінде ондаған семинарлар, конференциялар, шеберлік кластарын өткіздік, онда осы бағыт бойынша тәжірибе алмасулар жүргізілді.

Бұл адамдардың қатысуымен аталған тақырыпта облыстық, қалалық ғылыми-тәжірибелік семинарлар өткізілді. Тәжірибенің шоғырлануы, білім бағдарламасының бөлінбейтін бөлшегі -сабақтас құрамы. «Өрлеу» БАҰО АҚФ ПҚ БАИ –мен әлеуметтік серіктестік орнатылып, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мен жетілдіру, әдістемелік нұсқаулықтар мен авторлық бағдарламаларды шығаруда, ашық іс-шараларды өткізу жолға қойылған. Аталған серіктестік арқасында «Үш тілділік» авторлық бағдарламасы мен «Балабақша мен отбасы әрекеттестігінің жаңа түрі-кеңес беру пункті жұмысын ұйымдастыру» әдістемелік нұсқаулықтары шығарылып, (ІSBN) авторлығын қорғады. «Өрлеу» мен университетпен орнатылған байланыс гимназияның шығармашыл педагогтарының авторлық бағдарламалары мектепке дейінгі ұйымдар арасында гимназияның абыройын арттырды.

Казіргі таңда авторлық бағдарлама ұлттық кітапхана қорына енді. Аталған тәжірибе қала, облыс және республика көлеміндегі газет, журналдар және ақпараттық телехабарлар арқылы таратылуда. Қала және облысымыздың педагогтарына таныстыру мақсатында Қалалық білім бөлімінің ұсынысы бойынша авторлық бағдарламаны вариативтік сағат ретінде басқа мектепке дейінгі ұйымдарда қолдануға ұсыныс берілді.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
222
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі