400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Педагогтарға арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтарға арналған тренинг "Менің шұғылалы әлемім". Мақсаты: Балабақшадағы педогог, қызметкерлердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру. Өздеріне құрметпен қарау.Ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату арқылы адамгершілікке, достыққа, өзара түсінушілікке, көңілді, мейірімді ұйымшыл болуға баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің шұғылалы әлемім»

педагогтарға арналған тренинг

Мақсаты:  Балабақшадағы педогог, қызметкерлердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру. Өздеріне құрметпен қарау.Ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату арқылы адамгершілікке, достыққа, өзара түсінушілікке, көңілді, мейірімді ұйымшыл болуға баулу.
Барысы:  Қадірлі әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңді көтеруге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырымын.
Қазіргі заманда ұстаз, тәрбиешіден құрметті маман жоқ. Бұл қиында қызықты мамандық. Ал, қазіргі заман талабына лайықты,білімді, ғылыми жаңашылдықты, өнер мен саясатты білетін ұстаз, бұл- «шебер ұстаз» делінеді.
1. «Танысу жаттығуы» Ойынға қатысушы амандасу ретінде бір-бірінің  көңіл-күйлерін сұрайды. Жаттығу қатысушылар өз есімдерімен таныстады. Есімдерінің  қойылу тарихын әнгімелеп береді.

2. «Қандай ағашты таңдайсыз?» тест
Мақсаты: Әркім өзінің қандай екенін білу үшін
Барысы: Суреттегі ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік санына қараңыз. Егерде суреттегі ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы психалогикалық тест жауабымен танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?

3. 1) Ойлануға арналған жаттығулар.
Мақсаты: Бір-бірімізді жақын тану үшін бір-бірімізді көзіміз арқылы сипаттау.
Барысы: Ойынға қатысушылар екі жұптан бөлінеді. Екі жұп бір-бірінің көз жанарына үңіліп қарау арқылы бір-бірін сипаттайды.
Мысалы: Айгүл сенің көзің күлімдеп тұр. Айнұр сенің көзің ойлы көз,- деген мағнада,
2)  Ойлануға арналған жаттығудың екінші бөлімінде ойынға қатысушы екі жұп бір-біріне қарап отырып, бірінші жұп қарсы жұптың бес  жасындағы кезін сипаттайды. Екінші жұп болса қарсы жұптың он  жасында қандай болғанын сипаттайды.  Әр адам ойлау арқылы қарсы жұп туралы жүйеле сипаттап айтады. Дұрыс айтылса, ия «дұрыс» деп, қате айтылса «дұрыс емес», мен мынадай болдым деп өзі айтып шығуы қажет.
4. Сергіту жаттығуы. «Орындарымен ауыстыру»
Ойынға қатысушылар шеңберге тұрады. Содан соң туған айларына қарай орындарын ауыстырады. Әрі қарай да солай жалғастырады
Ойын жәй ғана саз әуенімен орындалады. Екі-үш рет ойналады.

5. Психолог сөзі. «Жүректен шыққан жылы сөз, жүрекке жол табады» демекші, жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға себебін тигізеді. Әрбір айтылған жылы сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан да қолдан келгенше бір-біріне жылы сөздер айтқан дұрыс.  Олай болса бір-бірімізге  тілек тілейік. Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне сағаттың тілінің бағыты бойынша жүрекшені ұсына отырып, кезекпен достық тілектерін білдіреді.

Ойын тренингіне қатысқаныңыз үшін рахмет.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қараша
751
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі