Мен
педагогпын
Тренингтің
мақсаты: Қатысушылардың мінез – құлқын
анықтап, өзін – өзін бағалауын жоғарылату,
қатысушылардың арасындағы жағымсыз
хал –ахуалын жақсарту.
Қатысушылар
шеңбер құрап отырады, жаттықтырушы
шеңбердің ортасында тұрады.
Нұсқаулық:
«Қазір
біздің таныстығымызды ары қарай
жалғастыру мүмкіндігі тумақ. Оны былай
жүзеге асырамыз: шеңбердің ортасында
тұрған (алғашында ол адам орнында мен
боламын) ортақ белгілері бар адамдарға
орындарын ауыстыру (ауысып отыру)
ұсынысын жасайды. Ортақ белгіні атайды.
Мысалы мен: «Араларыңыздан әпкелері
барлар орындарыңызды ауыстырып
отырыңыздар» - деп айтамын, - сол кезде
кімнің әпкесі бар солар орындарын
ауыстыруы қажет. Осы сәтте шеңбердің
ортасында тұрған адам, орындардың
біреуін иеленіп үлгеруі тиіс, ал шеңбердің
ортасында орынсыз қалып қалған адам,
ойынды жалғастырады. Бұл жағдай
бір-біріміз жөнінде толығырақ біле
түсуге мүмкіндік береді».
«МЕН-айтып
салар едім» жағдаяттарға
жауап беру
1
– жағдай:
Сенің
досың сенен көйлек алды да оны
жыртып
тастады.
Сен
досыңа не айтасың?
2
– жағдай:
Сенің
әріптесің сенің мақалаңды көшіріп алып
өзінікі етіп жариялады, рұқсатсыз.
3-жағдай
Сенің
ең жақсы досың саған берген уәдесін
орындамады.
Сен
жақын досыңа не айтар едің?
4
– жағдай:
Сенің
сүйікті кішкентай қарындасың (сіңілің)
сенің
ең сүйікті қойын
дәптеріңді
алды да, ішінен
бірнеше
беттерін жыртып алды.
Сен
өз қарындасыңа (сіңіліңе) не айтар едің?
5
– жағдай:
Сенің
туыс апайың саған келемін деп келмеді.
Сен
қатты қапа болдың.
Сен
оған не айтар едің?
6
– жағдай:
Әріптесің
сенің циклограммаңды көрем деп май қып
әкеп берді.
Сен
сыныптасың не айтар едің?
7
– жағдай:
Сіз
тып тыныш бала ұйықтатып отырсыз, Бір
кезде тәрбиеші көмекшісіне екінші
тәрбиеші көмекшісі келді. Сіз ескерту
жасадыңыз. Бірақ олар әлі отыр. Кенет
бастық кеп неге шулап отырсыңдар деп
сізді жерден алып, жерге салды.
Сіз
не айтар едің?
8
– жағдай:
Сіздің
баланыз ауырып қалды, шұғыл түрдн бару
керек, алайда басшылықтан сұранып
едіңіз, жібермеді.
Сіз
не айтар едіңіз
Тыныштық
сәті «ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН».
психолог:
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді
жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс
алған сайын
неғұрлым
көбірек босаңсып, сабырлы болуға
тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге
шығамыз. Өзіңіздің бөлме
есігіне
қарай беттеп, есікті ашқаныңызды,
дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды
елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, сары
аяз қарыған бетіңізді қолыңызбен
уқалаңыз, енді
Орманға қарай жүре бастаңыз. Бір минут
тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың
әсемдігі мен балғындығын сезініңіз.
Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары
қарай жүре беріңіз. Аппақ
орманның тазалығына көңіл бөліңіз,
ағаштың жанына барып бұтасын ұстап
тартыңыз, үстіңізге ақ қырау төгіліп,
балаша шаттанудасыз.
терең тыныс алыңыз және қоршаған
айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл
бөліңіз. (Осы жерде психолог
1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Ал
қазір қайтуға дайындалыңыз. Айналаңызға
тағы бір қараңыз, таза ауаны терең
жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып
келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық,
қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз.
Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
№ 1
кей адамдарда сізді бір көргенде, сіздің
көп күлгеніңізге қарамастан, сізге
көңілсіз деп ойлап қалады.Сіздің
эмоцияларыңыз бір көргеннен –ақ білініп
тұрады. Себебі, сіз өзіңіздің шынайы
эмоцияларыңызды жасыра алмайсыз. Өмірде
өз әр шешімді ойланып барып жасайсыз.
Өзіңізді жоғары бағалап, кез – келген
жаңа ортаға, тез бейімделе аласыз.
№ 2
Сіз өміріңізде кездесіп жатқан
қиындықтарға қарамастан, өзіңіздің
оптимизміңізді жоғалтпайтын адамсыз.Сізге
өзіңіздің әлсіз тұстарыңызды және
қобалжуларыңызды көрсеткен ұнамайды.
Сіз туыстарыңызға, достарыңызға үнемі,
шынайы және сенімдісіз. Сіз өзіңізден
бұрын, өзгеге көп қамқор болатын адамсыз.
№ 3
Сіз ақыл парасатыңызбен ықпалыңыздың
арқасында туа біткен көшбасшысыз.Сізге
айналаңыздағы адамдарға көмек көрсеткен
қатты ұнайды.Сіз шынайы эмоцияларыңызды
жасырғаныңызбен өзіңіздің жақындарыңыздың
не сезініп жүргенін білесіз. Сіздің
қатал сырт келбетіңізге қарамастан,
сіз өте мейірімді, сезімтал адамсыз.
№ 4
Сіз өзіңіз жақсы көретін адамдарға аса
қатты қамқорлық танытасыз. Сіз отбасыңызбен
достарыңыз үшін жауапкершілікте
екеніңізді сезінгендіктен оларға қандай
қиын жағдай болмасын көмек қолын созасыз.
Сіз ашық жарқын адамсыз, алайда сіз
өзіңіздің эмоцияларыңызды көз келген
адамға көрсете бермейсіз. Сіз қоршаған
адамдарға жұмбақ болып қала бересіз.