Педагогтармен жұмыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педагогтармен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтармен жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғұлама ғалым Ибнул Жаузи: "Адамға жарасатын нәрсе – уақыттың қадірін біліп, оның әр сәтін ұтымды пайдалана білу", – деген екен.

Көктемгі демалыс ең ұзақ күткен демалыс. Сол уақытты өз игілігімізге қаншалықты дұрыс пайдалып жүрміз?!

Сіздерге демалыс күндерін тиімді пайдалану үшін бірер кеңестерімізді ұсынамыз.

 

Демалыс күндері де ерте тұрыңыз!

Әрине, бұл сіздің естігіңіз келген кеңес емес екенін жақсы түсінеміз. Алайда, оның пайдасы зор және екі себебі бар: тәніңізді тұрақты күн тәртібіне үйретесіз және таң сәріде ерте тұратын адамның алдында ұзақ күн күтеді.



Алдағы демалысты ертерек жоспарлаңыз!

Демалысын күндерінде отбасыңызға демалыс уақытын ұйымдастыру үшін алдымен мынаған назар салыңыз. Әдетте, адамдар демалыс уақытын жоспарлайтын кезде көп уақытын яғни барлық демалысын жоспарлауға арнауы мүмкін. Нағыз демалысқа уақыт тапшы болмас үшін алдын ала жоспарлап алыңыз.


Кез-келген тосын жағдайға дайын болыңыз!

Егер сіз уақытыңызды үнемдейтін нағыз шебер болсаңыз, бұл кеңесті оқысаңыз да болады. Әйтсе де, қаперіңізде болсын. Бұл жерде ең бастысы – кез-келген жағдайға дайын болу. Мәселен, жаңбыр жауып, жел көтеріліп, күн бұзылса, сізде бәрібір "В" жоспары бар.


Үй жұмысын қайталауды демалысқа есептемеңіз!


Бұл демалыс күндері үй шаруасына көңіл аударма деген сөз емес. Тек нағыз демалыс уақытын толықтай тағы да үй тірліктеріне арнап, шаршап қалмаңыз.

 

Отбасылық дәстүрді қалыптастырыңыз!

Отбасының бірлігінен асқан қандай бақыт бар?! Апта бойы асыға күтіп, кейін ыстық естелікпен еске алу қандай тамаша! Ол үшін алдымен отбасылық дәстүрді қалыптастырыңыз. Мәселен, отбасылық кітап оқу күнін енгізіңіз немесе демалыс күнінің соңын отбасыңызбен бірге тәтті тоқашпен шай ішумен толықтырыңыз.


Ол күні ғаламтордан алыстай тұрыңыз!

Оффлайнда болыңыз. Бұл сөздің мағынасы біз айтпасақ та, түсінікті сияқты. Шын мәнінде демалғыңыз келсе, телефоныңызды сөндіріп, әлеуметтік желілерден біраз алыстай түсіңіз. Демалыс күндері ғаламтордан, әлеуметтік желілерден бас тарта тұрыңыз. Яғни, бұл күні қалта телефоныңызға көп көңіл бөлмеңіз. Бәрібір уақытыңызды алады, түрлі қоңыраулар мазалайды, әлеуметтік желі жаңалықтары алаңдатуы мүмкін. Расында қалта телефонына келіп түскен кез келген ақпаратқа назар салуға дайын тұрамыз. Сол үшін демалыс күндері телефоныңызды өшіріп, бір сәт ұмытыңыз. Тыныштықтан медеу табыңыз.

Ұйқымен емес, спортпен дос болыңыз!

Кей адамдар демалысты түске дейін ұйықтау деп ұғынады. Немесе одан әрі түскі ас ішіп, әрі қарай үздіксіз теледидар қарауды да демалысқа жатқызатындары да бар. Ұйқыңыздан оянып, ойыңызды өзгертіңіз. Таңғы таза ауамен серуендеп, спортқа ден қойыңыз. Таңғы жаттығулар жасап, таза ауадан өз керегіңізді алыңыз. Бұлай жасау сіздің денсаулығыңызға, күні бойы сергек болып жүруіңізге көмектеседі. Егер бұрын-соңды спортпен шұғылданбаған болсаңыз, бүгінгі күн бәрін басынан бастайтын күн!

Пайдалы істерді жоспарлай біліңіз!

Сіздің әрбір жасаған ісіңіз өзіңізге жақсы әсерін беруі керек. Мүмкін, сіз көптен бері аулаға ағаш отырғызуды ойлап жүрген боларсыз. Немесе отбасылық шағын жоспар жасауды қолға алғыңыз келген шығар. Қандай іс жасасаңыз да соңында өзіңіз демалатындай әсер ала біліңіз.

Табиғат !

Табиғатқа көңіл бөліңіз. Көктемде барлық тірі ағзалар оянып жатқан керемет шақ. Айналаңызға көз жүгіртіп осындай әсем дүниеден жақсы әсер алуға тырысыңыз..


Адамдарға жақсылық жасай біліңіз!

Демалыс күндері досыңызға, жақыныңызға уақытыңызды арнай біліңіз. Ең болмағанда жарты сағат болса да уақыт табыңыз. Сізбен сырласқысы, ой бөліскісі, пікір алмасқысы келетін болар. Олардың да арман-тілегіне назар салыңыз. Қолыңыздан келгенше қамқорлық танытып, түсіністік танытыңыз. Ең жақын адамыңызды қуантып, жақсылық жасау алдымен өзіңізге жақсы. Оның қуаныштан бал-бұл жанған түрін көріп, өзіңіз де күні бойы қуанып, демалып қаласыз. 



Бұл кеңестер сіздің демалыс күндеріңізді пайдалы әрі жақсы өткізуге көмегін тигізеді деп ойлаймыз. Егер бұл кеңестерді күнделікті әдетке айналдыра білсеңіз, онда бүгінгі күн – сіздің күніңіз. Әр күннің қадірін біле жүріңіз!

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.04.2021
873
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі