жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
педагогтармен жұмыс "Мен маман ретінде қалыптасуымда қандай проблемаларға кезіктім және не шештім?"
МКҚК «Құлагер» балабақшасы
Өтегенова Гүлжан әдіскер
Педагогтармен жұмыс
Дөңгелек стол «Мен маман ретінде қалыптасуымда қандай проблемаларға кезіктім және не шештім?»
Мақсаты: Тәрбиешілердің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өзіндік талдай жасау білу, педагогтың өзін-өзі дамытуы, өзіндік шеберлігінің арттыруы, қазіргі жаңа технологияны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде пайдалана білуді үйрену, меңгеру, оны іс-жүзіне асыру, қазіргі заман талабына сай ізденімпаз, жаңалықтың жаршысы, жаңашыл педагог болуға бейімдеу.
Алдын ала дөңгелек столдың сұрақтары таратылып берілді.
Қажетті құралдар: плакатқа жазылған нақыл сөздер, слайдтар, техникалық құралдар.
Барысы: Педагогтардың барлығын жылулық шеңберіне шақыру.
Орнымыздан тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Кереге боп керіліп,
Уық болып иіліп,
Киіз үйді құрайық.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгін біз осы жұмыс барысында туындаған бірнеше сұрақтарға жауап іздеп, оның шешу жолдарын қарастырып көреміз.
-
Сұрақ
Жастық-мүмкіндік кезеңі. Бүгінгі таңда заман талабына сай егемен ел ұрпағына тиянақты тәрбие мен оқытудың қандай тиімді жолдарын ұсынған болар едіңіз? Оны қалай іске асырасыз?
Тәрбиеші:Олжабаева Ақманат
Жауабы:
Биылғы оқу жылында жаңа технология бойынша ашық ұйымдастырылған оқу іс -әрекеттерін өткізуде «Өзін-өзі тану»бағдарламасын қолданып отырамын.Онда әлсіз тұстар байқалмағанмен баланың оқу іс-әрекет үстінде белсенділіктері жоғары екені байқалып келеді.Әсіресе баланың өз ойын еркін жеткізуі,ойынға қызығушылығы,берілген тапсырманы шапшаң орындауы осының нәтижесі деп ойлаймын.
Қорыта айтқанда баланы тәрбиелеп дамытуда тәрбиешінің міндеті зор байлық,бұл заман талабы.Сондықтан да әр тәрбиеші ізденісін тоқтатпай әр оқуоқу іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастырып отырса,бала мен тәрбиеші арасында біріккен іс -әрекеттің айқын жемісі көрініп отырады.
2-Сұрақ:
Жақсы адам қайырымдылық жасайды. «Өзгеге жақсылық жасасаң, жариялама; ал саған жақсылық жасаса, бүкіл елге жарияла» (Әйтеке би). Жас маманыңызға не көмек көрсеттіңіз? Не үйретіп, қандай жақсылық жасап, осы дәрежеге жетті? Тәрбиеші: Ишанова Ұлжан
Жауабы: Білім алу –батылдық,оны толықтыру дананың,ал шебер қолдана білу-өнер даналық білімнен нәр алады.Жас мамандарға дүние танымдық кәсіби білімін,шеберліктерін жетілдіру яғни курстардан өту,семинарлар,тренингтер,дөңгелек стол,тәжірибе алмасу.Жас маманға жаңа стандартқа сай ұзақ және қысқа мерзімдік жоспарды құруға ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картаны және бес сала бойынша әдістемелік көмек көрсеттім.Сонымен қатар жаңа инновациялық технологияларды оқу әс-әрекеті кезеңдерінде тиімді пайдалану жолдарын үйретіп келемін.
3-Сұрақ
Егеменді еліміздің жас ұрпағына білім беру тәрбие беру барысында әдістемелік қандай қиындақтарға жолықтыңыз және қалай тәрбиелеуге тиіспіз?
Жауабы: Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде қазақ этнопедаогикасы арқылы бала бойына оқыту мен тәрбиелеуді қалыптастыруда тәрбиешінің ролі үлкен.Оқыту мен тәрбиелеу егіз процесс болғанмен әрқайсысының өзіндік әдістемесі бар.
1.Оқыту «Балақай» бағдарламасына сүйене отырып,жаңа стандартқа сай жүргізіледі.
2.Бала қиялын дамытуда арнайы «Өнерпаздар» үйірме жұмыстары өткізіледі.
3.Әр мерекеге сай бала деңгейіне байланысты іс –шаралар жиі ұйымдастырылып ,тәрбиеші мен баланың бірлескен іс-әрекеті айқын көрініп отырады.
4.Ауылдық жерлерде баланың танымдық қабілетін арттыратын мәдени орындар(қуыршақ театры,мұражайлар)жоқтың қасы.Дегенмен тәрбиешінің өзіндік ізденісі мен қабілеті арқасында мұндай қиыншылықтарды оңай шешуге болады.
Яғни оқыту мен тәрбиелеуді қатар ұштастыру арқылы бала бойындағы талантты,қабілетті айқындауға болады.
4-Сұрақ:
«Тәрбие мен білім адамзаттың қос қанаты» (Әл-Фараби) Осы тұрғыда өзіңіз тәрбиелеп жатқан жас маманыңызға теориялық білімін шыңдауда, әдістемелік шеберлігін арттыру мақсатында қандай көмек көрсеттіңіз? Тәрбиеші:Құлшаева Қарлығаш.
Жауабы: Қазіргі таңда тәрбие мен білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой өрісі жаңашыл,шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын дүние танымы жоғары,жан-жақты қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.Осы мақсатқа жету жолында тер төгіп жүрген әрбір педагог білім мен тәрбие беруде бір-бірінен бөліп алу мүмкін емес екенін жақсы біледі.Педагогтік шеберлікпен тәрбие өнерін меңгертуге үлкен мән беру.Жас маманға ашық сабақтарында шығармашылық жұмыстарын жандандыруға,әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануға,жаңа технологияны қолдануға ықпалымды тигіземін.
5-Сұрақ:
Тәрбиеші-тәрбие мен оқу тиімділігінің жанды мысалы. Былтырғы оқу жылына қарағанда, биылғы оқу жылында атқарған жұмысыңыздың әлсіреуі мен белсенділігінің сыры неде?
Жауабы:
Бәрімізге қасиетті Абай ақын,
Оқып-біліп өзіне болдық жақын
Жүрекке өлеңдері жылы тиіп,
Әр сөзінен ұғамыз тәрбие-білім.
Өз мүддесін өзі қорғап,өз есесін,өзі түгендеп,халқының үмітін ақтай білетін салауатты да білімді жеке тұлға тәрбиелеу- бүгінгі тәрбиеші ұстаз алдында «Білім туралы» Заңның және өмірдің қойып отырған талабы. Осы мақсатқа жету жолында тер төгіп жүрген әрбір педагог оқыту мен тәрбие беруді бір- бірінен бөліп алуға мүмкін емес екенін жақсы біледі.
Жалпы ұстаз туралы өткен дәуірде өмір сүрген ғұламалардың пікірі бойынша адамға тән жақсы қасиеттердің барлығын бойына жинақтай білген адам ол- мұрат адам.
Білім ордасы, ей кісілердің игісі,
Кісіге екі дүниеде пайдалы нәрсе:
Ізгі іс немесе мінезі түзулік,
Екінші- ұят, үшінші әділдік.
Ал, бұл өлең шумақтарынан осы заманғы педагогтардың пікіріне сәйкес ойларды, ұстазға тән қасиеттердің белгілерін байқаймыз.
Мен осы тұрғыда бүгінгі таңда заман талабына сай егемен ел ұрпағвна тиянақты тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын былай көрсетер едім: Жалпы біз ойын баласын тәрбиелеп отырғандықтан «Ойынсыз ақыл ойдың қалыптасуы дамуы жоқ.». Ойын- дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы бланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Сонымен қатар білім нәрін беретін білім мазмұнын жақсарту, оны заман талабына сай игеру, оларды ел азаматы болуға, ақыл ойын жан- жақты дамытуға ұмтылуға тәрбиелеп, шығармашылық тұлға, әрі реформалардың белсенді жалғастырушысы ретінде қалыптастыруды көздейтін білім беруші- ұстаз. Яғни ұстаз білімді болса ғана осы ұлы мақсатқа жете аламыз. Халқымыз «Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» деп бекер айтпаған.
6-Сұрақ:
Тәрбиеші мамандығын неліктен таңдадыңыз? Жол сілтеп бағыт берген кім? Баланың ата-анасымен байланыс жасап, бала тәрбиелеуде қандай қиындықтырды кездестірдіңіз? Тәрбиеші Каленова Айнұр
Жауабы: Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің нгізі ең алғаш отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады деп білемін. Балабақшада балалардың ата- анасымен байланыс жасай отырып қана баланың үйдегі мінез- құлқы мен балабақшадағы мінез- құлқын салыстыра отырып балаға тәрбие беруге тырысамын. Отбасындағы ересектердің мінез- құлқына іс- әрекетіне қарап өсіп, тәрбие көрген баланың да қандай екенін тану қиын емес. Менің тәрбиеші болып бала тәрбиелеу жолын бастағалы бері тәрбиеші мен ата- ана арасындағы байланыс жақсы болғандықтан ешқандай қиындықтар кездестірген жоқпын. Алдағы уақытта кездескен жағдайда балабақша әдіскерімен психологпен байланыс жасай отырып қиындықтан шығар едім.
Тәрбиеші: Каленова Айнұр
7-Сұрақ
Сіз психологсыз, психологтың мақсаты қандай? Психолог ретінде қанша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатыстыңыз, не үйретіп қандай ақыл-кеңес бердіңіз? Психолог Сәдуақасова Алтын
Жауабы: Менің мақсатым- белсенді және азаматтық құндылықтар толысқан тұлға қалыптастыру. Ол үшін педагогиканың , психологияның жалпы заңдарын біріктіру үйлестіре қолдану. Әр баланың таным деңгейін дұрыс саралап көмектесу. Баланы жеке тұлға ретінде жан-жақты зерттеу, диогностикалау. Балалардың қызығушылығымен танымдық әрекеттерін және бейімділігін анықтау. Балалардың бойындағы жағымсыз қылықтарды анықтап оны болдырмау.
Оқу жылы басынан бері тәрбиешілердің бірнеше оқу іс- әрекетіне қатыстым оқу іс- әрекетіне байланысты, тренинг, сергіту жұмыстарын балаларға жүргіздім. Балаларға бірнеше ақыл – кеңестер берілді.
8-Сұрақ
Сіз бұл мамандықты не үшін таңдадыңыз? «Ұстаз білімді болса- пән қадірлі» дегенді қалай түсінесіз? Осы мамандыққа өзіңізді лайықпын деп ойлайсыз ба? Ән жетекші Жалғасбаева Зейнеш
Жауабы: Халқын сүйген перзенті ең әуелі өз әнін, музыкасын,дәстүрін танып біледі,құрметтейді.Өйткені ол сенің жаныңды тербеп,қаныңды қозғап,жүрегіңді соқтырады.Абай атамыздың «...ұқсап бақ»-деген қағидасын қабыл алып өз бойындағы музыкаға деген құштарлықты өзім тәрбиелеп жатқан жас ұрпақты шығармашылық жұмысқа баулып,олардың белсенділіктерін,өнерге қызығушылығын арттыра түсу үшін музыкант мамандығын таңдадым.Таңдаудағы мақсатымның күтілетін нәтижесі:
Өнерлі,білуге құштарлық,белснді,шығармашыл бала тәрбиелеу.Ұстаз білімді болса –пән қадірлі дегеніміз:
Балалармен дұрыс жұмыс жасай алу,баланың тілін таба алу,әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану.
Инновациялық жаңа технологияларды пайдалану.
1Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің қызықты,тақырыпқа сай ұйымдастырылуы.
2Жаңа материалды игеруде қолданылған әдістеменің сабақ мақсатына,балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі.
Осы мамандыққа өзімді лайықтымын деп ойлаймын.
Жұргізуші:
Тәрбиешінің алға қойған мақсаты-бойында ұлттық санасы қалыптасқан, халқының әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрінлерін көңіліне тоқыған, дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру болса, сол мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Кедергіге қарсы тұра білетін қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.
«Еліміздің күші патшада, сәбидің күші жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз адамгершілігімізде болу керек.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген