жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін қолжетімді өздігінен оқу қызметін ұйымдастыру
БҚО, Зеленов ауданы. Новенький ауылы. «Бүлдіршін» бөбекжайы МКҚК әдіскері Галиева Ботагөз Кенесқызы
Тақырыбы: «Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін қолжетімді өздігінен оқу қызметін ұйымдастыру»
Мектепте оқыту мен тәрбие жұмыстарының сапасын жетілдіру педагогтардың әзірлік деңгейіне тікелей байланысты. Бұл деңгей және үнемі өсіп отыруы да қажет. Ол дау тудырмайтын ақиқат. Сондықтан, мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіру әрекеттерінсіз біліктілікті арттыру бағытындағы әр түрлі курстар, семинарлар мен конференциялар пәлендей тиімді нәтиже бере қоймайды. Өздігінен білімін жетілдіру кез келген мамандықтағы өз ісіне творчестволықпен және жауапкершілікпен қарайтын әрбір маман үшін қажеттілік болып қалыптасып отыр. Бұл әсіресе моральдық және әлеуметтік тұрғыдан жоғары жауапкершіліктегі ұстаздық, мұғалімдік кәсіпке алдымен тән жағдай. Өздігінен білімін жетілдіру – саналы түрде дербес шұғылданатын танымдық қызмет. Бұл ұғымға педагогикалық сөздік мынадай түсінік береді:
«Өздігінен
білімін жетілдіру, тұлғаның өзі
шұғылданатын мақсатты танымдық қызмет;
қандай да бір ғылым, техника, мәдениет,
саяси өмір және басқа да салалар бойынша
жүйелі білім алу. өздігінен білімін
жетілдіру негізінде шұғылданушының
материалды өздігінен зерттеп, зерделеп,
оқып-үйренуге деген ынта-ықыласы жатыр».
педагогтың өздігінен білімін жетілдіруі
мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіруі
– кәсіптік қызметіне тән қажетті шарт.
Қоғам мұғалімге қашан да жоғары талаптар
қойып келген, әлі де солай, келешекте
де солай болады. Өзгені оқытып-үйрету
үшін басқалардан көп білуге тура келеді.
Мұғалім өз пәнін білумен және оны
шәкірттер санасына жеткізудің методикасын
игерумен қатар, оған жақын ғылым мен әр
түрлі қоғамдық салалардан, қазіргі
саясаттан, экономикадан хабары болуы
керек. Мұғалім бәрін де тұрақты түрде
оқып-біліп отыруы тиіс, өйткені оның
алдындағы оқушылармен бірге уақыт
кезеңдері де жыл сайын өзгеріп отырады.
Әлем туралы түсінік те тереңдеп, өзгеше
сипатқа ие болады. Өздігінен білімін
жетілдіру қабілеті дипломмен бірге
келмейді. Ол әрбір мұғалімнің өзіндік
психологиялық және интеллектуальдық
ерекшеліктеріне байланысты, ақпарат
көздері арқылы жұмыс жүргізу, өз қызметі
мен әріптестер қызметіне талдау жасау
секілді дербес еңбек процесінде
қалыптасатын қасиет. Дегенмен, мұғалім
өзідігінен білімін жетілдіруге қаншалықты
қабілетті болғанымен, бұл процесс
практикада жүзеге аса бермейді. Мұғалімдер
мұның негізгі себептері ретінде уақыттың
жоқтығын, ақпарат көздерінің
жеткіліксіздігін, стимулдың болмауын
және басқа да жәйттерді алға тартады.
Бұл ой енжарлығы мен жалқаулығының
көрінісі десе болады, өйткені өзін өзі
жетілдіру әрбір педагогқа тән ажырамас
қажеттілік болуға тиіс. Мұғалімді
өздігінен білімін жетілдіруге ықпал
ететін бұл қажеттіліктің құрамы,
мотивтері мынадай: – күнделікті
ақпараттар бойынша жұмыс жүргізу.
Мұғалім сабаққа, сөз сөйлеуге, ата-аналар
жиналысына, сынып сағатына, жалпы
мектептік шараға, олимпиадаға әзірлену
барысында жаңа ақпараттар іздестіру
және оларды талдау қажеттігін сезінеді;
– творчествоны қалау. Мұғалім –
творчестволық мамандық. Творчестволықты
қалайтын адам сарғайып кеткен баяғы
сабақ жоспарларын немесе сценарийлерді
жыл сайын қайта парақтап отырмайды, сол
баяғы әңгімесін қайталай бермейді. Одан
гөрі жақсырақ жүргізуге ынта-ықылас
көрініс беруі тиіс. Жұмыс сонда ғана
қызықты, сонда ғана қанағаттанарлық
сипатқа ие болмақ; – заманауи ғылымның
және әсіресе психология мен педагогиканың
өте жылдам қарқынмен өсуі. Ешкім
басқаға өзінде жоқ нәрсені бере алмайды,
өйткені өзі дамыған, тәрбиелі, білімді
болмаса, басқаларды дамыта, тәрбиелей,
білім бере алмайды. Ол ең алдымен өзі
өзінің тәрбиесімен айналыспаса, басқаға
да тәрбие, білім бере
алмайды.
А.Дистервег
Өздігінен
білім жетілдіру деген не?
Өздігінен
білім жетілдіру – бұл адамның барлық
рухани және физикалық күштері қатысқан
тұлғаның ең жоғарғы өзін-өзі жетілдіретін
көрсеткіші; бұл шығармашылық іс-әрекеттің
түрі.Оның үдерісінде адам өзін-өзі
дамыта және өзін-өзі өзгерте тұрып
рухани және материалды объектті және
субъектті қоғамдық мәні бар құндылықты
қана құрып қоймайды.
А.Г.
Мысливченко, И.Л.Наумченко Педагогтардың
өздігінен білім жетілдіруін ұйымдастыру
технологиясы келесі кезеңдерден
тұрады:
І
кезең. – таңдайтын. Бұл кезең өз бетімен
жұмыс істеуге белгілі бір бағытты
қарастырады; мектептің ғылыми-әдістемелік
тақырыбына (өзекті мәселесіне) сай
жұмыстың мақсатын таңдау; жеке алған
тақырыбын қалыптастыруы, өз әрекеттерінің
жүйелілігін ұғуы.
ІІ
кезең – үйрететін.Бұл кезеңде педагог
таңдап алған өзекті мәселе бойынша
психолого-педагогикалық және әдістемелік
әдебиеттермен танысады.
ІІІ
кезең – практикалық Бұл кезеңде
эксперимент жасау, жұмыстың жаңа
әдістерін қолдану, педагогтық дәлелдерді
жинап, оларды іріктеу және талдау
жүргізіледі. Практикалық жұмыспен қатар
әдебиеттерді зерттеу бірге жүзеге
асырылады.
ІҮ кезең – теорияны ұғып, жинаған педагогикалық дәлелдерді жалпылау және талдау. Бұл кезеңде оқыған педагогикалық әдебиеттерді ұжыммен талқылауды ұйымдастыру тиіс;қалалық ӘБ, кафедраның немесе ӘБ отырысында өздігінен білім жетілдіруінің барысы туралы шығармашылық есеп беру;ашық сабақтарға және басқа да жұмыс түрлеріне қатысып, талдау.
Ү
кезең – қорытынды бақылаулы. Бұл кезеңде
педагог өзінің жеке жұмысын қорытындылайды,
бақылауларды жалпылайды, нәтижелерін
белгілейді. Соның ішінде ең бастысы -
жүргізілген жұмыс, белгіленген дәлелдер,
олардың талдауы, нәтиженің теориялық
негіздері, жалпы қорытындылардың және
жұмыстың алдын ала жоспарын
анықтау.
Педагогтың
өзін-өзі жетілдірудің жұмыс жүйесі
ағымды және алдын ала жоспарлауды
бағыттайды; рационалды формалар мен
ақпаратты меңгеру және сақтау құралдарын
жинақтайды; өзінің және ұжымдық
педагогикалық тәжірибесінің жалпылау
тәсілдері және талдау әдістемесін
меңгереді; зерттеу және эксперименталды
әрекетінің әдістерін біртіндеп
меңгереді.
Мұғалімнің өздігінен жетілдіру жоспарына оқитын әдебиеттер тізімі, өздігінен жетілдірудің формасы, жұмысты аяқтау мерзімі; күтілетін нәтиже (баяндама дайындау, ӘБ отырысында сөз сөйлеу, күнделікті жоспар, жұмыс тәжірибесін жазу, нәтижесін есеп түрінде рәсімдеу және т. б.) кіргізіледі.
Өздігінен
білім жетілдіру барысында жиналған
материалды бөлек тақырыптарға бөліп
және карточкалар, арнайы дәптерлер,
тақырыптық папка, мұғалімнің педагогикалық
күнделігі түрінде орынды қолдану
қажет. Өздігінен
білім жетілдірудің керектігі біріншіден,
мұғалімнің іс әрекетінің спецификасы,
оның әлеуметтік рөлі, екіншіден, үздіксіз
білім беру беталыстар және шынайылығымен
байланысты. Бұлар: үнемі өзгерілетін
педагогтардың еңбек жағдайы, қоғамның
сұраныстары, ғылым мен практиканың
эволюциясы , адамға деген талаптардың
өсуі, оның қоғам үдерісі мен жағдайларына
тез және парапар қабілеті, өзінің іс
әрекетін өзгертуге дайындығы, жаңа және
күрделі міндеттерді шеше білуі. Өздігінен
білім жетілдірудің мағынасы танымдық
белсенділікті қанағаттаныру, педагогтың
өзін-өзі үздіксіз білім алуындағы
сұранысын білдіріледі.
Өздігінен
білім жетілдіру негізгі принциптері
үздіксіздік, мақсаттылық интегративтік,
жалпы және мамандық мәдениеті,
қарым-қатынасы мен төменгі баспалдақтан
жоғарыға өтетін перманенттік, нұсқалылық
және т.б.
Өздігінен
білім жетілдіру кезінде педагогтар әр
түрлі формаларды қолданады:
1)
арнайы білім дайындығы (жоғары білім
алуы немесе екінші мамандығы)
2)
квалификациясын көтеру (курстарға
бару)
3)
өздігінен білім жетілдірудегі жеке
жұмысқа қажетті көмек:
-
ақпараттық құралдар
- есептік техника
- кітапханалар
- музейлер, көрмелер, театрлар, клубтар
- экскурсиялар
- ғылыми, техникалық, көркем және спорттық қоғамдар
- зерттеулер, эксперименттер, шығармашылық іс және тапсырмалар
- ғалымдар мен атақты адамдармен кездесу
-алдыңғы тәжірибе және өзінің практикалық әрекетінің жалпылауын ұғыну және т.б.
Бастапқы
деңгей жас мұғалімде құжаттармен,
балалар ұжымдарымен, ата-аналармен
жұмыс істегендегі нақты білік, дағдыларын
қалыптастыруын болжайды. Осы кезеңде
тәжірибелі жетекшімен жеке жұмыс та
жетеді. Бұл кезең оқытушының имиджін
құрастыратын кезең болғасын, жас маманның
дистанциялық олимпиадалар, сайыстар,
ӘБ пен мектеп ішіндегі шығармашылық
топтарда жұмыс істеуін қолдайды.
Мұғалім
мектептен тыс та жұмыс істей алады:
мұрағаттарда, музейлерде, кітапханаларда,,
өндіріс және басқа да мекемелерде.
Осындай жұмыс – мұғалімдердің өздігінен
білім жетілдіру дайындығына, жұмысты
жоспарлауға деген маңызды дағдыларына,
жұмысты ұйымдастыру мен өзін-өзі бақылау,
ақпаратты өндеу және талдау біліктілігіне,
жалпылауларды жасау, керек түзетулерді
кіргізуге қажет оқыту әдісі
Өздігінен білім алу негіздерін жақсы меңгерген маман кәсіби іс-әрекетте үнемі әріптестерінің алды, ұжымның абыройлы тұлғасы, өзінің құзіреттілігімен, бәсекеге қабілеттілігімен гуманистік бағыттылығы негізінде басқаларға үлгі-өнеге болып оларға қолдау көрсете алады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Станкин
М.И.. Психология общения: курс лекций.
М. - 2000. - 304 с.
2.
Введение
в педагогическую деятельность.
А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева,
и др. - М., 2000. - 208 с.
3.Айсмонтас Б.Б. Педагогическая психология: Схемы и тесты. -М., 2002.-208 с.
4.Виктор Пекелис. Адам қабілетінің қайнары. Алматы, 1976. -196 б.
5.Сегізбаева О.А. Қазақ философиясының тарихы. – Алматы, Ғылым, 1999 ж.
6.Білімдегі жаңалықтар. №3-4, 2009ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген