жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Педагогтерге арналған шебер сынып "Эбру өрнектерінің сиқырлы магиясы"
Педагогтерге арналған шеберлік сағаты
Шебер сынып тақырыбы: «Эбру өрнектерінің сиқырлы магиясы»,
«Эбру – суда сурет салу өнері»
Тәрбиеші: Умирзахова Айхан Култаевна.
Мақсаты: Педагогтердің ізденіс-зерттеу қызметін кеңейту және дамыту.
Міндеттері:
• Педагогтерге бейнелеу өнерінің ерекше түрі — «Эбру» техникасымен таныстыру;
• Бейнелеудің дәстүрден тыс тәсілдерін меңгеруге ынталандыру;
• Суда бояумен сурет салудың негізгі әдісін көрсету;
• «Эбру» техникасында шығармашылық жұмыстар орындауға жаттықтыру;
• Қатысушылардың шығармашылық ойлауын, қиялын дамытуға бағытталған еркін және жемісті қарым-қатынас орнату;
• Командалық рух пен жағымды өзара әрекеттестікті қалыптастыру.
Өткізу формасы:
Балаларсыз, педагогтармен және педагогтар үшін өткізілетін практикалық жұмыс.
Шеберлік сағатының барысы:
Қайырлы күн құрметті әріптестер!
Сіздерді «Эбру өрнектерінің сиқырлы магиясы» атты шебер -сыныбында көргеніме өте қуаныштымын. «Эбру – суда сурет салу өнері», «Фольгадан қағазға суретті көшіру»,«Кемпір қосақ сызықтары» атты шеберлік сыныбында өз тәжірибеммен бөліскелі отырмын.
Бүгін сіздерді балалық шаққа оралтып, шеберлік сыныбына қатысуға шақырамын.
Шебер сыныбының мақсаты: Бояу өнерінің тарихы мен ерекшеліктерімен таныстыру; Суда бояумен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін көрсету; Шабытты қалыптастырып, шығармашылық қуатты бірге сезіну.
«Су туралы не білеміз» біз осы ғажайып заттың қасиеттерін зерттейміз, тәжірибелер мен эксперименттер жасаймыз. бірақ алдымен, эксперимент дегеніміз не және оның мектепке дейінгі балалар үшін не үшін қажет екенін түсініп алайық.
Эксперимент - бұл баланың өз байқауларына, алған жауаптарына және анықталған заңдылықтарға сүйене отырып, әлемнің бейнесін өз санасында қалыптастыруына жол ашатын іс-әрекет.
Мектеп жасына дейінгі балаларға эксперименттің маңызы зор, өйткені:
Ол зерттелетін нысанның әртүрлі қырлары, оның басқа нысандармен және қоршаған ортамен байланысы, сондай-ақ жанды және жансыз табиғат әлемі туралы нақты білім алуға көмектеседі.
(Судың сылдырлаған дыбысы фонында мәтін айтылады)
«Су
– әлемдегі ең жұмсақ және ең әлсіз
тіршілік иесі, бірақ қатты мен мықтыны
жеңуде ол жеңілмейді және оған тең
келетін еш нәрсе жоқ. Сусыз өмір сүру
мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш
бөлігі сумен жабылған. Ол- мөлдір және
түссіз.Судың үш күйі бар: сұйық – су,
қатты – мұз, газ тәрізді- бу.
Су
тірі:
ол ағады немесе желден тербеледі, ол
қозғалады және айналасындағы барлық
нәрсеге қозғалыс пен өмір сыйлайды».
1.«Су – өмірдің қайнар көзі».
2.«Қайда су бар, сонда молшылық».
1.«Су – тіршіліктің бастауы, барлық жанның тынысы».
2.«Таза су – денсаулықтың негізі».
1.«Су – жұмсақ, бірақ зор күшке ие».
2.«Су – жердің қорегі, табиғаттың тірегі».
1.«Таза су – алтыннан да қымбат».
2.«Су – тыныш, бірақ бәрін өзгерте алады».
1.«Су – өмірдің мәні, ал сіздер – білімнің қайнар көзі!»
2.«Әрбір білім тамшысы – болашақтың тамыры».
1.«Таза судай таза оймен өмір сүріңіздер».
Шығыс мәдениетінің ең ерекше, ең нәзік өнерлерінің бірі - эбру, яғни суда сурет салу өнері - жай ғана бейнелеу емес, суда бояулардың таралуы арқылы пайда болатын қайталанбас әсем өрнектер әлемі.бұл су қозғалысымен, бояу билеуімен, қиял шырқауымен үйлескен ерекше шығармашылық процесс.
Эбру техникасымен сурет салу - қызықты әрі әсем шығармашылық іс. Бұл іспен балабақшада ғана емес, отбасымен бірге үйде де айналысуға болады. Жасалған жұмыстарды сыйлық ретінде тарту етуге немесе үй интерьерін сәндеуге қолдануға болады.
Ең бастысы - сурет салу процесінен ләззат алу, өзіңді көрсетуден қорықпау және жасағандарыңдағы сұлулықты көре білу.
Матисс айтқандай: «Көре білу - бұл шығармашылық процесс».
«Су - тіршіліктің бастауы ғана емес, шабыттың да көзі. Су бетінде таралған әрбір бояу тамшысы - біздің көңіл күйіміздің ізі, қиялымыздың өрнегі. бүгін біз судың тынысын тыңдап, бояудың биін тамашалаймыз
Бүгін біз судың қасиеттері өте күшті болғандықтан, суды пайдаланып тәжірибелер жасап көз жеткіземіз.
Құрметті әріптестер, сіздер су бетіне сурет салуды көріп пе едіңіздер? Егер әлі көрмеген болсаңыздар, енді бізбен бірге су бетіне бояумен сурет салуды үйренеміз, су бетіндегі мәрмәрлеу техникасын гүлдермен безендіріп жасаймыз. Бұл соншалықты қызықты, соншалықты әсерлі, сізді өзіне тартары сөзсіз! Әрбір туындыңыз ерекше болады!
Эбру - бұл бояулардың биі, олар бір-бірімен араласып, таңғажайып өрнектер жасайды. Эбрудің кереметтігі сол, тіпті мүлдем сурет сала алмайтын адам да, алғашқы рет өзінше әдемі, қайталанбас туынды жасай алады. Бұл әдістің мәні
-су мен бояулардың тығыздығы әртүрлі болғандықтан, бояулар жайылмайды да, ерімейді де, тек бетінде жұқа пленка түрінде сурет қалдырады. Эбруды тек қағазға ғана емес, ағашқа, матаға, керамикаға да ауыстыруға болады.
Эбру - бұл су бетінде сұйық бояулармен сурет салудың ежелгі өнері. Эбру (түр. Ebri - ауалы бұлттар) деген мағынаны білдіреді. Эбру - бұл бұлт тәрізді және толқын.
«Эбру» - су бетіндегі ең көне сурет салу өнері, қиялдың таңғажайып сиқыры.
Эбру өнері шамамен 2500 жыл бұрын Орталық Азияда (кейбір деректер бойынша Үндістанда) пайда болған. Ерте заманда және кейіннен Пәкістан мен Түркия аумағына таралған. «Эбру» деп аталуы - «түрік қағазы» немесе «мәрмәр қағаз».
Шығыс өнері баланың ұсақ моторикасын, шығармашылық қабілетін және қиялын дамытудың тамаша тәсілі болып табылады. Бірақ эбру тек балаларға ғана пайдалы емес, ересектер де су бетіндегі суреттің шекарасынан тыс барлық проблемаларын қалдырып, стресстен арылып, тыныға алады.
Мұндай сабақтар медитацияға балама болып табылады, олар назар аударуды, терең ойға шомуды, ашықтықты талап етеді.
Адам сурет арқылы өзінің ішкі әлемін бейнелейді, өзін-өзі білдіру қажеттілігін сезініп, бір нәрсе жасағанда, ішкі қанағаттануды сезінеді, өзіне-өзі жаңа үйлесімділік ашқандай болады.
Практикалық бөлім.
Құрметті әріптестер, сіздерді Эбрудың сиқырлы әлеміне енуге шақырамын.
Үстелдерде сурет салуға арналған ерітіндісі бар ыдыстар, бояулар, қылқалам-
дар, инелер, ағаш таяқшалар, тарақтар, майлықтар, қағаздар орналасқан.
Эбру
техникасымен сурет салуда - дұрыс немесе
бұрыс сызықтар жоқ, сіздің әр қимылыңыз,
әр бояу тамшысы - бұл сіздің шығармашылығыңыз,
сіздің ішкі әлеміңіз, сондықтан бірдеңені
бұзып алудан немесе қате істеуден
қорықпаңыз.
Сурет
салу процесі.
1.Тәжірибе «Эбру" сурет салудың дәстүрлі емес техникасы
(баяу музыка әуенін қосу)
1. Суды дайындау (алдын ала дайындалған, дайындау жолын түсіндіру)
Науаға алдын ала қоюландырылған суды құйыңыз. Қоюлығы бояудың бетінде қалатындай болуы керек.
2. Бояуды су бетіне тамызу
Қылқаламды бояуға батырып, судың бетіне тамызыңыз. Бояу су бетіне жайылып, дөңгелек пішінге айналады.
3. Өрнек жасау
Әр түрлі түстерді қатар тамызып, таяқша немесе тарақ арқылы өрнектер салыңыз: аспан әлемі, шырша, толқын,Аққала т.б.
Алдымен, сурет салуға кіріспес бұрын, суреттің негізін дайындау қажет. Ол кейін жағатын бояуларды ұстап тұрады. Қылқаламмен бояуды алып, бетіне ерікті түрде шашыратыңыз. Алғашқы тамшылар ериді – бұл қалыпты жағдай! Содан кейін бояу бетінде қалады.
Негізгі бір түсті етіп жасауға немесе бірнеше түсті қолдануға болады:
бояулар араласпай, жолақтар мен өрнектерді құрайды.Негізге күрделірек ою-өрнек беру үшін тарақты қолданып көріңіз. Содан кейін біз сол әрекетті басқа түсті бояумен қайталаймыз, бірақ 2-3 түстен артық емес. Біздің кенебіміз бояумен жабылған, енді біз сурет салатын құралды аламыз – бұл ине немесе ағаш таяқша. Суда сурет салудың бір ережесі – ине су бетіне 90 градус бұрышпен ұсталуы керек және суды тесуге болмайды, тек су бетіне сәл ғана тиюі керек.
Инені абайлап сол төменгі бұрышқа батырып, оңға, содан кейін солға, қайтадан оңға және т.б. сызықтар жүргізе бастаймыз. Бұл бояулардың бір-бірімен сәл ойнап, араласуы үшін қажет, ал кімде-кім хаос енгізгісі келсе, бұл сіздің туындыңызға қосылады. Біз мәрмәр үлгісін, біздің көңіл-күйіміздің фонын жасадық.
Су бетінде тыныш отырып медитация жасаңыз.Нәтижеге емес процесске назар аударыңыз!
Қазір
қыс болғандықтан, қысқы көріністі
бейнелеуге кірісеміз.
Егер қаласаңыз,
өзіңіздің қысқы сюжетіңізді бейнелей
аласыз Шабыт алыңыз да, жасай беріңіз!
Ақ бояулармен түсіп жатқан қарды
қосамыз.Шырша, Аққала жасауға болады.
4. Суретті қағазға көшіру
Дайын болған суретті қағазбен су бетіне ақырын жапсырып, 5–10 секунд ұстап тұрыңыз.
5. Қағазды алу
Қағазды баяу судан шығарып, тегіс жерге кептіруге қойыңыз.
Кеңес:
- Бояулар араласып кетпеуі үшін әр түсті мұқият тамызыңыз.
- Қылқаламды бояуға ғана емес, техникаға сай дұрыс қозғалыспен пайдалану маңызды.
2. Тәжірибе: «Фольгадан қағазға суретті көшіру»
Мақсаты:
• Фольгадағы суретті қағазға көшіру техникасымен таныстыру.
• Маркердің қасиеттерін, оның тегіс беттерде қалай жұмыс істейтінін көрсету.
Міндеттері:
• Фольга беті мен қағаз арасындағы өзара әрекетті түсіндіру.
• Зерттеушілік қызығушылығын арттыру.
• Суреттің көшірме нұсқасын алу дағдысын қалыптастыру.
• Шығармашылық ойлауын, қиялын дамыту.
Қажетті құралдар:
Алюминий фольга, түсті перманент маркерлер (мыс: waterproof marker).
Су толы бүріккіш немесе дымқыл губка.
Қатты ақ қағаз (А4, картон парақ болса жақсырақ),майлық.
Эксперимент барысы.
Ал фольгада сурет салу – жылтыр текстура, жарықтың шағылысуы және ерекше із қалдыру мүмкіндігімен ерекшеленетін өте қызықты техника. бұл өнер балалардың да; үлкендердің де шығармашылық белсенділігін арттырады.Бұл эксперимент эбру, су тәжірибелері, қысым, ауа, заттардың қалқымалылығы сабақтарымен жақсы үйлеседі.
«Суретті басу», «қарапайым монотопия» тақырыптарына сабақ ретінде өте тиімді.
1-қадам. Фольга дайындау
Фольганы тегіс үстел үстіндегі паддонға жайып,қыртыстарын дұрыстап аламыз. (тнгіс болуына мән береміз.
Жыртылмауына назар аударамыз.
(жұқа болғандықтан, жыртылмауын түсіндіреміз.)
2-қадам. Маркермен сурет салу
-Суға төзімді, өшпейтін маркерді қолданып фолга бетіне су асты әлемін бейнелейміз.
( 2. нұсқа су асты фонын сызамыз, узорлар жасау,немесе өздеріңіз қалаған суретті салуға болады)
-Фольга тегіс болғандықтан маркер жақсы жүреді, бірақ тез кебеді.
3-қадам. Фольганы сулау (брызгалкамен)
-Бүріккішпен
фольгадағы суретті жеңіл сулаймыз.
(Қатты
емес, аздап — сурет жайылып кетпеуі
үшін!)
-Су маркердің астына еніп, оны босаңсытады
4-қадам. Қағазды қою
-Дайын қағазды фольга бетіне ақырын қойып, қолмен тегістеп басамыз.
5–7 секунд ұстаймыз. (қағаз қозғалып кетпеу үшін бір қолмен фолганы ұстап тұру)
-Қағазды бір шетінен ақырын көтеріп аламыз.
5-қадам. Суретті бақылау
-Қағазда фольгадағы суреттің айна-көшірмесі пайда болады.
Өткізу кезінде түсіндіру:
Маркер фольга бетіне сіңбейді, сондықтан су тигенде қайта «ерігіш» қасиетке ие болады.Қағаз маркердің бояуын өзіне тартып алады.
Бұл процесс монотипия техникасына ұқсайды – бір реттік баспа сурет.
Педагогтерге кеңес:
Ұсақ сюжеттер (жұлдызша, жүрек, гүл) бастауға жеңіл.
Балалардың жұмыстары бойынша мини-көрме жасауға болады.
Бұл әдіс «Суретті басу», «Қарапайым монотипия» тақырыптарына сабақ ретінде өте тиімді.
Бұл тәжірибе Эбру техникасына қарапайым кіріспе ретінде де жарайды.
3.Тәжірибе: «Картезиан сүңгуірі»
(Бөтелкедегі түтікшенің батуы және жүзуі)
1. қадам. Сүңгуірді дайындау
- Түтікшенің бір шетіне скрепка бекітіңіз (жүк).
-
Оны суға салып көріңіз:
-
Жүзіп
тұруы керек, бірақ жартылай
суға батып
тұруы маңызды.
Қажет болса скрепканың
санын өзгертуге болады.
2.қадам. Бөтелкені дайындау.
- Бөтелкені толықтай суға толтырыңыз.
- Дайын сүңгуірді ішіне салыңыз.
- Қақпағын бұраңыз (ауа шықпау үшін).
3-қадам. Бөтелкені қысып көру
Бөтелкені екі жақтан қысу.
Бақылаңыз: түтікше төменге батып кетеді.
4 -қадам. Қолды босату
Бөтелкеден қолды алған кезде түтікше қайта жоғары көтеріледі.
Не себептен олай болады? (түсінікті тілмен түсіндіру):
Түтікшенің ішінде ауа бар.
Бөтелкені
қысқанда су түтікшенің ішіне қысым
жасап,
ауа
сығылады - түтікше ауырлайды - батады.
Босатқанда ауа қайта кеңейеді,түтікше жеңілдеп - жоғары көтеріледі.
Бұл эксперименттер «ЭБРУ», су тәжірибелері, қысым, ауа, заттардың қалқымалылығы сабақтарымен жақсы үйлеседі.
Қорытынды: Эбру техникасы сияқты дәстүрлі емес сурет салу әдістерін
қолдану жұмысымда маған не береді?
Сурет салудың ерекшелігі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін, тәжірибе жасауға деген құлшынысын дамытуға көмектеседі, ал ең бастысы олардың психикалық процестерін түзетуге септігін тигізеді. Себебі тәжірибенің кез келген түрі - бұл қызықтыратын,баурап алатын, тыныштандыратын медитация, ал бала үшін оның нәтижесі қуаныш, таңданыс, таңқалыс, қызығушылық танытады.
Қорытындылай келе, біздің кездесуімізді аяқтай отырып, баршаңызға қатысқандарыңызға рахмет айтқым келеді, шеберлік сыныбы сіздерге пайдалы болды деп үміттенемін.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген