жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Педагогтың эмоциялық тұрақтылығы
№249 мектеп – лицей
Педагогтың эмоциялық тұрақтылығы
(мұғалімдерге арналған семинар-тренинг)
Тақырыбы: Педагогтың эмоциялық тұрақтылығы
Күні:
Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім-мектептің жүрегі» деп айтқан екен.
Мұғалім шәкірттерін шын жүрекпен сүйе білуі керек және оқушылардың әдептілігін, әділеттілігін, ақыл парасаттылығын, жан-жақтылығын, ұстамдылығын, сезімталдығын бағалауымыз қажеттігін ұмытпауымыз керек.
Бернард Шоу: «Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз,ойын ойнамағандықтан қартаямыз» деген екен.Олай болса,қарым-қатынасымызды жақсартып,эмоциямызды тұрақтандыруға,жағымды психологиялық климат орнатуға арналған тренинг жаттығуымызды бастаймыз.
Алдымен мына ережелерді есте сақтайық:
Бір-бірімізді сыйлау;
Белсенді болу;
Қатушылардың пікірін тыңдау;
Өз пікірімізді еркін айту;
Ендеше, «Сәлем - сөздің анасы» демекші,амандасып алайық
Оң жақтағы көршіңді құшақта
Сол жақтағы көршіңд құшақта
Көршіңе оң жақтан бір жымиып,
Көршіңе сол жақтан бір жымиып қара,
І жаттығу «Менің жаңа есімім…»
Әр қатысушы өзін осы тренинг бойы кім деп атағанын қалайды, сол есімді қағазға жазып, бейджикке кіргізеді. Бұл есім тренинг барысында сол адамның есімі болады.
ІІ жаттығу«Түрлі түсті шарлар» - аяқталмаған сөйлемдер
-Бір айдын ішінде сізді егерде куантқан нәрселер көбірек болса жасыл шарды алып «Жұмыста соңғы кезде мені қуантқан...» деген сөйлемді аяқтау керек, ал егерде ренжіген сәттеріңіз басым болса «Жұмыста соңғы кезде мені ренжіткен...» қызыл шарды алып осы сөйлемді аяқтау керек.
Түйін сөз : мұғалімдердің таңдауларына қарай психолог қорытынды сөз айтады.
Мұғалімдер кез келген кемшіліктер мен келеңсіздіктерге қарсы тұрып, оларды жеңе білуі керек: шаршап шалдығушылық ұйқысыздық, беймазалық, аурушаңдық, басқа адамдар туралы жиі теріс ой-пікірлер айту, өзінің жұмысына салақтық, немқұрайлық, ісіне жауапсыздық, өзін орынсыз төмен ұстау, ашуланшақтық, орынсыз ұялшақтық, күдікшілдік т.б.арылудың жолын таба білетін болуы қажет.
ІІІ жаттығу «Керемет жаман сурет».
Топтар бір-біріне сурет салып береді, келесі топ оны жаман қылып өзгертіп қайтарады,қайтарылған суреттерін топтар қайтадан әдемі сурет етіп салулары керек.
Баланың мінез-құлқын қалыптастыруда мадақтау тәсілдерін қолданған тиімді. Бірақ баланың мінез ерекшелігін жете білмей артық мақтауға да болмайды. Шәкіртіңіздің мінезін жақсы түсіну үшін ең алдымен оның дамуына не нәрсенің қажет екенін білуіміз керек. Ол кіммен дос, кіммен ойнайды, не оқиды, оқығандарын қалай қабылдайтынын әрбір мұғалім білуге тиіс.
ІҮ жаттығу « Баға » жаттығуы.
Мақсаты: қатысушыларды бағалаудағы өзара әрекеттесудің эффективті коммуникативтік амалдарын өндіру.
Топ шеңбер құрып тұрады, әрбір қатысушы бір позитивті және негативті баға айтуы қажет. Алдымен негативті баға айтылады, мысалы, «отыр екі».
Әркім бұл фразаны айтуда өз сөздерін, интонациясын, мәндерін қолдануға мүмкіндік береді. Талқылауда алдыңғы жаттығуда ұйымдастырылғандай топ мүшелері оқушы позициясынан сөйлейді. Психолог мұғалімге оқушыға негативті баға қойған кезде оған өзіндік жеке қарым-қатынасының көрініс табуын және тәрбиеленушінің жақсырақ оқуға мүмкіндігі барына сенім білдіру керектігін көрсетеді. Негативті бағаны мынадай фразада айтуға болады: «Өте өкінішті, Анар бүгін саған нашар баға қоюға тура келіп тұр, сен өте қабілетті қызсың, жақын күндері өзінің екіңді жөндейтіндігіңе сенімдімін».
Оқушыны позитивті бағалағанда да баланың жетістігіне шынайы қуанышы мен психологиялық қолдаудың жаңа формаларының кәсіби амалдарын жетілдіруге болады. Мысалы, позитивті баға қойған кезде позитивті баға қойғандағы фраза төмендегідей болуы мүмкін: «Жарайсың, бүгін сені «бес» деп бағалаймын, ары қарай осылай оқуыңды жалғастыра бер».
Мұғалім сыртқы келбетін, өзін-өзі басқару шеберлігін, мимика және поптомимика мәнерлерін, сөйлеу шеберлігін, шешендік қасиетін, дауыс дикциясын сақтауы керек
Ү жаттығу «Интонация»
Адамның дауыс ырғағы оның ойының 70 пайызын білдіретінін білесіздер ме?сіздердің эмоцияларыңызды дауысыңыздың ырғағы арқылы байқауға болады.Біз әртүрлі темпте,әртүрлі интонациямен сөйлейтініміз рас қой.Қазір сіздер бір өлеңді әр түрлі ырғақпен айтасыздар:
Сыбырлап
Барынша дауыс ырғағын көтеріп
Дірілдеп
Толқынды
Аузыңызда ыстық картоп бар секілді
Президент тәрізді
Жүгіріп бара жатқандай
Сағыз шайнап
Таң қалып
Күлімсіреп
Асығыс
Ызаланып
ҮІ жаттығу. «Су құйылған тарелка» жаттығуы.
Мақсаты: топтағы қарым-қатынасты нығайту.
Тапсырма. Қатысушылар үнсіз көздерін жұмып, бір-біріне су құйылған тарелканы шеңбер бойымен беріп шығады.
Нәтижесінде қарым-қатынас дағдылары қалыптасып, қатысушылар өзара жылулық сезімін сыйлайды.
Жаттығуды қорытындылау. Сізге жаттығу барысында қиындық келтірген іс-әрекет. Оны түзету үшін не қажет деп ойлайсыздар? Осы тренинг барысында қандай көңіл-күйде болдыңыздар?
ҮІІ жаттығу. «Жіпті шешу» ойыны.
Қатысушылар топтасып отырады. Әр топқа шиеленіп байланған жіп таратылады. Қатысушылар сол қолдарын артқа ұстап, оң қолдарымен бірлесе жіпті шешулері керек. Кәне, қай жұп жеңімпаз атанады екен?
Қорытынды. Тапсырманы орындау қиын болды ма? Жіпті шешу барысында қандай көңіл-күйде болдыңыздар?
ҮІІжаттығу. Бой жазу
Уақыты: ( 5-мин. )
Ал қазір сәл бой жазып алайық, ол “ қорқыныштан арылу» деп аталады. Бұл бой жазумыздың мақсаты,қорқынышты, мазалануды алу, күйзеліс жағдайына дайындалу болып табылады.
Ынғайланып отырыңыз, еркін дем алыңыз, көздеріңізді жұмыңыздар және көз алдарыңа елестетіңдер, сіздер жасыл алаңда,ашық күннің астында дем алып отырсыңдар... Аспанда күн шуағын шашып тұр және осы нұрдың шашуының бөлігі сізге тиісті ... Оның шуақтары сіздің басыңызды жұмсақ және еркелетіп қыздырады, денеңізге кіреді, ол өн бойыңызға төгіледі, осының бәрі сіздің қорқыныш пен топшылама, барлық жағымсыз ойларыңызбен сезіміңіз, сіздің ренішіңіз және мазасыздануыңыздың бәрі ериді, оның бәрі тазартылған жарықпен толтырылады.
Барлық таза емес бөліктеріңіз қараңғы түнге айналып, оны жұмсақ жел тез қуады, ол сіздің денеңізді тастап кетеді. Сіз қорқыныштан арылдыңыз, сіз тазардыңыз, сізге жарық түсті және сіз көңілдісіз.
Талдау:
Тренинг ұнады ма?
Қандай әсер алдыныз?
Әр қайсысы өз ойын білдіреді.
ҮІІ жаттығу « Ситуациядан шығу»
Мақсаты: логикалық ойлау арқылы кез келген жағдайдан шыға білу.
Нұсқау: Бұл ойынға өз еркімен маған 3 адам керек. Қалғандары бақылаушылар болады.
Ойынның мәні : үш дос бір жерде кездесу туралы келісу керек. Бірақ олардың бірі-сақау, бірі-соқыр, енді бірі –саңырау. Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда қашан бару керектігін түсіндіру керек.
Талдау:
Ситуациядан шығу оңай болдыма?
Сен осы кездесуді қалай түсіндірер едің?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген