400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Педагогтың кәсіби этикасының ерекшелігі».

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Этика мәселесі жайлы ой-тұжырымдар. Педагог тұлғасы жайлы көзқарастар. 2. Педагог тұлғасының қоғамдағы орны.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы,Кентау қаласы

Бакарамова Молдир Зайорбековна

Тақырыбы: «Педагогтың кәсіби этикасының ерекшелігі».


Жоспары:

1. Этика мәселесі жайлы ой-тұжырымдар. Педагог тұлғасы жайлы көзқарастар.

2. Педагог тұлғасының қоғамдағы орны.

Мазмұны:

1.1. Этика мораль мәселесін зерттеуші философиялық ғылым. Ал педагогикалық этика осы этика ғылымының бір саласы. Педагогикалық этика тәрбиелеуші мен тәрбиеленушінің арасындағы бірін-бірі түсіну және рухани адамгершілік қарым-қатынастың қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Философиялық деректемелер бойынша «этика» термині өз бастауын Аристотель еңбектерінен алған. Оны Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының («Никомах этикасы», «Евдем этикасы», «Үлкен этика») атауларынан байқау қиын емес. Этика мәселесін тереңінен қамтыған бұл зерттеу бүгінде өзінің көкейкестілігін, тарихи құндылығын, маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Еңбекте Аристотель этиканың пәнін анықтап, оның ғылыми білімнің дербес тарауы ретіндегі өзіндік белгілерін жүйеге келтіреді; бұрынғы этикалық танымдарды сұрыптап, ежелгі этиканың құлдық дәуірге тән құндылық бағдарлары мен әдет‑ғұрыптарын топтастырады; алғаш рет тұлға мораліне толық сипаттама береді. Философтардың пікірінше, Аристотельдің осы еңбегінен моральдық психологияда негізге алынатын қағидалар бастау алады.

Этика – мораль туралы ұғым ретінде қалыптасуына неміс философтарының этикалық көзқарастары да (И.Кант, Т.Гоббс, Л.Фейербах, Г.Гегель және т.б.) өзіндік әсерін қалдырды. Егер Т.Гоббс моральдық және құқықтық нормалар арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынастар реттеледі деген пікірде болса, И.Канттың түсінігі бойынша, адамгершілік нормаларын елемеген адам өзінің адамшылығын жоғалтқан болып есептеледі. Ал, Л.Фейербахтың басты моральдық қағидалары болса адамға деген сүйіспеншілікті көрсетеді. Яғни, неміс философтарының этикалық ілімі адамдар арасындағы қарым-қатынас сүйіспеншілігіне негізделіп, қоғамдағы моральдық заңдармен белгіленеді.

1.2. Педагог тұлғасының қоғамдағы орны жөнінде барлық заман халықтарының философтары, педагогтары, психологтары зерттеген, жазған. Бұл мәселе жөнінде заман өзгеруіне сәйкес әртүрлі көзқарастар болғаны мәлім. Ежелгі Шығыс елдерінде ұстаз болуға жабық, айрықша құқықты кастаға кіретін абыздар лайықты деп санаған. Ежелгі Греция мемелекеттерінде оқытушы болып аса тәжірибелі және сыйлы адамдар, софистер мен философтар тағайындалған. Сократ ұстаздың еңбегін баланы дүниеге келтіру шеберлігімен салыстырған, өйткені тәрбиеленуші екінші дүниеге келуі үшін мұғаліміне міндетті деп санаған.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қазан
753
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі