Психологиялық тренинг
Тақырып: Педагогтың кәсіби психологиялық
денсаулығы
Мақсаты: педагогтарға кәсіби психологиялық денсаулығын
сақтау
тәсілдерін үйрету
Қатысушылар: мектеп мұғалімдері, саны 5-6
Құралдар: ақ парақтар, қылқалам, желім,
пиктограммалар,
шарлар,түрлі-түсті қағаздардан жасалған күн
шуақтары
1.«Сәлемдесу»
ойыны:
Қазір біз
сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз»
деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын,
сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен
әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен…
тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
2 «Түрлі түсті шарлар» - аяқталмаған
сөйлемдер
-Бір айдын ішінде сізді егерде куантқан нәрселер
көбірек болса жасыл шарды алып «Жұмыста соңғы кезде мені
қуантқан...» деген сөйлемді аяқтау керек, ал егерде ренжіген
сәттеріңіз басым болса «Жұмыста соңғы кезде мені ренжіткен...»
қызыл шарды алып осы сөйлемді аяқтау керек.
3 Келесі жаттығуды ойдағыдай жасап көрсек сіздің
позитивті бейнеңіз «мұғалім таңбасынан» байқалады.
Әр топқа ақ парақ және пиктограммалар таратылады
(күн, кемпірқосақ,
«жедел жәрдем»,жүрек, қолшатыр, магнитофон). Осылардың ішінде тек қана үш
пиктограмманы пайдалана отырып ақ параққа «мұғалім таңбасын» жасап
шығу қажет. Екі топ екі таңба жасап шығады және де әр топ өз
таңбасын ұсынады.
Кері байланыс сұрақтары :
-жұмыс барысында қандай
сезімде болдыңыз?
-жұмысыңызға көңіліңіз толды
ма?
-таңбаңызға қарап тұрғанда
қандай ой туады?
4.Қорытынды:
"Ашулы шарлар"
жаттығуы.
Мақсаты: адам бойындағы
ашу-ызаны денсаулығына қауіпті және қауіпсіз жолдармен шығару.
Өту барысы:
1. Мұғалімдерге бірнеше
үрленген шарларды ұсынамын.
2. Мына қолдарыңыздағы
үрленген шар - адамның, яғни, сіздердің денелеріңіз деп
ойлаңыздар.Ал ішіндегі ауа - ашу мен ыза сезімдері.
-Адамның тұла бойын осындай
ашу-ыза бойлағанда не болады?
- Осындай жағдайда ол өзін
тыныш ұстай алады ма?
3. Ал енді осы шарлар
жарылатындай үстіне отырыңыздар.
-шар жарылғанда сіздер не
сезіндіңіздер?
4. Егер шар, біз айтқандай
адам болса, онда жарылған шар - ол ашу үстіндегі адамның басқа да
бір адамға тап беруі немесе бас салуы.
- Міне, адам бойындағы
ашудың осындай жолмен шығарылуы қауіпсіз деп ойлайсыздар ма?
5. Ендеше, қазір мен
сіздерге тағы да бір-бір шардан ұсынамын. Ал сіздер оны
үрлейсіздер, бірақ аузын байламайсыздар. Шарды қолдарыңызда қатты
ұстаңыздар.
Естеріңізде болса, шар - ол
адам, ал ішіндегі ауа - ашу мен ызаның сезімдері. Ал енді шарды
ақырын босатып, ішінен аздаған ауаны шығарыңыздар да тағы да оны
мықтап ұстаңыздар.
- Шардың ішінен ауаны
ақырын шығарғанда шар жарылды ма?
-Ал енді дәл жаңағы әдіспен
қалған ауаны шығарыңыздар. Енді? Шарларыңыз бүтін қалды ма? Ол
біреуді қорқытты ма?