«Ш.Башиков
атындағы негізгі мектеп» КММ
2017-2018
оқу жылы
«Педагогтың
тұлғалық бағдары- рухани жаңғыру»
тақырыбындағы әдістемелік айлық жоспары
Мақсаты:
шағын жинақталған мектеп жағдайында
жаңартылған білім беру бағдарламасын
іске асыру; оқушылардың білім-білік
дағдыларын дамытуда отбасы рөлін
арттыру; жас мамандарға әдістемелік
көмек көрсету;
Мерзімі
|
Уақыты
|
Іс-шара
мазмұны
|
Жауапты
|
1-апта
«Жас келсе іске»
|
4
ақпан
|
16.00
|
Танымдық
іскерлік ойын «Ұстазы жақсының ұстамы
жақсы»
|
Мукантаева
Н.К
|
5
ақпан
|
3
сабақ
|
Бейнелеу
өнерінен ашық сабақ
|
Кабдешова
К.К
|
6
ақпан
|
5сабақ
|
Көркем
еңбектен ашық сабақ
|
Нурмуханова
Б.М
|
2-
3 апта «жаңартылған білім беру
бағдарламасын жүзеге асырудағы
бастапқы қадамдар»
|
9
ақпан
|
4
сабақ 1ауысым
|
Қазақ
тілі 8 сынып
|
Басарова
С.Р
|
12
ақпан
|
5
сабақ 1ауысым
|
Герграфия
7 сынып
|
Магауиянов
М
|
12
ақпан
|
2
сабақ 2ауысым
|
Орыс
тілі 2 сынып
|
Сабитова
А.Т
|
13
ақпан
|
4
сабақ 2ауысым
|
Қазақстан
тарихы 5 сынып
|
Касымова
Б.А
|
13
ақпан
|
3
сабақ 2ауысым
|
Жаратылыстану
2 сынып
|
Нурмуханова
Б.М
|
14
ақпан
|
2
сабақ 1ауысым
|
Ағылшын
тілі 9 сынып
|
Дәуітқанова
Ә Б
|
14
ақпан
|
1
сабақ
2
ауысым
|
Информатика
8 сынып
|
Үсенова
А,Ү
|
15
ақпан
|
4
сабақ 1ауысым
|
Химия
9 сынып
|
Магауиянова
М
|
15
ақпан
|
сабақ
1ауысым
|
Дене
шынықтыру 7 сынып
|
Мукантавева
Н.К
|
16
ақпан
|
3
сабақ 2ауысым
|
Дүнеитану
3
сынып
|
Кабдешова
К.К
|
17
ақпан
|
16.00
|
Қорытынды
талдау
|
Сабитова
А.Т
|
«Педагогтың
тұлғалық бағдары- рухани жаңғыру»
тақырыбындағы әдістемелік айлық талдауы
2018
жылы ақпан айында мектепте «Педагогтың
тұлғалық бағдары-рухани жаңғыру»
тақырыбында әдістемелік айлық өтілді.
Шағын жинақталған мектеп жағдайына
жаңартылған білім беру бағдарламасын
іске асыру, жас мамандарға әдістемелік
көмек көрсету, оқушылардың білім сапасын
арттыруда мектеп пен отбасының
ынтымақтастығын арттыру мақсатында
ұйымдастырылды. Айлықтың бірінші
аптасында бастауыш сынып мұғалімдері
Кабдешова К.К., Нурмуханова Б.М., бейнелеу
өнері, көркем еңбектен ашық сабақтар
өткізді. Тренер ретінде Мукантаева Н.К.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген
тақырыпта жас мамандар және оқушылар
арасында түсіністік, тығыз байланыс
орнату мақсатында іскерлік ойынды
жоғары деңгейде ұйымдастыра білді.
Айлықты 2-3 апталарында «Жаңартылған
білім беру бағдарламасын жүзеге асырудағы
бастапқы қадамдар» деген тақырыппен
өтілді. Мақсаты - интерактивті оқыту
әдісін қолданып сабақты жоспарлау және
басқару арқылы педагогикалық үрдіске
қатысушылардың өзара ықпалдастығын
дамыту бағытында іс-тәжірибемен алмасу.
Басарова С.Р 8 сыныпта қазақ тілінен,
Магауиянов М. 7 сыныпта биологиядан,
Сабитова А.Т. 2 сыныпта орыс тілінен ,
Касымова Б.А. 5 сыныпта Қазақстан
тарихынан, Дәуітқанова Ә.Н. 9 сыныпта
ағылшын тілінен Үсенова А.Ү.6 сыныпта
информатикадан, Магауиянова М. 9 сыныпта
химиядан, Мукантаева Н.К.7 сыныпта дене
шынықтырудан ашық сабақтар көрсетті.
Пән мұғалімдері өзекті тақырыптарына
және әдістемелік айлықтың мақсатына
сай қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
жасады. Сабақтар барысында оқушылар
жекелей, жұппен, шағын топта берілген
уақыт шегінде бірлесіп жұмыс жасай
алды, мұғалімдер оқушыларды сын тұрғысынан
ойлауға, жаңа тақырыпты өздіктерінен
меңгеруге бағыттады, қалыптастырушы
бағалауды табыс критерийлеріне сәйкес
жүргізді, оқушыларға өздерін бағалауға
мүмкіндік берді, мектеп жағдайына сай
ақпараттық коммуникативтік технологияларды
тиімді қолданды, ауызша және жазбаша
түрде кері байланыстар жасады.
Әдістемелік
айлық барысында мұғалімнің құзыреттілігін,
отбасы мен мектеп ынтымақтастығын
арттыру, жас мамандарды ізденімпаздыққа
баулу мақсаты орындалды. Ашық сабақтар,
сынып сағаттары барысында мұғалімнің
іс-әрекеті оқушыны бақылауға, бақылау
нәтижесін өңдеуге, бағыт-бағдар беруге,
күтілетін нәтижесні анықтауға арналды.
Оқушының іс-әрекеті белгілі бір тақырыпқа
ойын білдіруге, өз көзқарасын дәлелдеуге,
шешім шығаруға, қорытынды пікір жасауға,
зерттеушілік ақпаратты өңдеуге, мәтіндегі
негізгі және қосымша ақпаратты ажырата
білуге, сыни тұрғыда өзінің және басқаның
жұмысын бағалай білуге арналды. Айлық
барысында қазіргі қоғам алдында қойылған
отырған міндеттердің ең өзектісі- оқыту
мазмұнын жаңарту іске асырылды.
Оім
Сабитова А.Т