400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

педкеңес

Материал туралы қысқаша түсінік
пед кеңес2
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогикалық кеңес хаттамалсы №2

Өткізілген күні_________

Қатысқандар___________

Кңес төрайымы :

Хатшы:


Мақсаты: Балалардың бойына ұлттық, адамгершілік құндылықтарды сіңіру, тәрбие жұмысының мазмұның байыту


КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

1.№1 пед кеңестін шешімдерін орындау

2.Баяндама: МДҰ «Қазақ халық ертегілері – мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінің қайнар көзі» - әдіскер

3.Балалардың тілдің дамуы – тәрбиеші

4.Басқа да мәселелер


1 мәселе бойынша: меңгеруші __________№ 1 пед кеңесте қабылдаңған шешімдер толық орындалғаның айтып алдыға қойған мақсаттарын жоспарға сай орындауын бақылауға алуды тапсырды.

2 мәселе бойынша әдіскер___________.Баяндама «Қазақ халық ертегілері – мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінің қайнар көзі»

Сөз сөйледі : Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде  ертегінің алатын  ролі  өте зор.  Ертегі – қай халықтың фольклорында да  ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа тараған мол мұра. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі, арман тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық  өмір  тәжірибесін  көреміз. Ертегінің қай түрін алсақ та ол баланың ой қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, тілін дамытып, сөздік қорын қалыптастырады.

Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты  қиял-ғажайып ертегілері, түрмыс-салт ертегілері, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.

Балаға күнделікті жылы дауыспен айтқан ертегі, жұмбақ,жаңылтпаш, күлдіргі әңгімелер сәбидің жан дүниесіне әсер етіп, ізгі қасиеттерін дамытып, ақыл — ойын жетілдіреді. Ертегі арқылы еңбекке, шыншыл болуға, туған жерін сүюге, батыр да батыл болуға тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды,зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана — сезімін оятып, ақыл — есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді.

Сондықтан қазақ халық ертегілерінің манызы зор екенің білгенің ескере отырып балаларға ертегі тындату, оқып беру, сахналау керектігін айтылды.

3 мәселе Тәрбиеші Жумагалиева Б. Балалардың тілдің дамуы туралы қысқаша баяндап берді.

Бөбекжай – бақшамызда 1 аралас топ бар 1-5 жас аралығында. Балалардың тілдің дамуы 60% құрайды. 2-3 жастағы балалармен жұмыс жасау керектігін мәлімдеді.

Баланың тілін дамыту үшін түрткі болатын екі күш қажет.Осы күштердің бірі болып ең алдымен ата-аналар болып табылады. Өз баласының ерекшелігін көріп,оны дұрыс бағалай және бағыттай біліп,біліммен,тәртіппен,еңбекпен ұштастырып отырса,бала тілінің дамуына қажетті жағдай жасаса,бұдан балаға,оның болашағына үлкен пайда болары сөсіз.Ал екінші тылсым күш – тәрбиешілер.Демек,ұжым тәрбиешілері мен отбасылары арасындағы хабар алмасу – ең маңызды міндеттердің бірі болып саналады.Отбасында болсын,әсіресе,балабақшада бүлдіршіндердің ойлы да,өнерлі тіл байлығы мол болып өсуіне ойынның ұшан – теңіз мүмкіндіктерін аша білуге,оларды ізгі мақсаттар арнасында өрбітуге күш салу игі мақсатымыз.

4 мәселе меңгеруші ________бөбекжай – бақшаның мемлекеттік аттестациядан 2025 жылы қазан айының 24 –інде сәтті өткендігін атап өтті. Аттестация барысында мекеменің оқу – тәрбие жұмысының сапасы, педагогтердің кәсіби құзыреттіілігі , білім беру бағдарлмасының талапқа сай орындалуын және материалдық – техникалық базасының жағдайы зерделгенің айтты. Сонымен қатар педагогикалық ұжымның бірлескен, жүйелі еңбегінің нәтижесінде құжаттамалардың дұрыс жүргізілуі , санитариялық қауіпсізідк талаптарының сақталуы аттестация кезінде жақсы деңгейді көрсетілгенің атап өтті және де алғысын айтты.




Педагогикалық кеңестін шешімі:

  • Қазақ халқының ертегілерін ҰІӘ –те қолданылсын

  • Балалардың тілінің дамуына аса назар аударылсын

  • Жұмыс жүйле түрде жоспар бойынша жүргізілсін



№7 «Айгөлек» б/б меңгерушісі:

Хатшысы :


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
23
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі