Бекітемін:
«Толқын»
балабақшасы КМҚК-ның
меңгерушісі:
Б.Алдешова
«Сіз
балаңызды қаншалықты
білесіз?»
(Ата-
аналарға тренинг)
Психолог:А.Бекбасқанова
2019-2020
оқу жылы
Желтоқсан
айы
Психолог:Бекбасқанова
Арайлым
Психолог:
Бекбасханова А
Арал
қаласы, 2019жыл
Тренинг
тақырыбы:«Бұл-
мен!»
Тренинг
мақсаты:
тренинг арқылы танысу, қатысушылар
арасында жағымды қарым-қатынас туғызу,
әрқайсысымен тіл табысып, олардың
мінез-құлық ерекшеліктерін байқау.
Құрал-жабдықтар:
түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, суреттер
Тренинг
барысы:
1.Танысу-сәлемдесу
жаттығуы
2.
«Бұл - мен» жаттығуы
3.
«Геометриялық пішіндерден құрау»
жаттығуы
4.
«Ол қандай адам?» жаттығуы
5.
Сергіту жаттығуы
6.
«Суретпен әңгіме құрау» жаттығуы
7.
Рефлексия «Жүректен жүрекке»
Ұйымдастыру
кезеңі
Тренингке
қатысушыларды шеңбер жасап отырғызу,
тренинг тақырыбымен таныстыру;
1.
«Танысу-сәлемдесу» жаттыңуын орындау
(«Көрші» - 1 минут)
Қатысушылар
шеңберге тұрады. Жүргізушінің нұсқауын
орындайды.
Көршіңді
оң жақтан құшақта, көршіңді сол жақтан
құшақта.
Оң
жақтағы көршіңе бәр жымиып, сол жақтағы
көршіңе бір жымиып қараңыз.
Туыс
адамды көрген кездегідей амандасыңыз.
Біреуден
қарыз болғандағы кісіні көргендей
амандасыңыз.
Көп
уақыт көрмеген досыңызды көргендей, он
жылдан кейінгі сыныптасыңызды көргендей
амандасыңыз.
2.«Бұл-
мен!» жаттығуы.
Жүргізілу
барысы:
Мына төмендегі геометриялық пішіндtрдің
біреуіне қарап «Бұл- мен!» - деп айта
аласыз ба? Егер жауап беруге қиналсаңыз
сізге қайсысы ұнайды, соны таңдап
аласыз.
–Тіктөртбұрыш таңдағандар
өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының
шебері, бастаған істі аяғына дейін
жеткізетін жандар.
-Үшбұрышты таңдағандар
лидерлік қабілеті бар, алдына қойған
мақсатына жететін, басқарушылық қабілеті
басым жандар.
-Шаршы таңдағандар
жаңа идеяға жақын, білуге құмар, ізденгіш
жаңдар.
–Шеңбер таңдағандар
өте мейірімді, басқаның қайғысын,
қуанышын да бөлісуге даяр тұратын
жандар.
3.
«Геометриялық пішіндерден құрау»
жаттыуы.
Жүргізілу
барысы: тәрбиешілер екі топқа бөлінеді,мен
геометриялық пішіндерді көрсетемін.
Сол пішіндерден өз ойларынан балаларға
қызықты болатын бір нәрсе құрастырады,
уақыт беріледі, уақыт өткен соң не
жасағандарын көрсетеді, сипаттап береді.
4.
«Әріптесіңді танисың ба?» ойыны.
«Әріптесіңді
танисың ба?» ойын тренингі: бір әріптесінің
аты жазылған қағазды алып, сол адамның
атын айтпай сипаттап пародия келтіреді,
ал басқа әріптестері оның кім екенін
табуы керек
5.
«Сергіту жаттығуы».
Шарты:тәрбиешілер
шеңбер жасап тұрады. Тапсырма беремін,музыка
ойналады. Музыка тоқтатылған кезде
берілген тапсырманы орындау керек.
1.Туылған
күндеріңіз бойынша біріншіқаңтардан
бастап желтоқсанға дейін тұрады.
2.Қиылған
суреттерді таратып беремін.Музыка
тоқтатылған кезде қиылған суреттерді
құрастырып шығу керек. Ойын бірнеше рет
қайталанады.
6.
«Суретпен әңгіме құрау»
Мақсаты:
тез, бейнелі ойлауды, шығармашылық елес
пен қиялды дамыту.
Қазір сіздердің
назарларыңызға «Суретпен әңгіме»
жаттығуы ұсынылады, топ болып орындаймыз,әр
топ басшысы суреттер алады. Алған
суреттер негізінде керемет әңгіме
құрастырамыз.
7.Қорытынды.
«Жүректен жүреке» жаттығуы.
Тәрбиешілер жүрекшені бір –біріне бере
отырып тілектерін және тренингтен алған
әсерлерін айтады.