Материалдар / ПЕДОГОГТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ – МӘДЕНИ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ПЕДОГОГТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ – МӘДЕНИ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Шәмші Қалдаяқов әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның басты шығармашылық жетістігі қазақ эстрада әндерін ұлттық нақышпен байланысты.
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ 374:373.3:78

ВАЛЬС КОРОЛЬІ ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ӘНДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

FEATURES OF THE SONGS OF THE WALTZ KING SHAMSHI KALDAYAKOV


Нұрманова Сымбат Тиянақбайқызы

symbat.nurmanova@bk.ru

М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ.

Педагогика психология ғылымдарының магистрі,

Қазақстан ұстазы қоғамының мүшесі

«Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасының аға оқытушысы

Қазақстан, Тараз қала

Аннотация

Песни Шамши Калдаякова отличаются удивительной музыкальностью ,звонким звучанием, лирическим акцентом.

Аnnotation

Shamshi Kaldyakov's songs are distinguished by their amazing musicality, clear sound, and lyrical attention.


Шәмші Қалдаяқов әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның басты шығармашылық жетістігі қазақ эстрада әндерін ұлттық нақышпен байланыстыруында болып отыр. Нақты осы дәстүр мен замануи талаптардың үйлесімдігі Шәмші Қалдаяқовтың туындыларының үлкен танымалдылығына үлкен септігін тигізді. Оның көптеген шәкірттері қазіргі таңда ұлы ұстазының жолын жалғастыруда. Шәмші Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер ретінде көрінді. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, досқа деген сүйіспеншілік - Шәмші шығармаларының басты тақырыбы. Оның азаматтық лирикаға тұнған, ресубликамыздың кең байтақ жерін жырға қосатын болған. Әсем да ақылды көкөрім жасты ғана емес, ересек, егде қауымның да, сан түрлі мамандық, алуан ұлт адамдарының да көңілін баурап алды. Халық арасында әсіресе күллі отаншылдық, елшілдік нотасын тап басқан "Менің Қазақстаным" туындысы айрықша мәшһүр болды. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы ұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің осы әнін ұрандай шырқап шықты. 2005 жылдан "Менің Қазақстаным" туындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.

Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар. Ш.Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапйымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа махабатты жырлаған композитор ретінде белгілі. Тамды аруы махаббат жайлы болғанымен ол махаббат бостандығын аңсап жазылған ән. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болған. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің шеберлігімен дүниеге әкелді. Ал, «Сағынышым менің» әнінде ерекше аңсау, терең толғау бар. Кең жүрегі мен табиғат берген дархан, дарынды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап әндерімен халқын байытатын, олардың өмір сүруге дейтін құштарлығын арттыратын Шәмші Қалдаяқов пиониноны да, домбыраны да жосылта тартатын болған. Қысқаша айтқанда тұла бойы тұнған өнер болған.

Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр.

Қазақстанның көркем табиғатын суреттей отырып, көптеген әндерді жарыққа шығарған: «Ақ ерке – Ақ Жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Жарқырайды Жезқазған», «Қарқаралы», «Фосфорлы Жамбыл», «Байқоңыр», «Талдықорған – әнім менің»,«Ырысты өлке – Шардара»,«Отан»,«Теріскей», «Мойынқұмда»,«Отырардағы той», «Көгілдір Көкше»,«Өмір өзен», т.б. туындыларын жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады. «Арыс жағасында» әні бір жылдары радиодан беруге тыйым салынған. Бұрынғы әндеріне иірімдері ұқсайды деген желеумен көркемдік кеңестен өтпей қалады. Дегенмен сол кезде "Қазақ радиосының" музыкалық редакциясында жұмыс істейтін Нұрғали Нүсіпжановқа, Ескендір Хасанғалиевқа бұл ән ұнап қалады. Тәуекелге бел айлап, екеуі әнді жазуға кіріседі. Солай қайта радиоға шығуға көмектерін тигізген болатын.

«Сыған серенадасы» сазгердің консерваториядан шығып,тағдырындағы түнекті сәттерін бастан өткізіп жатқан кезінде жарық көрген. Алдыннан топ болып шыққан сыған тобыры оны бірден жаңа дүние шығаруына себепші болған.

Композитордың марш екпінді, жігерлі, шаттықпен шырқалатын: «Менің Қазақстаным», «Теңізде – толқында», «Бақыт құшағында», «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері халық арасына кеңінен тарады. «Ақмаңдайлым», «Ақсұңқарым», «Қайдасың», «Еркежан», «Ана туралы жыр», «Құшақ жайған қандай адам», «Қайықта», «Қыз сағынышы», «Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Қуаныш вальсі», «Әнім сен едің», «Сағынышым менің» әндері Р.Бағланова, Р.Абдуллин, Б.Төлегенова, Р.Мұсабаев, З.Қойшыбаева, т.б. әншілердің репертуарынан берік орын алды.

«Қайықта» әні сазгердің ең алғашқы махаббатына арналған туынды. Назипа есімді арудың әскерден келген кейін қаза болғаннын естіп, Ташкенттегі консерваториядаға келіп, Нұрсұлтан Әлімқұловқа сөз жаздырып, солай туған ән болатын.

Н. Әлімқұлов және Ш.Қалдаяқов

Атақты композитор, ән өнерінің хас шебері, қазіргі заманғы қазақ эстрадасының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның халық артисі Шәмші Қалдаяқовтың әндерінің фестивалі үлкен сахнаға көптеген жас әншілердің жолын ашты. Шәмшінің ел сүйіп тыңдайтын әндерін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сәкен Майғазиев, Жұбаныш Жексенұлы, Игорь Благодарный, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары «Славян базары - 2019» Халықаралық фестивалінің Бас жүлде иегері Әділхан Макин, «Меломен» тобы, «Vox Acapella» және т.б. танымал орындаушылар шырқап жүр.

Қорыта келе өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған Шәмші Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспаннында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІ ғасыр әлеміне бет алып, әуелей беретіні анық.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2

2. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том 15 б.

3. «Қазақстан» : Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы 23б.

4. «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

5. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!