Материалдар / Педогоикалық кеңес №2 слайд
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педогоикалық кеңес №2 слайд

Материал туралы қысқаша түсінік
Педогоикалық кеңес №2 слайд
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2024
36
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2 педагогикалық кеңестің күн тәртібі


Тақырыбы «Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы арттыру».

Мақсаты: балалардың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз етуге, балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін және әр баланың мүмкіндігін ескере отырып, ақыл-ой, адамгершілік, физикалық, эмоционалдық, танымдық қабілеттерін дамытуға психологиялық бағыт – бағдар беру

Өткізген күні: 06 қараша 2024 жыл

Қатысқан: 15 педагог

Қатыспаған: жоқ

Педкеңес төрайымы: ____________

Хатшы: ________________

Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. 1 педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдердің орындалуы

Меңгеруші


  1. «Ерекше білім беруді талап ететін балаларға жасанды интеллект қалай көмектесе алады?»

тәрбиеші .


  1. Ерекше білім беруді талап ететін балалармен жұмыс.

Логопед:


4. Ерекше білім беруді талап ететін балалардың қауіпсіздігі.

Тәрбиеші: .


5. Тренинг.

Педагог-психолог:


6. Педагогикалық кеңестің шешімін қабылдау және бекіту.


Бірінші мәселе бойынша бөбекжай меңгерушісі ______________ сөз алды. Педагогтардың жұмыстарын саралап, топтардағы дамытушы орталықтардың толықтырылуы бойынша талдау жүргізді. Топтардың жұмыстарына оң бағасын берді. . 2023-2024 оқу жылының №1 педагогикалық кеңесінде қабылданған шешімдердің орындалуын өте жақсы деп бағалады. Педагогтарға нейрожелілерді үйреніп қана қоймай, күнделікті балалармен жиі қолдануды тапсырды.

Екінші мәселе бойынша тәрбиеші ____________«Ерекше білім беруді талап ететін балаларға жасанды интеллект қалай көмектесе алады?» тақырыбында шеберлік сағатын көрсетті. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен олармен жүргізілетін жұмыстар тұрғысында бірнеше кеңестер берілді. Педагогтерге Umaigra платформасында жұмыс жасауды үйретті, педагогтар платформаға кіріп, ойынды құрастыруға болатынын шеберлік сағатында көрсетіп, әр түрлі педагогтар жасаған ойындарға талдау жүрргізді. Тәрбиешілердің сұрақтарына жауап бере кетті. Барлық педагогтерге платформада жұмыс жасау ұнады, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасау кезінде басшылыққа алатындарын айтып, әріптестеріне алғыстарын білдірді.

Үшінші мәселе бойынша логопед _____________ «Ерекше білім беруді талап ететін балалармен жұмыс» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. Педагогтерге ерекше білім беруді қажет ететін балалармен ойналатын көптеген ойын түрлерімен және ойындардың шарттарымен таныстырды. Әріптестері тарапынан логопед жұмысы оң бағаланды, әрбір ойыннан алған әсерлерін бөілісіп отырды. Дыбыстық жаттығулардан бастап, тыныс алу жаттығулары мен қолда бар заттармен ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін ойын түрлері көрсетілді.

Төртінші мәселе бойынша тәрбиеші ____________ «Ерекше білім беруді талап ететін балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында өз тобындағы ерекше білім беруді талап ететін балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етіп жатқаны жөнінде өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Аталған санаттағы балалармен жүргізілетін жеке жұмыстарынан көрсете өтті. Әр баланың қауіпсіздігі үшін қандай да бір жасалынып жатқан іс-әрекеті мен балалармен қарым-қатынастары да талқыланды, әріптестер тарапынан Гулжанар Берікқызының жұмысы мен шыдамдылығы оң бағаланды, әріптестері тарапынан мақтау естіді.

Бесінші мәселе бөбекжай психологы ____________ ерекше білім беруді талап ететін балалардың орнында педагогтер сіздер болсаңыздар не етер едіңіздер деген қозғаушы сұрағын қойып, педагогтерді ситуациялық ойынға шақырды. Ойын соңында педагогтер ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ішкі сезімімен таныс болды және ол балаларға көмектесулері үшін дайын болатындықтарын, өз қорытындыларын айтты.

Әр түрлі мәселелер бойынша ерекше білім беруді талап ететін балалардың қауіпсіздігіне аса сақ болуды талап етті, балалармен жеке жұмыстары көптеп жасалынып, тәрбиешілер бүгінгі іс-тәжірибеде көрген ойындарын өз жұмыстарында қолдануды сұрады. Ішкі тәртіп ережелерін қайта айтып меңгеруші педагогтарға жұмысқа кешікпеулерін және ата-аналар жиналысын өткізу қажеттігін атап өтті. Әрбір іс-әрекеттерде ата-аналармен тығыз байланыста болуларын ескертті. Балалардың тазалығы мен төлемақысын қадағалауды тапсырды.

Педагогикалық кеңес қорытындыланып, педагогикалық кеңестің шешімі қабылданды.


Қаулы:

1. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар қауіпсіздіігі сақталсын

2. Ерекше білім беруді балалармен жұмыс жасай алуы үшін тәрбиешілер біліктіліктерін арттырсын.

3. Цифрлық технологиялармен жұмыс жасауда нейрожелілермен жұмыс жасау басшылыққа алынсын

4. Топтардағы дамытушы орталықтар толықтырылсын.

5. Жасанды интеллект технологияларын меңгеру бойынша педагогтар арасында жиі шеберлік сағаттары өткізілуі әдіскерге жүктелсін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!