№4 педагогикалық кеңес тақырыбы: «Бөбекжайдағы іс-әрекет процесі»
Мақсаты: педагогикалық ұжымның жұмыстарының жетістіктері мен кемшіліктерін түзету жолдарын белгілеу.
№ 3 педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдерінің орындалуы.
Өткізген күні: 27 наурыз 2025жыл
Барлығы: 17 педагог
Қатысқан: 17 педагог
Қатыспаған: 0 педагог
Педкеңес төрайымы:
Хатшы:
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. № 3 педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдерінің орындалуы.
Бөбекжай меңгерушісі:
2. Баяндама: «Инновациялық технология арқылы балалардың шығармашылық- танымдық қабілеттерін дамыту»
Тәрбиеші:
3. Тренинг. Мақсаты: тәрбиеленушілерден қазіргі заманғы отбасы туралы нақты жағдайларға идеалды көзқарастарды талдау, тәжірибесін басқаларға өнеге ету, біліктілігін жетілдіру.
Әдіскер:
4. «Менің педагогикалық жаңалығым»
Музыка жетекшісі:
5. «Инновациялық әдіс-тәсілдер» шеберлік сағаты.
Тәрбиеші:
6. «Сөйлейтін қабырға» стенді бойынша шеберлік сағаты
Тәрбиеші:
7. Бөбекжайдағы жас педагог мамандарынан іс-тәжірибе.
Жас тәрбиешілер:
8. Әр түрлі мәселелер
Педагогикалық кеңестің шешім жобасын қабылдау және бекіту.
2024-2025 оқу жылының №3 педкеңесі дәстүрден тыс өтті. Бірінші мәселе бойынша бөбекжай меңгерушісі _______________ сөз алды. №3 педагогикалық кеңестің шешімдерінің орындалуына тоқталып, жақсы деген баға берді. Педагогтар арасындағы әріптестің қарым-қатынас бойынша ескертпелер туралы айтылды. Топтарды орталықтарға бөлу бойынша бірнеше нұсқаулар берілді. Орталықтарды ары қарай жандандыра беруді тапсырды.
Екінші мәселе бойынша «Инновациялық технология арқылы балалардың шығармашылық- танымдық қабілеттерін дамыту» тақырыбында _________баяндама оқуы тиіс еді, дайын болмағандықтан №5 педкеңеске қалдырылды.
Үшінші мәселе бойынша әдіскер _________ «Бақытты отбасы» тренинг өткізді. Мақсаты: тәрбиеленушілерден қазіргі заманғы отбасы туралы нақты жағдайларға идеалды көзқарастарды талдау, тәжірибесін басқаларға өнеге ету, біліктілігін жетілдіру. Жас ата-аналарға нұсқау берудегі тәрбиешілердің ұстануы тиіс бірнеше ережелермен таныстырды. «Бақытты болудың» және «Бақытты отбасы» құрудың критерийлері талқыланды.
Төртінші мәселе бойынша «Менің педагогикалық жаңалығым» тақырыбындағы шеберлік сағаты да дайын болмағандықтан №5 педкеңеске қалдырылды.
Бесінші мәселе бойынша тәрбиеші ___________ «Инновациялық әдіс-тәсілдер» шеберлік сағатын өткізді. Кіші және ортаңғы топ балаларына арналған ойын түрлерімен таныстырды, жылжымалы түрде жасалынған ойын түрлерін таныстырды. Әріптестері сұрақтарын қойып, шеберлік сағаты өте жақсы көрстілді.
Алтыншы мәселе бойынша тәрбиеші ___________ «Сөйлейтін қабырға» стенді бойынша шеберлік сағатын көрсетті. Жылжымалы сөйлейтін қабырға беттеріндегі ойындардың ойналу тәртібі мен мақсаттарымен таныстырды. Әріптестерінің сұрақтарына жауап беріліп, шеберлік сағаты талқылаумен аяқталды. Педагогтар өздеріне ерекше әсер алды, сөйлейтін қабырғалардың қажеттілігін білді.
Жетінші мәселе бойынша жас тәрбиешілері _____________ мен _______________ «Бөбекжайдағы жас педагог мамандарынан іс-тәжірибе» көрсетті. Іс-тәжірибе барысында ұлттық құндылықтарды негізге алып, «Қазан асық ойыны» таныстырылды. «Өрнектер мен текше» жаңа ойыны таныстырылып, педагогтар ойынның ойналу ережесімен танысты. Әріптестерінің сұрақтарына жауап беріп, әр педагог өзіне қажетті идеялар алды.
Әр түрлі мәселелер бойынша әдіскер _____________ топтардың ішкі безендірілуі мен орталықтарға бөлінуге байланысты баға берілді. Топтардың айлық жұмыстары бойынша есептерді уақытында тапсырып, өткізіп отыруды ескертті. Аудандық семинардың өткізілу уақыты белгіленді. 30 сәуір аудандық семинар күні болып бекітілді. Бөбекжай меңгерушісі ___________ ішкі тәртіп пен 2024-2025 оқу жылының аудандық семинарына байланысты нұсқаулар берілді. Төлемақыны уақытында төлетіп отыруды тапсырды, педагогтар арасындағы әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуға тапсырды. Бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатуды сұрады. Педагогикалық кеңес қорытындыланды, шешім шығарылды.
№4 педагогикалық кеңестің шешімі:
1. Тапсырылмаған тапсырмалар мен циклограмма жазылмағаны үшін әдіскерден түсінік хат басшыға түскен жағдайда еңбек ақысынан шегерілсін.
2. Семинар 30 сәуірге белгіленсін, ұйымдастырылған іс-әрекеттерге дайындалсын.
3. Топтар мен залдар безендірілсін, дамытушы орталықтар толықтырылсын.
4. Семинар жоғары деңгейде өткізілсін.
5. Әріптестер арасында өзара тілтабысулық, бірлік болсын. Ұжым тәртібіне бағынышты болсын, Келесі келеңсіз жағдайда бөбекжай тәртіп ережесін бұзса басшы тарапынан ескерту жазылсын.
6. Күн режимі бақылауға алынсын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
педогоикалық кеңес №4

шағым қалдыра аласыз