400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Пейзаж. Табиғатпен үйлесім

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

лім:

Бөлім 1А Визуалды өнер



САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің Т.А.Ә:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

келмегендер

Сабақтың тақырыбы:

Пейзаж. Табиғатпен үйлесім.


Осы сабақта қойылатын оқу мақсаттары





5.1.1.1

Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

5.2.1.1

Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.


Сабақ мақсаты



Білу және түсіну

  • Перспектива заңдылығымен танысу

  • Ауа перспективаның басты ережелерімен танысу

Зерттеу

  • Табиғатты бейнелейтін суретшілердің жұмыстарымен таныстыру


Жетістік критерийі

  • Ауа перспективаның басты ережелерімен танысады

  • Табиғатты бейнелейтін суретшілердің жұмыстарымен танысады

  • Сәндік материалдар мен орындау техникасын дамытады

  • Табиғат бейнелеуде ауа перспектива заңдылығын сақтайды

  • Сұрақтарға дұрыс жауап береді

  • Шығармашылық жұмысты орындайды


Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология:

Перспектива, ауа перспективасы, дымқыл техникасы

Диалог және жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің сериясы:

  • Ауа перспективаның ережесі...

  • Леонардо да Винчидың жұмысын қарастырғанда...


Дағдыландыру құндылықтарды

Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын дамыту

Жауапкершілікке тәрбиелеу

Оқушыларды ынтымақтастыққа тәрбиелеу



Жоспар

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс әрекет

Ресурстар




Сабақтың басталуы

(5 минут)







(10 минут)


Ұйымдастыру кезеңі

Каллоборативты ортаны ұйымдастыру

Оқушылар алдында сабақтың мақсаты мен міндетін қою. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.


Оқушыларға роликтерді қарап шығып, өз түсініктерін айтуды ұсыну. Қазақстандағы пейзаж жанрының қандай ерекшеліктерін білесіздер?

Казахстанның табиғаты HD

https://www.youtube.com/watch?v=9q9d1zHPFyk



Табиғаттың түрлі (орман, шабындық,теңіз, таулар, шөл дала, және т.б.) көріністері бейнелеген көшірме жұмыстар дайындап оқушылар көзқарасын байыту, сонымен бірге табиғаттың түрлі өзгерістерін (бұлтты, жаңбырлы, тұманды, таң, кеш) оқушыларға берілген картиналарды талдап, сұрақтарға жауап беруді ұсынып, орындату.

Көшірмелердегі ауа кеңістігіндегі көкжиек сызығын визуалды әдістерінің ерекшеліктерін талдау.



Оқушылар картиналар көшірмесіне ізденіс жасап, талдап, сұрақтарға жауап береді.

Бұл картинада жалпы не бейнеленген?

Бұл картинада табиғаттың қандай күйі бейнеленеген?

Табиғаттың күйін қалай анықтай алдыңыз?

Алдағы бейнелеу жоспарын қандай түстер арқылы табамыз?

Алдыңғы жоспардағы заттарды бейнелеудің ерекшеліктері неде?

Жұмыстың қандай материалдармен орындалғанын айқындау.








Сабақтың ортасы

(10 минут)



































































(15 минут)






Жаңа білім беру:

Ауа перспективасын бейнелеу жарық пен түстік қатынастарға негізделген. Ауа перспективасын сурет салғанда адамға кеңейіп немесе қағаз бетіндегі жазықтықта алысқа сүңгіп,еніп бара жатқан көз жетпес қиырды,ауаға толы орасан зор кеңістікті беруге мүмкіндік жасайды.Кеңістікті беру арқылы табиғат көрінісін нақты да дәл беруге болады. Заттар қашықтаған сайын бояу түстері мен реңктерінің өзгеруінде кеңістік перспективасы үлкен рөл атқарады. Ауа-райы , жыл мезгілдері,тәуліктік сағаттық уақыт, жарықтың түсуі, сонымен қатар ауадағы булану ,шаң және түтіннің болуы да заттардың әр түрлі көрінуіне әсер етеді. Бейнелеу өнерінде алдыңғы план, ортаңғы план және артқы план деп алынған ұғымдар пайдаланылады. Алдыңғы планда барлық заттар барынша көлемді,олардың жарық-көлеңкесімен болуы мейлінше бір-біріне қарама-қарсы болып қабылданады.Екінші планда мұның бәрі барынша жұмсарады,ал үшінші планда ауа мұнарына тұтаса жымдасып кетеді. Сурет салуды былай үш планға бөлу шартты түрде алынған.

Ауа перспективасын бірінші болып байқап, өз шығармаларында бейнелеген Қайта өрлеу дәуірінің атақты итальян суретшісі Леонардо да Винчи /15 ғ./ Ауа перспективасының өзіндік заңдылықтары бар,

1 заңдылық - жақын тұрған заттарды нақтылап,алыстағыны жалпылама бейнелейміз,

2 заңдылық - жақын тұрған заттардың контур сызығы қаттырақ басылады,алыстаған сайын айқындығын жойып, мұнарланады,

3 заңдылық – алыстаған сайын ашық түсті заттар қарайып , қара түсті заттар бозарып көрінеді.

4 заңдылық – жақын тұрған заттар /контрастты/көлемдірек,алыс заттар жазық болып көрінеді,

5 заңдылық – алыстаған сайын заттар ауа түтінімен бүркемеленіп,сұрқай болып көрінеді.

Тапсырма:

Оқушыларға өз пейзаждарын табиғаттың кез келген күйін пайдалану арқылы алдыңғы сабақтардан алған білімдері негізінде орындауын тапсыру. Оқушылар сарамандық жұмысты орындау кезінде сәндік материалдар мен орындау техникасын таңдайды.

Оқушылар материалдар мен құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік ережелерін сақтап отырады.

Оқушылар көрген жұмыстарынан алған әсерлерінен өздеріне ұнаған табиғатты бейнелеуді жүзеге асырады.

Жұмыс барысында мұғалім жеке бастың гигиенасына, қауіпсіздік ережелеріне, материалдар мен құрал-жабдықтарды пайдалану ережелерін сақтауды басты назарға алады

Оқушылар өздерінің қорытынды жұмыстарын жариялап, көрсетеді.

 







Сабақтың соңында

(5 минут)

Сұрақ-жауап:

Табиғаттың не үшін дәл осы күйін бейнеледіңіз?

Пейзаждағы табиғатты сипаттап беріңіз?

Сіздер сәндік материалдарды қалай қолдандыңыздар?

Кеңістікті қалай бейнеледіңіздер?

Сабақ соңында оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын талқылайды, ұсыныстар береді.

Алдын ала белгіленген критерийлер бойынша жұмыстарын бағалайды.


Қысқаша бағалау



Қандай екі зат барынша жақсы болды (сабақ беру мен игеруді қарастыру)?

1:


2:


Қандай екі зат сабақты жақсартты (сабақ беру мен игеруді қарастыру)?

1:


2:


Менің келесі сабағым өтетін сынып пен жеке тұлғаларға қатысты осы сабақта мен не игердім?














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
340
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі