Пейзаж.Табиғатпен үйлесім.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Пейзаж.Табиғатпен үйлесім.

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:


САБАҚ:

Мектеп: «Қызылқұм ЖББМ» КММ

Күні: 23.09.2025

Мұғалімнің аты-жөні: Орынбек Айнұр Кенжебекқызы

Сынып: 5 «Ә»

Қатысқан саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Пейзаж.Табиғатпен үйлесім.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.1Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

5.2.1.1Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

Сабақтың мақсаты

Оқушылар суретшілердің жұмыстарымен танысу арқылы өздерінің туған өлкелерін қағаз бетіне түсіре алады.

Жетістік критерийлері

Суретшілердің жұмысын біледі.

Композициялық заңдылықтарын ұстанады.

Қағаз бетіне дұрыс орналастыра алады.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.

Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу .

Бастапқы білім

Еске түсіру, қайталау. Пәнге қатысты лексика мен терминология

Өткен тапсырмаларды еске түсүру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 кезең





























Сабақтың ортасы

2 кезең

Бірінші тапсырма:

Оқушылардан алдыңғы сабақтағы білімдерін қайталап шығуы керек. (Ұ) (Ұ) Оқушылар картиналар көшірмесіне ізденіс жасап, талдап, төмендегі сұрақтарға жауап береді. Тақырып бойынша видеороликтер немесе суретшілердің жұмыстарын көрсетуге болады.

Бұл картинада жалпы не бейнеленген?

Бұл картинада табиғаттың қандай күйі бейнеленеген?

Табиғаттың күйін қалай анықтай алдыңыз?

Алдағы бейнелеу жоспарын қандай түстер арқылы табамыз?

Алдыңғы жоспардағы заттарды бейнелеудің ерекшеліктері неде?

Табиғаттың түрлі (орман, шабындық,теңіз, таулар, шөл дала, және т.б.) көріністері бейнелеген көшірме жұмыстар дайындап оқушылар көзқарасын байыту, сонымен бірге табиғаттың түрлі өзгерістерін (бұлтты, жаңбырлы, тұманды, таң, кеш) оқушыларға берілген картиналарды талдап, сұрақтарға жауап беруді ұсынып, орындату. Көшірмелердегі ауа кеңістігіндегі көкжиек сызығын визуалды әдістерінің ерекшеліктерін талдау.

.(Ө) (Қ) Оқушыларға өз пейзаждарын табиғаттың кез келген күйін пайдалану арқылы алдыңғы сабақтардан алған білімдері негізінде орындауын тапсыру. Оқушылар сарамандық жұмысты орындау кезінде сәндік материалдар мен орындау техникасын таңдайды. Оқушыларға ұсынуға болады.

Оқушылар материалдар мен құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік ережелерін сақтап отырады.

(Ұ)(Қ)Оқушылар шығармашылық бастамаларын өз өлкелерінің табиғатынан алған әсерлерін түсіне отырып, сұрақтарға жауап беру арқылы орындайды. Бұл жұмыс жеке орындалады. Мұғалім табиғаттың төрт құбылысын естеріне түсіру қажет. Оқушылар жай қаламмен пейзажды қағаз бетіне орналастырып бояуға дайындап қояды. Жұмысты екінші сабақта жалғастыруы қажет.

Суретшілер жұмыстарының көшірмелері

И.Айвазовский, И.Шишкин, И.Левитан, А. Куинджи, К.Коровин А.Саврасов, А.Пластов, Жорж Сера, К. моне, Уке Ажиев, М. Кенбаев, К. Бекмағанбетов,Ә. Қастеев, М. Тельжанов,С.Кульбеков, Н. Хлудов, Шарденов Ж.,Анар Абжанова

Қазақстанның табиғаты бейнеленген картиналар / Nature of Kazakhstan

https://www.youtube.com/watch?v=DWysE0u_kZ0

https://www.youtube.com/watch?v=YDRPEXGOtJU


Сабақтың соңы








Қорытынды жасау үшін оқушылардың жұмыстарын әрқайсысына төмендегі сұрақтар арқылы бағалау.

Табиғаттың не үшін дәл осы күйін бейнеледіңіз?

Пейзаждағы табиғатты сипаттап беріңіз?

Сіздер сәндік материалдарды қалай қолдандыңыздар?

Кеңістікті қалай бейнеледіңіздер?

(Ө) Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырып, жұмыста қолданған материалды, техниканы және өз жұмысын бастауға себеп болған суретші туындысын түсіндіреді.


Сабақтың соңы

2-мин

кері байланыс

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі