Пенсия сценарий

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Пенсия сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Зейнеткерлікке шығарып салу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Мектеп директоры: Ш.Шәдіқожа


Тақырыбы: «Жақсының жақсылығы қалар артында»


Еңбек пәнінің мұғалімі Саноева Уардак апай зейнеткерлік жасқа толуына орай мектеп ұжымы, мектеп оқушылары, зейнеткер апай қатынасуымен кездесу кеші.


Саламатсыздарма құрметті қонақтар, мектеп ұжымы!


Саноева Уардак апайымызды зейнеткерлікке шығару кешімізге қош келдіңіздер! Еңбек пәнінің мұғалімі Саноева Уардак апайды құрметпен ортаға шақырамыз.

Би: 3 «Г» сыныбының қыздарының биін қабыл алыңыздар.

Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Ш.Шәдіқожаға береміз.


Оқушылардың тақпақтарына берсек.
Зейнетке шығумен құттықтау тілектер
Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,
Бірақ қимыл әлі жастай шымыр - ақ.
Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі
Күндеріңіз мұң салмасын қырындап.

Талай күндер төккен термен өткен күн,
Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.
Талай жылдар тағылымы толысып,
Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.
Еленді еңбек қуанышты бәріміз,
Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.
Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,
Қуанышқа ортақ кіші - кәріміз.

Зейнет жас та құтты болсын, Апайым,
Мына өмірде көрдің қиын талайын.
Қиын белдер артта қалып бақ келсін,
Қара шаштың ақ шалмасын самайын.

10 «А» сынып оқушысы Орынбек Абдуллазиздың орындауында Атамекен әнін қабыл алыңыздар.


3 «Ғ» сынып қыздарының үнді биін қабыл алыңыздар.

Еңбегіңіз еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай - сырқамай немере, шөберенің ортасында аяулы ата деген атты иеленіп жүре беріңіз! Құрметті демалысыңыз 100 жасқа дейін ұлассын!
Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Қуанышыңыз құтты болсын! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы - Отанда, ұл - қыздардың ортасында балқыған бақытқа толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілеймін!
Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз! Қуанышыңыз ұзағынан болсын! Ағайын - туыстың құрметіне, қосағыңыздың үлдесі мен бүлдесіне, немере мен шөберелердің шу - күлкісіне, ұл - қыздарыңыздың жеңісті шақтарын көрген шаттықтың бақытты сәттеріне бөленген әдемі ғұмыр кешіңіз!

Кешімізге келіп қатысқандарыңызға рахмет хош сау болыңыздар!


«Бекітемін»

Мектеп директоры: Ш.Шәдіқожа



Тақырыбы: «Зейнеткерлікке шығару»


Еңбек пәнінің мұғалімі Серікбаева Жадыра апай зейнеткерлік жасқа толуына орай мектеп ұжымы, мектеп оқушылары, зейнеткер апай қатынасуымен кездесу кеші.


1-Қайырлы күн, Құрметті қонақтар, мектеп ұжымы!

2-жүрг. Армысыздар ұстаздар!

1-жүрг. Күндіз түні күзетер,

Елдің сіздеп қорғаны.

Күзетшілер бұл біздің,

Жақсылық қой болғаны!


2-жүрг. Дұрыс айтасың, Істеріңіз оң болсын,

Күзетшілер ағалар.

Күзетшілер күнінде,

Арта берсін бағаң әр! - дей отырып зейнеткерлікке шығару кешімізге қош келдіңіздер! Ендеше, күзетші Исабаев Егізбай ағайды құрметпен ортаға шақырамыз.

Ән: ................................

1-жүрг . Құттықтау сөз кезегін ....................................................... береміз.

Оқушылардың тақпақтарына берсек.
Зейнетке шығумен құттықтау тілектер
Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,
Бірақ қимыл әлі жастай шымыр - ақ.
Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі
Күндеріңіз мұң салмасын қырындап.

Талай күндер төккен термен өткен күн,
Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.
Талай жылдар тағылымы толысып,
Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.
Еленді еңбек қуанышты бәріміз,
Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.
Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,
Қуанышқа ортақ кіші - кәріміз.

Осы жасқа жеткен де бар, жетпеген…
Жаратқанның нұры сізде көктеген.
Зейнет жастың бар қызығын көрсетсін,
Көңіл деген көркем кейіп көк дөнен.

Зейнет жас та құтты болсын, Апайым,
Мына өмірде көрдің қиын талайын.
Қиын белдер артта қалып бақ келсін,
Қара шаштың ақ шалмасын самайын.


2-жүрг. 3 «Б» сынып оқушысы Қадырәлі Нұрсәт оқуының орындауында ..................................... күйін қабыл алыңыздар.



1-жүрг. 4 «Б» сынып қыздарының ..................................................... биін қабыл алыңыздар.

2-жүрг. Еңбегіңіз еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай - сырқамай немере, шөберенің ортасында аяулы ата деген атты иеленіп жүре беріңіз! Құрметті демалысыңыз 100 жасқа дейін ұлассын!

1-жүрг. Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Қуанышыңыз құтты болсын! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы - Отанда, ұл - қыздардың ортасында балқыған бақытқа толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілеймін!

2-жүрг. Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз! Қуанышыңыз ұзағынан болсын! Ағайын - туыстың құрметіне, қосағыңыздың үлдесі мен бүлдесіне, немере мен шөберелердің шу - күлкісіне, ұл - қыздарыңыздың жеңісті шақтарын көрген шаттықтың бақытты сәттеріне бөленген әдемі ғұмыр кешіңіз!

Кешімізге келіп қатысқандарыңызға рахмет хош сау болыңыздар!



























































Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!
Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз - жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлық, молшылық.

Қош келдіңіз көрермен,
«Күзгі балдың» кешіне.
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Ендеше, бүгінгі алтын күзге қатысушы топтарымызды ортаға шақырайық.


9 А сынып....................................................
9 Ә сынып.....................................................
9 Б сынып....................................................
9 В сынып..................................................
9 Г сынып..................................................

10 А сынып....................................................

11 Ә сынып.....................................................
10 сынып....................................................
10 В сынып..................................................
10 Г сынып_________________________________


Жүргізуші:
Күз мейрамы құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқасымен таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңа.
Бүгінгі сайысымыздың сарапшылары:

.........................................................................
..........................................................................
..........................................................................

Жүргізуші:
Бүгінгі сайысымыздың ережелерімен таныстырып өтейік:


1. Кел танысайық

2. Өнерлі өрендер (ән, би, күй т. б)
3. Күз Ханшайымы.

4. Сұрақ жауап

5. Қол өнерлері



Қатысушылар келіп нөмерлерін алады әділқазыалқаларының алдынан



Ендеше, дайын болсақ бірінші сайысымыз таныстыруды бастаймыз.
1. (әр топ өздерін музыка ырғағымен таныстырады)
(Әр сайыс сайын әділқазылар баға беріп отырады)
Жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.
2. Ортада сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық.
(Сахнада өз өнерлерін көрсетеді)
Жүргізуші:
Сайысымыздың келесі бөлімі «Күз сыйына да» келіп жеттік. Қатысушыларымызға Ханзада мен ханшайым және өз қолдарымен жасап келген заттарын алып шығады(Сайыскерлер жұмыстарын таныстырып өтеді)
Жүргізуші:
Сайысымыздың келесі бөлімі «Сұрақ жауап»

Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей келе бүгінгі сайсымызды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтау үшін сөз кезегі әділқазыларға беріледі!

























Қайырлы күн ұстаздар мен оқушылар! Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:2

Бүгінгі Қазақстан  тәуелсіздік күніне арналған, сондай-ақ жас азаматтарды еліміздің нағаз патриоттары,  өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге   үнемі  ұмтылатын,  өршіл, қайсар етіп  тәрбиелеуді, дәстүрімізді,  ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі  кең  тұлғаны  қалыптастыруды көздейтін   Біріңғай  «  Жас Ұлан,» «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жалғастырамыз.

Жүргізуші:1

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын,тірегімін жерімнің

Ұланымның туын көкке көтерген,

Ертеңімін Егеменді елімнің

Түсіні  терең, өмірдің  мәнін,

Жалынды жастар, сендерсің сәнім

Беретін бойға  күш-қуат, жігер

Шырқалсын  шаттық  әнұран әнім!

Жүргізуші:2

Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар ! ҚР Әнұраны ойналсын!

Әнұран ойналады

Қазақстан Республикасының туы мен Біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің туы  енгізілуге  дайын

Ендеше «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отырып, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының әрбір мүшесі:

1-оқушы



Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді.Туған елін шексіз сүйеді.

2-оқушы



Қазақстан Республикасының туының түсіндей галустук тағу  керек  және Республикамызыдң  мемлекеттік  нышандарын  құрметтеп, мемлекеттік әнұрандарды  жатқа  айту керек.





3-оқушы



Шет елдердің  мемлекеттік  нышандары, адамдардың  немесе  басқа да  суреттер салынған, атаулар  жазылған  киімдерді  киюмен, заттарды  пайдаланумен әуестенбейді.

4-оқушы



Өзін  тұрмыста, қоғамдық  өмірде сыпайы,  қарпайым мінезде ұстайды.

5-оқушы



Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін,әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.

6-оқушы



Жас ұлан ұйымының мүшесі- Отанына адал

Жас ұлан ұйымының мүшесі- Отанының адал азаматтары.

Ән : «Жаса Қазақстан» әнімен

Жүргізуші:1

Егеменді еліміздің тірегі

Мектептің болашағы жігері

Достықпен татулық тілегі

«Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымының біз түлегі

Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.

Ендеше 2 сынып оқушысы  ант беруге дайын!

(«Жас ұланның»,1 мүшесі ант береді,қалғандары «Ант етеміз!» деп 3рет қайталайды)

Анттың мәтіні

Мен, ———————————— Республикалық біріңғай

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным-Қазақстан Ресспубликасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім   Отанымды   мақтаныш   етуге;

Ата-анамды   қадірлеуге;

Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге;

Білімге  табандылықпен   ұмтылуға;

Салауатты  өмір  салтын  ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас ұлан», «Жас қыран» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

Біздің   жерлестерімізің   даңқты  ерлігі  негізінде   ерлікке   үйренуге   және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН ! АНТ ЕТЕМІН! АНТ ЕТЕМІН!







Барлық оқушылар

Хормен:

Оқушылар : «Жас Ұлан», «Жас Қыран»

«Ұранымыз»

Оқушылар : «Қазақстан-Жас Ұлан» -3 рет қайталайды

Жүргізуші: 2

Құрметті Ұстаздар және оқушылар сіздерді «Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымына қабылданған   оқушыларға  туымыз  түстес   көгілдір   галустук  және   төсбелгілерін тасбыстау   рәсіміне   шақырамыз.

(«Жас Ұланның» әнұраны орындалады және   Жас Ұланның   туы   көтеріліп, ортадан сыртқа шығып кетеді)

Құттықтау сөз мектеп директоры:  Тинисбаева Дәлда апайымызға және директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Кудиярова Ботакөз апайға  беріледі.

Жүргізуші:1

Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер «Жас Ұлан», «Жас Қыран» деген лайық атқа

Келеміз егеменді ел төріне  өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар елі бар

Міне осындай егеменді еліміз

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз

Туған елін жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз еріміз

Жас Ұлан Әні : «Бақыт деген»

Жүргізуші:2

Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балармен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымыз осымен аяқталды. Кош сау болыңыздар!

 







«Көктем аруы – 2024» сыныптан тыс іс – шара.



1 - шарт. «Мен қазақтың қызымын»

(3 минут)

2 - шарт. «Кім жылдам» а) Ою – оюы керек (2 минут),

ә) Түйме қадау керек (2 минут),

б) Бисер өткізу керек (2 минут)

3 - шарт. «Білімді мыңды жығар»

(1 минут)

4 - шарт. «Шаш өру» керек.

(5 минут)


5 - шарт. «Менің өнерім»

(5 минут)


1 ару






2 ару






3 ару






4 ару






5 ару






6 ару






7 ару






8 ару






9 ару






10ару








Әділқазы алқасы: .........................................................................









«Көктем аруы – 2024» сыныптан тыс іс – шара.



1 - шарт. «Мен қазақтың қызымын»

(3 минут)

2 - шарт. «Кім жылдам» а) Ою – оюы керек (2 минут),

ә) Түйме қадау керек (2 минут),

б) Бисер өткізу керек (2 минут)

3 - шарт. «Білімді мыңды жығар»

(1 минут)

4 - шарт. «Шаш өру» керек.

(5 минут)


5 - шарт. «Менің өнерім»

(5 минут)


1 ару






2 ару






3 ару






4 ару






5 ару






6 ару






7 ару






8 ару






9 ару






10ару








Әділқазы алқасы: .........................................................................











«Қазанына қарай ошағы, қызына қарай моншағы» мақал мағынасы.




Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағамды ата?(ҚҰРТ)



Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді және қалай аталады?

2 еу ЖАСАНДЫ - СИНТЕТИКАЛЫҚ



Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың?

КІР, ТІГІН МАШИНАСЫ



Сумоншақтың орысша мағынасын ата? БИСЕР



Адам баласы қай уақытта жақсы тамақтану керек? ТҮСТЕ



Аузынан ішкені мұрнынан шығады? ШӘЙНЕК



Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда - бесеу. Бұл не? ӘРІП



5 түліктің атасын ата?Ойсыл қара, Қамбар ата,Зеңгі баба, Шопан ата,Сексек ата



Теңізде қандай тас болмайды? ҚҰРҒАҚ ТАС БОЛМАЙДЫ











1.9 а сыныптың оқушы қызы Сейжан Құндызай

2.9 ә сыныптың оқушы қызы Жақсыбай Жансезім

3.9 б сыныптың оқушы қызы Есқұл Аяулым

4.9 в сыныптың оқушы қызы Жылқыбаева Ұлбала

5.9 г сыныптың оқушы қызы Қарсыбай Назерке

6.10 а сыныптың оқушы қызы Амангелді Айнұр

7.10 ә сыныптың оқушы қызы Исанова Адина

8.10 б сыныптың оқушы қызы Саденова Аруна

9.10 в сыныптың оқушы қызы Сауханбек Жанерке

10.10 г сыныптың оқушы қызы Сапарбекова Ақтілек





1.9 а сыныптың оқушы қызы Сейжан Құндызай

2.9 ә сыныптың оқушы қызы Жақсыбай Жансезім

3.9 б сыныптың оқушы қызы Есқұл Аяулым

4.9 в сыныптың оқушы қызы Жылқыбаева Ұлбала

5.9 г сыныптың оқушы қызы Қарсыбай Назерке

6.10 а сыныптың оқушы қызы Амангелді Айнұр

7.10 ә сыныптың оқушы қызы Исанова Адина

8.10 б сыныптың оқушы қызы Саденова Аруна

9.10 в сыныптың оқушы қызы Сауханбек Жанерке

10.10 г сыныптың оқушы қызы Сапарбекова Ақтілек









Жүргізуші 1: Қайырлы күн! Армысыздар, қадірменді қонақтар, аяулы ұстаздар, әділ-қазы алқалары мен жеңістен үміткер қатысушы аруларымыз!

Жүргізуші 2: Иә, барша көрермендер мен тақымын қысып отырған жанкүйерлерге де тағы да қайырлы күн дегіміз келеді. Ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын қыздарға дұрыс бағыт-бағдар сілтеу, жастар арасында ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау,  жас буынды патриот етіп тәрбиелеу мақсатында өткізіліп жатқан «Қыз өссе – елдің көркі» атты «Мектеп Аруы – 2023» байқауына қош келдіңіздер!

Жүргізуші 1:

Арулар – аяулылар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар – тіршілікке күре тамыр,

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар! – демекші, бүгінгі сайысымыздың басты бейнелері, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, бас бәйгеден үміттеніп бақтарын сынап келген аяулы аруларымызбен танысып, оларды сахна төріне шақырайық.

Жүргізуші 2: Ендеше, осы байқауға қатысатын, сайысымызға нәр беретін аруларымызды өздеріңіздің жалынды қошеметтеріңізбен қарсы алыңыздар.

Жүргізуші 1: Ал енді бүгінгі сайысымызда аруларымыздың өнерін әділ бағалайтын, қара қылды қақ жаратын қазылар алқасымен танысып өтейік:

__________________________________________________________________

Жүргізуші 2: Қазылар алқасымен танысып болсақ, ендеше аруларымыздың реттік нөмерін анықтау үшін қатысушыларымызды жеребе тартуға ортаға шақырамыз.

Жүргізуші 1: Аруларымыз ұсынылған қағаздардан біреуін таңдап, сондағы жазылған сандар бойынша өздерінің реттік нөмерлерін анықтайтын болады.

(реттік нөмерін анықтап, қазылар алқасы өздеріне жазып алады)

1______________________________________________________________

2_______________________________________________________________

3_______________________________________________________________

4_______________________________________________________________

5_______________________________________________________________

6_______________________________________________________________

7_______________________________________________________________

8_______________________________________________________________



 Жүргізуші 1: Ал ендеше аруларымыздың реттік нөмерлерін анықтап болсақ, оларды сахна төрінен шығарып салып, сайысымыздың бірінші кезеңіне дайындала берулеріне рұқсат етейік.

Жүргізуші 2: Айтпақшы, бірінші кезең демекші, бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен барша көрермендерімізді таныстырып өтпейміз бе?

Жүргізуші 1: Иә, дұрыс айтасың. Ендеше таныстырып өтейік. Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады. 1-ші кезең – «Мен қазақтың қызымын», яғни таныстыру кезеңі. Қатысушыларымыз өздерін 1.5 — 2 минут ішінде еркін форматта таныстырып өтеді;

Жүргізуші 2: Сайысымыздың 2-ші кезеңі «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады. Яғни қатысушыларымыз өз тұла бойындағы таланттары мен өнерлерін ортаға салатын болады.
       Жүргізуші 1: 3-ші кезеңіміз – «Саусағынан бал тамған» деп аталатын үй тапсырмасы кезеңі. Қатысушыларымыз сайыстан алдын алған тапсырмалары бойынша өз үй тапсырмаларын қазылар алқасына ұсынатын болады. Ал біздің аруларымызға берілген тапсырма – өз қолдарымен үйлерінен тәтті тағам дайындап келу болатын .

Жүргізуші 2: Келесі 4-ші кезеңіміз «Білгенге маржан» деп аталады. Бұл кезеңде қатысушыларымызға қазылар алқасы тарапынан қазақтың мақал-мәтелдері, салт-дәтүрлері немесе ырым-тиымдары туралы сұрақтар қойылады.

Жүргізуші 1: Ал соңғы қорытынды 5-ші кезеңіміз «Қыздарға әсемдік жарасады» деп аталады. Бұл кезеңде біздің қатысушыларымыз кішігірім сән көрсететін болады.

Жүргізуші 2: Мінеки, сайысымыздың барша кезеңдерін көрермендерімізге түсіндіріп өттік. Ал ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші 1: Іс-шарамызды бастамас бұрын сайысымызды ашып беру үшін сөз кезегін мектебіміздің ___________________________________________________________________ ұсынамыз.

 (сөз сөйлейді)

Жүргізуші 1:

Сайыстың таныстыруын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Сайыскерлер таныстырсын өздерін,

Білгірлерді ду қол соғып қостайық, — дей келе сайысымыздың бірінші кезеңін бастайық. Ендеше ортаға аруларымыз өздері таңдаған реттік сандары бойынша шығып, өнерлерін көрсететін болады. Сайысымызды бастайтын нөмері бірінші аруымызға сахна төрін ұсынамыз. (1-ші кезең)

(Арулар кезекпен өнер көрсетеді)

Жүргізуші 2:

Мың бұралып билеген, Аруды кім сүймеген…

Күміс көмей аруға, кімдер басын имеген.

Сайысымыздың екінші, яғни «Өнерлі өрге жүзер» атты кезеңін бастауға рұқсат етіңіздер. Әр қатысушы өздерінің бойындағы таланттары мен өнерлерін ортаға салатын болады. Ендеше сахна аруларымыздың еншісінде. (2-ші кезең)

(Арулар кезекпен өнер көрсетеді)

 Жүргізуші 1: Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен нәрсе жоқ. «Анасын көріп, қызын ал. Ыдысын көріп, асын іш» демекші қыздарымыздың бал саусақтарынан тәтті тағамдар жасалған үй тапсырмасына да келіп жеттік. Ендеше 3-ші кезең – «Саусағынан бал тамған». Аруларымыз әділ-қазы алқаларына үйлерінен алдын-ала дайындалып келген тәттілерін ұсынатын болады. Ендеше аруларымыз өз тағамдарын сіздерге ұсынғанша, кезекті керемет әнге берейік. (3-ші кезең) (ән айтып жатқанда арулар жюриларға тағамдарын апарады)

НОМЕР: Ән

Жүргізуші 2:

Жас ару – жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан әрбір үйді арманысың.

Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда

Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын, – дей келе «Білгенге маржан» атты 4-ші сұрақ-жауап кезеңімізге шақырамыз. Аруларымыз кезекпен қазылар алқасының алдында тұрған қазақ халқының салт-дәстүріне және мақал-мәтелдеріне қатысты сұрақтарға жауап беретін болады. Жоғары ұпай 5 ұпай.

Жүргізуші 1: Ескере кететін жайт, сұрақтардың ішінде 1 бос парақ бар, ол тосынсый деп аталады. Яғни, сол нұсқаны таңдаған аруға ешқандай сұрақсыз 5 ұпай қосылатын болады. Ендеше аруларымызға сәттілік тілеп, нөмері бірінші аруымызды сұрақ алуға шақырайық. (4-ші кезең).

(Сұраққа жауап беріп болған қыздар киімдерін ауыстырып сән көрсету кезеңіне дайындала береді)

Жүргізуші 2:

Екі шектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра,

Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра! — демекші, қатысушыларымыз келесі кезеңге дайындалып болғанша, келесі кезекті қара домбыраның қоңыр үніне берейік. Ендеше қарсы алыңыздар, алдарыңызда_____________________________________________________________________________

НОМЕР: Домбыра

Жүргізуші 1:

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Ақ жүзі мен көркіне арулардың,

Барша жандар қызығып қарасатын, — дей келе сайысымыздың соңғы қорытынды кезеңіне де келіп жеттік. 5-ші кезең – «Қыздарға әсемдік жарасады» деп аталады.

Жүргізуші 2: Бұл кезеңде аруларымыз өздерінің көркі мен сұлулығын танытып, кішігірім сән көрсететін болады. Қазылар алқасы қатысушылардың сырт-бейнесі мен жүріс-тұқрысына баға беретін болады. Егер аруларымыз дайын болса, реттік нөмерлері бойынша ортаға шақырамыз.

 

(Жүргізушілер ФИО оқып тұрады, музыкамен бірге қыздар сән көрсетеді)

 

Жүргізуші 1: Осымен біздің сайысымыздың кезеңдері аяқталды, қатысушыларымыз өздерін жан-жақты тұстарынан көрсетіп, көрермендерді таңқалдыра білді деген сенімдеміз.

Жүргізуші 2: Ал ендеше бүгінгі сайысымыздың қорытынды шешімін шығару үшін қазылар-алқасына кішкене уақыт берейік, бірақ-та шешім шығару анау айтқан оңайға соқпайтыны анық. Себебі бүгінгі қатысушыларымыздың сұлулықтары да, көрсеткен өнерлері де бірінен-бірі асып тұр.

Жүргізуші 1:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам, — демекші, расында да қазақтың аруларына таңдай қағып, қайран қалмасқа амал жоқ емес пе, ендеше қазылар алқасы өз қорытынды шешімдерін шығарғанша сахна төріне мың бұралған биші қыздарымызды шақырамыз.

НОМЕР: Қазақша би

Жүргізуші 2: Ал құрметті көрермендер және де қымбатты жанкүйерлер. Бүгінгі сайысымыздың ең маңызды сәтіне де келіп жеттік.

Жүргізуші 1: Иә, дұрыс айтасың. Бәріміз де асыға күткен сәт, ендеше кіл жүйріктің ішінде кім жүйрік екенін білу үшін сөз кезегін қазылар алқасына ұсынайық.

(Марапаттау)

Жүргізуші 2: Мінекей, қызыққа және тартысқа толы бүгінгі сайысымыздың шын жеңімпаздарын да анықтадық. Жарыс бар жерде жеңіс те, жеңіліс те қатар жүреді емес пе. Дегенмен де, бүгінгі қатысушыларымыздың қайсысы болмасын, барлығы да жеңімпаз болуға лайықты. Сондықтан да бүгінгі қатысушыларымызды жүлделерімен тағы да құттықтаймыз!

Жүргізуші 1: Иә, дұрыс айтасың, «жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» — демекші, тек жүйріктер мен үздіктер қатысқан бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де жетіп қалды. Ден қойып тыңдап, көңіл қойып тамашалағандарыңыз үшін көптен-көп алғыс білдіреміз.

Жүргізуші 2: Шынайы қолдап, жанкүйер болып келгендеріңіз үшін де шын жүректен қуаныштымыз. Ендеше іс-шарамыз осымен аяқталды, келесі кездескенше күн жақсы,

БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!

 

 Сұрақ-жауап.

1 билет

1.   Енші деген не? ( балалары ержетіп үй болғанда ата — анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды)

2.   Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар….. (шеше көрген тон пішер)

2 билет

3.   Байғазы деген не? ( балалардың, жастардың жаңа киім үшін ( мысалы: жаңа көлік, диплом) берілетін ақшалай, заттай сыйлық.

4.   Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге…..( қыздың ұяты шешеге)

3 билет

5.   Ерулік деген не? ( Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрынан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады)

6.   Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе….. ( Ұшқанда соны іледі)

4 билет

7.   Көрімдік деген не? ( Жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге беріледі. Мұның маңызы жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады)

8.   Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер….. (Ауылдың сәнін қыз келтірер.)

5 билет

9.   Бастаңғы деген не? ( үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын деген ниетпен бас қосып ойын — сауық құрады)

10.Мақалды жалғастыр. Әдепті бала — арлы бала….. ( Әдепсіз бала – сорлы бала)

6 билет

11.Сыбаға деген не? ( құрметті қонаққа н\е өздерінің жақын жуығына арнап сақталған кәдені ет мүшелерін сыбаға деп атайды. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдеті сақталады.)

12.Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма…..( адамның баласы бол)

7 билет

13.Ат тергеу деген не? (Қазақтарда әйелдер күйеулерінің туысқандарын атымен атамайды. Оның ағаларына, әпкелеріне еркелету атауларын ойлап табуы керек. Келін жаңа туысқандарын «мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «сырғалым», «шашбаулым» деп атайды.)

14.Мақалды жалғастыр. Қыздың аңқауынан сақта… (ұлдың жалқауынан сақта.)

8 билет

15.Жарыс қазан деген не? Әйелді толғағы қысып жатқан уақытта оның жақын туыстары, әсіресе әйелдер қазанда қонақтарға арнап ет пісіріп қою керек. Егер әйел қазан қайнағанға дейін баланы туса оны жақсыға ырымдайды.

16.Мақалды жалғастыр. Қызсыз үйдің жүгі жиылмас… (ұлсыз үйдің малы қайырылмас)

9 билет

17.Бәсіре деген не? Баланың дүниеге келуі малдың төлдеуімен сәйкес келгенде, балаға жаңа туған құлын, қозы немесе лақ сыйлаған. Бұл оның кішкентайдың бірінші заңды меншігі болып саналатын. «Бәсіре» ешқандай жағдайда сатылмаған.

18.Мақалды жалғастыр. Қызың жақсы болса үйіңе ырыс кірер… (жаман болса ұрыс кірер.)

10 билет

19.Иткөйлек деген не? Өмірдің алғашқы 40 күнінде сәбиге кигізген көйлектің бірін арнайы рәсім үшін пайдаланды. Оған тәттілерді орап, ауыл иттерінің мойынына байлап жіберетін. Осы сәтті асыға күткен балалар бірден итті ұстап, бір-бірімен тәттілерді бөліседі. Баласыз әйелдер де балаларды тамақтандыратын. Мұндай көйлек сәттілік әкеліп, олар көп ұзамай балалы болады деген ырым болған.

20.Мақалды жалғастыр. Қызсыз үйдің жүгі жиылмас… (ұлсыз үйдің малы қайырылмас.)

 

Сұрақ-жауап.

1.            Енші деген не? ( балалары ержетіп үй болғанда ата — анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды)

2.            Мақалды жалғастыр.

3.            Байғазы деген не? ( балалардың, жастардың жаңа киім үшін ( мысалы: жаңа көлік, диплом) берілетін ақшалай, заттай сыйлық.

4.            Мақалды жалғастыр.

5.            Ерулік деген не? ( Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрынан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады)

6.            Мақалды жалғастыр.

7.            Көрімдік деген не? ( Жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге беріледі. Мұның маңызы жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады)

8.            Мақалды жалғастыр.

9.            Бастаңғы деген не? ( үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын деген ниетпен бас қосып ойын — сауық құрады)

10.    Мақалды жалғастыр.

11.            Сыбаға деген не? ( құрметті қонаққа н\е өздерінің жақын жуығына арнап сақталған кәдені ет мүшелерін сыбаға деп атайды. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдеті сақталады.)

12.            Мақалды жалғастыр.

13.            Ат тергеу деген не? (Қазақтарда әйелдер күйеулерінің туысқандарын атымен атамайды. Оның ағаларына, әпкелеріне еркелету атауларын ойлап табуы керек. Келін жаңа туысқандарын «мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «сырғалым», «шашбаулым» деп атайды.)

14.            Мақалды жалғастыр.

15.            Жарыс қазан деген не? (Әйелді толғағы қысып жатқан уақытта оның жақын туыстары, әсіресе әйелдер қазанда қонақтарға арнап ет пісіріп қою керек. Егер әйел қазан қайнағанға дейін баланы туса оны жақсыға ырымдайды.)

16.            Мақалды жалғастыр.

17.            Бәсіре деген не? (Баланың дүниеге келуі малдың төлдеуімен сәйкес келгенде, балаға жаңа туған құлын, қозы немесе лақ сыйлаған. Бұл оның кішкентайдың бірінші заңды меншігі болып саналатын. «Бәсіре» ешқандай жағдайда сатылмаған.)

18.            Мақалды жалғастыр.

19.            Иткөйлек деген не? (Өмірдің алғашқы 40 күнінде сәбиге кигізген көйлектің бірін арнайы рәсім үшін пайдаланды. Оған тәттілерді орап, ауыл иттерінің мойынына байлап жіберетін. Осы сәтті асыға күткен балалар бірден итті ұстап, бір-бірімен тәттілерді бөліседі. Баласыз әйелдер де балаларды тамақтандыратын. Мұндай көйлек сәттілік әкеліп, олар көп ұзамай балалы болады деген ырым болған.)

20.            Мақалды жалғастыр.





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2025
52
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі