400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Период және топ бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сыныпқа химия пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы

«Суықбұлақ орта мектебі» КММ

Пәні:

Химия

Бөлім:

«Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары»


Педагогтің аты-жөні:

Темирбекова Жанар Макатовна

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Период және топ бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.2.1.1 химиялық элемент атомдарының физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарының сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі

10.2.1.2 период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық- негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты /Бағалау критерийлері

  1. Химиялық элемент атомдарын период және топ бойынша радиусын, иондану энергиясын электронтартқыштығын, электіртестілігін және тотығу дәрежесін сипаттайды.

  2. Период және топ бойынша химиялық элемент қосылыстарының қышқылдық-негізді қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу,түсіну, қолдану,

Алдыңғы білім

7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі

8.1A Металдар белсенділігінің салыстырмалы сипаттамасы

8.1B Металдар белсенділігінің салыстырмалы сипаттамасы

8.3А Химиялық элементтердің периодтық жүйесі

9.1С Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

4 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Сыныппен амандасу. Позитивті көңіл-күй қалыптастыру. «Көрші » әдісі Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі сабақ барысы,

Біз үлкен отбасы.

Оқушыларды

«Период» «Топ» сөздері жазылған карточкалар арқылы топқа бөлу. Топ басшысын сайлау. Топ басшысы балдық жүйе арқылы топ мүшелерін бағалайды.

І топ -«период»

ІІ топ - «топ»

ЕБҚ оқушы, мұғалімге жақын партаға отырғызылады.

Амандасу


Сергіту сәтінің жатығулырын орындау арқылы жағымды көңіл күй тудырады.

Топқа бөлінеді.

Топ басшысын сайлайды. Топ басшысы топтағы оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай балдық жүйе арқылы бағалайды.




Мақсаты: оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін білдіреді. Тыңдау дағдыларын дамытады, сондай-ақ барлық оқушылар қатысады, сабаққа белсенділік артады.

Бағалау парағы

Дескриптор

«5 балл» - 3 «7 балл» -4 «10 балл»- 5

4-қосымша




Карточкалар

Бағалау парағы.

Ортасы

20 минут




































9 мин







































8 мин








Жаңа сабықтың тақырыбын айтып, мақсаттарымен таныстырады. Бейне баянды көрсете отырып алдыңғы білімдерін еске түсіреді.

Жаңа сабақ: «Баяндама» әдісі.. Топтық жұмыс.

Топқа оқулықтан мәтінді бөліп беру. Топ ішінде мәтінді кішкене тақырыпшаларға бөліп оқыту.

Әр топ мәтінді оқып соңынан оның мазмұнын сызба, сурет түрінде беру. Әр топ жасаған жұмыстарын келесі топпен алмасып құрылған сызба, сурет бойынша баяндама жасап сынып алдында сипаттап түсіндіреді.

  1. Тапсырма (ТЖ)

І топ «период және топ бойынша элементтер қасиетінің өзгеру заңдылықтарын сипаттау радиусы, иондану энергиясы,электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі »

ІІ топ «перид және топ бойынша элемент қосылыстардың қышқылдық-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру. »

(М) Оқушыларға периодта иондану энергиясының артуы кейбір элементте орындалмайтынын, мысал ретінде бериллий мен азот атомдарының иондану энергиясы олардан кейін орналасқан бор мен оттегі элементінен жоғары екендігін және 3 период элементтері магнийден алюминийге, фосфордан күкіртке өткенде байқалатыны туралы айтып түсіндіреді.


(М)Топтық жұмыстардың таныстырылымынан кейін білімдерін бекіту барысында оқулықтағы жаттығуларды орындауға береді.

2-тапсырма

«Ойлан, жұптас, бөліс» тәсілі арқылы

Жұптық жұмыс.

1.Берілген реакция теңдеуінің тотығу дәрежелерін анықтаңдар.

Hg+S → HgS

2AL(OH)3→AL2O3+3H2O

  1. Оқулықтағы 46 беттегі №3 тапсырма. Берілген

элементтердің қай қатары атомдық радиустарыныың өсуімен орналасқан

1)Se, S, O. 2) Na,Mg, AL. 3) C,B,Be. 4) Ba,AL, Ga

2. №7 тапсырма

Қай қатар электронтартқыштық энергиясының өсу ретімен орналасқан.

  1. O,N,C,B. 2) Si,P,S,CL. 3) Sb,As, P,N. 4) O,S,Se,Te.

50 беттегі №8 тапсырма

Қосылыстардың қышқылдық-негіздік қасиеттерін салыстырыңдар.

H2SO3 және H2SeO3, Fe(OH)2 және Fe(OH)3

Жауаптарыңды түсіндіріңдер.

  1. Тәжірибе №1 «оксид + су »

Сумен осы элементтер оксидтерінің реакцияларын жүргізе отырып, ерітінділердің pH мәндерінің заңдылықтарын анықтаңдар.



Элемент оксидтері

Сумен теңестірілген реакция теңдеулері

рН ортасы

1

Натрий оксиді



2

Магний оксиді



3

Алюминий



4

Күкірт оксиді









3- тапсырма Жеке жұмыс

Функционалды сауаттылыққа арналған тапсырма.

Адам ағзасының ішкі ортасы негізгі үш сұйықтықтан қан, ұлпа, лимфа сұйықтығынан тұратыны белгілі.

А) Ағзаның сұйық ортасының бірі қанның жасушасында кездесетін қосылыс құрамындағы элементтерді берілген электронды формуласы арқылы анықтап …2р63s1; …2p63s2; ..3p 64s1, ...3р6 4s2; ...3d64s2

В) Анықталған элементтердің период және топ бойынша қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын салыстырып, сипаттаңдар.

  1. Осы элементтердің период және топ бойынша бірінші иондану теңдеуін жазыңыздар.

  2. +2 тотығу дәрежесін көрсететін элементті атаңдар.

  3. Қай элементтің электртерстілігі жоғары?

  4. Осы элементтердің электрон тартқыштық энергиясының диограммасын салыңдар.


Тапсырмаға сипаттама.

Тапсырма түрі: мазмұнды,

Контекст: ғылым мен техналогия саласындағы жаңа білім

Жағдаят: жеке,

Танымдық деңгей: орташа

Тапсырма үлгілері:стандартты

Тапсырма нысаны: ашық



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
19 ұстаз жүктеп алған
04.04.2023
1428
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі