Тақырып бойынша 11 материал табылды

Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтерге сипаттама жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспарлау үлгісі

Мектеп: №53 мектеп-лицей Мұғалімнің аты-жөні: Жұбаназарова Р.А.

Күні: 11.06.2018 ж Қатысқандар:

Сынып: 8 Қатыспағаны:


Ұзақ мерзімді жоспардың атауы: 8.3А Химиялық элементтердің периодтық жүйесі

Сабақтың тақырыбы

Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтің сипаттамасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу мақсаттарына сілтеме)

8.3.4.1. Периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық элементті сипаттау

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Элементке ПЖ орны бойынша сипаттама жасайды

Көпшілігі: Элемент сипаттамасына байланысты күрделі тапсырманы орындайды

Кейбірі: Элементті ағылшынша тірек сөздер арқылы сипаттайды

Бағалау критерийі

  • Элементке сипаттама жасау - таңбасы мен периодтық жүйедегі орнынан басталатынын біледі

  • Элементке сипаттама жасағанда 2-ші қадам периодтық кестені пайдаланып, элементтің атом құрылысын жаза алады

  • Элементтің периодтық жүйедегі орны арқылы басқа да қасиеттерін сипаттай алады

Тілдік мақсаттар

Терминология: symbol of elements, atomic structure of elements, relative atomic mass, periodic table, кей элементтердің ағылшынша атаулары, т.б

Тілдік дағды: берілген тексттегі бос орындарды толықтырып, оқылым және жазылым дағдысын қалыптастырады. Түсіндіріп беріп, айтылым дағдысын қалыптастырып, диалогқа түседі.

Құндылықтарға баулу

Қарым-қатынас жасау қабілеті, достық қамқорлық көрсету, еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық байланыс

Физика, жаратылыстану, ағылшын

Алдыңғы білім

7.3 В Химиялық элементтердің периодтық кестесі

7.3.2.2 Периодтық кесте құрылымын білу, сипаттау. Топтар мен периодтар

7.1. Атом құрамы мен құрылысы

7.1.2.2. Элементтің химиялық таңбамен белгіленетінін білу

7.1.2.5. р, n, е және олардың атомдағы орын тәртібі

7.1.2.6. алғашқы 20 элементтің атом құрылысы, атом ядросының құрамын білу.





Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақыт – 7 мин


Жағымды ахуал туғызу: Қазіргі заманда адам үшін аса қажет зат не деп ойлайсыңдар? Телефон! Олай болса бәріміз телефонымызды алып, бір ойын ойнап алайық.

Warm up (Миға шабуыл):

1. kahoot.it ойыны арқылы зейінін сабаққа аударып, әрі үй тапсырмасын сұрап алу.

Бұл жерде өткен сабақтағы білімді меңгеруі, зейіні мен жылдамдығы сараланады.

Chemistry1 - 10 сұрақ

1. Период нөмерінің физикалық мәні

Электрондық қабаттар саны Элементтің валенттілігі

Ядро заряды Протон саны

2. Периодтық жүйеде неше топ бар?

7 8 9 10

3. Әрбір период неден басталады?

Сутек металл бейметалл газ

4. Азоттың топ нөмері

2 3 4 5

5. Бір топтағы элементтердің несі бірдей болады?

Сыртқы қабатындағы электрон саны Протон саны

Электрондық қабаттар саны Атомдық массасы

6. Элемент атомының сыртқы электрондық қабатындағы электрон саны ...

Период нөмерімен бірдей Топ нөмерімен бірдей

Реттік нөмермен бірдей 0-ге тең

7. ПЖ реттік нөмер элементтің .... білдіреді

  1. Атомдық массасын

  2. Ядро зарядын, протон және электрон сандарын

  3. Валенттілігін

  4. Электрондық қабат санын

8. Әрбір период немен аяқталады?

Сілтілік металмен Галогендермен

Инертті газдармен Сілтілік жер металдарымен

9. Период нешеге жіктеледі?

Екіге үшке төртке беске

10. Сілтілік жер металдары тобына жататын ІІ топ элементі

Калий литий алюминий кальций

2. Түрлі-түсті қағазда адам бойындағы жақсы қасиеттер жазылған. Мысалы, белсенді, ақылды, әділ, сұлу, т.б.

Топқа бөлу:

1. Оқушы бойындағы қасиеттері бойынша парақша таңдату, Мен белсендімін, мен ақылдымын, мен әділмін, мен сұлумын -деп парақша таңдайды.

2. Бір адам бойындағы қасиеттер екінші адам бойындағы қасиеттерге ұқсай беретінін айту, адамды осындай қасиеттер арқылы сипаттағанымыздай, элементке де жеке сипаттама беретінімізді айту. (осы жерде сабақтың мақсаты ашылады.)

3. Парақша түсі бойынша бөліп, 3 топқа отырғызу

Интернет,

https://create.kahoot.it/details/chemistry1/5ac9ba4a-759c-432b-b63a-6ad65aa3c63c





























Түрлі-түсті парақшалар

Shape2

Picture 2






Сабақтың ортасы

Уакыт-30 минут
































1 тапсырма. Ойлан, жұптас, бөліс әдісі.

Үш топқа 3 түрлі тапсырма. (Тапсырма жеңіл, орташа және орташадан жоғары тапсырмалар болып сараланды)

Жасыл тобы: Бос орынды толтыр.

Қызыл тобы: Дұрыс жауаптың астын сыз.

Көк тобы: Сәйкестендіру (Ағылшын тілінде элементке сипаттамаға тірек сөздер беріледі)

Бос орынды толтыр:

Таңбасы Mg

Периодтық жүйедегі орны _______

Реттік нөмері ________

_______________ 24

Атом құрылысы

_______________ +12

Протон саны ___________

______________ 12

Дұрыс жауаптың астын сыз.

Магний таңбасы Mn Mg

Магний метал бейметалл

Магний белсенділігі өте белсенді орташа белсенді енжар

Магнийдің валентілігі тұрақты айнымалы

Валенттігі І ІІ ІІІ

Match the word with discription. Description of magnesium

Symbol of magnesium 3rd period, II group №12

Place in the periodic system Mg

Relative atomic mass +12 Mg (12p, 12n) 12e / )2e)8e)2e

Atomic structure of magnesium 24

And more _________________________________________

Кері байланыс: жауаптың дұрыстығы, топтардың бір-біріне түсіндіре алуы, сұрақ туындаған жағдайда түрткі сұрақтар арқылы дұрыс жауапқа келу.

Сергіту сәті: «Электрон қозғалысы» ойыны. Топтарға конверттен элемент жазылған парақшаны бөліп беру. Оның ішінде 1-топ үшін литий, 2-топ үшін бериллий, 3-топ үшін гелий элементі берілген. Әрқайсысы топ-топпен өз элементін ортаға шығып, ядроны айналған электрондар сиякты айнала бастайды. Сыртында айнала жүрген оқушы арқылы элементті қалған топтар таба бастайды. Соңында әр топ өз элементіне 1-ші тапсырмадағыдай ауызша сипаттама жасайды.

Кері байланыс: Жасырылған элементті таба білуі, сұрақ қоя білуі.

2 тапсырма Постер қорғау

Сабақтың басында тарқатылған парақшалардың екінші бетінде элемент жазылған. Олар: кальций, натрий, фосфор. Әр топ өз қолдарындағы элемент сипаттамасын постер жасап, қорғайды.

Дескриптор: Au-ереже түрінде беріледі:

  • Мазмұны

  • Безендіру

  • Сөйлеу шеберлігі

  • Регламент

  • Сұрақтарға жауап беру

Осы ережелер бойынша басқа топтар бағалайды.

Кері байланыс:

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды. 3 топқа да 1 алғыс хат пен 1 диплом тарқатылады. Олар оған қалған 2 топтың сабақ барысындағы 2 жақсы жағы мен 1 ұсынысын жазып, біріне диплом, екіншісіне алғыс хат ұсынады.

Мысалы, Диплом – белсенді қатысып, сипаттама бере алғандарыңыз үшін және ағылшын терминдерін жатқа айтқаныңыз үшін, т.б;

Aлғыс хат – белсенділіктеріңіз жақсы, сипаттаманы дұрыс жасадыңыздар, сол үшін сіздерге көп рахмет, бірақ алдағы уақытта постер жасағанда ағылшын терминдерін де көбірек есте сақтап қалуға көңіл бөліңіздер. (Жазуға - 2минут.)

Периодтық кесте, таратпа кағаздар




























Сергіту сәтіне конверттегі элементтер





















Shape3







Shape4








Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия:

  • Өте жақсы түсіндім, мен үшін қызықты болды

  • Мен сабақты жақсы түсіндім

  • Тақырып бойынша әлі де ізденуім керек

Shape5











Үйге тапсырма:

  • Тақырыпты оқу.

  • ВShape6 атсап группаға, не ортақ почтаға бүгінгі сабақ мазмұны бойынша 10 сұрақтан тұратын теориялық, аралас сұрақтар жіберіледі, олар үйден дайындалып, жауап береді. Мен оны үйде отырып тексере аламын.











https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeHamLUmISTMnIcgWf-F3SAPdE0zIMYysn0zAmojGXl65YY5w/viewform?usp=sf_link

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



  • Оқушыларға топтық және жұптық жұмыстар арқылы көмек көрсету жүзеге асырылады.

  • Барлық оқушыларға ПЖ орны бойынша элементке сипаттама жасауға тапсырма беріледі.

  • Сынып оқушыларының көп бөлігіне ПЖ орны бойынша элементке сипаттама жасауға күрделірек тапсырма берілсе, қабілеті жоғары оқушыларға ПЖ орны бойынша элементке сипаттаманы ағылшынша жасауға тапсырма беріледі.

  • Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында kahoot.it ойыны арқылы сұрақтарға жауап беріледі.

  • Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара 2жұлдыз, 1тілек беру бойынша жетістіктерін айқындау.

  • АКТ-ны тиімді қолдануда қауіпсіздік ережесі (бір-бірін итермеу, біріне бірі кедергі жасамау, интербелсенді тақтаға тым жақын қарамау)

  • Ойын ойнау барысындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау (бір-біріне соқтығыспау, қатты жүгірмеу, тым қатты айналмау)


Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2018
683
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12